- •1.Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің қандай түрі қолданылады, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •2.Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •3. Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару
- •4. Әлемдік тәжірибеде валюталық тәукелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады
- •5.Операциондық тәуекел және оны басқару
- •Операциондық тәуекел классификациясы
- •7. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •8. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •Банкттік тәуекел категориясына сипаттама
- •Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта
- •Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •12. Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •13. Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары
- •15. Несиелік тәуекел жіктемесі және оларды басқару мен бағалау?
- •16. Несиелік тәуекелді басқару процесінің кезеңдері мен ерекшеліктеріне сипаттама?
- •17. Банктің несиелік тәуекелді бақылау әдістеріне сипаттама?
- •18. Несиелік тәуекелді басқару, басқару көрсеткіштеріне сипаттама
- •19. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:
- •20. Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктерін кезеңдер бойынша сипаттаңыз?
- •21. Өтімділік тәуекелі,ықпал етуші факторлар және оны басқару?
- •22. Банк өтімділігі қандай қызмет атқарады?
- •23. Банктің өтімділік тәуекеліне әсер етуші ішкі факторларға сипаттама беріңіз?
- •25. Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?
- •26. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?
- •27. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама?
- •28. Пайыз тәуекелінің сипаттамасы мен жіктемесі?
- •29. Пайыз тәуекелін төмендету әдістері мен бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
- •30. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?
- •32. Пайыдық тәуекел және оны басқару
- •33. Валюталық тәуекел сипаттамасы, валюталық позициялар
- •35. Операциондық тәуекелді бағалау әдістері
- •37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
- •40. Жаңа банктік қызметтерді ендіру тәуекелі және оны басқару
- •41. Қазақстан республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру шараларын ұсыныңыз.
- •42. Әлемдік дағдарыс екінші деңгейлі банктердің несиелік портфеліне әсерін қалай бағалар едіңіз.
- •43. Әлемдік дағдарыстың екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасына әсері жайлы сарапшылық ой-пікіріңіз қандай?
- •45. Екінші деңгейлі банктердегі тәуекелді басқару жүйесіне баға беріңіз.
- •46 Базель келісімі бойынша банктік тәуекелді бағалаудың тиімділігі?
- •49. Шетел тәжірибесі мен қр едб–де қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың айырмашылықтары мен ерекшеліктері.
- •51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі
- •52. Банк тәуекеліндегі стресс- тестинг қажеттілігі және оның отандық банк секторында қолданылуы
- •53. Отандық екінші деңгейлі банктер өтімділігін бағалаудағы рейтингтік агенттердің рөлі.
- •54. Қр дағы екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз
- •55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді.
55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді.
Тәуекел картасы – бір «ось» бойынша тәуекелдің әсер ету күші мен маңыздылығы көрсетілген, ал екіншісінде оның пайда болу ықтималдылығы мен жиілігі көрсетілген кестеде орналастырылған ұйым тәуекелдерінің шектеулі санының графикалық және жазба сипаттамасы.
Тәуекелдер картасы:
-банктердің,ұйымдардың барлық қызмет салаларындағы тәуекелге бейімділігін анықтауға;
-маңызды тәуекелдерді анықтауға және оларды басқаруды қамамасыз етуге;
-пайданың мөлшеріне әсер ететін негізі тәуекелдерді қосатын ұйымдардың динамикалық қаржылық моделін құруға көмекетеседі.
Тәуекелдер картасын тұрғызудың бір жолына жоғалтулар ықтималдылық матрицасы болып табылады.Матрица өлшемі әр түрлі болуы мүмкін.Ең көп таралған матирица өлшемдері 5х5,яғни 5 ықтимал ұяшықтың 5 ұяшығы шығын болып құралған. Картадағы араб сандары 5 маңыздылық категория бойынша және 5мүмкін категория бойынша жіктелген тәуекелдерді білдіреді.Анықталған тәуекел жеке ранай ұяшыққа орналастырылады.Ықтималды шкаласы мен шығын шкаласы бойынша әрбір интервалға 1мен 5 балл аралығында мәндер беріледі.
