- •1.Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің қандай түрі қолданылады, әрқайсысына сипаттама беріңіз.
- •2.Валюталық тәуекелді төмендету әдістерін ашып көрсетіңіз.
- •3. Банктің капитал құрылымы мен банк капиталының жеткіліксіздік тәуекелдері және оларды басқару
- •4. Әлемдік тәжірибеде валюталық тәукелді төмендетудің қандай әдістері қолданылады
- •5.Операциондық тәуекел және оны басқару
- •Операциондық тәуекел классификациясы
- •7. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •8. Банктік тәуекел түсінігі, мәні, катнгориялары
- •Банкттік тәуекел категориясына сипаттама
- •Банк активтері мен байланысты тәуекел оларға сипатта
- •Банк пассивтерімен байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •12. Активтер мен пассивтерді басқару сапасына байланысты тәуекелдер және оларға сипаттама
- •13. Банктің сыртқы тәуекелдеріне сипаттама және жіктеу қағидалары
- •15. Несиелік тәуекел жіктемесі және оларды басқару мен бағалау?
- •16. Несиелік тәуекелді басқару процесінің кезеңдері мен ерекшеліктеріне сипаттама?
- •17. Банктің несиелік тәуекелді бақылау әдістеріне сипаттама?
- •18. Несиелік тәуекелді басқару, басқару көрсеткіштеріне сипаттама
- •19. Банк тәжірибесінде банктік тәуекелдерді бағалаудың келесідей түрлері қолданылады:
- •20. Несиелік тәуекелді басқару кезеңдерінің ерекшеліктерін кезеңдер бойынша сипаттаңыз?
- •21. Өтімділік тәуекелі,ықпал етуші факторлар және оны басқару?
- •22. Банк өтімділігі қандай қызмет атқарады?
- •23. Банктің өтімділік тәуекеліне әсер етуші ішкі факторларға сипаттама беріңіз?
- •25. Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?
- •26. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?
- •27. Банк өтімділігін талдаудың негізгі кезеңдеріне сипаттама?
- •28. Пайыз тәуекелінің сипаттамасы мен жіктемесі?
- •29. Пайыз тәуекелін төмендету әдістері мен бағалау тәсілдерін ашып көрсетіңіз?
- •30. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтеріне сипаттама?
- •32. Пайыдық тәуекел және оны басқару
- •33. Валюталық тәуекел сипаттамасы, валюталық позициялар
- •35. Операциондық тәуекелді бағалау әдістері
- •37.Инвестициялық тәуекел,жіктемесі және оны басқару?
- •40. Жаңа банктік қызметтерді ендіру тәуекелі және оны басқару
- •41. Қазақстан республикасының екінші деңгейлі банктердің өтімділігін басқаруды жетілдіру шараларын ұсыныңыз.
- •42. Әлемдік дағдарыс екінші деңгейлі банктердің несиелік портфеліне әсерін қалай бағалар едіңіз.
- •43. Әлемдік дағдарыстың екінші деңгейлі банктердің активтерінің сапасына әсері жайлы сарапшылық ой-пікіріңіз қандай?
- •45. Екінші деңгейлі банктердегі тәуекелді басқару жүйесіне баға беріңіз.
- •46 Базель келісімі бойынша банктік тәуекелді бағалаудың тиімділігі?
- •49. Шетел тәжірибесі мен қр едб–де қарыз алушының несие қабілетін бағалаудың айырмашылықтары мен ерекшеліктері.
- •51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі
- •52. Банк тәуекеліндегі стресс- тестинг қажеттілігі және оның отандық банк секторында қолданылуы
- •53. Отандық екінші деңгейлі банктер өтімділігін бағалаудағы рейтингтік агенттердің рөлі.
- •54. Қр дағы екінші деңгейлі банктердің тәуекелдерді басқару жүйесіне баға беріңіз
- •55.Тәуекелдер картасы банктік тәуекелдерді анықтауда қаншалықты тиімді.
