Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он шакты сурак жок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.43 Кб
Скачать

49.Абай аудармашы

Абай – ұлы аудармашы. Қайткенде де, ақынның аудармалары – өзінің төл туындылары секілді, елдің жоғын жоқтап, мұңын мұңдаған туындылар. Абай – Батыс әдебиетіне аудармашы ретінде алғаш жол салушы. Ол қазақ әдебиетін Лермонтовтың «Бородиносынан» бастап, аударманың небір жауһар үлгілерімен толықтырды. Біріншіден, Абай – талғампаз ау­дар­ма­шы. Адамгершілікті дәріптеуге, жаман мі­нез-құ­лықты шенеуге құрылған аудар­ма­лар М.Ю.Лермонтовты аударудан бастау алды. Идеялық мазмұн мен көркемдік эс­те­ти­каның үндескен тұсы да осы болса керек. Ке­зінде Мұхтар Әуезов өте жоғары баға бер­­ген «Қанжар», «Жолға шықтым бір жым-жырт түнде жалғыз», «Теректің сыйы», «Желкен» секілді аудармалары – ақын шығармашылығында бір төбе. Абай Лер­­монтов шығармаларына неліктен ден қояды? Бірқатар зерттеушінің осы та­қы­рып­қа бара бермеуі абайтану ғы­лы­мы­ның күңгірт тұсы болса керек. Тура ау­дар­ма мен еркін аударманың парқын бізге Абай­дың аударма дәстүрі ажыратып бер­ген­дей. Сөз­бе-сөз аударма шумақ, бунақ, буын ұйқас­та­рына қарай өзара екіге бө­лі­неді. Кейбір өлең­дерді аударғанда Абай өлең­нің шу­мағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Аударған өлеңдерінің буы­нын қазақша дәл беру мүмкін болмаса, са­ны жағынан соған жақын келетін өлең­мен аударады. Абай Лермонтов өлеңдерін ау­дару барысында әлеуметтік-эстетикалық танымы мен шы­ғар­машылық нысанын біл­ді­ретін ұғым­дар­дың аттарын аударуда ық­шам­дау прин­ци­пін ұстанады. Абай аудар­ма­ла­рын­да­ғы мазмұны дәлме-дәл аударылған «Ме­нің сырым, жігіттер, емес оңай» («Я не хочу чтобы свет узнал») де­ген өлеңнің кө­лем­і екі тілде де – 16 жол­дан. Бұлай ау­дару үлкен шеберлікті та­ныт­қанын айтсақ, орын­ды. Айта берсе, Абай аудармалары ше­тінен оның асқан талант иесі екенін дәлелдейді. «Көңілім менің қараңғы, бол, бол, ақын» шы­ғармасы да – осындай әсерлі өлеңдерінің бірі. Бұл – Байронның «Моя душа темна» атты туындысын еркін аударған М.Ю.Лер­мон­тов нұсқасы. Ақынның көзі тірісінде орыс­ша нұсқасы «Отечественные записки» жур­налында басылып, кейін өзінің жи­нақ­тарында бой көрсетті. Абай осы өлеңнің ал­ғашқы сегіз жолын ғана аударып, 1933 жылға дейінгі жинақтарда «Бол, бол, ақын» «Бұл­бұл ақын» болып басылып кел­гені аян. Алғашқы басылымдарда «Еврей күйі» деп берілсе, кейінгі басы­лымдардың бар­лы­ғын­да «Лермонтовтан» деп қана бе­рі­ліп жүргендігі – Абай аудармаларын зерт­теу­ші­лер­дің назарына ілігер дүние. Лермонтовтың ойы, көңіл күйі ау­дар­ма­да анық, дәл түпнұсқадағыдай берілген. Абай «арфа» сөзін «домбыра» деп, «звуки рая» тіркесін «бейіштің үні» деп қазақ оқыр­­манының тіліне сай етіп, өте жатық ау­дарыпты. Сол заманда арфаның не еке­ніне барлау жасайтын оқырманды тап­пас­сыз. Аудармашы «Пускай персты твои, пром­чавшиеся по ней» – «Ішек бойлап он саусақ жорғаласа» деген тармақтың да ба­ла­масын ұйқасқа қарай да, мағынаға қарай да тауып қолданады. Абай ау­дар­ма­лары әркез жоғары бағаланып келеді. Фи­лолог ғалым Қажым Жұмалиев кезінде: «Абайдың орыс классиктерінен алған өте бір құнды әдісі – сөз арқылы қаһар­ман­­да­ры­ның мінез-құлық, ішкі сыр-си­патын ашу. Бұл – психологиялық сурет­теу­де ерекше әдіс», – деген. Себебі орыс әдебиетінің құр өлең формалары мен дәуірдің тынысын беруден гөрі, оның психологиясына барлау жасаудағы бірінші қадам Абайдікі еді. Абай аудармаларын негізінде екі түрлі деуге болады. Біріншісі - дәл аударма, екіншісі - ерікті аударма. Дәл аудармалары шумақ, бунақ, буын ұйқастарына қарай өзара және екіге бөлінеді. Кейбір өлеңдерді аударғанда Абай шумағын да, ұйқас түрлерін де берік сақтайды. Орыс өлеңдерінің ырғақ, буындары қазақ өлең буындарына дәл келе бермейді. Өйткені орыс өлеңі - тоникалық не силлабо-тоникалық өлең құрылысына жатады да, қазақтікі - силлобикалық өлең құрылысына жатады.

