- •1.Ыбырай шығармаларының жариялануы, зерттелуі.
- •2. Мұрат өлеңдерінң жанрлық түрі: толғау, хат-өлең, тойбастар.
- •3. Мағауия Абайұлының көңіл-күй тақырыбындағы лирикалық өлеңдері (мысал келтіріп, талдау жасаңыз).
- •4. Хіх ғасыр әдебиетінің жалпы сипаты
- •5. Әбубәкір толғау, термелеріндегі заман зары, қазақ елінің тағдыры туралы.
- •6. Мұраттың дастандарында көтерілген мәселелер (мысал келтіріңіз).
- •7. Абайдың аудармалық-нәзиралық шығармалары.
- •8. Ыбырайдың «Мұсылманшылық тұтқасы» кітабының ағартушылық-гуманистік сипаты.
- •9. Хіх ғасырдағы ұлт-азаттық қозғалыстардың тарихи өлеңдер мен дастандарда жариялануы
- •10. Мұрат Мөңкеұлының шығармаларының әлеуметтік мәні
- •11. Абай өлеңдеріндегі сыншылдық көзқарас
- •12. Хіх ғасыр әдебиетінің ерекшеліктері
- •13. Шернияз Жарылғасұлы мұрасының зерттелуі. Шығармаларының мазмұны мен тілі.
- •14. Абайдың «Ескендір» поэзиясындағы дәстүрлі желі және көркемдік шешім.
- •15.Хіх ғасыр әдебиетіндегі жанрлық дамулар, жазба әдебиетінің қалыптасуы.
- •16. Ақан серінің лирикалық ән өлеңдеріндегі азаматтық, сыншылдық, махаббат тақырыптары
- •17. Абайдың лирикалық өлеңдері.
- •18. Хіх ғасырдағы тарихи-әлеуметтік жағдай, оның әдебиеттегі көрінісі.
- •19. Мұрат Мөңкеұлы – зар заман әдебиетінің ірі өкілі.
- •20. Біржан мен Сара айтысының көркемдігі.
- •21.Хіх ғасырдағы әдеби ағымдар мен, бағыттар.
- •22.Шоқанның фольклор, әдебиет тарихы, поэзия жанрлары туралы еңбектері.
- •23.«Медғат-Қасым» поэмасы.
- •25. Айтыс – қазақ халқының төл өнері. XIX ғ іі жартысындағы айтыс өнерінің дамуы.
- •26. Шоқан қазақтың тұңғыш ғалымы, ағартушы, публицист.
- •27. Әсет пен Ырысжанның айтысы
- •28. Зар заман әдебиетінің сипаты
- •29. Абайдың Крылов мысалдарының ізімен жазылған шығармалары
- •30. Біржанның айтыстары
- •31. Зар заман ақындары шығармашылығына жаңаша көзқарас
- •32. Абайдың қара сөздері.
- •33.“Еспембет” дастанының құрылысы
- •34. Ақын, жыршы, жырау. Айырмашылықтары.
- •35.Ақан сері – лирик
- •36. Сегіз ғашықтық лирикасы.
- •37. Абайтану ғылымының қалыптасуы, даму тарихы.
- •38.Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •39. Ыбырай өлеңдері.
- •41. Ыбырай – ұлы ұстаз, ағартушы ғалым.
- •42. Мұрат шығармаларының жанрлық, көркемдік ерекшеліктері.
- •43.“Шоқан өлімін Шыңғыс пен Зейнепке естірту”.
- •44.Арқа өңіріндегі әншілік дәстүр.
- •49.Абай аудармашы
- •53. “Ескендір” поэмасына шығыс әдебиетінің әсері.
- •54.Әбубәкір толғауындағы қазақ тағдырының жырлануы.
- •55.Абайдың ақын шәкірттері. Мағауия Абайұлының поэмалары
- •56. Біржан мен Сара айтысы.
- •57. Ақылбай Абайұлының шығармашылығы.
- •58. Абай поэмаларының фольклорлық-мифологиялық негізі және көркемдік шешім.
- •60.Мұраттың «Қарасай-Қази» дастаны.
- •61.Хіх ғасыр әдебиетіне ислам дінінің әсер-ықпалы.
- •62. Біржан салдың өмірі мен шығармашылығы.
- •63.Абай өлеңдеріндегі заман кебеті.
- •64. Ақылбай Абайұлы
- •65. Абай қарасөздеріндегі адамгершілік, мінез-құлық мәселесі.
- •66. Ыбырайдың «Қазақ хрестоматиясы» еңбегінің маңызы мен мәні.
- •67. Сараның лирикалық өлеңдері
- •68. Хіх ғасыр әдебиетінің жаңашылдығы
- •69. Мағауия Абайұлының шығармашылығы.
- •70. Абай дастандарының идеялық-көркемдік ерекшеліктері.
- •71. «Зар заман» әдебиетінің зерттелуі.
- •72. Абайдың махаббат, табиғат лирикасы.
32. Абайдың қара сөздері.