51.Сапалы диверсификация сапалы тәуекел менеджментінің кепілі
Тәуекелді төмендету үшін келесідей тәсілдер қолданылуы мүмкін: диверсификация; нәтижелер мен таңдаулар туралы қосымша ақпарат алу; лимиттеу; өзін-өзі сақтандыру; сақтандыру; валюталық тәуекелдерден сақтандыру; хеджирлеу; байланысқан облыстардың қызметіне басқаруды алу; спецификалық қорлардың қолдануын бағалау және есепке алу
Диверсификация
Диверсификация механизмі негізінен жүйесіз (тән емес) тәуекел түрлерін бейтараптандыру үшін қолданылады. Сонымен бірге ол жүйелі тәуекел түрлерін белгілі деңгейде төмендетуге мүмкіндік береді – валюталық, пайыздық және басқаларын. Диверсификация механизмінің жұмыс істеу принципі шоғырлануға мүмкіндік бермейтін, тәуекелдерді бөлуде көрінеді.
Тәуекелдерді диверсификациялаудың негізгі мынандай бағыттары қолданылады:-Қаржылық іс-әрекет түрлерін диверсификациялау. Әртүрлі қаржылық операциялардан табыс алу үшін өзге мүмкіндіктерді қолдануды қарастырады – қысқамерзімді қаржылық салымдарды, несиелік портфельді құрастыру, нақты инвестициялауды іске асыру, ұзақмерзімді қаржылық салымдарды портфельді құру т.б.-Кәсіпорынның валюталық портфелін диверсификациялау. Ол бірнеше валюталар үшін сыртқыэкономикалық операциялар түрін таңдауды білдіреді. Бұл бағыттың процессінде валюталық тәуекел бойынша қаржылық шығындар төмендейді.-Депозиттік портфельдің диверсификциясы. Бірнеше банктерге уақытша бос ірі ақша-қаражаттарын орналастыру. Ақша активтерінін орналастыру шарттары онша өзгермейтіндіктен, бұл бағыт депозиттік тәуекелді төмендетіп, оның табыс деңгейіне әсер етпейді. -Несиелік порфельдің диверсифифкациясы. Ол несиелік тәуекелді төмендетуге бағытталған және кәсіпорын өнімінің сатып алушыларының сан-алуандығын қарастырады. Әдетте несиелік тәуекелді бейтараптандыру кезіндегі несиелік портфельдің диверсификациясы несиелік операциялардың концентрациясын лимимттеумен бірге жүріп, сатып алушылар тобы бойынша несиелік лимит орнату арқылы іске асырылады.-Бағалы қағаздар портфелінің диверсификациясы. Диверсификацияның бұл бағыты табыс деңгейін төмендетпей, портфельдің жүйесіз тәуекел деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді.
-Нақты инвестициялау бағдарламасының диверсификациясы. Ол инвестициялау бағдарламасына әртүрлі альтернативті салалық және аумақтық бағыты бар инвестициялық жобаларды енгізуді қарастырады, бұл бағдарлама бойынша жалпы инвестициялық тәуекелді төмендетеді.