50.АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ

Абай өлеңдерінің бір алуаны - табиғат лирикасы. Ол табиғат аясында өсіп, оны сүйе білді. Абайдың «Желсіз түнде жарық ай», «Күз», «Қыс», «Жаз» деген өлеңдерін оқығанда, табиғаттың әртүрлі құбылысы көзіңе елестейді. Жаратылыстың жайдары жазын, түсі суық тұманды күзін, не болмаса сақылдаған аязы мен қарлы боранын өзің көріп тұрғандай боласың. Жазғы түннің әдемі суретін алдыңа тартады, жаз кезінің желсіз тымық күні, аспандағы жарық айдың суға түскен сәулесі, жазғы ауыл, оның жанындағы терең сай, гүрілдеген өзен суретшінің бояуы арқылы тұтас бір картина ретінде көз алдыңа келеді. Абай қыстың кескінін де аса шеберлікпен суреттейді. Үскірік бораны бұрқырап тұрған қысты рақымсыз адам бейнесіне ұқсатады.  Абай жылдың қай мезгілін суреттесе де, ең алдымен оның шындық бейнесін береді. Жоғарғы үзіндіде келтірген өлеңдердің қайсысын оқысақ та, сол кездің суреті көз алдыңда тұрады. «Қылышын сүйреткен қыс», «Масатыдай құлпырған жаз» өз кескінімен көрінеді. Жылдың төрт мезгіліндегі табиғаттың өз әдемілігінің мына жері кем қалыпты деп ешкім таласа алмастай етіп суреттелінеді. Ақын өлеңдерінде табиғаттың тек жалаң суретін ғана беріп қойған жоқ, оны адам өмірімен нық байланыстыра білді. Абай күн көрісі табиғатпен нық байланысты болған елдің алты ай қыста бүрсең қаққан, қалт-құлт еткен кейпі жаз келе жадырап, басқа түрге енгенін, мал баққан ел қандай қуанышпен жазды қарсы алатындығын, оның өзі өмір тіршілігімен байланысты екендігін көрсетеді. «Күз» өлеңінде шөп қуарып, күн салқындап, көңілсіз кездің келу суретін бұлжытпай берумен қатар, мал баққан көшпелі, шала көшпелі ел үшін күздің жағдайсыз кезең екендігін айқындайды. Табиғатты оқиғамен байланыстыра суреттеу халық ауыз әдебиетінде де болды. Бірақ қазақ әдебиетінде табиғаттың өзін жеке тақырып етіп алып, Батыстың классик ақындарының үлгісімен суреттеу Алтынсарин мен Абайдан басталады. Әсіресе оны жоғарғы сатыға көтерген - Абай. «Қыс» деген өлеңінде қысты адам бейнесінде суреттеп береді. Бұрын қысты бұлай суреттеу болмаған-ды. Абай оны қазақтың ұғымына сай «кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды» деген тәрізді байырғы сөздер арқылы образдар жасайды. Қысты ақ сақалды шал бейнесінде суреттеу бұрынғы қазақ әдебиетінде, Абайдан басқаларда кездеспейді. «Қыс» деген өлеңнің басқа жағын былай қойғанда, бұл шығармадан қыстың қырдағы елге қандай әсері барлығын, мал баққан жылқышыға, жалпы шаруаға жылдың ең бір қолайсыз кезі екендігін айқын көруге болады. Өйткені қыс өз тұлғасында толық берілген. «Қыс» өлеңін оқығанда, аязды қыстың суық лебі бетке тигендей болады. Табиғат тақырыбында жазылған бұл өлеңдері - ақынның асқан суретші екендігіне толық дәлел.

