Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он шакты сурак жок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.43 Кб
Скачать

7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.

Абай аудармасының бір қыры нәзира үлгісімен жалғасып жатыр дегенді басшылыққа алсақ, жаңашыл ақын шығыстан келген сол нәзирагөйлік дәстүрдің өзін түлетіп, жағрапиялық аясын ғана емес, идеялық – тақырыптық желілерін байытып кетті. Дәстүрлі нәзира үлгісінің негізінде барып Абай орыс ақындарының шығармаларына көңіл аударды. Нәтижесінде Пушкиннің «Евгений Онегині» қазақша сөйлеп, қазақ сахарасына ән боп жайылды. Бұл туынды абайтанушы ғалымдар тарапынан нәзиралық үлгідегі аударманың озық үлгісі ретінде жоғары бағаланды. Аудармаға арналған 15 жылында Абай үлкенді-кішілі 50-ден астам шығарманы орыс тілінен қазақшаға аударыпты. Сонда ол А.С.Пушкиннің "Евгений Онегин" атты әйгілі шығармасынан 7 үзінді, М.Ю. Лермонтовтан 30-ға таяу өлең, И.А. Крыловтан 12 мысал, басқа да авторлардан 7 өлең шамасында аударған. Аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Бірі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда, Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлеңінің буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі тоникалық, не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі силлаболық өлең құрылысына жатады. Сондықтан Абай аударған өлеңдерінің буынын қазақша дәл беруге мүмкін болмаса да, саны жағынан соған жақын келетін өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейде тіпті образдарын да дәлме-дәл шығарады: Қазақшасы: «Қараңғы түнде тау қалғып, Ұйқыға кетер балбырап. Даланы жым-жырт дел-сал қып, Түн басады салбырап. Шаңдай алмас жол дағы, Сыбдырламас жапырақ, Тыншығарсың сен дағы, Сабыр қылсаң азырақ...» Орысшасы: «Горные вершины, Спят во тьме ночной, Тихие долины, Полны свежей мглой. Не пылит дорога, Не дрожат листы, Подожди немного - Отдохнешь и ты...»  Екінші түрі - ерікті аударма. Бұған жататындар - «Онегиннің Татьянаға жазған хаттары». Бұлардың негізі ғана орысша. Абай олардың жалпы мазмұнын өз сөзі, өз ұғуынуынша әдемілеп айтып береді. Солардың үлгісін ғана алып, өзінше жазады. Бірақ жалпы сарыны, ізі сақталынады. Аудармаларының үздік болуының үш түрлі себебі бар: 1) өзінің үлкен таланттығы; 2) орыс тіліндегі өлеңдерде қолданылатын сөздердің тек жай мәнін ғана емес, көркемдік қасиеттерін терең ұғынуы; 3) қазақтың өз тіліне ақынның мейлінше байлығы. Лермонтов: «Как сталь твоя при трепетном огне, То вдруг тускнели, то сверкали...» -десе, Абай да сол орыс тіліндегі күрделі теңеуді бұлжытпай, күш-қасиетін өз қалпында сақтап: «Болатша дірілдеген жалын көрген, Бір күңгірт тартып және оттай жанған» - деп аударады. Сол сықылды: «Қатып қалған көзімде бір тамшы жас, Төгілмей ме, бой жылып, о да ерісе?..» - деген тамаша көркем образдардың тегін қуа келсек те, бірқатарының-ақ негізі Пушкин, Лермонтовтарда жатқандығын көрі қиын емес. Жоғарғы өлеңнің орысшасында: «И если есть в очах застывших капля слез, Они расстают и прольются...» -делінген.

8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.

Исламның ізгілікті қасиеттерін жетік білген Ы. Алтынсарин қазақ елінің рухани тәрбиесіндегі діннің рөліне ерекше мән берді, оны оқыту ісі және тәрбиеден бөлмеді. Себебі мұсылманшылықты қазақтың рухани өзегін құрайтын маңызды компоненттердің бірі ғана емес, бірегейі санады. Мұның үстіне ол кезде діннің қажетті және міндетті ережелерінің бәрін біріктіріп жазған бірде-бір кітап жоқ болатын. Мұны қазақ молдаларының өздері сезе бастаған еді. Осы бағытта өзінің идеясымен мәнді мұралардың бірі – «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбек. Кітаптың жазылуының себептерінің бірін автор халықтың өз дінін білу жөніндегі талабымен, қазақ жастарына өзінің ана тілінде жазылған, мұсылман дінінің негізгі рухына сай оқуға негізгі құралдардың қажет екендігімен түсіндірді. Сондай-ақ жастардың дін жөніндегі түсініктері теріс бағытқа түсіп кетпеуі үшін, қазақтарды татарландырудың ең сенімді тәсілдерінің бірі болып отырған қазақтың жазба тілінде татар тілінің орынсыз етек алуына жол бермеуді мақсат етті. Еңбекте Ыбырай ислам туралы объективтік түсінік беруге ұмтылыс жасады, мұсылмандық құқық пен өсиеттің, діни жарлықтар мен салт-жоралардың ережелерін объективті түрде баяндап берді. Оқу құралы төрт бөлімнен тұрады. Алғашқы бөлім иман туралы, екінші – Құдайға құлшылық ету – намаз оқу, ораза тұту, кедейлерге садақа беру, жалпы қайырымдылық жасау, үшінші – адамгершілік жайы, төртінші бөлімде – намаз, ораза және басқа діни жағдайларда оқылатын дұғалардың қазақшасы берілген. Оқулық осылай балаларға «діннің тек ең керекті жерлерін ғана үйретуді мақсат еткен» еді. Ы.Алтынсарин бар күш-жігерімен, білім-білігімен халқын исламға соншалықты соқыр сеніммен берілген татар молдалардың ықпалынан сақтап қалуға ісімен де, оқулығымен де күресті. «Молдалар өздерінің адам басын қатыратын ерекше қасиеттерінің үстіне, қазақтың табиғи тілін де бұзып жүр. Біздің елімізде молда әңгіме татар - дегендер өте көп жайылып барады» деп жазды. Ұстаз ойынша, олар бүгінгі таңда жағымсыз ықпал етіп отыр, ал келешекте одан да бетер әсер етуі мүмкін. Сол себепті қазақ шәкірттерінің ақылына ақыл қосып, оларды шындыққа, басқаша айтқанда, оқуға жетектейтін құралмен қазақтардың өзіне таныс, оны ешкім жек көрмейтін құралымен іс істеуіміз керек. «Мәселенің ең мәнді жері: қазақтарға татар фанатизмінің ықпалын тигізбеу, қазақтардың білім алуына оның кесірін тигізбеу ғой. Ондай ықпалдан құтқару үшін бірте-бірте, бірақ шын құтқару үшін мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды қызықтыратын қітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай қазақтың өз тілінде, олардың өздеріне таныс әріппен шығара білу керек» деді. Ыбырай Алтынсарин мектептерде жақсы білім алған, әр нәрсеге дұрыс көзқарастылар татар фанатизмінің де күлі көкке ұшады деп санады. Бұл ойлар Шоқан Уәлихановтың «Біз қалайда татарлық кезеңді айналып өтуіміз керек, өйткені олар ультрамұсылмандық бағыттың қанат жаюына ықпал етіп отыр» деген ойларымен сабақтасып жатыр.