
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Жеке құқық ұғымы
- •Серіктестік заңды тұлға ретінде
- •Еншілес және тәуелді қоғамдар заңды тұлға ретінде
- •Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы
- •Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері
- •Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
- •Азаматтық құқықтағы аралас және қалыптаспаған (нетипичные) шарттар
Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
Азаматтық кодекс талаптарында көзделгендей өтелуге тек қана борышқордың құқыққа қарсы мінезімен келтірілген шығындар жатады. Бұл борышқардың құқыққа қарсы мінезі және несие берушіге келтірілген шығынның арасындағы себепті байланысты көрсетеді. Көп жағдайларда міндеттеме бұзылған кездегі себепті байланыстың бар болуы немесе жоқ болуы қиындық туғызбайды. Ал кейбір жағдайларда себепті байланысты анықтау қиындықтар туғызуы мүмкін. Мысалы, шофер өз машинасын он үш жасар жасөспірімге дұрыс айдай білмегендігі себепті тиым салынған белгіге қарамастан өтіп кетіпті. Колхоздың төрағалық етуші қызмет бабын пайдаланып оқушыларды жүк машинасында өзінің ауласындағы жұмысқа жіберді. Жүргізуші жол ережесін бұзуы салдарынан бірнеше оқушы жарақат алды. Дәрігердің сілтеуімен медбике нәрестенің көзіне дәрі тамызғандықтан ол толығымен көру қабілетінен айырылды. Анықталғандай дәрігердің айтуымен медбике қателесіп кетіп басқа дәріні тамызған. Көрсетілген мысалдардан кімнің іс -әрекеті құқыққа қарсы нәтиже себеп болғандығын нақты анықтау қиын.
Осындай жағдайларда себепті байланыстың дамыған ғылыми теорияларын басшылыққа алуымыз керек. Теорияда және практикада себепті байланыс тікелей және жанама теориясын ұсынады. Бұл теория жалпы философиялық себепті оқытудағы екі негізгі жағдайда сүйенеді. Біріншіден , себептілік құбылыс арқылы обьективті байланысты көрсетеді және ол біздің санымыздан тыс өмір сүреді. Сонымен қатар құқық бұзушының зиянды нәтижені көре білуі себепті байланыс туралы сұрақты шешуге көмектеспейді. Шығынның болатынын алдын ала сезе білу субьективті сипатқа ие және себепті байланысты анықтамайды, ал тек қана құқық бұзушының кінәсі туралы сұрақты анықтауға көмектеседі. Екіншіден, себеп және салдар тек қана белгілі оқиғаларға қолдануда маңызы артады. Себеп және салдар ұқсас болғандықтан әрдайым орын ауыстырып отырады және біз оны материалдық өмірдің қарым қатынас тізбегімен байланыстырамыз. Жоғарыда көрсетілген мысалдар дәрігердің сілтемесінен іселген медбике әрекеті салдар туғызады және сонымен қатар нәресетенің көрі қабілетін жоғалтуға себеп болады. Егер қаралып жатқан іске тереңірек үңілсек, онда дәрігердің себепті әрекеті бөлім басқарушысының бұйрығынан туындайды. Сондықтан жауапкершілік туралы шешу кезінде болған оқиға жағдайларынан алысқа кету дұрыс емес. Тікелей себептің пайда болуымен шектелу қажет, яғни зиянның туындауына жақын қатынастар есепке алынады.
Азаматтық құқықтағы шығындардың ұғымы және оларды есептеу
Залалдар мынандай екі түрге бөлінеді:
құқығы бұзылған тұлға жасаған немесе жасауға тиісті шығындар, оның мүлкінің жоғалуы немесе зақымдануы (нақты нұқсан);
сол тұлғаның құқығы бұзалмаған болса, дағдылы айналым жағдайнда болатын, бірақ алынбай қалған табыстары (айырлып қалған пайда)
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен босату негіздері
Азаматтық құқықтағы тәуекел ұғымы және мазмұны
Меншік құқығының ұғымы және мазмұны
Меншік иесінің еркі өзіне тиесілі затқа қатынасында, оны иелену, пайдалану және билік етумен сипатталады.
Иелену – меншік иесінің затқа шаруашылық билігін білдіреді.
