- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •13. Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі.
- •14. Абайдың «Ескендір» поэзиясындағы дәстүрлі желі және көркемдік шешім.
- •15.Хіх ғасыр әдебиетіндегі жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •16. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •41. Ыбырай – ұлы ұстаз, ағартушы ғалым.
- •42. Мұрат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •43.“Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”.
- •44.Арқа өңіріндегі әншілік дәстүр.
- •49.Абай аудармашы
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •57. Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •58. Абай поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім.
- •60.Мұраттың «Қарасай-Қази» дастаны.
- •61.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •62. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы.
- •63.Абай өлеңдеріндегі заман кебеті.
- •64. Ақылбай Абайұлы
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •70. Абай дастандарының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
- •72. Абайдың махаббат, табиғат лирикасы.
23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
Мағауия Абайұлы - ұлы ақынның Ділдәдан туған кенже баласы. «Еңлік-Кебек», «Абылай» және «Медғат-Қасым» поэмаларын жазады. «Медғат-Қасымның» қысқаша мазмұны: Нил дариясы бойындағы Африка еліне Мұрат деген адам баю үшін Мысыр қаласынан кәсіп іздеп келеді. Оның Медғат деген ұлы, Ғазиза деген қызы болады және Мария деген бір қызды еншілес етіп алады. Мұраттың құлдары көп, оның ішінде әрі қайратты, әрі қайсар Қасым деген бір құлы бар. Бұл құлдың шешесін жас кезінде бай сатып алып, Қасымды өзіне бала етеді. Бірақ Медғат туған соң, оны құл орнына жұмсайды. Ер жеткеннен кейін Қасым Марияны сүйіп, өзінің көңілін білдіреді. Мария Медғатпен әліптес болғандықтан, Қасымды менсінбейтіндігін айтып, оған теріс қарайды. Онымен қоймай, бұл әңгімені Медғатқа жеткізеді. Медғат Қасымды бұлқынның (насостың) астына отырғызып, жаза тарттырады. Қасым талып қалады. Алайда бұл жазадан аман құтылып, бірнеше күннен кейін Марияны өлтіріп, қашып кетеді. Бірнеше жыл өткеннен кейін Мұрат бай Мысырға көшпекші болады. Қасым сол кеткеннен үш жылдай қарақшы болып жүреді. Бұлардың көшейін деп жатқанын естіп, жол тосады да, Мұратты, Медғатты өлтіреді. Ғазизаны қолға түсіреді. Ғазизаның Сәлім деген сүйген жігіті болады екен, бірақ Мұрат пен Медғат оны кедейсініп, Ғазизаны бермеген соң, ол бір аңшыға қосылып, аңшы болып кеткен. Енді соған хабар жетіп, барлық мергендер жиналып, Ғазизаны құтқармақшы болып келеді. Қасымның жолдастары арақ ішіп, мас болып, өзі ұйықтап жатқанда, Сәлімдер қамайды. Қасым Ғазизаны алып қашады. Сәлім артынан қуады. Бірақ Сәлімді Ғазиза танып, Қасымды тоқтатады. Қасым Ғазизаны Сәлімге береді. Поэма осымен аяқталады.
Поэманың идеялық мазмұнындағы бір құндылығы - Мұрат, Медғат сықылды құл иеленушілердің құлдарға көрсеткен ауыр азабын суреттеу. Олар құлды адам деп санамайды. Жазықсыз Қасымды қатты жазаға бұйырады. Ақырында жас жігіт өмірден түңіледі. Поэмада ерекше орын алатын қаһарман - Қасым. Бірақавтордың көрсетіп отырған уақиғасы - өткен замандікі. Ол кезде басқа жолдыңболуы да қиын және автордың мақсаты - өз мақсаты үшін күрескен өжет, ер, намысқой адамның образын жасау. Бұл поэманың біздер үшін екінші бір құндылық жағы - поэманың өз кезінде қазақ әдебиетіндегі жаңалығы Поэманың құрылысына, оқиғасына, образ жасау әдістеріне қарағанда, автордың ол кездегі романтик ақын-жазушылармен де, романтикалық поэма, романдармен де жақсы таныс болғаны байқалады. «Медғат-Қасым»- романтикалық поэма. Оған дейінгі қазақтың ауыз әдебиеті, жазба әдебиеті эпостық, лиро-эпостық поэмаларға бай болғанмен де, романтикалық поэмалар бізде жоқ болатын. ХІХ ғасырда қазақ әдебиетіндегі сюжетке құрылған романтикалық поэма, романтизм стилінің қазақ поэмаларындағы әсері деп ең алдымен осы «Медғат-Қасымдарды» айтуға болады.
