Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он шакты сурак жок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.43 Кб
Скачать

67. Сараның лирикалық өлеңдері

Өзінің қысқа ғұмырында тауқыметтің талайын көріп, әлеуметтік теңсіздіктің тәлкегіне ұшыраған Сараның шығармашылық жолы тым ауыр да күрделі жол. Сара Тастанбекқызының Біржан салмен айтысы ғасырдан ғасырға үзілмей жалғасып келе жатқан қазақтың айтыс өнерінің шоқтығы биік, көркем үлгісі болып саналады. Ақынның бұл айтыстан басқа «Жүрек», «Ашындым», «Арсалаң аға алдында», «Жүрек сыры», « Жайлауда», « Әбіштің аруағына», « Хош бол, елім» секілді көптеген өлеңдері мен «Тұзақ» атты дастаны бар. Оның жастайынан ақындық жолды ұстағанына «Он үште домбыра алып сөз сөйлеп ем, Көлемін бір сүрінбей жалғыз қара» деген өлең жолдары дәлел. Сараның лирикалық өлеңдері - көбіне өз тағдырын, жеке басының мұң-зарын арқау еткен туындылар. Нәзік лиризм мен ой-толғаныстарға толы «Ортақ мұң», «Аққыз», «Қарлығаш», «Торығам», т.б. жырларында өзі өмір сүрген ортаның шынайы қалпы суреттеліп, әлеуметтік қатынастар қалыптастырған адам мінез-құлықтары нақты көрініс тапқан.

68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы

XIX ғасырдағы әдеби, мәдени өмірдің үш ерекше құбылысты ерекшеліктері байқалады. Оның біріншісі, қоғам тарихындағы саяси-әлеуметтік жағдаяттар мен мемлекеттік құрылыстағы жаңалықтар болса, екіншісі қазақ кітаптарының алғаш рет баспадан жарық көре бастауы, әдеби шығармаларды насихаттаудың, таратудың жаңа сапалық сатыға көтерілуі еді. «Құран Кәрім», өзге де діни әдебиеттен кейінгі оған етене жақын кітап «Сейфілмәлік», 1807 жылы Қазан шаһарында, Қазан гимназиясының баспаханасынан жарық көрді. Қолжазба кітаптар, тасқа қашалған, балбалдарға түзілген бітіктерге келгенде талай ғасырдың алдын орап кететін түркі, қазақ жұрты алғашқы баспа кітаптарына осылайша XIX ғасырлар табалдырығында  қол жеткізді. «Иғлан наме», «Қисса-и-Шәкір-Шәкірат…», «Атымтай», «Ер Тарғын», тағы басқа мұралардың кітап болып алғаш рет көруі сол кезеңнің үлесіне тиді. Ауыз әдебиетінің дәстүріндегі көркем сөздің кітап болып тарала  бастауы, жалпы кітап бастырудың көріністері ұлттық журналистика тарихымен бірге, әдебиеттің де тарихи даму заңдылықтарының ерекше жаңалығы. Үшіншіден, ең негізгісі, қазақ әдебиеті біртіндеп жаңа әдебиет арнасына түсе бастады. Қазақ әдебиетінің жаңа дәуірі негізінен осынау үш тарихи құбылыстың тоғысында өріс алды. XIX ғасыр ақындардың шығармалары дәстүрлі сипаттарымен бірге жаңашылдық рухымен ерекшеленеді. Көбінесе толғау, тебіреніс үлгісіндегі шығармалар ақын-жыраулардың поэтикалық символдарды шебер қолданып, түрлендіруімен, өлең өлшемдерінің өзін барынша еркін құбылту мүмкіндігімен дараланып, поэзияның қайталанбас бітімді анықтарына айналды.

69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.

Мағауия Абайұлы Абайдың бәйбішесі Ділдәдан туған кенже баласы. Жасында молдадан оқытқаннан кейін, Семейдегі Городское училищесіне орысша мектепке оқуға түсіреді, бірақ Мағауия екі-үш жыл оқығаннан кейін науқасқа шалдығып, ауылға қайтады. Осыдан кейін де әкесінің қасында жүріп, өздігінен ізденіп білімін толықтыра береді. Әкесінің ақындық қасиетін қадірлеп, өзі де ақындыққа беріледі. Мағауия әдебиет тарихында Абайлық дәстүрді бойына мол сіңірген ақын болып қалыптасты, нәзік лирикалық өлеңдер шығару, сюжетті поэмалар жазуды әкесі Абай ақынның өнегесінен алды. Небәрі 34 жыл жасаған Мағауия шағын ғұмырында қазақ әдебиетіне мұра боларлық тамаша туындылар тастап кетті. 1904 жылы 14 мамырда қайтыс болған Мағауия Ақшоқы мекеніндегі Құнанбай бейітіне жерленді. Абайдың ақылының арқасында бірнеше поэма жазады. Ол жазғандары: «Еңлік-Кебек», «Абылай»,«Медғат-Қасым». Өз махаббаты үшін күресіп, құрбан болған Еңлік пен Кебекті келер заман жастарына үлгі етіп жырлайды. «Еңлік-Кебек», «Абылай» поэмалары қолжазба күйінде қалып, оқушыларға таралмаған.«Медғат-Қасым» поэмасының тақырыбы қазақтан жырақ, алыс елдерден, яғни Африка өмірінен алынған.Сол елді мекендеген адам қауымын реалистік шындық түрғысынан көрсетеді.Осылайша поэзияның үлкен үлгісін шебер танытқан Мағауия осындай романтикалық поэманы қазақ әдебиетіне кіргізді. Сол кездегі өнерлі жастар осы поэманы жаттап алып, әнге қосты. Осыдан кейін де қазақ өмірінен алып, тағы бір поэма жазды. Ол «Еңлік-Кебек» жайындағы коспа поэма болды. Бұл поэмада Кеңгірбай бидің бейнесін шебер керсете білген. Еңлік-Кебектің өліміне себепкер биді кіналайды. Осылайша, образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынауда адамгершілікті ең үлкен максат етіп қойған Мағауияның поэмасы өз уақытындағы бағалы еңбек болды.