Пайдалану – затты өндіру немесе қолдану барысында, одан пайдалы қасиеттерін алуды білдіреді.
Ал билік ету – затқа қатынасты оның тағдырын шешетін актілерді жасауды білдіреді.
Әртүрлі құқықтық жүйелердегі меншік иесінің (өкілеттігі) құзыреті
Азаматтық құқықтағы заттық құқықтар
Меншiк иесi болып табылмайтын адамдардың заттық құқықтары
1. Меншiк құқығымен қатар заттық құқықтарға:
1) жердi пайдалану құқығы;
2) шаруашылық жүргiзу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) осы Кодексте немесе өзге заң актiлерiнде көзделген басқа да заттық құқықтар.
Заттық құқықтарға, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе осы заттық құқықтың табиғатына қайшы келмесе, меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.
Азаматтық құқықтағы құқыққатысушылық
Меншік құқығын алу және тоқтату
Меншік құқығы тек қана белгілі бір құқықтық фактінің ал, кейбір жағдайларда олардың жиынтығының болуынан туындайтын субъективтік құқық қатарларына жатады. Бұл құқықтық фактілер меншік құқығының пайда болу негіздері деп аталады. көзделмесе жаңа затқа меншік құқығы оны дайындаған немесе жасаған тұлғаға тиеді.
Меншік иесі бар мүлікке меншік құқығына басқа адам сатып алу – сату, айырбастау, сыйға тарту немесе осы мүлікте иеліктен айыру туралы өзге де мәміленің негізінде ие болуы мүмкін. Меншік иесі өз мүлкін басқа адамдарға берген, меншік иесі меншік құқығынан бас тартқан, мүлік қираған немесе жойылған және заң құжаттарында көзделген өзге де реттерде мүлікке меншік құқығынан айрылған жағдайда меншік құқығы тоқтатылады.
Мүлікті меншік иесінен ықтиярсыз алып қоюға жол берілмейді, бұған мына реттер:
1.меншік иесінің міндеттемелері бойынша мүлікке өндіріліп алынған ақы айналымға түскен;
2.заң құжаттарына сәйкес, белгілі бір адамға тиесілі бола алмайтын мүлікті ықтиярсыз иеліктен айырған;
3.реквизицияланған;
4.тәркіленген;
5.жер учаскесін алып қоюға байланысты қозғалмайтын мүлікті иеліктен айырған;
6.күтімсіз ұсталған мәдени немесе тарихи қазыналар сатып алынған реттер және тағы басқалар кірмейді.
Иесіз мүліктің ұғымы және түрлері
Меншiк иесi жоқ немесе меншiк иесi белгiсiз зат не меншiк иесi оның меншiк құқығынан бас тартқан зат иесiз болып табылады.
Иесiз қозғалмайтын заттарды олар табылған аумақтағы қаладағы аудан, облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi аппаратының мәлiмдеуi бойынша қозғалмайтын мүлiктi мемлекеттiк тiркеудi жүзеге асыратын орган есепке алады. Коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлдiк берiлген орган иесiз қозғалмайтын заттарды есепке алған күннен бастап бiр жыл өткеннен кейiн бұл затты коммуналдық меншiкке түстi деп тану туралы талап қойып сотқа жүгiне алады. Коммуналдық меншiкке түскен мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау, одан әрі пайдалану және сату жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды коммуналдық меншiктi басқаруға уәкiлеттi орган жүзеге асырады.
Меншік құқығын қорғаудың заттық-құқықтық тәсілдері
Мемшік құқығын мемлекеттің араласуынан қорғау
Шектеулі заттық құқықтарды қорғау
Мемлекеттің меншік құқығы
Мемлекеттік меншік құқығын объективтік мағынада Қазақстан Респубомкасы атынан мемлекетке жататын материалдық игіліктерді бекітетін және қорғайтын құқықтық нормалардың жиынтығы деп түсіну керек және де ол мемлекеттік мүлікті иеленуге, пайдалануға және билік етуге байланысты тәртіп жүйесін бекітеді. Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену, пайдалану және билік ету жөнінде мемлекеттің өкілеттігіне жататын құқықтардан тұрады, мемлекет оның Қазақстн халқының мүддесі жолында өз қалауы бойынша жүзеге асырады.
мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бөлінеді.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері
Мемлекеттік меншік объектілеріне мыналар жатады:
қозғалмалы және қозғалмайтын заттар;
ақша, шетелдік валюта;
бағалы қағаздар;
міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.
Мемлекеттік қазына мемлекеттің меншік құқығының объектісі ретінде
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қазынасына республикалық қаражаты, алтын-валюта қоры және алмаз қоры, мемлекеттік меншіктің 193 б-да аталған объектілері (жер, оның қойнауы, су, жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар) және мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілмеген өзге де мемлекеттік мүлік жатады.
Республикалық бюджетке түсетін түсімдер:
Республикалық бюджеттің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларына (бюджеттеріне) есептелетін сомадан басқа), олар мыналардан тұрады: а) адамдардың салықтарынан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын түсімдер; ә) салықтық емес түсімдер; б) капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістер;
Алынған ресми трансферттер (гранттар);
Республикалық бюджеттен бұрын берілген несие бойынша негізгі борышты өтеу (Заңның 7 бабы.).
Мемлекеттік мүлікті жекешелендірудің азаматтық-құқықтық нысандары
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын жайларды жекешелендіру
Шаруашылық серіктестіктердің меншік құқығының субъектілері және объектілері
Өндірістік кооперативтердің меншік құқығының субъектілері және объектілері
Мемлекеттік мүлікпен шаруашылық жүргізу құқығы
Қоғамдық және діни ұйымдардың меншік құқығының туындау негіздері және мазмұны Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады. Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Қоғамдық және діни ұйымдардың меншік құқығының субъектілері мен объектілері
Дiни бiрлестiктер өз қаражаты есебiнен сатып алған немесе өздерi құрған азаматтар, ұйымдар жылу ретiнде берген немесе мемлекет берген және заң құжаттарына қайшы келмейтiн басқа да негiздер бойынша сатып алынған мүлiкке меншiк құқығы болады.
Дiни бiрлестiктерге қатысушылардың (мүшелерiнiң) осы ұйымға өздерi берген мүлiкке, соның iшiнде мүшелiк жарналарға құқықтары сақталмайды. Олар дiни бiрлестiктiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал дiни бiрлестiк өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
Тұтыну кооперативтерінің меншік құқығы
Қайырымдылық және өзге де қорлардың меншік құқығы
Қоғамдық қор заңды тұлға болып табылады, азаматтық айналымда қордың органдары өкiлдiк етедi, оның дербес балансы және банктік шоты бар.
3. Қоғамдық қорға оның құрылтайшылары берген мүлiк қордың меншiгi болып табылады.
Қоғамдық қордың мүлкiне қор құрылтайшыларының мүлiктiк құқықтары жоқ.
4. Қоғамдық қордың қаржы көзi құрылтайшылардың ақшасы, сондай-ақ басқа мүлкi, демеушiлiк, ерiктi түрде жиналған жылулар және өзге де заңды түсiмдер болып табылады
Азаматтардың меншік құқығының ұғымы және мазмұны
Меншiк құқығы ұғымы және оның мазмұны
1. Меншiк құқығы дегенiмiз субъектiнiң заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзiне тиесiлi мүлiктi өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы.
Меншiк құқығы мәмiле жасалған кезде болған барлық жүктемелерiмен басқа адамға берiледi.
2. Меншiк иесiнiң өз мүлкiн иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы болады.
Иелену құқығы дегенiмiз мүлiктi iс жүзiнде иеленудi жүзеге асыруды заң жүзiнде қамтамасыз ету.
Пайдалану құқығы дегенiмiз мүлiктен оның пайдалы табиғи қасиеттерiн алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзiнде қамтамасыз етiлуi. Пайда кiрiс, өсiм, жемiс, төл алу және өзге нысандарында болуы мүмкiн.
Билiк ету құқығы дегенiмiз мүлiктiң заң жүзiндегi тағдырын белгiлеудiң заңмен қамтамасыз етiлуi.
Жеке меншiк азаматтардың және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар мен олардың бiрлестiктерiнiң меншiгi ретiнде көрiнедi.
