- •1.Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің қандай түрі қолданылады, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •2.Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •3. Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару
- •4. Әлемдік тәжірибеде валюталық тәукелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады
- •5.Операциондық тәуекел және оны басқару
- •Операциондық тәуекел классификациясы
- •7. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •8. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •Банкттік тәуекел категориясына сипаттама
- •Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта
- •Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •12. Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •13. Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары
- •15. Несиелік тәуекел жіктемесі және оларды басқару мен бағалау?
- •16. Несиелік тәуекелді басқару процесінің кезеңдері мен ерекшеліктеріне сипаттама?
- •17. Банктің несиелік тәуекелді бақылау әдістеріне сипаттама?
- •18. Несиелік тәуекелді басқару, басқару көрсеткіштеріне сипаттама
- •19. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:
- •20. Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктерін кезеңдер бойынша сипаттаңыз?
- •21. Өтімділік тәуекелі,ықпал етуші факторлар және оны басқару?
- •22. Банк өтімділігі қандай қызмет атқарады?
- •23. Банктің өтімділік тәуекеліне әсер етуші ішкі факторларға сипаттама беріңіз?
- •25. Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?
- •26. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?
- •27. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама?
- •28. Пайыз тәуекелінің сипаттамасы мен жіктемесі?
- •29. Пайыз тәуекелін төмендету әдістері мен бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
- •30. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?
- •32. Пайыдық тәуекел және оны басқару
- •33. Валюталық тәуекел сипаттамасы, валюталық позициялар
- •35. Операциондық тәуекелді бағалау әдістері
- •37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
- •40. Жаңа банктік қызметтерді ендіру тәуекелі және оны басқару
- •41. Қазақстан республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру шараларын ұсыныңыз.
- •42. Әлемдік дағдарыс екінші деңгейлі банктердің несиелік портфеліне әсерін қалай бағалар едіңіз.
- •43. Әлемдік дағдарыстың екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасына әсері жайлы сарапшылық ой-пікіріңіз қандай?
- •45. Екінші деңгейлі банктердегі тәуекелді басқару жүйесіне баға беріңіз.
- •46 Базель келісімі бойынша банктік тәуекелді бағалаудың тиімділігі?
- •49. Шетел тәжірибесі мен қр едб–де қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың айырмашылықтары мен ерекшеліктері.
- •51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі
- •52. Банк тәуекеліндегі стресс- тестинг қажеттілігі және оның отандық банк секторында қолданылуы
- •53. Отандық екінші деңгейлі банктер өтімділігін бағалаудағы рейтингтік агенттердің рөлі.
- •54. Қр дағы екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз
- •55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді.
37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
Инвестициялық тәуекелдің келесі классификациясы:
- көрініс саласы бойынша: экономикалық саяси, әлеуметтік, экологиялық және т.б;
- инвестицияның формалары бойынша: нақты инвестициялануы, қаржылық инвестициялануы;
- пайда болу көздерінің тәуекелдің екі негізгі түрі бойынша: жүйелік (нарықтық) және жүйелі емес (спецификалық)
- тәуекелдің келесі бөлек көздерін белгілейді: өндірістік саламен байланысты тәуекел, басқару, уақытша, коммерциялық тәуекел.
Оқиғаның ықтималдығының пайда болуы объективтік және субъективтік әдістерімен анықтауы мүмкін. Оқиға ықтималдылығының пайда болуының есептеу жиілігі негізінде анықталады, Яғни бұл объективті әдіс болып табылады. Ал субъективтік әдіс – субъективті критерилер арқылы пайдаланады. Яғни әртүрлі болжамдарға негізделеді. Тәуекелдің сапалық бағалануы келесідей анықталады:
а) алынған нәтиже керек мәннен төмен болса
б) күтілетін залалдық мүмкін туындысы
Тәуекелдердің жіктелуі:
1) Тәуекелді бағалау бойынша оның келесідей негізгі түрлері ерек-шелінеді:
- сақтандыру мүмкіндігі бар тәуекелдер;
- сақтандыру мүмкіндігі жоқ тәуекелдер;
- жағымды тәуекелдер;
- жағымсыз тәуекелдер, сақтанушы тәуекелдері (В.В. Шахов бойынша).