24.Сал-серілік дәстүрдің әдебиеттегі рөлі.
Сал, сері екеуі де өте ескі дәуірден сақталып келе жатқан халықтың тіршілігіне көп жаңалық кіргізген, әдебиетке, ой-санаға көп әсер еткен қазақ мәдениетінің бір жарқын белгілері. Олардың бар ынтасы махаббатқа бас иіп,
оған бәйек болып түсу, ол үшін ел-елді қыдырып, өзіне ақылды, сұлу қыз іздеу, оған барлық жас өмірін сарп қылып, мал-мүлкін аямай соның жолына құрбан етіп салу. Бұл тек қана сал мен серілерде ғана болатын. Сал мен серіні мұндай ардақты дүниеге бағыттайтын оның жаратылыс ерекшелігі, оның дарынды ойы, ашық-жарқын мінезі, сыпайылығы, сұлулықты, ғажайып жаңалықты жақсы көретіні, әдемі дүниеден ләззат ала білуі. Сал мен серінің өзгешелігі олар, әрі ақын, әрі әнші, әрі күйші, әрі сауыққой, елге қуаныш беретін, олардың жүрегіне жарық сәуле түсіретін оқымысты адамдай саналады. Сондықтан халық сал мен серіні өте ардақтап, қуанышпен қарсы алып, олардың істерін халық ортасында аңыз қылып айтып жүреді. Ауылдағы бойжеткен қыздары да сал мен серіге ерекше көңіл қойып, олар ауылға келгенде тобымен жүріп, алдымен қарсы алатын. Бір айтатын ой, сал мен сері бір типті емес, екеуі екі алуан, өзгеше нәрсе. Олардың бірінен – бірінің өзгешелігі – олардың тұрмыс көрінісінде, типінде. «Сал» - өз бағытымен жүретін бір аяулы адам. Оның бір арманы сылқымдық, кербездік, киімді әдемі киіну, өзімен қатар жүрген адамның бәрінен де қияпатымен де, киімімен де артық болу, асып түсу. «Сал» сөзі киімді салпаңдатып кең тігуден шыққан, сал, салпаң. Салдар әр уақыт жарқын жүзді, майталман, әзілдік пен қулықты қатар ұстап, бір жағына сынағыш, сын көзімен қарайтын, отырған маубас басшыларды сықақ пен өлтіріп, игі адамдарға мөлдіреп жарқын пейіл білдірген. Салдарды қазақ халқы өте еркелетіп өсірген. Ол өте нәуетек, кербез, бой күйез, паң, онымен қатар мінезі өте жайдары, ашық ер көңілді келеді. Ілгеріде мысалмен келтірілмек, «серілік», «салдықтан» бүтіндей басқа, екеуінің қосылатын жері, екеуі де ақын, күйші, әнші, екеуіне де ортақ болатын музыка аспаптарын бірдей қолданатыны. «Сері» сөзі серпілдеуден шыққан, бой жазу, серпер осы сөзбен бірдей, шалқыту, асқақтау. Сері көбінесе оқымысты кісілер арасында көп болған. Жақсы көрген қызға салдар сияқты іздеп бармайды хат пен жұмбақ жазысады. Серілер біріншіден, атақты мерген, екіншіден саятшы, сұңқармен, лашынмен, тұйғынмен қызық көруші, тұлпар аттың ең жүйрігін қадірлеп баптаушы. Онымен қабат халықтың рухани тіршілігінде, ойын-сауығына да ерекше қуат беріп, оны биікке көтеруші. Ақын болып әдебиетке үлкен үлес қосуы, Қозы Көрпеш – Баян сұлу, Алпамыс, Қыз Жібек, Мұңлық – Зарлық сияқты ескі жырларды бірден бірге айтып жеткізіп отырды. Бір ғажайып жері, серілердің көпшілігі Орта Азияның, шығыс елінің әдебиетінен де үлкен
хабары болған (Нияз, Сегіз сері, Ақан сері, Мұхит, Сейтек, тағы басқалар). Демек, сері мен сал қазақ тіршілігінде ерекше жаралған дарынды, сөз тапқыш, шешен, ол әрі құйылма, ақын, әрі сері, әрі сал, әрі күйші, әрі әнші, әрі сауыққой. Сондықтан халық оларды ерекше ардақтап, еркелетіп төрге шығарып, жүздеген жыл оларды ұмытпай есіне сақтаған.
