Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он шакты сурак жок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.43 Кб
Скачать

11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас

Абайды бірыңғай қайғының, яки қуаныштың ақыны деуге, не мұңшыл, не күлкішіл ақын деуге тіпті де болмайды. Абайдың саяси-әлеуметтік лирикасын талдар тұста, алдымен, ақын - өз дәуірінің үні екенін ескеру шарт. Суреткер өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс, жеке-дара қалып, томаға тұйық өмір сүре алмайды. Абай - өз дәуіріне қатал сыншы болған адам. Қараңғы даладағы қат-қабат қарау әрекеттер - заңсыздықтар мен зұлымдықтар ақынды қатты күйзелтеді де, дәл осы жеке басқа тән жай- күйлер енді бірде арнасынан асып, қоғамдық сипат алған. Сонда, ақынның бір адамды сынағаны - сол сияқты бүтін бір қауымды сынағаны, тілін болыс пен ұлыққа түйресе, сол кеселді туғызып отырған патша әкімшілігіне түйрегені болып шығады. «Болыс болдым мінекей, Бар малымды шығыңдап... Күштілерім сөз айтса, Бас изеймін шыбындап. Әлсіздің сөзін салғыртсып, Шала ұғамын қырындап. Сияз бар десе жүрегім Орнықпайды суылдап, Сыртқыларға сыр бермей, Кұр күлемін жымыңдап...» Осында сол тұстағы ел билеушінің екі жүзді кескін-кейпі, мінез-құлқы оқырманның дәл көз алдына келмеді. Осы секілді саяси сипаттағы сатиралық өлеңдерінде Абай болыс-билердің адам шошығандай қылығын, қүлқын ғана суреттеп тынған жоқ, есте қаларлық образын жасады. Қараңғылыққа, надандыққа жаны кұйген Абай дұйім жұртты қайткенде түзеудің жолын көздеп, бір тоқтаған түйіні - ғылым, өнер болса, соның ізінше еңбекті тауып, халықты соған үндеді: «Тамағы тоқтық, Жұмысы жоқтық, Аздырар адам баласын... Еңбек қылсаң ерінбей, Тояды қарның тіленбей...»  Соның бәріне желі боп тартылып жатқан неғізгі идея - қалың бұқараның «көзін қойып, көңілін ашу», қараңғы қауымды еңбекке, білімғе, өнерге, адалдық пен адамгершілікке бастау, азаматтыққа тәрбиелеу; замандастарын еркениетті ортаның прогресшіл мәдениетіне әкелу. Бірақ ұлы ақын осы жолда қолдау таппай, мынадай өкінішке келеді: «Моласындай бақсының - Жалғыз қалдым - тап шыным!..» Бұл - Абай көңіл күйінің бұған дейін бізғе мәлім емес бір түкпірі. «Мыңмен жалғыз алысқан» Абай жүрегі енді қапалы. Жұлысты, тартысты, ел үстін бұлттай торлаған надандық қасіретін, әділетсіздік лаңын бір өзі серпіп сейілте алмады. Енді ақын амалсыз тоқтап, не істерін білмей дағдарған тәрізді. Осы жайт ақын өлеңіне жабырқау, мұңды көлеңкесін түсіріп, қапалы көңіл селт етпей, сұлық, суық қана, өзімен-өзі тілдесетін сияқты.

12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері

ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті алдыңғы кезең әдебиетімен салыстырғанда көп өскен, көркейген әдебиет болды. Жаңа өркениетті дамуға бет бұрған кезең әдебиетінде бір жағынан бұрынғы дәстүрлі жыраулық поэзия өзінің шын мәніндегі өмірлік, қоғамдық мәнін, саяси қызметін толық сақтай алмаса да, қалыпты дамуын, шығармашылық дәстүрін одан ары жалғады. Екінші жағынан, қазақ өмірін жырлауда жаңа бағыт ұстанған ақындық поэзия дамыды. Сол секілді қазақ елінің орыс патшалығына бодан болуы, сол елмен түрлі қарым-қатынасқа түсуіне байланысты орыс әдебиетінің де ықпал-әсері аңғарыла бастады. Қазақ әдебиеті өкілдері қатары шығармашылығын орыс әдебиетімен тығыз сабақтастықта өрбіткен қаламгерлермен толықты.  Олардың алдыңғы легі ұлы ағартушы ойшылдар Шоқан, Ыбырай, Абай болды. Олардың шығармашылықтары арқылы кезең әдебиеті поэзиялық, прозалық, публицистикалық үлгідегі жаңа жанрлармен, сол жанрлардағы шығармалармен толысты. Бұл ұлы қаламгерлер шоғырын берген орыстың әдебиеті мен өнерінің алтын ғасыры аталған ХІХ ғасырдағы орыс әдебиетінің шынайы ықпалы еді. Демек, ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті іштей түлеу, даму арқылы және өзге елдер әдебиеттерімен байланысқа түсуі арқылы осы кезеңде дамудың жаңа сатысына көтерілді, өсті, өркен жайды. Ерекшеліктері: 1. Кітаби ақындар шығармашылығы –жазба әдебиеттің дәстүрлі жалғасы. 2. Орыс отарлығының күшеюіне байланысты діни-ағартушылық шығармашылығы. 3. Орыс әдебиетінің ықпалына қарсы күрескен қаламгерлер шоғыры.Ғалымдар пікірінше:1. ХІХ-ХХ ғ шығармашылық еткен кітаби ақындар — қазақ жазба әдебиетінің дамуына мол үлес қосқан жазба ақындар, шайырлар. 2. Кітаби ақындар әдеби мұрасы – ежелгі түрки жазба әдебиеттің, шағатай әдебиетінің дәстүрлі жалғасы. Ортағасырлық сопылық әдебиеттің жалғасы.3. Қисса жанры – жазба әдебиет жанры. ХІХ-ХХ ғ қазақ қиссалары – кейінгі қазақ поэмаларының бастауында тұрған, сол жаңа поэзиялық жанрдың дамуына мол үлес. 4. Қисса жанры туындысының жазбаша дүниеге келе тұра не кітап болып басылған. 5. Қазақ қиссалары – араб, иран, шағатай әдебиеті туындыларын нәзиралық дәстүрде қайта жырлау арқылы дүниеге келген шығармалар. 6. Кітаби ақындардың араб, иран, шағатай әдебиеті туындыларын нәзиралық дәстүрде қайта жырлап отыруы шынайы қазақ қиссаларының дүниеге келуіне жол ашқан.