Сақтандыру мүмкіндігі бар тәуекелдер үлкен емес топты құрайды. Тәуекел сақтық болып саналады, егер зиянды өлшемнің санымен және сақтандыру оқиғасының пайда болу ықтималдығының көз қарасымен бағаланатын болса.
Тәуекелді келесі негізгі критерий бойынша сақтық деп санауға болады:
- сақганушының жауапкершілік көлеміне қосылатын тәуекелдікті өтеу қажет.
- тәуекел кездейсоқ сипатқа ие болу қажет.
- кездейсоқ жағдайда берілген тәуекелді біркелкі объектілердің мас-сасымен байланыстыру қажет.
- тәуекелді өткізуде сақтандыру оқиғасының пайда болуын білдіру үшін, сақтандырушы мен қызығушы тұлғасының еркі байланыспау керек. Яғни, сақтандырушының ойымен байланысты тәуекелдерді сақтандырмау қажет.
- сақтандыру оқиғасының пайда болу фактісінің уақыты мен аумағы белгісіз.
- сақтандыру оқиғасының катастрофалық өлшемді апаты болмауы тиіс, яғни ірі сақтандыру жиынтығында объектілердің көбісіне үлкен зиян келтірмеу қажет.
- тәуекелді өндіруде зиян келтірмеу үшін, міндетті түрде объектівті өлшеу мен бағалау қажет.
2) Қауіп-қатердің қайнар көзіне тәуелді мынадай тәуекелдерді бөледі:
- табиғаттың стихиялық күшінің әсерімен байланысты - жер сілкінісі, су тасқыны, цунами, селдер, және басқа да табиғи құбылыстар.
- материалдық қорларды иемдену процесінде адамның әсер етуіне бағытталуымен байланысты - ұрлық, тонау, вандализм актілері және басқа да әсер ететін іс-әрекеттер.
3) Сақтанушыныц жауапкершілік көлемі бойынша тәуекелдерді жеке және универсалды деп бөледі. Мысалы, актілік вандализм экспо-зициясы жағдайында және бейнелеу суретінің біртумасын сақтандыру келісімінде ұсынылатын жеке тәуекел. Әмбебап тәуекел сақтанушының жауапкершілік көлеміне көбінесе мүліктік сақтандару келісім шарттарын енгізеді. Мысалы, ұрлық.
4) Ерекше топты спецификалық тәуекелдер құрайды: аномалды және апаттық. Аномалды тәуекел - жиынтық сақтандырудың кез келген топтарына арнайы объектілердің өлшемін жатқызуға мүмкіндік бермейді.
Апаттық тәуекелдер топтың едәуір бөлігін құрайды, өйткені ол сақтанушылар мен сақтандыру объектілердің үлкен көлемін алады және аса ірі мөлшерде едәуір зиян келтіреді. Бұл тәуекелдер табиғаттың стихиялық күштерімен пайда болады, сонымен қатар, материалды қорларды иемдену процесінде адамның іс-әрекетін көрсетеді (мысалы, АЭС-ғы авариялар).
Кәсіпкер өзінің іс-әрекетінде тәуекелдің әртүрлі деңгейінен өтеді және тәуекелдің пайда болуының әртүрлі себептері болады. Пайда болу себебі ретінде тәуелсіз жағдайға әкелетін белгілі бір шарт ұйғарылады. Тәуекелдер үшін мұндай қайнар көздер ретінде: фирманың шаруашылық қызметі; кәсіпкердің өзінің қызметінде; кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне әсер ететін сыртқы ортасы туралы ақпараттың жетіспеушілігі, және тағы басқалар болып саналады.