2. Заң құжаттарына сәйкес азаматтарға немесе заңды тұлғаларға тиесiлi бола алмайтын жекелеген мүлiк түрлерiнен басқа кез келген мүлiк жеке меншiкте болуы мүмкiн.
Азаматтардың меншік құқығының объектілері
Жеке меншiкте болатын мүлiктiң саны мен құны шектелмейдi.
Азаматтардың меншік құқығын жүзеге асыру және тоқтату
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын азаматтың меншік құқығы
Кәмелетке толмағандардың мүлкі және оны азаматтық құқықта қорғау
Ортақ меншік құқығының ұғымы және түрлері
Екі немесе бірнеше адамның меншігіндегі мүлік оларға ортақ меншік құқығымен тиесілі болады. Мұнда мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып, (үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлдескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.
Ортақ үлестік меншіктің ұғымы және туындау негіздері Жалпы ортақ бірлескен меншік:
ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі;
шаруа (фермер) қожалығының ортақ меншігі;
жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік түрінде болады.
Бұл аталған ортақ бірлескен меншік түрлерін жеке дара ашып қарастыратын болсақ:
Ерлі-зайыптылардың ортақ меншігі деп – олардың некеде тұрған кезде жинаған мүлкі, егер бұл мүлік ерлі-зайыптылардың әрқайсысына тиесілі немесе меншік құқығында тиісті бөліктерде ерлі-зайыптылардың әрқайсысна тиесілі екені олардың арасындағы шартта көзделмесе, олардың бірлескен меншігін айтамыз.
Ерлі-зайыптыларға некеге тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың некеде тұрған кезде сыйға тартқан немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі олардың әрқайсысының меншігі болып табылады. Ал, жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ меншік дегеніміз – жекешелендіру туралы заңдарға сәйкес жолдаушы сатып алған немесе тегін алған мемлекеттік тұрғын үй қорының үйіндегі тұрғын жай, егер олардың арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, жолдаушының және онымен бірге тұрақты тұратын отбасы мүшелерінің, соның ішінде кәмелетке толмаған және уақытша тұрмайтын мүшелерінің бірлескен меншігіне көшеді.
Ортақ үлестік меншік қатысушыларының құқықтары мен міндеттерінің мазмұны және жүзеге асыру
Ортақ бірлескен меншік құқығының ұғымы және түрлері
Мұнда мүлік меншік иелерінің әрқайсысының меншік құқығындағы үлестері белгілене отырып, (үлестік меншік) немесе ондай үлестер белгіленбей (бірлдескен меншік) ортақ меншікте болуы мүмкін.
Шаруа қожалығының ортақ меншігі
Шаруа (фермер) қожалығының мүлкі, олардың арасындағы шартта өзгеше белгіленбегендіктен, бірлескен меншік құқығында оның мүшелеріне тиесілі болады.
Шаруа қожалығы мүшелерінің бірлескен меншігінде оның мүшелерінің ортақ қожалығына шаруашылық үшін сатып алынған жер учаскісіндегі екпелер, шаруашылық үшін сатып алынған жерлер, шаруашылық және өзге де кора-копсы құралыстары, мелиорациялық және басқа да құрылыстар, өнім беретін мал мен күш көлігі, құс, ауылшаруашылық және өзге техника мен жабдықтар, көлік құралдары, құрал-сайман және басқа мүлік болады.
Шаруа қожалығының қызметі нәтижесінде алынған жемістер, өнім және табыс шаруа қожалығы мүшелерінің ортақ мүлкі болып табылады және олардың арасындағы келісім бойынша пайдаланылады.
Кондоминиум – ортақ меншіктің ерекше нысаны
Жылжымайтын мүлікке меншік кондоминиум нысанында да пайда болуы мүмкін, бұл жағдайда жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері азаматтардың және (немесе) заңды тұлғалардың дара (бөлек) меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікте емес бөліктері ортақ үлестік меншік құқығымен жылжымайтын мүлік бөліктерінің иелеріне тиесілі болады.