56.Қор нарығының дамуы ЕДБ - тәуекелдерді басқару мен төмендету ісіне оңтайлы ықпалын тигізе алады ма? Бұл ретте тәуекелдерді басқару мен төмендетуіне ықпалын тигізеді.Себебі ,қор нарығының елімізде дамуына тікелей байланысты болып келеді.Сондықтан да банктердің акциялары мен облигацияларын сату барысында ,олардың тәуекел деңгейіне тікелей байланысты болады.Коптеген ірі компаниялар осы акцияларды сатып алған кезде олардың тәуекел деңгейінің төмен болғаның қалайды.Банктерде несие берген кезде олардың қысқа мерзімді және тәуекелінің төмен болуын қалайды және олардың қайтарылуына сенімі мол болып келеді.Қор нарығы ақша ресурстарының еркін қозғалысын қамтамасыз етуші ұдайы өндіріс процесі жүйесінде маңызды орын алады. Бағалы қағаздардың көмегімен ішкі және сыртқы жинақтаушылардың құралдары шоғырлануы және олардың кәсіпорындарға фирмаларға және т.б.-ға табыстауы жүзеге асырылады. Қор нарығы арқылы жинақтаушылардың кәсіпкерлердің пайдаларына қатысуы қамтамасыз етіледі.
Қазақстанда қор нарығының дамуы үшін қажетті құқықтық та, институционалдық та негіз жасалған. Қазақстандық қор биржасы 10 жылдан аса жұмыс істейді. Бірақ техникалық базаның жетілгенімен акциялар, жедел келісім-шарт нарығы жеткілікті дамымаған. Бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін мәселелерді шешу қор нарығының функцияларын толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қазіргі кезде Республикада бағалы кағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру максатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы кағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер баршылық.
57.Банк өтімділігі деңгейін жақсартуға мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды. Банктердің өтімділігін жақсарту және қайта қаржыландыру тәуекелін азайту жөніндегі шаралар шеңберінде сыртқы қарыз алудың артық деңгейін төмендету көзделеді, бұл банктердің сыртқы борыштың жиынтық міндеттемелерге арақатынасын халықаралық практикада қабылданғаннан аспайтын мөлшерге жеткізуді болжайды. Өтімділікті қалыптастыру көздерін әртараптандыру мақсатында банктердің берілген кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын ұстап тұру жөнінде қосымша шаралар қабылданады.
Сонымен қатар контрциклдық қағидат бұдан әрі ең төменгі резервтік талаптарды қолдануға қатысты да дамитын болады.
Контрциклдық қағидат қаржы ұйымдарының инвестициялық қоржынының құрылымына және сапасына қолданылатын болады.
Өткен жылы Агенттік қаржы секторының қаржылық тұрақтылығын
қамтамасыз ету жəне халықтың қаржы жүйесіне деген сенімін қолдау мақсатында өз қызметін Агенттіктің 2010-2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында көзделген міндеттеріне/өкілеттіктеріне сəйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жəне Агенттіктің Экономикалық саясаттың 2010 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мəлімдемесінде белгіленген міндеттерді ескере отырып жүзеге асырды.
Банк секторы
Жалпы алғанда, қабылданған шаралар банк секторының тұрақты қызмет
атқаруына жəне еліміздегі іскерлік белсенділікті қалыпты түрде қалпына келтіруге мүмкіндік берді. Тəуекелдерді кредиторлармен бөлісе отырып, үш қазақстандық банкті («БТА Банкі» АҚ, «Альянс Банкі» АҚ мен «Темiрбанк» АҚ) қайта құрылымдау процесі табысты аяқталды. Оның нəтижесінде аталған банктердің жиынтық сыртқы берешегі 11,0 млрд. АҚШ долларынан аса көлемге қысқарды. Осы жұмыстың нəтижелері банк секторындағы жағдайды жақсартуға жəне оны дағдарыстан кейінгі кезеңде дамытудың алғышарттары үшін жағдай жасауға мүмкіндік берді. Мəселен, банк секторының жиынтық есептік меншікті капиталы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап 1 832,7 млрд. теңге болып, əрі 2010 жылдың басынан бастап 919,1 млрд. теңгеге ұлғая отырып, оң мəнге қайта келді.
Сонымен қатар, қайта құрылымдау 2010 жылдың басында банк секторының
алдына қойылған тағы бір маңызды міндетті шешуге мүмкіндік берді, ол міндет – банк секторының жиынтық міндеттемелердегі сыртқы борышын 30%-дан аспайтын деңгейге дейін төмендету болатын. Атап айтқанда, банктердің сыртқы міндеттемелерінің жиынтық міндеттемелердегі үлесі 2010 жылғы 1 қаңтардағы 33,6%-ға қарсы 2011 жылғы 1 қаңтарда 23,9%-ға дейін қысқарды. 2010 жылы сырттан қаржыландыруды ішкі депозиттер (SPV салымдарын ескермегенде жеке жəне заңды тұлғалардың салымдары) сияқты ішкі қаржыландыру көздерімен алмастыру үрдісі жалғасын тапты, олар 2010 жылдың басымен салыстырғанда 13,7%-ға өсіп, 2011 жылғы 1 қаңтарда 6 825,3 млрд. теңге болды.
