Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать

4. Әлемдік тәжірибеде валюталық тәукелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады

Валюталық тәуекел –келісім шартқа қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау арасындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қауіпі. Валюталық тәуекел қандайда бір шет елдік валютаға ұлттық валютаның қатысы кезінде, курстың өзгеруі кезінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына, қосымша шығының шығуына алып келеді. Валюталық тәуекел ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

  • айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

  • конверсионды операциялар тәуекелі;

  • трансляциялық тәуекелдер;

  • форфейтинг тәуекелі;

  • коммерциялық тәуекелі;

  • операциялық тәуекелі.

Валюталық тәуекелдер банктерде әдетте әр түрлі әдістермен басқарылады

  1. Валюталық тәуекелдерді басқарудың әдістері:

  2. Валюталық операцияларға лимит қою

  3. Хеджерлеу

  4. «Мэтчинг» деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы

  5. «Неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту

  6. Валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау

Банктің ішкі құрылымындағы валюталық тәуекелді басқарудың бірінші қадамы валюталық операцияларға лимит қою болып табылады. Лимиттердің келесі түрлері кең таралған

Лимиттердің түрлері:

  1. шетелдердің лимиті (бір күн ішінде клиенттермен және серіктестермен әрбір тиісті мемлекеттің сомасы бойынша максималды мүмкін болатын сома енгізіледі)

  2. клиенттермен және серіктестермен жүргізілетін операцияларға лимит

  3. құралдар лимиті (қолданылатын құралдарға және валютаға қойылатын шектеу)

  4. әр күнге және әрбір дилерге қойылатын лимит

  5. шығындар лимиті

Лимиттерден басқа әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелдерді төмендетудің келесі әдістері бар:

- «мэтчинг»кірістерді есептеу арқылы банктің валюталық ағымы оның көлеміне және өз тәуекеліне әсер ету. Мэтчинг деп аталатын валютаның активі және пассиві бойынша өзара сату/сатып алу тапсырысы, мұнда валюта ағымының көлемінен валютаның келіп түсуін шегеру көмегімен банк олардың мөлшеріне және өз тәуекеліне ықпал ету мүмкіндігінен алады;

- «неттинг» тәсілін қолдану, яғни максималды дәрежеде валюталық келісімдердің мөлшерін қысқарту; Нэттин- валюталық мәмілелердің санын, оларды ірілендіру және биржаның барлық бөлімшелері мен сауда қатысушыларының әрекеттері жөнінде келісімшарттарын барынша азайту. Бұл мақсатқа жету үшін банктің барлық бөлімшелерінің координациясы жоғары болуы тиіс.

- валюта нарығын мұқият зерттеу және талдау;

Сонымен қатар валюталық тәуекелдерді төмендетудің тағы бір әдісі ол хеджирлеу.

Хеджирлеудің негізгі әдісінің мәні валюталық айырбас операцияларын курста қолайсыз жағдайлар болғанға дейін жүргізуге негізделеді немесе осындай өзгерістерден болатын шығындарды жабу валютаға келісімімен қатарлас жүреді. Оның курсы қарама–қарсы бағытта өзгереді.

Банктің хеджирлеумен байланысы екі образда жүргізіледі, бір жағынан, банк кез келген коммерциялық компания сияқты валюталық тәуекелді сақтандыруда жоғарыда көрсетілген әдістерді өзіндік валюталық тәуекелді басқарудағы қаржылық қызметінің күнделікті практикасында қолданылуы мүмкін. Ал екінші жағынан хеджирлеу, ол көбінесе банктің өз клиенттеріне ұсынатын қызметтері болып табылады. Бұл қызметтер ретінде кепілдік операциялар және валюталық келісімдер болуы мүмкін

Кепілдік операциялар банктерде бір жылға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады, яғни қысқа мерзімді сипатқа ие.

Валюталық тәуекелді сақтандыру келісімі банк және клиент арасында телефон арқылы жүзеге асырылады. Телефон арқылы келісімдер форвардтық келісімнің шарттарын айқындайды.

Жасалған форвардтық келісімді растау үшін клиент келесі жұмыс күн аралығында теңге эквивалентінде келешектегі түсімдер туралы ауызша келісім бойынша немесе валюталық төлем туралы банкке жазбаша тапсырыс беру керек.

Банкке тапсырыс беру келесі тәртіптегідей көрсетілу керек:

- ұйымның толық атауы;

- келешектегі операциялар бойынша шетел валютаның атауы;

- шетел валютаның сомасы;

- контракт немесе келісімнің нөмірі;

- банктегі валюталық шоттың нөмірі;

- тапсырыс жасалған күн.

Егер де кәсіпорын белгіленген мерзімде кепілдік келісімнің жазбаша нұсқасын көрсетпесе, банк келісімді біржақты үзу құқығын ала отырып, кәсіпорыннан банктің халықаралық валюталық нарықтағы форвардтық операцияларды жүргізуге кеткен шығындарды өтеуді талап етеді.

Өз кезегінде уәкіл етілген банк кепілдік операция жасалғаннан кейін бес күн аралығында форвардтық келісімді жазбаша түрде бекітеді. Кепілдік операциялар банкпен форвардтық келісім жасаған кәсіпорындардан айыппұл төлеусіз жүзеге асырылады. Дегенмен, егер клиент кепілдік операциялардың шарттарын бұзатын болса, онда осы халықаралық валюталық нарықтағы операциялармен байланысты шығындар шарт бұзушыға беріледі. Егер де кепілдік операциялардың шарттары тиісті тәртіпте, әділ орындалса, онда кәсіпорындар форвардтық оперция бойынша валюталық тәуекелдерге душар болмайды. Ескеру керек, кепілдік операцияларды жүргізудің ережелері бойынша банк есепті кезеңдегі валюталық курсты емес, форвардтық (болашақ) курсты сақтандырады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]