Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Banktik_tauekel_shpor.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
990.1 Кб
Скачать

25. Банк активтерінің сапалылығы анықтау критерилерінің әрқайсысына мысал келтіріп сипаттама беріңіз?

Банк активтерінің сапалалығы келесі 4 критерийлері анықталады:

  • өтімділік

  • тәуекелділік

  • табыстылық

  • Диверсификация

Банк активтерінің сапалылығы мынадай төрт критерийлермен анықталады: өтімділік, тәуекелдік, табыстылық пен диверсификация.

Активтердің өтімділігібұл қарыз алушының міндеттемелерді өтеу немесе осы активтерді сату арқылы олардың қолма-қол ақшаларға айналу қабілеті.

Активтердің өтімділік дәрежесі олардың айналымына байланысты. Ақшалай формадағы банктің активтері төлем қызметін орындауға бағытталған.

Активтер тәуекелі критерийі, олардың ақшалай формаға айналдыру кезінде шығындарға ұшырау мүмкіндігін сипаттайды. Активтердің тәуекел дәрежесі, олардың әр түрі үшін ерекше көптеген факторлармен анықталады. Мысалы, несиелік тәуекел қарыз алушының қаржылық жағдайына, қарыз көлеміне, беру мен өтеу тәртібіне, т.б. факторларға байланысты.

Банк активтердің тәуекелі неғұрлым жоғары болған сайын, банктің өтімділігі соғұрлым төмен болады.

Активтердің табыстылығының критерийі ретінде: активтердің жұмыс жасау қабілеті, тиімділігі, яғни табысты әкелу қабілеті, сонымен қатар банктің дамуы үшін қаражат көзін табу және банктің капитал базасын нығайту қабілеті. Табыстылық дәрежесі бойынша активтер: табыс әкелетін және табыс әкелмейтін болып екіге бөлінеді.

Активтердің диверсификациясы критерийі банктің ресурстарын әр түрлі орналастыру аялары бойынша бөлу дәрежесін сипаттайды. Активтерді диверсификациялау көрсеткіштері мынадай: ресурстарды орналастыру бағыттары бойынша банк активтерінің құрылымы, объектілер мен субъектілері бойынша несиелік жұмсалымдардың құрылымы; бағалы қағаздар портфелінің құрылымы, валюталар құрылымы; банкпен корреспонденттік және несиелік қатынастарда болатын басқа банктердің құрылымдық құрамы. Активтер неғұрлым көп диверсификацияланса, соғұрлым банктің өтімділігі жоғары болады.

26. Банк өтімділігіне әсер ететін микроэконикалық және макроэконмикалық факторларға сипаттама беріңіз?

Өтімділік – банктің сенімділігін қамтамасыз ететін, оның қызметінің жалпы сипаттамалардың бірі.

Банк өтімділігі – бұл салымшылар мен қарыз берушілер алдында банктің өз міндеттемелерін уақытында және шығынсыз орындау қабілеттігі.

Егер коммерциялық банктің борыштық және қаржылық міндеттемелерді уақтысында орындау үшін қолма-қол ақшалай қаражаттар мен басқа да өтімді активтері болып, сонымен қатар басқа көздерден қаражаттарды тез арада жұмылдыру мүмкіндігі жеткілікті болса, онда бұл өтімді банк болып табылады.

Банк өтімділігі аталған барлық міндеттемелерді, сонымен бірге болашақта пайда болуы мүмкін міндеттемелерді уақытында орындауын сипаттайды. Міндеттемелерді орындау үшін кассадағы және корреспонденттік шоттардағы (Орталық банкте және басқа коммерциялық банктерде) қалдықтарымен сипатталатын банктік ақшалардың барлығы; қолма-қол ақшаға тез айналатын активтер; банкаралық нарықтан немесе Орталық банктен алынатын банкаралық несиелер сияқты қаражат көздері пайдаланады.

Банк өтімділігіне ісер ететін Макроэкономикалы факторлар:

  • елдегі жалпы саяси және экономикалық жағдай;

  • бағалы қағаздар нарығының дамуы;

  • банкаралық несие нарығының дамуы;

  • қайта қаржылындару жүйесін ұйымдастыру;

  • Орталық банкінің қадағалау қызметінің тиімділігі.

Микроэкономикалық факторлар:

  • Банк активтерінің тәуекелділігі

  • Банк қызметін басқару сапасы

  • Меншік капиталының жеткіліктілігі

  • Банк активтерінің табыстылығы

  • Ресурстық базаның тұрақтылығы мен сапасы

  • Активтер құрылымымен диверсификация

  • Активтер мен пассивтер сомасымен мерзімі бойынша баланстандырылуы

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]