Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать
  1. Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта

Банктің өз қызметі процесінде тәуекел түрлерінің әр түрлі жиынтығы мен кездеседі. Осы жиынтықтар бір-бірінен пайда болу уақыты мен орны, экзогендік факторлар жиынтығы (яғни экономикалық орта, коньюктурамен байланысты "сыртқы”) және экзогендік факторлар банктің (өзіндік қате қызметінен пайда болатын "ішкі") бойынша ажыратылады. Сонымен бірге, барлық тәуекел бір-бірімен байланысты және банк қызметіне әсер етеді.Банктің ішкі тәуекелінің өзі төртке жіктеледі: банк активтеріне байланысты, банк пассивтерімен байланысты, активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты, қаржылық қызметті жүзеге асыру тәуекелі. Олардың өзі ішінара жіктеледі:Несиелік тәуекел – қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды. Кез келген банк қызметінің табыстылығы банктің несиесінің сапасына, яғни оның қайтарымдылық дәрежесіне байланысты. Несиенің уақытылы қайтарылмауы банктің зиян шегуіне итермелейді, сондықтан да банктер несиелік тәуекелді басқару шараларымен уақытында айналысып отыруы керек. Несиелік тәуекелдің өзі былайша жіктеледі:

1. Қарыз алушыға байланысты несиелік тәуекел:

• обьективті;

• субьективті;

• заңды;

2. Несиені қамтамасыз етумен байланысты тәуекел:

• кепіл берушінің тәуекелі;

• сақтандырылған кепіл мүлкінің тәуекелі:

- кепіл мүлкінің өтімділік тәуекелі;

- жойылу тәуекелі.

3. Жүйелік тәуекел;

4. Форс- мажорлық тәуекел.

Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта

Валюталық тәуекел – келісім шартқа қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау арасындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қауіпі. Валюталық тәуекел қандайда бір шет елдік валютаға ұлттық валютаның қатысы кезінде, курстың өзгеруі кезінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына, қосымша шығының шығуына алып келеді. Валюталық тәуекел ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

- айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

- конверсионды операциялар тәуекелі;

- трансляциялық тәуекелдер;

- форфейтинг тәуекелі;

- коммерциялық тәуекелі;

- операциялық тәуекелі.

Нарықтық тәуекел – валюталық, пайыздық және инвестициялық тәуекелдердің жиынтыңынан тұрады. Бұл тәуекел мүмкін болатын жоғалтулардың, ескерілмеген шығындардың әсерінен және активтер мен пассивтердің нарықтық бағасының төмендеуіне, өтімділік дәрежесінің төмендеуінен туындайды. Нарықтық баға әрқашан да сұраныс пен ұсыныстың негізінде құрылады, сондықтан ол өзгеріп отырады. Нарықтық тәуекелді әсіресе несиемен қамтамасыз ету кезінде ескерген жөн, себебі бағалы қағаздар нарығындағы өзгеріс немесе жылжымайтын мүлік нарығындағы кері жағдайлар күтілмеген шығындарға алып келуі мүмкін.

Кассалық тәуекел – кассалық операциялардың жүргізілуі барысында кассирлер тарапынан байқаусызда немесе кассирлердің жұмысқа салғырт қарауынан туындайтын тәуекелдің түрі. Банк тәжірибесінде кассалық кателіктер көбіне аударымдар жасағанда, коммуналдық төлемдер қабылдағанда, алаяқтардың басқа тұлғалардын атынан ақша алуы және т.б жағдайларда туындайды.

Есеп айрысу тәуекелі – банктің есеп айрысу процесін ұйымдастыру барысында есеп айрысу техникасына байланысты туындайтын тәуекел. Төлемсіздік немесе төлем мерзімін бүзу тәуекелі, есеп айрысу формаларының төлем және құжат айналымдары тәсілдері, есеп айрысу мазмұны мен мәмілелерінің сипаттамасына сәйкес келмеу тәуекелі. Есеп айрысуға қатысты заңдар мен қойылатын нормативтік талаптарға сай келмеуі немесе олардың бұзылуы.

Факторингтік тәуекел – факторингтік келісім шарт негізінде клиентке қаржылық қызмет көрскту барысында, яғни тауарлы-комиссиондық операцияларды жүргізу барысында туындайды. Факторингтік операцияда үш тұлға қатысады. Олар: факторингтік компания немесе банк, жабдықтаушы, сатып алушы.

Инвестициялық тәуекел – белгісіз жағдайда инвестицияның көзделмеген шығынға ұшырауы. Яғни белгілі бір жобаларға, бағалы қағаздарға салынған қаржының шығынға ұшырауы мен мүлдем қайтарылмау тәуекелі. Инвестициялық тәуекелдерді келесі белілері бойынша жіктеуге болады:

1. Жүзеге асыру сферасы бойынша:

• техника-технологиялық тәуекел;

• экономикалық тәуекел;

• саяси тәуекел;

• әлеуметтік тәуекелдер;

• экологиялық тәуекел;

• заңды-құқықтық тәуекелдер.

2. Жүзеге асыру түрлері бойынша тәуекелдер:

• нақты инвестициялық тәуекелдер;

• қаржылық инвестициялық тәуекелі.

3. Инвестициялық тәуекелдердің пайда болу көздері бойынша:

• жүйелі тәуекел: пайыздық, валюталық, инфляциялық, саяси тәуекелдер.

• жүйесіз тәуекелде

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]