Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать
  1. Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама

Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер 3 –ке бөлінеді :

  1. Банкаралық несиелерді тарту тәуекелі

  2. Диверсификациялық тәуекел

  3. Салым депозит бойынша тәуекел

Банкаралық несиелерді тарту тәуекелі банктердің арасында бір біріне берілетін несие, яғни банк өз өтімділігін қамтамасыз ету үшін алатын қысқа мерзімді несие неізінде туындайды. Банк аралық несие тартылған ресурстардың ішіндегі ең қымбаты, олар көбінесе бір күнге немесе бір түнге берілетін несиелер, яғни овернайт несиелері.

Банкаралық несие нарығындағы операциялар ұсынылған несиелердің қайтарылмау тәуекелімен тәкелей байланысты. Сондықтан банктер бұл тәуекелді жою мақсатында несиенің қайтарылу процессімен байланысты әріптестің сенімділігін бағалаудан өткізеді. Коммерциялық банктер нарық бойынша әріптестерге арналған рейтингтері мен несиелік лимиттері барын жасырмайды. Яғни, банкті несиелендіру туралы шешім нақты мәмілеге қатысты тәуекелді сараптау негізінде қабылданады. Сондықтан несиелік тәуекелді сараптау сапасы банк жүйесі, соның ішінде нақты банктің несиелік қоржын үшін басты мәнге ие болады.

Банкаралық несиелік тәуекелдің алдын алу үшін келесілерді пайдалану керек:

1)қарыз алушы тарапынан қамтамасыз ету арқылы қаражаттардың қайтарылмауынан қорғау ( кепіл, депозиттер, хеджерлеу, келісімшарттың арнайы шарттары, т.б.)

2) үшінші тарап жағынан болатын тәуекелден қорғану ( гарант, вексельерді авалирдеу, сақтандыру, т.б.)

3) несиелердің уақытында қайтарылмауынан пайда болған салдарларды минимизациялау;

4) банк балансындағы өтімді активтер, ссудалар бойынша мүмкін болатын шығындардың орнын толтыру үшін резервтерді құру.

Тәуекелді ішкі шектеушілер :

  1. Төлемқабілеттілік пен өтімділік деңгейінің жеткілікті деңгейін сақтау,

  2. Шығындардың рұқсат етілген деңгейі

  3. Банктің табысты активтерінің деңгейі

Әдетте, банкаралық нарықта бірлесіп жұмыс істегісі келетін банктердің екеуі де «бас келісім» құжатына қол қояды. Бұл құжат әріптестердің нарықтағы барлық қатынастарын (соның ішінде айыппұл, ақша қорларын ұсыну мерзімін, жауапты тұлғалар, баланстар мен басқа да статистикалық ақпараттармен алмасу міндеттерді) реттейді. Бас келісім - әріптес банктің жағдайын терең зерттеу нәтижесі екендігін айта кету керек. басқа банктермен жүргізілетін операциялармен байланысты тәуекелдерді сараптау әр түрлі ақпараттарға негізделеді. Мысалы, банктер әр түрлі ұйымдардың (ҚРҰБ, рейтингтік жеке агенттіктердің мәліметтері) рейтингтік мәліметтерін, сонымен қатар банктердің баланстарындағы ақпараттарды пайдаланады.

Банктер арасындағы баланстармен алмасу процедурасы нарық қатысушыларын ақпараттандырудың көп таралған түрі. Дегенмен, қазақстандық банк жүйесі халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарын енгізу жолында екендігін есте сақтау қажет. Сол себептен банк баланстарындағы мәліметтер кейде стандарттан тыс түрде беріледі, бұл өз кезегінде салыстырмалы сараптау жасауда елеулі қиыншылықтар туғызады. Сонымен қатар банктер негізгі қорлар мен табыстылықты талдаудан өткізеді. Олардың ішіндегі ең маңыздыларына активтер құрылымы, әсіресе жалпы активтердегі банкаралық несиелердің үлесі. Сандық көрсекіштерді зертттеумен қатар банктер ҚР ҰБ бекітетін нормаларды сақтаумен, басқару сапасымен және репутациясымен байланысты аспектілерге ерекше көңіл аудара отырып, нарықтағы басқа да банктердің ағымдағы және өткен кезеңдегі қызметтері туралы ақпараттарды терең зерттейді. Байланыс пен жеке қарым-қатынас әріптестердің сенімділігін бағалауға елеулі әсер етеді.

Қолда бар ақпараттар негізінде банктер әрі қарай созылатын әріптестік туралы шешім қабылдайды, сәйкес банктер үшін рейтинг белгілеп, несиелік лимитті анықтайды. Сараптаушылықты жүзеге асыру, тәуекелдерді, лимиттерді, рейтингті бағалау, сонымен қатар күн сайынғы мониторингті жүргізу, ай бойына несиелік лимитті белгілеу банктің қазынашылық бөліміне жүктеледі.