Қаржы секторын дағдарыстан кейінгі кезеңде дамыту тұжырымдамасына сəйкес халықтың жəне заңды тұлғалардың екінші деңгейдегі банктердегі депозиттері қаржы секторын қаржыландырудың негізгі көзі болып қала беруі тиіс. Сонымен бірге, қазақстандық банктердің кредиттік белсенділігі төмен дəрежеде қалып отыр, бұл жайт экономикадағы кредит тəуекелдерінің жоғары болуына, сондай-ақ жоғары сапалы заемшылар санының жеткілікті дəрежеде болмауына байланысты болып отыр. Осыған байланысты банк секторының несие портфелінің көлемі 2010 жылы 572,8 млрд. теңгеге немесе 5,9%-ға төмендеп, 2011 жылғы 1 қаңтарда 9 066,0 млрд. теңге болды. Банктердің шетел валютасында берілген заемдары 2011 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жиынтық кредит портфелінің 50,2%-ын құрады немесе 4 553,2 млрд. теңге (01.01.2010ж. 57,2%) болды. Банктердің жұмыс істемейтін кредиттерінің үлесі деңгейінің жалпы төмендеуі негізінде 2010 жылы Қазақстанның банк секторының провизиялары (резервтері) көлемінің қысқарғаны байқалды. Мəселен, 2010 жылы банктер провизияларының (резервтерінің) жалпы көлемі 2 802,2 млрд. теңгеге дейін төмендеді, бұл кредит портфелінің 30,9%-ына сəйкес келеді, əрі төлемдерді төлеу мерзімі 90 күннен астам мерзімге өткен кредиттердің орнын 1,3 есеге жабады. Ал төлемдерді төлеу мерзімі 90 күннен астам мерзімге өткен заемдардың үлесі біршама жоғары деңгейде
қалып, 2011 жылғы 1 қаңтарда 23,8% болды.Банк секторы бойынша жұмыс істемейтін заемдардың орнынқалыптастырылған провизиялармен толтыру деңгейі 95,0% болды. Осылайша, қазіргі уақытта банктердің кредит портфелі бойынша қалыптастырылған провизиялардың көлемі тиісті деңгейде болуда, бұл жайт болашақта проблемалы берешекті есептен шығаруды жоюға мүмкіндік береді. Əлемдік қаржы-экономикалық дағдарысы əлемдік тəжірибесінде орын алған кредиттік тəуекелді, капиталды, провизияларды (резервтерді) жəне өтімділікті бағалау тəсілдерінің проциклдығын айқындады. Осыны ескере отырып, Агенттіктің реттеу саясаты қарсы циклдық сипатында қалыптастырылды. 2010 жылы банктердің меншікті капитал жеткіліктілігіне қойылатын талаптарды жетілдіру жөніндегі шаралар аясында Агенттік Банктік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің «Basel III: A global regulatory framework for more resilient banks and banking systems, December 2010» соңғы халықаралық стандарттарын зерттеп, оларды енгізу бойынша тиісті ұсыныстарды əзірледі, олар ҚР қаржылық тұрақтылық жəне қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңесінде (бұдан əрі – ҚТК) қаралды.
Сонымен бірге, ҚТК-де стресс-тестілеу модельдерінің негізінде кредиттік
шығандарды жəне динамикалық провизиялар қалыптастыруды бағалаудың оңтайлы тəсілдері қаралды.
Өтімділік тəуекелін басқару тəсілдерін күшейту мақсатында ертерек дең
қою шаралары аясында Агенттік банктердің берілген кредиттердің депозиттерге оңтайлы арақатынасын Банкттік қадағалау жөніндегі Базель комитетінің «Basel III: International framework for liquidity risk measurement, standards and monitoring, December 2010» ұсынымдарында да көзделген 1,5-тен артық емес деңгейде сақтауы бойынша шаралар қабылдады. Тəуекел-менеджментке қойылатын талаптарды күшейту бөлігінде Агенттіктің екінші деңгейдегі банктердегі тəуекелдерді басқару жəне ішкі бақылау жүйелерінің сапасы мен тиімділігін бағалау тəсілдері мен рəсімдері жетілдірілді.
Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» 2010 жылғы 29 қаңтардағы Жолдауында аталған тапсырманы іске асыру бойынша шаралар қабылданып, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банктік қызметті жəне қаржы ұйымдарын реттеу
мəселелері бойынша тəуекелдерді барынша төмендету бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы (бұдан əрі – Заң жобасы) əзірленді. Заң жобасының негізгі мақсаты банктерді анық немесе жасырын аффилиирленген салалы емес құрылымдардан бөліп тастау жəне банк қызметінің айқындылығын арттыру болып табылады. Атап айтқанда, Заң жобасына меншік құрылымы айқын емес жəне бизнесініңтүсінікті перспективалары жоқ тұлғаларға заемдар (кепілдіктер) беруге тыйым салу көзделген. Банктермен өзінің аффилиирленген тұлғаларымен жасалатын операциялардың шарттарына қойылатын талаптар күшейтілді, бұл олардың банктерге ықтимал жағымсыз əсерін барынша төмендететін болады
58. Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру ұсынысыңыз.Кез-келген банкті басқарудың аса маңызды міндеттерінің бірі – өтімділіктің тиісті деңгейін қамтамасыз ету. Өтімділіктің жеткіліксіз деңгейі банктің елеулі қаржылық қиыншылықтары барының алғашқы белгілері болып есептеледі. Бұл жағдайда банк, әдетте депозиттер жоғалтады, бұның өзі оның меншікті қаражатын азайтады: төлем қаражатының жетіспеушілігі пайда болады. Банк өз салымшыларының, кредиторларының, клиенттерінің алдындағы және жалақы бойынща өз қызметкерлері алдындағы міндеттемелерін толық және мерзімінде орындай алмайды. Қарыз және қаржылық міндеттемелерін дер кезінде өтеу үшін банктің қолма-қол қаражаты мен басқа да өтімді активтерінің сомасы, сондай-ақ басқа да көздерден қаражатты тез жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, ол өтімді, төлем қабілеттілігі бар деп есептеледі. Одан басқа, банктің кредитке сұраныс пен салым көлемінің кез келге алдын ала болжанбаған ауытқуын қанағаттандыру үшін жеткілікті резерві болуы тиіс. Банк басшылығы өтімді активтердің шамасы мен түрі туралы үнемі ойлану керек. Банк өтімділігі банк жұмысының шешуші, сапалы сипаттамасы, яғни банк өтімділігі деп барлық міндеттемелері бойынша мерзімінде және толық көлемде жауап бере алу қабілеттілігі.Өтімділік банктерге келесідей мақсаттар үшін қажет:
- клиенттерді кез-келген сәтте өз қаражатын толық көлемде ала
алатынына сендіру үшін;
- дебиторларды қарыздары бойынша берешектерін өтеуге қажетті ақша
қаражатымен қанағаттандыру мүмкіндігі барлығына сендіру үшін;
- акционерлерді форс мажор жағдайларында активтерін мәжбүрлі түрде сатудан қорғау үшін.
Банктің өтімді қаржыларға қажеттілігі ұсыныс пен сұраныс негізінде қарастырылады. Банктердің өтімді қаражаттарға сұранысы келесідей екі себептен туындайды:
- клиенттердің өз шоттарынан ақшаларын алуы;
- клиенттерден несие алуға өтініштердің түсуінен.
Банктердің өтімді қаражаттарға сұранысының туындауының тағы бір себебі басқа банктерден алынған қарыздарын қайтаруы болып табылады.
Өтімді қаражаттарға сұранысты қанағаттандыру үшін банк бірнеше көздерден қаражаттар тартады. Аса маңызды түсімдер болып клиенттердің банктерге салатын салымдары болып табылады. Тағы бір маңыздысы клиентердің несиелерін қайтаруы болып келеді. Өтімді қаражаттар табыс ретінде депозиттік емес қызметтерден де ( кеңес беру, операциялық қызмет көрсету) түседі.
Банктер қысқа мерзімді салымдар қабылдап, оларды ұзақ мерзімді несиеге береді. Осы депозит пен несие мерзімінің арасындағы уақыт сәйкессіздігі банк өтімділігі мәселесін тудырады.