Осыған орай мынаны айыра білу қажет:
- шаруашылық қызметімен байланысты тәуекелді;
- кәсіпкерлік тұлғасымен байланысты тәуекелді;
- сыртқы орта туралы ақпараттың жетіспеушілігімен байланысты тәуекелді.
Елдегі салық салымы бойынша ақпараттың жетіспеушілігі - бұл мемлекеттік органдар жағынан фирмалардағы штрафтық санкциялардың нәтиже-сінде жетіспеушіліктің қайнар көзі. Бәсекеллестіктер туралы ақпараттың жетіспеушілігі кәсіпкер үшін жетіспеушіліктің қайнар көзі болып табылады.
Кәсіпкерлік тұлғасымен байланысты тәуекел - кәсіпкерлік облысында кәсіпкерлердің әрқайсысында кәсіпкерлік қызмет етудің әртүрлі білімдерінің, тәжірибелерінің бар болуымен байланысты.
Сөйтіп, тәуекелдің тағы екі ірі топтарын бөлуге болады:
- статистикалық (жай).
- динамикалық (спекулятивті).
Статистикалық тәуекелдердің ерекшелігі, ол тәжірибе жүзінде кәсіпкерлік іс-әрекетінде ылғида шығындарды көбейтеді. Мұндағы ереже бойынша, жеке фирмалар үшін шығындар арттыру - жалпы қоғам үшін шығындарды арттырумен бірдей. Шығындардың көбеюімен байланысты статистикалық шығындар келесідей топтарға бөлінеді:
- фирманың активтеріне стихиялық апаттардың негативті әсер етуі (отын, су, жер сілкінісі, жел, т.б.) нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдығы;
- қылмыстық іс-әрекеттердің нәтижесівде шығындардың пайда болу ықтималдығы;
- үшінші жақ мүліктің әсер ету нәтижесінде шығындардың пайда болу ықтималдығы, бұл негізінен жеткізуші мен кәсіпкердің арасындағы қызмет етуін тоқтатады.
Статистикалық тәуекелге қарағанда динамикалық тәуекел компания үшін не шығындарды, не табыстарды әкеледі. Сондықтан да оны «спекулятивті» деп атайды. Одан басқа, егер динамикалық тәуекелдер жеке фирмалар үшін шығындарды арттырса, онда қоғам үшін керісінше, жалпы ұтыстарды арттырады. Сондықтан да басқару үшін динамикалық тәуекелдер өте қиын болып табылады.
38.Инвестициялық тәуекелді бағалау әдістері Инвестициялық тәуекел –белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі. I-лық т/л- іс жүз-гі І-лық табыстың өлшемінің күтілетін табыс өлшемінен ауытқу өлшемінің ықтималдығы, мүмкін табыстың өзгеріс шкаласы айнымалы және кең болған сайын т-л де жоғары және керісінше.Инвестициялық жобаларды бағалаудың қарапайым әдісі өтімділік кезеңін тексеру. Өтімділік кезеңі салынған капитал сомасын жылдық үнемділікпен салыстыру арқылы анықталады. Қаржы менеджменті барлық салынған соманы жылдық үнемделген сомаға бөледі, сол арқылы өтімділік кезеңін табады немесе салынған қаражатты қалпына келтіреді.Бірақта өтімділік кезеңін тексеру салым сапасын нақты толық көрсеткіші бола алмайды, егерде кәсіпорын салынған капиталды негізгі құралдарға салып қоймай, сонымен қатар басқа бағытқа инвестициялайтын болса. Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады. Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс: - жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы; - жылдық шығындағы үнемділік; - жабдықтарды іске жарату мерзімі; - мүмкінді аммортизациялық төлем; - пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі. Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады. Дисконттау коэффициентін таңдау, бағалау әдетте таңдау сияқты маңызды. Дисконттау коэффициенті бұл таңдалынған дисконт мөлшерлемесінің деңгейі , ол инвестордың тілегіне қарай өзгерісте болуы керек. Дисконттау коэффициенті әлбетте, тәуекел шығынын жабуды қамтамасыз ету үшін өзгерісте болады. Жоғарғы дисконттау коэффициенті аз дисконттау коэффициентімен салыстырғанда болжамды ақша қаражаты ағымын тез азайтады. Осыған байланысты инвесторлар инвестициялық жобаның тәуекелдігін , өте жоғарғы дисконттау коэффициентін қолдана отырып өтейді. Мұндай әдіс тәуекелді жобаларға капитал салымына жоғарғы табысты қамтамасыз етеді. Тәуекелдік деңгейін бағалау және онымен кездесудегі сақтық-қаржы менеджерінің алдында тұрған ең бір күрделі проблема және тосқауыл коэффициентін таңдау — әдістердің тек біреуі ғана , соның көмегімен менеджерлер тәуекелдікпен күреседі. Қаржы менеджерлерінің алдында тұрған маңызды тапсырмаларының бірі – жобаны орындауға қажетті болашақ ақша ағымдарын есептеу. Кәсіпорындар ақша қаражаттарын инвестициялағанда , болашақта одан да көп пайда алу үшін әрекет етеді. Өйткені сол арқылы қайта инвестицияланады немесе акционерлерге дивиденд түрінде төленеді. Әрбір жекелеген инвестициялық ұсыныстарға қаржы менеджері салық төлемі және инфляцияны есепке ала отырып күткен ақша қаражаттары ағымы туралы ақпаратпен жабдықталуы керек . Дұрыс шешім қабылдаудың кілті – жаңа инвестициялық жобаларды есепке ала отырып , талдау жасауда. Капитал салымының тиімділігін талдаудың ең көп тараған әдістерінің бірі:
Тәуекелді шешуде нақты құралдарды таңдауда инвестор келесі принциптерге сүйенуі тиіс: 1) меншікті капитал мүмкіндігінше ғана тәуекел етуге болады; - оларды (шығыстарды) капитал салымының көлемімен салыстыру; - олрады (шығыстарды) барлық меншікті қаржы ресурстармен салыстырып, инвесторды банкроттыққа әкелмей ме екенін анықтау. Капитал салымы бойынша шығыстар көлемі капитал көлеміне тең, не одан кіші, не үлкен болуы мүмкін. Портфельді инвестиция кезінде, яғни екінші ретті нарықта сатуға болатын бағалы қағаздарды сатып алған кезде шығыс көлемі әдетте шығыстанатын капитал көлемінен аз. Инвестордың өзіндік қаржылық ресурстардың қөлемі және максималды мүмкін болатын шығыстар көлемінің арақатынасы банкроттыққа апаратын тәуекел деңгейі. Ол тәуекел коэффициентімен өлшенеді: Кр = У / С, мұндағы Кр – тәуекел коэффициенті; У – максималды мүмкін болатын шығыс сомасы; С – нақты түскен қаражатттар есебімен өзіндік қаржылық ресурстар көлемі. 2)тәуекелдің соңын ойлау керек; инвестор шығыстың максималды мүмкін болатын көлемін біле отырып, оның тәуекелдің ықтималдылылығы қандай екенін анықтауды және тәуекелден (яғни шарадан) бас тарту, тәуекелді өз жауаптылығына алу немесе тәуекелді басқа тұлғаның жауаптылығына беру шешімін қабылдауды талап етеді 3)аз нәрсе үшін көппен тәуекел етуге болмайды. Бұл жағдайда инвестор сақтандыру сомасы мен сақтандыру сыйақы өзіне жағымды арақатынасын анықтау тиіс. Сақтандыру сыйақысы немесе сақтандыру жарнасы – бұл сақтанушының сақтандырушыға сақтандыру тәуекелі үшін төлемі. Сақтандыру сомасы – материалдық құндылықтар (немесе сақтанушының азаматтық жауапкершілігі, өмірі жіне денсаулығы) сақтандырылған ақша сомасы. Егер шығыс көлемі сақтандыру сыйақысын үнемдеумен салыстырғанды үлкен болса, онда тәуекел ұсталынып қалуы тиіс емес, себебі инвестор тәуекелді өзіне алмау керек. |
|
|
39.Инвестициялық тәуекел денгейін төмендету әдістері |
|
|
Инвестициялық тәуекел –белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі.
