
- •3. Настройка размерных параметров.
- •1.AutoCad-та экранды басқару: панорамалау командасы және оның режимдері, «Общий вид» терезені пайдалану, қайта сызу және регенерация
- •3. AutoCad-та үш өлшемді объектілерді редакциялау: денеге түрлендіру, бетке түрлендіру
- •1.AutoCad-та экранды басқару: панорамалау командасы және оның режимдері
- •3. AutoCad-та үш өлшемді модельдерді тұрғызу: шар мен цилиндрді тұрғызу
- •1. AutoCad-тағы объектілердің қасиеттері:
- •1. AutoCad-тағы объектілердің қасиеттері: түс, сызықтын типі және салмағы,
- •3. AutoCad-та үш өлшемді объектілерді редакциялау: қима тұрғызу, кесік жасау
- •1.AutoCad-тағы координаталар жүйелері: координаталарды еңгізу, еңгізу режимдері, еңгізу тәсілдері, декарттық координатасы.
- •1. AutoCad-тағы объектілердің қасиеттері: түс, сызықтын типі және салмағы,
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу:
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу AutoCad-тағы файлдар
- •3. Мәтіндерді және кестелерді жасау, блоктарды басқару
- •1. AutoCad-тағы объектілердің қасиеттері:
- •1. AutoCad-қа кіріспе: AutoCad туралы мәлімет, терезенің элементтері, кұрал-саймандар
- •1. AutoCad-та сызықтыобъектілердітұрғызу: түзу,сәуле (олартуралыұғымдар, командаларды шақырутәсілдері, командалардыңсұраныстары мен опциялар).
- •3. AutoCad-та үш өлшемді модельдерді тұрғызу: тор мен пирамиданы тұрғызу (командаларды шақыру тәсілдері, командалардың сұраныстары мен опциялар).
- •1.AutoCad-та экранды басқару: панорамалау командасы және оның режимдері
- •3. Мәтіндерді және кестелерді жасау
- •1.AutoCad-тағы координаталар жүйелері: координаталарды еңгізу, еңгізу режимдері, еңгізу тәсілдері, декарттық координатасы.
- •3. AutoCad-та үш өлшемді объектілерді редакциялау: қима тұрғызу, кесік жасау
- •1.AutoCad-та экранды басқару: панорамалау командасы және оның режимдері, «Общий вид» терезені пайдалану, қайта сызу және регенерация
- •1.AutoCad-тағы координаталар жүйелері: координаталарды еңгізу, еңгізу режимдері,
- •3. AutoCad-тағы сызбаларды рәсімдеу командалары: штрихтеу (команданы шақыру тәсілдері), "Штриховка и градиент" диалогты терезесі, сызықты өлшемдер.
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу AutoCad-тағы файлдар
- •1. AutoCad-тағы объектілердің қасиеттері: түс, сызықтын типі және салмағы,
- •3. AutoCad-та үш өлшемді модельдерді тұрғызу: жаншумен және айналдырумен денелерді тұрғызу (командаларды шақыру тәсілдері, командалардың сұраныстары мен опциялар).
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу AutoCad-тағы файлдар
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу AutoCad-тағы файлдар
- •3. AutoCad-тағы сызбаларды рәсімдеу командалары: штрихтеу (команданы шақыру тәсілдері), "Штриховка и градиент" диалогты терезесі, сызықты өлшемдер.
- •1. AutoCad-тағы координаталар жүйелері: координаталарды еңгізу, еңгізу режимдері, еңгізу тәсілдері, декарттық координатасы.