Өнеркәсіптік (өндірістік) үлгі авторының құқықтары және оларды азаматтық-құқықтық қорғау
Тауар белгілері мен қызмет көрсету белгілері иелерін азаматтық-құқықтық қорғау
Ар-намыс, абырой және іскерлік беделді азаматтық-құқықтық қорғау
Азаматтардың жеке өмірін азаматтық-құқықтық қорғау
Азаматтық құқықтағы міндеттемелердің ұғымы және жүйесі
Мiндеттемеге сәйкес бiр адам (борышқор) басқа адамның (несие берушiнiң) пайдасына мүлiк беру, жұмыс орындау, ақша төлеу және т.б. сияқты белгiлi бiр әрекеттер жасауға, не белгiлi бiр әрекет жасаудан тартынуға мiндеттi, ал несие берушi борышқордан өз мiндеттерiн орындауын талап етуге құқылы. Несие берушi борышқордан атқарылғанды қабылдауға мiндеттi.
Үлестік және ортақтасқан міндеттемелер
Үшінші тұлғалардың қатысуымен болатын міндеттемелер
Міндеттемелердегі талапты беру және борышты аудару
Міндеттемелерді орындаудың ұғымы және әдістері
Мiндеттеме - мiндеттеме шарттары мен заң талаптарына сәйкес тиiсiнше орындалуға тиiс, ал мұндай шарттар мен талаптар болмаған жағдайда - iскерлiк қызмет өрiсiндегi әдеттегi құқықтарға немесе әдетте қойылатын өзге де талаптарға сәйкес орындалуға тиiсМiндеттеменi орындау, заңдарда немесе шартта көзделген айып төлету, кепiл, борышқордың мүлкiн алып қалу, аманат, кепiлдiк, кепiлпұл және басқа да әдiстер арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.
Кепіл және оның нарықтық экономикадағы маңызы
Мiндеттемеге сәйкес несие берушiнiң (кепiл ұстаушының) борышқор кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамаған ретте кепiлге салынған мүлiк құнынан осы Кодексте белгiленген алып тасталатындарды қоспай, осы мүлiк тиесiлi адамның (кепiл берушiнiң) басқа несие берушiлердiң алдында артықшылықпен қанағаттандырылуға құқығы бар мiндеттеменi атқаруының осындай әдiсi кепiл деп танылады
Ипотека және ипотекалық кредит
Ипотека - кепiлге салынған мүлiк кепiл салушының немесе үшiншi бiр жақтың иелiгiнде және пайдалануында қалатын кепiл түрi.
Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары, ғарыш объектiлерi, айналымдағы тауарлар және азаматтық айналымнан алынбаған басқа да мүлiк ипотека мәнi бола алады.
Бөлiнетiн жемiстер бөлген кезден бастап үшiншi жақтың құқықтарының объектiсi болмайтын жағдайда ғана олар ипотека мәнi бола алады. Кәсiпорындар, құрылыстар, үйлер, ғимараттар, көп пәтерлi үйдегi пәтерлер, көлiк құралдары мен ғарыш объектiлерi ипотекасы осындай объектiлердi тiркеудi жүзеге асыратын органдарда тiркелуге тиiс.
Айып төлеу. Кепіл болушылық және кепілдік
Борышқор мiндеттемесiн орындамаған немесе тиiсiнше орындамаған ретте, атап айтқанда, орындау мерзiмiн өткiзiп алған ретте несие берушiге төлеуге мiндеттi, заңдармен немесе шартпен белгiленген ақша сомасы айып төлеу (айыппұл, өсiм) деп танылады. Айып төлеу туралы талап бойынша несие берушi оған келтiрiлген залалдарды дәлелдеуге мiндеттi емес. Кепiлдiк
1. Кепiлдiк бойынша кепiлдiк берушi, заң актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе борышқормен ортақтасып iшiнара жауап беруге мiндеттенедi.
2. Бiрлесiп кепiлдiк берген адамдар, егер кепiлдiк шартында өзгеше белгiленбесе, несие берушi алдында ортақтасып жауап бередi.
3. Кепiлдiк шарты болашақта туындайтын мiндеттеменi қамтамасыз ету үшiн де жасалуы мүмкiн.
Кепiл болушылық
Кепiл болушылық бойынша кепiл болушы басқа жақтың (борышқордың) несие берушiсi алдында осы жақтың мiндеттемесiнiң орындалуына толық немесе iшiнара қосалқы жауап беруге мiндеттенедi.
