Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать

32. Пайыдық тәуекел және оны басқару

Пайыздық тәуекел- пайыздық мөлшерлеменің болжанбаған ауытқуынан ысырапқа ұшырау мүмкідігі. Банк табыстары мен шығындары, активтерінің нарықтық құны, пассивтер мен баланстан тыс шоттар да өзгереді. Пайыздық тәуекел берілген ссудамен тартылған қаражаттардың қайтарылатын мерзімі сәйкес келген кезде н/е активтік ж/е пассивтік операциялар бойынша мөлшерлемелер әр түрлі тәсілмен берілгенде пайда болады. Пайыздық тәуекел келесідей жіктеледі:1)жаңа бағаны құру бойынша актив пен пассив бағаларының өзгеру тәуекелі: бекітілген пайыз қоылымы бойынш, өзгермелі пайыздық қойылым бойынша; 2) табысты өзгерту тәуекелі; 3) базистік тәуекел; 4) опциондық тәуекел. Пайыздық тәуекелді басқару жүйесінің элементтері келесідей: 1) П.т айқындау, яғни пайыздық мөлшерлеменің өзгеруге немесе сол арқылы банк таза пайдасы мен эк/қ құнына теріс ықпал ететін факторларды анықтау. 2)П.т бағалау, яғни пайыз мөлшерлемесіндегі алшақтықты анықтауға арналған п.т бағалау әдістеріне арналған. 3) П.т алдын алу, яғни активтер мен пассивтерді басқаруға бағытталған залалдың алдын алуға арналған ұйымдық техникалық шаралардың жиынтығы. 4) П.т бақылау, яғни п.т басқару процесіне бақылауды жиі ж.ргізу. П.тәуекелді келесідей әдістер көмегімен кемітуге болады: П.т сақтандыру; мерзімді келісім;П. Фьючерстік контракт; П.опцион; П.своп. П. тәуекелді сақтандыру- тиісті тәуекелді, яғни қатерді сақтандырушы ұйымға толық беред, несие нарығы сияқты банктердегі жағдай өзгергенде банктегі пайыз мөлшерлемеснің тиісінше өзгеруіне мүмкіндік береді. Мерзімді келісім- бұл қатерден қорғану болып табылады, бұл қарыз алушының келісілген мерзімінде белгілі бір сомадағы соманы белгілеген мерзімде беруі н/е қайтаруы туралы арнайы форвардтық келісімді бекітуі негізінде жүзеге асырылады. Банк ссуданы беру сәтінде пайыз мөлшер/ң өзгерісінен орын алатын ысырапқа ұрынып қалу қатерінен өзін осындай келісімді бекіту арқылы қорғайды. П. фьючерстік контракт- бұл пайыз мөлшер/н ойнату үшін қолданылады. Сатушы шарт бойынша сатады, ал сатып алушы қаржы құжатын келісілген, тіркелген баға бойынша келешектегі айтылған уақыт кезеңінде белгіленген бір кезеңнен соң сатып алады. П. опцион- опцион иесіне қысқа мерзімді ссуданы немесе депозитті тұрақты тіркелген баға бойынша келешектегі белгілі бір күнге дейін, н/е сол күні сатып алуына н/е сатуына құқық беретін келісім. П. своп- мұнымен бір ғана сомаға, алайда бір түрлі шартпен бекітілген несие міндеттемесімен байланысты пайыздық төлемнің төмендеуін білдіреді. П.тәуекелді басқарудың басты мақсаты- пайыз маржасының деңгейіне басқару жасау. Себебі, пайыз маржасы- банк пайдасының негізгі көзі.

33. Валюталық тәуекел сипаттамасы, валюталық позициялар

Валюталық қатер –шетелдік валютаның ұлттық валютаға қатысты бағамының өзгеруіне байланысты валюталық ысырап қатері болып табылады.Валюталық қатерді азайту үшін ;валюталық фючерлік контракті, валюталық опцион, валюталық своп -әдістері қолданылады.Шетелдік валюталар бағамының артуын ұдайы бақылау ,сақтандыру,форвардтық контрактіні бекіту банктердің іс-тәжірибесінде валюта қатерін кемітудің әдістері болып табылады. Валюта қатерін азайту үшін көбінесе пайыздық қатердегі әдістер қолданылады :валюталық фьючерлік контракті, валюталық опцион,валюталық своп.Бұлардан басқа валюта ретінде өз ұлттық валюта төлемін (әрине,ол тұрақты болатын болса, біздің елімізде көбінесе төлем ретінде америкалық доллар пайдаланылады ) таңдау әдісі, сондай-ақ ақшалай міндеттеме сомасының валюта бағамына қарай өзгеру қаупін ескертетін қорғану шартын кредит келісімшартына енгізу әдісі қолданылады.Валюта бағамы ретінде ұлттық валютаның немесе үшінші ел валютасының немесе халықаралық ақша бірліктерінің бағамдары алға шығуы мүмкін.