- •1. AutoCad-та сызба файлдармен жұмыс істеу AutoCad-тағы файлдар
1. AutoCad-қа кіріспе: AutoCad туралы мәлімет, терезенің элементтері, кұрал-саймандар
таспасы. AutoCAD бағдарламасы жобалау және сызудың автоматтандырылған жүйесі болып табылады. Аталмыш жүйенің заманауи әдіснамалары жазықтықта (2d графика, жазықтықты сызба) екіөлшемді объектілермен ғана емес, жазықтықтағы үшөлшемді модельдермен (3d графика, 3d модельдеу) жұмыс істеуге мүмкіндік береді. AutoCAD 1982 жылы Американдық Autodesk фирмасымен құрастырылып, фирманың бастапқы дамуына түрткі болған. Қазіргі күні AutoCAD жүйесі – әлемде ең кең тараған АЖЖ болып табылады. Ол бұл жетістікке сызбалаудың ең тиімді және жеңіл құралдарының арқасында қол жеткізіп отыр.
Сызу және тетіктерді бөлщектеу аясында AutoCAD мүмкіншілігі: жобалау идеяларын тиімді қолдану; жұмыс үрдісін оңтайландыру; бірлесіп атқаратын жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. AutoCAD – бұл жобалаушының еңбек өнімділігін едәуір арттыруға ықпал ететін және салалық стандарттарға сай құжаттар дайындауға мүмкіндік беретін кәсіби шешім.
3. КРУГ (CIRCLE) командасы шеңбер тұрғызуға мүмкіндік береді. Шеңберді тұрғызуға 6 әдіс бар, олар
параметрлердің тіркестеріне байланысты: шеңбер ортасының орны, радиус, диаметр, шеңберде жатқан
нүктелер орны және жанасу нүктелері.
Шеңберді тұрғызу әдістері:
1. Центр, радиус (Center, Radius) – берілген радиус бойынша шеңберді тұрғызу;
2. Центр, диаметр (Center, Diameter)– берілген диаметр бойынша шеңберді тұрғызу;
3. 2 точки (2 Points) – берілген диаметрдің екі соңғы нүктелер бойынша шеңберді тұрғызу;
4. 3 точки (3 Points) – шеңберде жатқан үш нүкте бойынша шеңберді тұрғызу;
5. 2 точки касания, радиус (Tan, Tan, Radius) – екі объектіге жанасумен және берілген радиусымен
шеңберді тұрғызу;
6. 3 точки касания (Tan, Tan, Diameter) – үш объектіге жанасумен шеңберді тұрғызу.
Команданы мынадай тәсілдермен шақыруға болады:
құрал-саймандар таспасы → Главная ішкі беті → Рисование панелі → тіркелген панелдің Центр батырмасы немесе осында басқа әдісті таңдаңыз;
А → Рисование → Круг → (тұрғызу әдісі) меню командасын орындаңыз;
Рисование құрал-саймандар панелі → Круг батырмасы басыңыз;
командалық жолда круг немесе _ circle немесе К командалардың біреуін орындаңыз.
Команданың сұраныстары: Команда: круг
Центр круга или [3Т/2Т/ККР (кас кас радиус)]: – шеңбердің орта нүктесін көрсетіңіз немесе команданың опциясын таңдаңыз
Радиус круга или [Диаметр] <276.9232>: – шеңбердің радиусын көрсетіңіз немесе команданың опциясын таңдаңыз
Команданың опциялары:
3Т (3P) – шеңберде жатқан үш нүкте бойынша шеңберді тұрғызу;
2Т (2P) – диаметрде жатқан екі соңғы нүктелер бойынша шеңберді тұрғызу;
ККР (Ttr) – екі жанама және радиус бойынша шеңберді тұрғызу;
Диаметр (Diameter) – диаметрдің ұзыңдығы бойынша шеңберді тұрғызу.
СПЛАЙН (SPLINE) командасы берілген нүктелерден өтетің тегіс қисықты тұрғызуға мүмкіндік береді.
Команданы мынадай тәсілдермен шақыруға болады:
құрал-саймандар таспасы → Главная ішкі беті → Рисование панелі → Сплайн батырмасы;
А → Рисование → Круг → Сплайн меню командасын орындаңыз;
Рисование құрал-саймандар панелі → Сплайн батырмасы басыңыз;
командалық жолда сплайн немесе _spline командалардың біреуін орындаңыз.
19-б