Банктік кепілдік
Шарт мүліктік айналым қатысушыларының өзара байланысын ұйысдастыру құралы ретінде
Шарттардың бостандығы және нарықтық шаруашылыққа ауысу кезіндегі шарттық тәртіп
Шарттардың түрлері және оларды азаматтық құқықта бөлу
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Бiржақты мәмiле мәмiле жасаған адамға мiндеттер жүктейдi. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгiленген не сол адамдармен келiсiм болған реттерде ғана мiндеттер жүктей алады. Бiржақты мәмiлелерге тиiсiнше мiндеттемелер туралы және шарттар туралы жалпы ережелер қолданылады, өйткенi бұл заңдарға, мәмiленiң табиғаты мен мәнiне қайшы келмейдi. Келісім түрлері:
А. Нәтижелеріне қарай,
1) Міндеттеуші келісімдер мұндай келісіммен тараптар арасында бір міндеттеме қатынасы құрылып, міндет және алашақ туындайды.
2) Пайдаландырушы келісім, мұнда тараптардан бірі екіншісінің игілігіне бір құқықты немесе құқықтық қатынасты ауыстыруда. Мысалға талап етуді беру (АК 339) немесе борышты кешіру келісімдері (АК 373).
3) Мәртебе (статус) келісімдері, мұнда тұрақты бір әлеуметтік қатынас құру, өзгерту, тоқтату мақсатымен жасалған келісімдер. Мысалға неке құру, асырап алу сияқты.
Б. Тәуелділігіне қарай түрлері.
1) Тәуелсіз келісімдер. өзімен өзі болып еш басқа келісімге тәуелді болмаған келісім түрлері. Мысалға, сатып алу сату, жалға беру.
2) Тәуелді келісімдер негізгі келісімге тәуелді келісімдер. Бар болған келісімді өзгерту үшін жасалған қосымша келісімдер. (доп соглашение)
В. Құқұқ алаңдарына кіруіне қарай түрлері.
1) Тұлғалық құқық алаңына кірген келісімдер. (мысалға ассосация құру келісім)
2) Отбасы алаңына кіретін келісімдер. (Неке)
3) Мұрагерлік құқығы алаңына кірген келісімдер. бізде жоқ
4) Заттық құқық алаңына кірген келісімдер (сервитут туралы келісім
5) Міндеттемелік құқы алаңына кіретін келісім (сатып алу сату )
міндеттеуші келісім түрлері
А) заңда қарастырылған болып болмағанына қарай келісім түрлері.
1) Атауы бар келісімдер. Бұлар заңдарда қарастырылып оларға заңмен атау берілген.
2) Атауы жоқ келісімдер. Бұлар заңдармен қарастырылмағандықтан атаусыз келісімдер дейді. Келісім (шарт) еркіндігі ұстанымының нәтижесінде тараптар арасында алуан түрлі келісімдер қарастырылуы мүмкін.
Осының өзі екіге бөлінуде:
а) өзіндік табиғаты бар келісім (sui generis) заңда қарастырылған келісімдерден ерекше элементтерден тұратын және оларға ұқсамайтын келісімдер.
б) аралас келісімдер, заңдарда қарастырылған келісім түрлерінің элементтерінің заңда қарастырылмаған түрде бірігуі нәтижесінде пайда болған келісімдер.
Б) Қатынастағы міндетке қарай түрлері.
1) Бір тарапты міндеттеуші келісімдер. Бұл келісімде тараптардың қарсылықты еріктерімен тек бір тарап міндеттенуде. Мысалға сыйға тартуға міндеттену (АК 506/1).
2) Екі тарапты міндеттеуші келісімдер. Мұнда тараптардың әр бірі екінші тарап алдында борышқор және несие беруші.
а) Толық екі тарапты міндеттеуші келісімдер. Мұнда тараптар бір-біріне қарсы негізгі міндеттері бар. Яғни мұнда тараптардың қарсылықты міндеттері екінші тараптың міндетінің себебі болуда. Мысалға сатып алу сату, пайыз қарсылығы заем қарыз.