Банктегі өтімділік деңгейінің тиімді деңгейін ұстап тұру банк үшін тұрақты мәселе болып табылады
59. ҚР тәуекелдерді хеджерлік операциялар арқылы төмендетуді дамыту жолдарын ұсыныңыз.Хеджирлеу - жедел келісімшарттар жасау, болашақта курстық бағамның өзгешеліктері есебінен курс бағамдарын сақтандыру, яғни болашақта болатын өзгерістерді алдын алу болып табылады. Хеджирлеу операциясының екі түрі бар: хеджирлеуді жоғарылату және төмендету. Хеджирлеуді жоғарылату немесе хеджирлік сатып алу. Бұл хеджер биржалық операцияларды және жедел келісім шарттарды немесе опциондарды білдіреді. Бұл түр болашақта кур бағамының өзгеруін алдын алуын сақтандруды білдіреді. Бұл сатып алынатын тауардың бағасын алдын ала белгілеу, яғни қолға тауар тими жатып белгілеп қою болып табылады. Хеджирлеуді төмендету немесе сатылулар бойынша хеджирлеу, бұл жедел келісімшарттарды сату бойынша биржалық операция. Хеджерлік төмендету болашақта тауарды сату кезінде бағаның төмендеуі салдарын алдын алу болып табылады. Тәуекелдерді хеджерлеу – қаржы тәуекелдерін және болуы мүмкін шығындарды төмендету мақсатында әртүрлі қаржы құралдарының көмегімен белгілі бір активтерді сатып алу немесе сату арқылы портфельді құру процесі. Ұлттық Банкте хеджерлеу тәуекелдері осы Стратегияда белгіленген АВА-ны эталондық бөлуге толық немесе ішінара қайтып келу арқылы жүргізіледі. Хеджерлеу мақсатында опциондарды (call, put) сатуды қоспағанда барлық туынды қаржы құралы пайдаланылады. Қаржы құралдары құрылымының күрделілігі және оларды шығару мен сатып алуға байланысты тәуекелдерді толық бағаламау да әлемдік қаржы жүйесінде жаһандық жүйелік тәуекелдердің үдемелі өсуінің алғышарттары болды. Осыған байланысты құны мен тәуекелін бағалау барынша күрделі құрылымдық өнімдерді шығару мен сатып алуды реттеу қажет. Реттеу барысында оригинатордың (жасаушының) тәуекелді міндетті түрде толық немесе ішінара көтеру қағидаттары және тәуекелді қадағалау мүмкіндіктері іске асырылады. Шығаруға рұқсат етілген туынды қаржы құралдарының тізімі айқындалады, сондай-ақ туынды қаржы құралдары туралы ақпаратты көпшілікке ұсынуға және ашуға қойылатын талаптар белгіленеді. Қаржы институттарының қызметін капиталдандыру мен қорландыру мақсаттары үшін құрылымдық өнімдерді пайдалануға тікелей тыйым салу белгіленеді. Сыртқы нарықтарда тәуекелдерді хеджирлеу мәмілелерін тікелей шектейтін тетіктер енгізілетін болады. Ұйымдаспаған нарықтарда айналыста жүретін қаржы құралдарын шығаруға және сатып алуға шектеуді белгілеу жөнінде шаралар қосымша қабылданатын болады.
60. Отандық банк секторындағы нормативтік құқықтық заңнамаларының тиімділігі мен жетілдіру тетіктері. Кез келген мемлекеттегі банк секторлары немесе басқа да сала ұйымдарының іс әрекеттері сол елдің құқықтық актілерімен реттеліп отырады. Сол сияқты еліміздің банк секторында нормативтік құқықтық актілер бар. Ол заңнамаларды ҚР ҰБ бекітіп отырады. Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:1. Қазақстан Республикасының қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілерінің тізбесін бекіту; 2. Бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкес келтірсін. 3. «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – орталық депозитарий) және «Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – тіркеуші) осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетіне орталық депозитарий мен тіркеушінің ережелер жинағына өзгерістер мен толықтыруларды белгіленген тәртіппен келісуге ұсынсын. 4. Тіркеуші осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап күнтізбелік алпыс күн өткеннен кейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы және сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін эмитенттің қосалқы шотындағы айналыстағы мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы орталық депозитарийге сұрату жіберсін.
5. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізуге арналған үлгі шартты бекіту туралы» күші жойылды деп танылсын.
1. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдердің қандай түрі қолданылады,әрқайсысына сипаттама беріңіз?
2. Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз?
3.Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару?