Абайдың көркемдік, әлеуметтік гуманистік және дінге көзқарастары терең білінген еңбегі - қара сөздері. Абайдың қара сөздері (Ғақлия) - ұлы ақынның сөз өнеріндегі көркемдік қуатын, философиядағы даналық дүниетанымын даралап көрсететін классикалық стильде жазылған прозалық шығармасы. Жалпы саны қырық бес бөлек шығармадан тұратын Абайдың қара сөздері тақырыбы жағынан бір бағытта жазылмаған, әр алуан. Оның алты-жеті үлгісі қысқа болса, қайсыбіреуі мазмұн, тақырып жағынан өзгешелеу, ауқымды болып келеді. Абай өзінің қара сөздерінде шығарманың ажарына ғана назар аударып қоймай, оның тереңдігіне, логикалық мәніне зор салған. Абайдың қара сөздеріндегі гуманистік, ағартушылық, әлеуметтік ойлары дін туралы пікірлерімен бірігіп, тұтас бір қазақ халқының философиялық концепциясын құрайды. Абайдың кара сөздері сондай-ақ жалпы адамзат баласына ортақ асыл сөзге айналды. Оның қара сөздерінің бірнешеуі ең алғаш 1918 ж. Семейде шыққан "Абай" журналында жарық көрді. Кейіннен, Абайдың қара сөздері орыс, қытай, француз, т.б. көптеген әлем тілдеріне аударылды. Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Осы себептен де Абай: «... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,» — деп қайыра түсінік беріп отыр... Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде": «Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,» — деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.
33.“Еспембет” дастанының құрылысы
Дулаттың елеулі шығармасы «Еспенбет» поэмасы. Поэма құрылысына талдау. Оқиғаның басталуы — Еспенбеттің ер шешен, көсемдігі туралы айтылуы. Оқиғаның дамуы- Еспенбеттің жетім қалып, нағашысынан жақсы тәрбие алуы. Оқиғаның байланысуы- Еліне қайтқысы келіп, нағашысының батасын алуы, тайды қалауы, Ақбөртенің жеңісі. Оқиғаның шиеленісуі- Қабанбай бастаған батырлардан кеткен бір кекті қайтаруға жауға аттануы. Оқиғаның шарықтау шегі - Қалмақ батырымен жекпе–жекке шығып, қалмақты өлтіруі. Оқиғаның шешімі- Еспенбеттің жекпе-жекте жеңіске жетуі, мол олжадан ештеңе алмай елге қамқор болуы. "Еспенбет" поэмасы Ақынның ел өмірінің ескі бір тақырыбына құрып, жазба әдебиет үлгісінде шығарылған бұл поэмасы XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті үшін жаңалық еді. Поэма: Еспенбеттей ер қайда? Еспенбеттей ер туса, Ер күтетін ел қайда?деген жолдармен аяқталады. Шығарма елге тірек ер, көсем шықса, халық соның қасынан табылса деген идеядан туған. "Еспенбет" поэмасы батырлар жырының үлгісінде жазылғанымен, онда, қиял-ғажайып оқиғалар, тылсым күштер, нанымсыз әсірелеулер атымен жоқ. Фабуласы: Еспенбет қарапайым ғана кісінің баласы. Ол әке-шешеден жетім қалып, нағашысы Ер Қосайдың қолында, уақ елінде өседі. Еспенбет он төрт жасқа келгенде алыстағы ата жұртына кеткісі келеді. Нағашы атасынан еліне қайтуға рұқсат батасын сұрайды. Еспенбет нағашы атасы ұсынған байлықтың бәрінен бас тартып, жалғыз ғана Ақбөрте тайды қалайды. Нағашы атасы Еспенбеттің қалаған Ақбөрте тайын беріп, әрі жиенінің біліп таңдағанына сүйсінеді. Шынында да, нағашы атасы болжағандай жарбиып жалғыз тай мініп келген баланы еліндегілер кездеріне ілмей, Ер Қосайдың жиенін қара басын сопайтып, тай мінгізіп Қайтарған мұнысы қалай деп, алуан түрлі әңгіме қоздатады. Бірақ, Еспенбет оның бәрін құлағына ілмей, жүре береді. Сонымен үш жыл өтіп, Ақбөрте бесті ат болады. Сол кезде Жыл бұрын қайтыс болған Сәтімкұл деген атақты бидің көп халық шақырылған асы беріліп, аламан бәйге шаптырылады. Бәйгеге қосылған Ақбөрте алдымен келіп, бас бәйгеге тігілген 100 тайлақты жеңіп алады. Бірақ, "ердің сыйы – ортаға олжа салғаны" дегендей, бұл жолы да Еспенбет бәйгеге берілген жүз тайлақтан бір тайлақ та алмай, барлық олжасын қалың сыбанның ортасына салады. Өзінен атағы бұрын шыққан Ақбөртеге қызыққандар қоралап қой, үйірлеп жылқы беріп сұраса да, Еспенбет дүниеге қызықпайды, тұлпарын сатпайды.Сөйтіп жүргенде, Қабанбай бастаған батырлар кеткен бір кекті қайтару үшін, қалмаққа қарсы аттанбақ болады. Ақыры "шу!" десе, артынан шаңды боратып, алдынан құйын оратып, бөкендей орғып" желдеткен Ақбөртесіне мініп, аттанған қалың қолға Еспенбет те ілеседі. Өз жауларын жеңіп, халқына қамқор болады."Еспенбет" поэмасында ұлттық психология, салт-сана, тәрбие-өнеге үрдістері молынан көрінеді. Поэма көлемі шағын болғанымен, мазмұны бай, бөтен сөз, бөгде шумақтардан таза жинақылығымен де ерекшеленеді. Елге қорған тұлғаны аңсаудан туған "Еспенбет" поэмасы – XIX ғасыр әдебиетінде елеулі орын алатын көркем туынды.