Тәуекел деңгейін төмендету – жоғалтулар ықтималдылығын және көлемін қысқарту болып табылады. Тәу дәрежесін төмендету- шығынның мөлшері мен ықтималдығының қысқаруы тәуекел дәрежесін төмендету үшін әртүрлі тәсілдер қолдарылады.Инв тәуекел деігейін төмендеті үшін түрлі әдістер қолданылады: - диверсификациялау; - шектеу (лимиттеу) - сақтандыру; - өзін-өзі сақт-у; - хеджирлеу және т.б. Диверсификациялау өздерінің арасында тығыз байланысты түрлі салым объектілері арасында инвестицияланатын қаражаттарды орналастыру процесін білдіреді. Диверсификациялау принципінде клиенттерге өз акцияларын сататын, ал алған қаражаттарды нарықтан сатып алынатын және тұрақты орташа табыс әкелетін түрлі бағалы қағаздарға салатын инвестициялық қорлардың қызметіне негізделеді. Диверсификациялау түрлі қызметтер арасында капиталды орналастыру кезінде тәуекелдің бөлімінен қашуға мүмкіндік береді. Сонымен, инвестор бір акционерлік қоғам орнына бірнеше түрлі акционерлік қоғам N акцияларын сатып алу табыс ықтималдылығын N есеге көбейтеді және сәйкесінше тәуекел деігейін N есе төмендетеді.Кейде инвестор нәтижелер анықталмаған және шектелген ақпараттар жағдайында шешім қабылдайды. Әрине, егер инвесторда толық ақпарат болса, ол сапалы болжам жасап, тәуекел діңгейін төмендете алатын еді. Бұл жағдай ақпаратты тауар ретінде көрсетеді. Ақпарат бағалы тауар болып табылады, ол үшін инвестор үлкен ақша төлеуге дайын, олай болса, ақпаратқа капитал салымы кәсіпкерліктің бір сферасы болып табылады. Толық ақпарат құны толық ақпарат бар кездегі бір нәрсенің күтілетін сатып алу құны мен ақпарат толық емес жағдайдағы күтілетін құн арасындағы қатынасы ретінде есептеледі. Егер болжам нақты болып шықпаса да, қаражаттарды перспективаға өткізудің сапалы болжамын қамтамасыз ететін сұраныс пен өткізу нарығын зеттеуге салған тиімді. Шектеу – шығыстар, сатулар, несиелер және тағы басқалардың шекті сомасын бекіту. Шектеу тәуекел деңгейін төмендетудің маңызды құралы болып табылады және шектеуді банктер қарыз беруде, овердрафт келісімшартына отырғанда; шаруашылық жүргізуші субъектілер тауарларды несиеге(несие карточкасы бойынша), жол чектері және еврочектер бойынша сату, инвесторлар капитал салымы сомасын анықтау кезінде қолданады Сақтандыру – тәуекелден қашу үшін инвестор табыстың бөлігінен бас тартуға, яғни тәуекел деңгейін нөлге дейін төмендету үшін төлеуге дайын. Егер сақтандыру құны мүмкін болатын шығысқа тең болса, онда тәуекелге қарсы инвестор басынан кешу мүмкін кез келген қаржылық жоғалтуларды толық өтеуді қамтамасыз ететіндей сақтана алады. Қаржы тәуекелдерін сақтандыру оның деңгейін төмендету әдістерінің ең тараған түрі болып табылады. Сақтандыру – бұл ерекше қаржылық қатынастар. Бұл қатынастар үшін міндетті түрде екі жақ болуы қажет: сақтандырушы мен сақтанушы. Сақтандырушы сақтанушы төлемдері есебінен ақша қорын (сақтандыру немесе резервтік қор) құрады.
Хеджерлеу-