4.Әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады?
5.Операциондық тәуекел және оны басқару?
6.Операциондық тәуекел классификациясы?
7.Банктік тәуекел,түсінігі,мәні,категориялары?
8.Банктік тәуекел,түсінігі,мәні,категориялары?
9.Банктік тәуекел категорияларына сипаттама?
10.Банк активтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама?
11.Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдержәне оларға сипаттама?
12.Активтер мен пассивтерін басқару сапасымен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама?
13.Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары?
14.Банктік тәуекелді басқару мақсаты,оны төмендету жолдары?
15.Несиелік тәуекел жіктемесі және оларды басқару мен бағалау?
16.Несиелік тәуекелді басқару процесінің кезеңдері мен ерекшеліктеріне сипаттама?
17.Банктің несиелік тәуекелді бақылау әдістеріне сипаттама?
18.Несиелік тәуекелді басқару,басқаруға көрсеткіштеріне сипаттама?
19.Банктік тәуекелдерді бағалау әдістерінің әрқайсысына сипаттама беріңіз?
20.Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктерін кезеңдер бойынша сипаттаңыз?
21.Өтімділік тәуекелі,ықпал етуші факторлар және оны басқару?
22.Банк өтімділігі қандай қызмет атқарады?
23.Банктің өтімділік тәуекеліне әсер етуші ішкі факторларға сипаттама беріңіз?
24.ҚР-ның банктік жүйесінің дамуының қазіргі жағдайына сәйкес келетін банк өтімділігінің көрсеткіштері?
25.Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?
26.Банк өтімділігіне ісер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?
27.Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама?
28.Пайыз тәуекелінің сипаттамасы мен жіктемесі?
29.Пайыз тәуекелін төмендету әдістері мен бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
30.Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?
31.Пайыздық тәуекелді бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
32.Пайыздық тәуекел және оны басқару?
33.Валюталық тәуекел сипаттамасы,валюталық позициялар?
34.Валюталық тәуекел және оны басқару?
35.Операциондық тәуекелді бағалау әдістері?
36.Операциондық тәуекел деңгейін анықтау әдістері?
37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
38.Инвестициялық тәуекелді бағалау әдістері?
39.Инвестициялық тәуекел деңгейін төмендету әдістері?
40.Жаңа банктік қызметтерді ендіру тәуекелі және оны басқару?
41.Қазақстан Республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру шараларын ұсынысыңыз?
42.Әлемдік дағдарыс екінші деңгейлі банктердің несиелік портфеліне әсерін қалай бағалар едіңіз?
43.Әлемдік дағдарыстың екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасына әсері жайлы сарапшылық ой-пікіріңіз қандай?
44.ҚР-да қор нарығы дамымағанын ескерсек валюталық тәуекелді хеджерлеу арқылы төмендету қаншалықты тиімді?
45.ҚР-дағы екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз?
46.Базель келісімі бойынша банктік тәуекелді бағалаудың тиімділігі?
47.ҚР-дағы саяси факторлардың Отандық банктерге әсері?
48.ҚР-дағы ЕДБ-де несиелік тәуекелді басқаруда кездесетін негізгі проблемалар және оларды жетілдіру жолдары?
49.Шетел тәжірибесі мен ҚР ЕДБ-де қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың айырмашылықтары мен ерекшеліктері?
50.Корпоративті кодекс этикасын қабылдау ЕДБ-дің тәуекелді басқару ісіне оңтайлы әсер ете алады ма?
51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі?
52.Банк тәуекеліндегі стресс-тестинг қажеттілігі мен оның отандық банк секторында қолданылуы?
53.Отандық екінші деңгейлі банктер өтімділігін бағалаудағы рейтингтік агенттіктердің рөлі?
54.ҚР дағы ЕДБ-дің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз?
55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді?
56.Қор нарығының дамуы ЕДБ-тәуекелдерді басқару мен төмендету ісіне оңтайлы ықпалын тигізе алады ма?
57.Банк өтімділігі деңгейін жақсартуда мемлекет тарапынан қолдау көрсету шаралары?
58.ҚР-ның ЕДБ-дің өтімділігін басқаруды жетілдіру ұсынысыңыз?
59.ҚР тәуекелдерді хеджерлік операциялар арқылы төмендетуді дамыту жолдарын ұсыныңыз?
60.Отандық банк секторындағы нормативтік-құқықтық заңнамаларының тиімділігі мен жетілдіру тетіктер?