51.СЕГІЗ СЕРІНІҢ ЛИРИКАЛЫҚ ӘН ӨЛЕҢДЕРІ

Сегіз сері - лирик, өлеңдері – көркем, әні әуезді, оның өлеңдерінің көбі, « Ақбұлақ» пен «Боз шұбардан» басқасы махаббат лирикасына жатады. Өлеңдерін арнаған қыз аттары анық, айқын берілген: Әйкен, Мақпал, Еңлік, Ғайни, Құсни., т.б. Әндер жинағымен салыстырғанда оның көп өлеңі, әні халықтық шығармаға айналып, ел ішінде осы кезеңге дейін халық әндері ретінде орындалып жүр. Мысалы : 1977, 1978, 1979, 1992 жылдары шыққан әндер жинағында « Халық әндері» деп берілген. Тіпті соңғы кезге дейін 2008 жылғы 24 наурыздағы «Казахстанская правда» газетінде халық артисі Б.Төлегенова халық әні «Гауһартасты» орындады делінген. Сегіз сері жөнінде соңғы жылдары ғана сөз бола бастады. Алғаш ақынның есімі мен мұрасын еске түсіріп қозғау салған әйгілі жазушы Ғ. Мүсірепов өзінің «Ұлпан» атты романында Сегіз сері туралы былай деп жазады: «Бұл келген Керей аталатын көп рулы елдердің аты шулы ақын- әншілері, жыраулары еді. Ақын Шәрке сал, соқыр Тоқжан ақын, Нияз сері, Сапарғали ақын, т. б. Бәрі де атақты – Сегіз сері ақынның мұрагерлері», - делінген. Лирикалық ән-өлеңдеріндегі азаматтық, романтикалық әуендер («Қашқын келбеті», «Үміт», «Үш жүзге атым шыққан Сегіз сері», «Көңіл күй», т.б.). Махаббат тақырыбындағы ән-өлеңдері: «Қарлығаш», «Гауһар тас», «Әйкен-ай», «Еңлік», «Қызғалдақ», «Ғани», т.б. Табиғат туралы өлеңдері («Айымжаным»). Арнау өлеңдеріндегі ел қорғаған батырларды (Исатай батырға арналған «Өкініш», «Ақ бұлақ» өлеңдері, «Үбі батырға») мадақтауы және опасыз, екіжүзді бисымақтарды («Шомбал биге») сынауы. Дастандары: «Алуа-Жарылқамыс», «Зейне-Зайып», «Айсара-Шолпан», «Кер бие». Суырып салма өнерінің негізінде туған әзіл-қалжыңды қағысулары: «Сегіз бен Дариға қыз», «Сегіз бен төре қызы», «Сегіз бен Шернияз», «Сегіз бен Мақпал». Сегіз серінің нақыл сөздеріндегі достық, адамгершілік, елді, ерлік туралы толғаныстар. Ақын шығармашылығының ұлттық көсемсөз өнері мен сан салалы мәдениетінің тарихындағы маңызы.