б) Толымсыз екі тарапты міндеттеуші келісімдер. Мұнда тараптардың біреуі үшін ғана негізгі міндет туындайды, ал екіншісі үшін негізгі міндет туындамайды, бірақ қосымша міндет туындайды. Мысалға пайызсыз қарыз беруде, қарыз берушінің негізгі міндеті қарыз затын қарыз алушыға беру. Ал қарыз алған мұның қарсылығында бір пайыз төлемегендіктен ооның негізгі міндеті жоқ. Бірақ кейін қарызды қайтару міндеті қосымша міндет болуда.
Мұны бір тарапты міндеттеуші келісіммен шатастырмаған дұрыс ол келісімде қосымша міндет жоқ.
3) Коллектив (ұжымдық) келісімдер, мысалға серіктестік құру үшін құрушылар арасында жасалған келісім. Мұндағы маңыздысы тараптардың міндеттері қарсылықты емес, ортақ бір мақсат үшін міндеттенуде.
В) Уақытарына қарай келісім түрлері.
1) жалаң келісімдер. Борышқордың енгізгі міндетін орындауымен келісім тоқтайтын келісімдер. Мысалға дүкеннен барып зат алу.
2) Кезеңді келісімдер. Мысалға әр айда алимент төлеу келісімі.
3) Ұдайы келісімдер. Мерізімі белгілі болса а) мерізімді келісімдер, мерізімі белгісіз болса б) мерізімсіз келісімдер.
Г) Ерекше келісім түрлері:
1) Негіздемелік келісім. Тараптар бұл келісіммен араларында бір негізгі ережелерді белгілейді. Кейініректе ерекше ережелер басқа қосымша келісіммен белгіленеді. Мысалға кезеңдік жеткізілім келісімімен заттың жеткізілу шарттары белгіленеді, кейінірек қосымша келісіммен уақыт және мөлшері белгіленеді.
2) үшінші тұлға пайдасына келісім. Келісіммен тек үшінші кісі пайдасына құқық туғызушы келісім ғана жасалуы мүмкін. Үшінші тұлғаға міндет туғызатын келісім жасалуы мүмкін емес.
3) жария келісімдер. Мұнда келісімнің шарттары алдын ала тараптардың біреуі тарапынан белгіленген, екінші тарап тек қабылдайды немесе келісім жасаспайды. Мысалға байланыс операторы, қазақстан темір жолымен жасасқан келісім.
4) Кездесулі келісімдер . Жария келісімнің терісі. Яғни тараптар арасындағы кессөздерден кейін жасалатын шарт.
5) Консенсуалды (келісімді) келісімдер. Тараптардың келісімі бір біріне сәйкес болғанда жасалған болады.
6) Реал (нақты) келісім. Тараптардың еріктерінің бір біріне сәйкес болуымен қатар заттың берілуі кезінде шарт жасалған болады.(заем)
7) Сенім келісімдері. Сенім білдірген сенілгенге бір құқықты белгілі бір мақсатта пайдалануын және талап еткенде өзіне қайтарылып берілуі шартымен береді.
8) Нысанды, Келісімнің құқықтық нәтиже туғызуы белгіленген нысанда жасалғанда ғана құқықтық нәтиже (салдарын) туғызады.
9) нысаны жоқ келісімдер. Келісімнің құқықтық нәтиже туғызуы үшін ешқандай нысан қарастырылмаса.
10) Ақылы, тараптардың әрқайсысында міндеттер бар және осы міндеттер бір біріне себеп болады. Яғни зат берілгені үшін ақы төленеді.
11) Ақысыз, тараптардың біреуінде міндет болса да, екіншісінде міндет болмайды. Тіпті міндет болсада, қарсы тараптың міндетінің себебі емес.
12) Дәл келісімдер, тараптардың міндетінің туындауы белгісіз оқиғаға байланысты болмаған келісім.
13) Тәуекел (риск) келісімі, тараптардың міндетінің туындауы белгісіз оқиғаға байланысты болған келісім. мысалға сақтандыру шарты.
Шарттың мазмұны және оның жағдаяттарын (шарттықтарын) бөлу
Шарттың жағдаяттары және іскерлік айналым әдеттері
Азаматтық-құқықтық шарттарды жасау сатылары және әдістері
Тараптар арасында шарттың барлық елеулi ережелерi бойынша тиiстi жағдайларда талап етiлетiн нысанда келiсiмге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледi.