52. Банк тәуекеліндегі стресс- тестинг қажеттілігі және оның отандық банк секторында қолданылуы
стресс-тестинг - банк қызметiне әсер етуi мүмкiн ерекше, бiрақ ықтимал оқиғалардың банктiң қаржы ережелерiне қарымды ықпалын өлшеу әдiстерi. Банктегі тәуекелдерді басқару бөлімшесі жарты жылда кемінде бір рет стресс-тестинг жүргізеді және тәуекелді қабылдау және тәуекелге бақылау кезінде стратегиялық шешімдер қабылдауда олардың нәтижелерін пайдаланады. Банк қаржы құралының құнын бағалауды тәуекелді бағалау моделін және ағымдағы бағаларды рыноктық ету негізінде жүргізеді, сонымен бірге стресс-тестер (stress-testing) және бэк-тестер (back-testing) өткізеді. Банк қаржы құралдарымен операциялар жасауға шешімдер қабылдау кезінде тәуекелді бағалаудың және тұрақты стресс-тесттердің (stress-testing) қорытындысын пайдаланады. Басқарма немесе тиісті функциялары және өкілеттіктері бар алқалы орган қаржы құралдары үшін «stop-loss» лимиттерінің диапазонын белгілейді. Ішкі аудит қызметі «stop-loss» лимиттерін белгілеу ережелерінің дұрыс қолданылуын тексереді. Тәуекелдерді басқару бөлімшесі қаржы құралдары рыногының аумағы мен серпінділігіне және қаржы құралының өтімділігіне сәйкес лимиттердің қаржы құралдары бойынша тепе-теңдігіне талдау жасайды. Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі тоқсан сайын бір реттен кем емес деңгейде еншілес ұйымдарда ақшаны басқару және банктің еншілес ұйымдарындағы активтерін және міндеттемелерін басқару мониторингін шоғырландырылған негізде жүргізеді. Активтерді және міндеттемелерді басқару бөлімшесі және/немесе тиісті функциясы және өкілеттігі бар алқалы орган тұрақты түрде тоқсанына бір реттен кем емес өтеу мерзімі бойынша сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін анықтайды. Қазіргі таңда отандық банк секторымызда айына бір рет бул тест түрі өткізілсе де, оны ешқандай банк жариялап айтпайды. 2006жылы АФН отандық банктерде өзінің келесідей жоспары бойынша тестинг жүргізген болатын, яғни резидент еместер алдындағы қысқа мерзімді міндеттемелеріне ең жоғарғы шегін белгілеу, валюталық бағамды, халықаралық капитал нарығындағы пайыз мөлшер-н өзгерту болып табылады. Ал 2007 жылы жоспарда: теңгені девальвациялау, ішкі қаржыландырудағы мәселелер, жылжымайтын мүлікке бағаның төмендеуі, ссудалық портфельдің сапасының нашарлауы болды. Енді 2009 жылы стресс-тестинг банктердің ссудалық портфеліндегі провизиялар үлесі анықталған банктердің тұрақты есептілігі негізінде жүргізілген болатын. Сондай-ақ Сбербанк АҚ-ның мәліметтері бойынша АФН стресс-тестингті Bottom up форматында жүргізген болатын. Жүргізудің мақсаты- бұл банктердің макро шоктарға тұрақтылығы мен олардың макро ортаның жағымсыз факторларына төтеп беру қабілетін бағалау болып табылды. Бүгінгі таңда АФН халықаралық ұйымдардың тәжірибесін пайдалан отырып, банк есептіліктерінің нәтижелерін қатаң мониторингтеп отырады. Мысалы, «Альянс Банк» АҚ стресс-тестингті көпфакторлы модель арқылы жүргізеді, ол дегеніміз стресс-жоспарлардың ақша нарығындағы өзгерістер мен алдын ала есептеулерді қамтуы. Яғни, РЕПО операциялары, банкаралық несиелердің пайыз мөлшерлемесі, сондай ақ көпфакторлы модель АҚШ долларын ж/е басқа резервтік валюталардың девальвация, ревальвациясын, Қор нарығының өзгерісін, мұнай бағасының төмендеу факторларын қамтиды. Альянс Банк АҚ-ың банк тәуекелдерін басқару жөніндегі департаменттің басқармасының айтуы бойынша соңғы жүргізілген стресс-тестинг нәтижесі бойынша стресс- жоспарлар туындаған жағдайда болжанған шығындардың орнын банк өз меншікті капиталымен жаба алады деген шешімге келген. Осындай жағдай бола тұра, көптеген коммерциялық банктер өздерінің стресс-тестинг нәжтижелерін бұл ақпарат құпия болып табылатындығын айтып, жариялай бермейді. Мүмкін, отандық банктеріміз өзінің стресс- тестинг нәтижелерін мүлдем жариялаудан бас тартқан Ұлыбританияның Қаржы Министрлігінің тәжірибесіне сүйенетін шығар, өйткені олардың пайымдауынша стресс-тестингтің нәтижелерін жариялау қаржы нарығындағы тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін, соның салдарынан үкімет қаржы жүйесін қолдау мақсатында қосымша шаралар қолдануына тура келеді екен.
