Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
он шакты сурак жок.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
176.43 Кб
Скачать

3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).

 Көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері:«Еңлік — Кебек», «Абылай» атты поэмалары (қолжазба күйінде сақталған). Қазақ тарихындағы сарттық болмыстан туған «Еңлік-Кебек» жайындағы қоспа поэма болатын. «Еңлік-Кебек» - Мағауияның алғашқы жазған шығармасы. Өлеңдік жағынан ол әлі поэма тіліне жете шеберленбеген күйді танытады. Тілі тұтқыр және анық поэзиялық шеберлігі жағынан олақтау келген сырт құбылыс байқалады. Бірақ идея жағынан қарағанда, бұл поэманың да өзінше өз тұсындағы ақындардың шығармаларынан оқшау тұрған, озғын жайы бар. Сол ерекшеліктің үлкені - Кеңгірбайдың образын, ісін бейнелеуде айқын көрінеді. Мағауияның уақытында, рушылдық салт бойынша тобықтының аруақ тұтып, қадірлейтін атақты биі – Кеңгірбай болатын. Заманында оның істеп кеткен озбыр, содыр істері болса да рушылдық, ақсақалдық салт-сана бойынша кейінгі ұрпақ Кеңгірбайды сынамастан «баба» деп, «би» деп қадірлейтін. Абай болса, қазақтың бұндай ескілікті кертартпа санасына өзінің сыны мен ақылын билеткен, бағындырған емес. Ол Кеңгірбайдың өз заманындағы парақорлық сияқты арамдықтарын ашып айтып, әшкерелеп жүретін. Еңлік пен Кебектің өліміне себепші болған - Кеңгірбайдың билігі. Ол осы билікті Матайдан пара алып айтты деп деп сынайды. Жаңа буынның сыншыл, әділетшіл, гуманистік талабын өзіне ең үлкен мақсат етіп, өткен заманның үлкен авторитеттерімен трагедиялық істерін батылдықпен ашып, әшкерелеп жырлайды. Еңлік пен Кебектің тағдырын шешкен түп себепті айта келіп, Мағауия: Тобықтыда сол күнде Кеңгірбай би, Қыз қайнынан астыртын алыпты сый. Айтады қыз кайнына бітім жерде, Әуелі ұстап алып, қызыңды тый... Кейін сол билік бойынша Еңлік пен Кебек өлтірілген соң, ақын өзінің ызалы сынын Кеңгірбайға бұрады: «Қылжырлықтан атандың биім»Қабан», Қабан түбі шошқа ғой, білсең надан. Үлкен билік алдында сөйлесермін, Жазасы не болады бидің арам!..» - Бұрынғы ру авторитетіне мұншалықты батылдықпен өкім айтуға жеткен ақындық сана, Абай тұсындағы жас талапкерлердің ойлары, ізденулері қаншалық кең өріске, үлкен азаттыққа жеткенін көрсетеді. Адамгершілік, гуманистік сарын бұл поэманың соңыңда Еңлік пен Кебектен қалған жас нәрестенің өлім халін айтудан да көрінеді: «Балаға ешбір пенде қарамапты,Тобықты неткен жандар діні қатты, Шеткі Акшоқы басында бесігімен,Деседі бір күн бойы жылап жатты...», - деп бітіреді. Поэманың осы соңғы жолдары да надан заманның, қараңғы ортаның қатал мінездеріне қарсы айтылған ашулы өкім есепті болады. Осылайша образдарды бейнелеуде, өткеннің қараңғылығын сынап көрсетуде, адамгершілік талабын ең үлкен мақсат, арман етіп биік сапада танытуда Мағауияның бұл поэмасы да өз уақытындағы бағалы еңбек болатын.

4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты

XYIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың алғашқы тұсынан бастап қазақ поэзиясында қоғамдық тұрмысты, оның көзге ашық көрініп тұрған кемшіліктері мен қайшылықтарын, адам мінезіндегі артық-кем сипаттар мен олардың арасындағы теңсіздік, әділетсіздік жайларын суреттеуге нақты бетбұрыс жасалды. Жыраулық әдебиеттің мектептері, әдеби дәстүр уақыт талаптарына сәйкес соны көркемдік соқпақтарға ойысты. Қоғамдық-әлеуметтік мәселелер, саяси тақырыптар, күнделікті қауым тірлігіндегі жақсылы-жаманды көріністер тікелей әдеби шығармалардың өзекжарды саздарына, көкейкесті сөзіне ұласып отырды.

Поэзияның бұл дәуірде шарықтап өскені соншалық: Атырау, Сыр, Есіл, Нұра, Ертіс, Жетісу бойы, Қаратау, Ұлытау, Алатау, Шыңғыс баурайынан және тағы басқа жерлерден көрінген белгілі ақындардың өзі оңдап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың өзі ондап саналады. Олар әр алуан ақындық өнер, шеберлік мектебін жасады. Осы таланты мен дүниетанымы әр дәрежедегі ақындардың тұтас еңбегі поэзияны өнер биігіне қарай көтере, есейте түсті, оның көркемдік сапасын жаңа сатыға жеткізді, шын мәнінде жазба әдебиет туып, дамыды. Осының бәрі әдебиеттің қоғамдық орны мен рөлін салмағы мен күш-қуатын әрдайым арттырып отырады. Осы кезеңдегі елдік құрылымдық күйреу қазақ халқының қоғамдық-әлеуметтік өмірін біржола басқа арнаға бұрған еді. ХІХ ғасырдағы Евразия кеңістігіндегі тарихи реформалар қазақ әдебиетінің де болмысына бетбұрысты өзгерістер әкелген. ХІХ ғасыр әдебиет өкілдері: Шернияз, Шортанбай, Махамбет, Мұрат, Әбубәкір, Бұқар, Шортанбай, Ыбырай, Абай, Ақан, Сегіз сері, т.б. Қазақ даласында ХІХ ғасырда патшалы ресей отарлаушылары жүргізген саяси-әлеуметтік өктемдік пен басқару жүйесіндегі реформалардың себеп-салдарлары сол кезеңдегі қазақ әдебиеті шығармаларынан да жан-жақты көрініс тапты. Көкірегі ояу ақын-жырау, сөз ұстаған би, шешендер ұлттың мұңын, ұлттың келешегін болжаған күңіреністі көзқарастарын толғады. Хандық басқару жүйесі ыдырағаннан кейін, үздік-создық ұлт-азаттық қозғалысына ұласқан наразылық жалпыхалықтық қуатты күшке айналып кетуге түрлі ішкі-сыртқы жағдаяттар кедергі болса да, халықтың мұң-мүддесі тарихи жыр, дастан, толғауларда буырқанып көрінді. Бұрқ етіп басталып, езіп-жаншылып, қайта бас көтеріп өршіп отырған ұлт-азаттық қозғалыс тарихының ұзақ мерзімді кезеңдерінде ақындардың сөзі, ұлттық әдебиет мұраты ғана өз жолынан да, жүрісінен де жаңылған жоқ.