52. ЫБЫРАЙ ТҰҢҒЫШ ОҚУ ҚҰРАЛЫНЫҢ АВТОРЫ

Ыбырай Алтынсарин өзі ашқан мектептерде ана тілінің таза оқытылуына көңіл бөліп, тілашар ретінде халықтың ауыз әдебиетін пайдаланып, өзі де ұрпақ тәрбиесіне арналған әдеби шығармалар жазды.Сол әдеби шығармалары арқылы тіршіліктің өзекті мәселерін көтеруге бет бұрды. Ол қазақтың жазба әдебиетінің, әдеби тілінің негізін қалаушылрдың бірі болды.Әдебиетке тың тақырыптар әкеліп, озық ойлар негізді. Шиеленіскен тартыстар,соны бейнелер, бұрын болмаған жанрлар арқылы әдебиетті мазмұн жағынан ғана емес, түр жағынан да дамытты. Оның мазмұнды да мағыналы әсем лирикалық өлеңдері, қысқа да әсерлі әңгімелері қазақ әдебиетінің тарихында өшпес орын алады. Ыбырайдың әдеби еңбектерінің жинағы "Қазақ христоматиясы" (1879) ағартушылық мақсатта жазған әйгілі екі өлеңмен ашылыды.Ақын бұл өлеңдерді өз кезінде "Сөз басы" деген атпен алған.Қазір бұл өлеңдер "Кел, балалар,оқылық", "Өнер-білім бар жұрттар" деген атаулармен мәлім. Ол халық ағарту ісіне арнаған әдеби туындыларын да оқу- білімді насихаттаудың ұтымды әдісінің қажеттігін көрсетті.Оқу білімнен кенже тұрған халық үшін ғылым мен техниканың жетістіктерін насихаттай алатын қысқа көлемдегі поэтикалық шығармалардың айрықша ұтымды екенін,әсерін терең сезінді, сенді.Қазақ жастарын білім алуға,мәдениеттің жаңа дәстүрлерінигеруге,бойға сіңіруге шақырды. "Кел, балалар,оқылық"өлеңінде ақын қазақ ауыз әдебиетінің дәстүрлерін шебер пайдаланып,білім мен надандықты, жақсылық пен жамандықты қатар алып, салыстырып отырды. Мектеп оқулығы үшін жазылғандықтан, Ыбырайдың әдеби туындылары балалар дүниесіне өте жақын. Сондықтан да ол қазақ балалар әдебиетінің атасы деп танылған. Оның шығармалары мұғалімдер даярлайтын оқу орындарында кең көлемде оқытылады. Мектеп оқулықтарына енгізілген. Көрнекті әдебиетші ғалым Қ.Жұмалиев өзінің "ХҮІІІ- ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті" деген ғылыми – зерттеу еңбегінде педагог- жазушыға: ХІХ ғасырда қазақ даласынан шығып, орыс, Европа мәдениетіне қолы жеткен оқымысты, халық ағартушылар дәрежесіне көтерілген әрі педагог, әрі ақын- жазушы Ыбырай Алтынсаринның өз халқының келешегі үшін істеген еңбегі зор,"- деп баға береді. Оның еңбектері жан-жақты зерттеліп, ондаған ғылыми –зерттеу еңбектер жазылған,докторлық, кандидаттық диссертациялар қорғалды. Қазақ әдебиетінде педагог- жазушының көркем бейнесі жасалуда.Мысалы, белгілі ақын Ғафу Қайырбеков " Дала қоңырауы" поэмасын,үзінді... М.Ақынжанов " Ы.А" пьсасын, Жайсаңбек Молдағалиев "Алғашқы ұстаз" романы жазды, Кинофильм түсірілген.Қостанайда ескерткіші бар.