Валюталық позиция банктің шетел валютасындағы  талаптар мен міндеттернің арақатынастарын білдіреді. Олардың нақы валюта бойынша тең болуы кезінде валюталық позиция жабық деп есептелінеді, ал тең келмеуі кезінде – ашық. Ашық валюталық позиция - жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы банктiң талап етулерiнiң (мiндеттемелерiнiң) сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (талап етулерiнiң) шегiнен асып кетуi. Жабық валюталық позиция кезінде банк шетел валютасын сатып алу мәмілесін жасайды да және дәл сол уақытта оны алынған тоабыспен басқа сату мәмілесімен жабады. Ұлттық банк жабық валюталық позиция көлемін шектемейді. Ұзын валюталық позиция - бұл талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы мiндеттемелерiнiң (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция. Қысқа валюталық позиция - бұл мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) банктiң сол шетел валютасындағы немесе тазартылған қымбат металдардағы талап етулерi (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы) шегiнен асып кететiн жеке шет мемлекеттiң (шет мемлекеттер тобының) немесе тазартылған қымбат металдардағы валютасындағы ашық валюталық позиция.Валюталық позициялар есебiне мөлшерi валюталардың айырбас бағамының өзгеруiмен белгiленетiн, теңгемен көрсетiлген талап етулер (активтер мен шартты талап етулердiң жиынтық сомасы), мiндеттемелер (мiндеттемелер мен шартты мiндеттемелердiң жиынтық сомасы) (тазартылған қымбат металдардың құны) енгiзiледi.

34.Валюталық тәуекел ж/е оны басқару. Валюталық тәуекел келісім шартқа қол қойған кезеңі мен ол бойынша төлемді жасау арасындағы кезең ішінде төлейтін валютаға қатысты валюта бағамындағы өзгерістің нәтижесінде туындайтын зиян шегу қауіпі. Валюталық тәуекел қандайда бір шет елдік валютаға ұлттық валютаның қатысы кезінде, курстың өзгеруі кезінде зиян шеккен банктерде және өз қорларының бір бөлігінің жоғалуына, табыстың толық алынбауына, қосымша шығының шығуына алып келеді. Валюталық тәуекел ашық валюталық позиция кезінде туындайды. Банктік тәжірибеде валюталық тәуекелдің бірнеше түрлері қолданылады атап айтсақ:

  • айырбас бағамының өзгеру тәуекелі;

  • конверсионды операциялар тәуекелі;

  • трансляциялық тәуекелдер;

  • форфейтинг тәуекелі;

Бағам түрлері:тікелей,жанама,,СПОТ бағамы,форвардтық бағам.

Тікелей бағам-ұлттық валютаның шетел валютасына қатынасына тең.жанама бағам-шетел валютасының ұлттық валютаға қатынасына тең.Кросс бағам-бұл үшінші бағамға байланысты анықталатын 2 валютаның шекті қатынасы.Спот бағам-мәміле жасалғаннан кейінгі 2-ші жұмыс күнінде валютаны айырбастау шартына сәйкес мәміле жасау уақытында белг/н валюта бағамы.Форвардтық бағам-белгілі бір уақыттан кейін анықталатын валютаның болашақ құны.Конверсиондық тәуекел-бұл нақты бір валюталық операциялар бойынша туындайтын валюталық шығын.Трансляциялық н/е бухгалтерлік тәуекел-банкбалансының активтері мен пассивтерін қайта бағалау барысында туындайтын тәуекел.Форфейтинг тәуекелі-банктің форфейтинг операциясы бойынша экспортердің валюта бойынша тәуекелдерінің факторинг қызметін көрсетуші банкке ауысуынан туындайтын тәуекел. Валюталық тәуекелді төмендетудің мынадай негізгі әдістері болады:-валюталық тәуекелдерді сақтандыру;-хеджерлеу;

диверсификациялау.Валюталық тәуекелдерді сақтандыру валюталық тәуекелдерді басқарудың негізгі әдістерінің біріне жатады.Әлемдік тәжірибеде валюталық тәуекелді төмендету әдістері,2 әдісті қамтиды,-мэттинг-кірістерді есептеу арқылы банктің валюталарының ағымы көлеміне және өз тәуекеліне әсер ете алады.-неттинг-масштабтау арқылы валюта мәмілесінің көлемін максималдауды шектеу.Жүзеге асатын шетел валютасының сату-сатып алу өтінітерін бөліп қарастыру.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]