Банкаралық нарықтағы қаражаттарды ұсыну детерминанттарына ломбардтық және дисконттық қойылымдар, ашық нарықтағы операциялардың көлемі мен қойылымдары жатады. Бұл факторлар банк секторының өтімділігіне, яғни банкаралық нарықтағы несиелік сұранысқа тікелей әсер етеді. Ұлттық банктің ақшаларын пайдалану бағасы болып табылатын дисконттық ставка банкаралық несие бойынша пайыздық қойылымдарға елеулі әсер етуі керек. Дегенмен пайыздар арасындағы байланыс күтілгеннен гөрі аздау болып шықты. Оvernight қалқымалы қойылымы дисконттық қойылымнан едәуір ерекшеленеді. Алдыңғы жылдың қараша және желтоқсан айларында overnight несиесі бойынша пайыздық қойылымдар дисконттық қойылымдардан жоғары болды. Бұл көрсеткіш қаржы нарығындағы дисбаланстың бар болуын сипаттайды. Сол жылдың қыркүйек және қазан айларындағы несие бойынша пайыздық қойылымдар дисконттық қойылымдардан аса бастады. Бұл қойылымдарқараша, желтоқсан айларында дисконттық қойылымдарға жақын болды, дисконттық қойылым едәуір жоғары деңгейде болған кезде, яғни ақпан мен наурызда төмендей бастады.

Диверсификациялық тәуекел –ақша қаражатын әртараптандыру кезінде әр түрлі салаға орналастыру неізінде туындайтын тәуекел. Ақша қаражаттарын әр салаға бөліп салу тәуекел деңгейін азайтады, алайда жалпылама экономикалық құлдыраулар салалардың құлдырауына алып келуі мүмкін, осы жағдайда диверсификациялық тәуекелді жоғарылатады. Инвестиция портфелі тәуекелі басқа қаржы құралдары бойынша тәуекел сомасынан төмен болып келеді. Диверсификация табыстылыққа қатысты инвестиция тәуекелінің қатынасын өзгертеді.

Мысалы екі қаржы құралының бағалары бірдей өзеретін болса, онда олардың арасындағы жоғары деңгейдегі оң сипаттағы корреляция бар деген сөз. Әр түрлі нарықтағы құралдарды ( акциялар , облигациялар ) бір портфельге салғанда тәуекелдің төмендеуі байқалады. Тек акциялардан тұратын портфель туралы айтатын болсақ, яғни экономиканың әр түрлі саласының акцияларының жиынтығы ретінде көрсетілген портфельде корреляция деңгейі төмен болып келеді. Бір компанияның акцияларының корреляция деңгейі жоғары болып келеді. Диверсификациялау тәуекелінің 70-80 %-на жуығы портфель негізінде жойылады.

Диверсификация тәуекелінің тағы бір кемшілігі- капиталдың азаюы, Бірнеше құралдармен жұмыс әстеу комиссиялық шығындардың пайда болуына әкеледі. Бұл қызмет ету негізінде белгілі бір кемішіліктерді туындатуы мүмкін.

Салым депозит бойынша тәуекел- банк немесе басқа қаржы-несие институтының банкрот болуына байланысты депозиттік салымдардың толықтай немесе жартылай қайтарылмау тәуекелі. Ол кәсіпорынның депозиттің операцияларын жүргізген кезде банкты дұрыс таңдамау және дұрыс бағалау жүргізбей себебінен пайда болады. Депозиттік тәуекелдерді пайда болуы біздің елге ғана тән жағдай емес, ол басқа нарықтық экономикасы дамыған елдерде де кездеседі. Банк банкроттығы кезінде депозиттік салымдардың айырылуынан клиентті қорғау үшін депозиттік салымдарды сақтандыру жүргізіледі.Нарықтық экономикасы дамыған елдерде салымшылар мүдделері салым сомасынан белгілі бір сома шегінде немесе соманынң белгілі бір процент незінде орталықтандырылған сақтанжыру қорларымен қорғалады.

Салым бойынша депозит тәуекелі салымшылардың депозитті мерзімі жетпе қайтарып алуымен тығыз байланысты. Яғни егер салымшы мерзімі жетпей, салымын алу туралы ниет білдірсе, онда банкке оның ақша қаражаттарын қайтару үшін қосымша шығын шығаруға тура келеді. Салым бойынша депозит тәуекелі мерзімді және талап етуге дейінгі депозиттермен тығыз баланысты. Себебі бұл депозиттерді мерзімі жетпей тартады. Бұл көрсеткішті төмендету үшін банктер депозиттік шоттар дифференциациясы үшін шарттарды енгізеді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]