Шарттың мәнi туралы ережелер, заңдарда елеулi деп танылған немесе шарттардың осы түрi үшiн қажеттi ережелер, сондай-ақ бiр тараптың мәлiмдеуi бойынша келiсiмге қол жеткiзуге тиiстi барлық ережелер елеулi ережелер болып табылады.
2. Егер шарт жасасу үшiн заң құжаттарына сәйкес мүлiктi беру қажет болса, шарт тиiстi мүлiк берiлген кезден бастап жасалды деп есептеледi
Сауда мен аукциондардағы шартарды жасау
Биржалық шарттар (контрактілер)
Биржалық мәмiлелер - нысаны биржадағы айналысқа жiберiлген мүлiк болып табылатын және тиiстi биржалар (тауар, қор және басқа) туралы Қазақстан Республикасының заңдары мен биржалық сауда ережелерiне сәйкес онымен сауда-саттық жүргiзуге қатысатындармен жасалатын мәмiлелер. Биржалық мәмiлелер осы мәмiлелердiң жасалғандығын растау үшiн биржа беретiн құжаттармен ресiмделедi. Егер заңдардан, тараптардың келiсiмiнен немесе мәмiленiң мәнiнен өзге жағдайлар туындамаса, биржалық мәмiлелерге олардың мазмұнына қарай тиiстi шарт (сатып алу-сату, комиссиялар және басқалар) туралы ережелер қолданылады. Заңдарда немесе биржалық сауда ережелерiнде тараптардың коммерциялық құпиясы болып табылатын және олардың келiсiмiнсiз жария етуге жатпайтын биржалық мәмiлелердiң ережелерi көзделуi мүмкiн. Биржалық мәмiлелер жасасуға байланысты даулар тиiстi биржа жанындағы биржа төрелiгiнде қаралады, оның шешiмiне сотта дау айтылуы мүмкiн
Азаматтық құқықтағы жария шарттар және қосылу шарттары
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметiнiң сипатына қарай оған өтiнiшпен келетiн әркiмге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату, жұмыстарды атқару немесе қызмет көрсету жөнiндегi оның мiндеттемелерiн белгiлейтiн шарт жария шарт деп танылады (бөлшек сауда, көпшiлiк пайдаланатын көлiкпен тасымалдау, байланыс қызметiн көрсету, энергиямен қамтамасыз ету, медицина, мейманхана қызметiн көрсету және т.б.)
Алдын-ала жасалатын шарттар
Алдын ала жасалатын шарт бойынша тараптар алдын ала жасалатын шартта көзделген жағдайларда мүлiк беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету туралы болашақта шарт (негiзгi шарт) жасасуға мiндеттенедi. Алдын ала жасалатын шарт негiзгi шарт үшiн заңдарда белгiленген нысанда, ал егер негiзгi шарт нысаны белгiленбесе, жазбаша түрде жасалады. Алдын ала жасалатын шарт нысаны туралы ережелердiң сақталмауы оның жарамсыз болып қалуына әкелiп соқтырады. Алдын ала жасалатын шартта негiзгi шарттың мәнiн, сондай-ақ басқа да елеулi жағдайларын белгiлеуге мүмкiндiк беретiн ережелер болуға тиiс. Алдын ала жасалатын шартта тараптар негiзгi шартты жасасуға мiндеттенетiн мерзiм көрсетiледi. Егер алдын ала жасалатын шартта мұндай мерзiм белгiленбесе, олар көздеген шарт алдын ала жасалған кезден бастап бiр жыл iшiнде жасалуға тиiс. Алдын ала шарт жасасқан тарап өзi көздеген шартты жасасудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтiрiлген залалды екiншi тарапқа өтеуге мiндеттi. Алдын ала жасалатын шартта көзделген мiндеттемелер, егер тараптар негiзгi шартты жасасуға тиiс мерзiм бiткенге дейiн ол жасалмаса не тараптардың бiрi екiншi тарапқа бұл шартты жасасуға ұсыныс жiбермесе, тоқтатылады. Егер ниеттер туралы хаттамада (ниеттер туралы шартта) тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшiн беру ниеттерi тiкелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды және оның орындалмауы заңдық зардаптарға әкелiп соқтырмайды.