
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Жеке құқық ұғымы
- •Серіктестік заңды тұлға ретінде
- •Еншілес және тәуелді қоғамдар заңды тұлға ретінде
- •Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы
- •Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері
- •Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
- •Азаматтық құқықтағы аралас және қалыптаспаған (нетипичные) шарттар
Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
Құнды қағаз дегеніміз- белгіленген нысан мен міндетті реквизиттерді сақтай отырып, қайсібір мүліктік құқықты орнататын, оны куәландыратын, өзін көрсеткендей ғана құқықты іске асыратын құжат болып табылады..
Қазіргі кезде құнды қағаздың негізгі түрлері деп кеңінен қолданылып жүрген облигацияны, акцияны жинақ және депозитивті сертификаттарды айтамыз.
Құнды қағаз ретінде облигация оны шығарушы (көбіне көп мемлекет)мен сатып алушының иесі белгілі бір тәртіппен есептелген оның номиналды бағасы мен пайзының сомасын ала алады (мысалы, ұтыс жолымен). Акция оны иеленушінің (акционердің) акционерлік қоғам түсірген пайданың бөлігін девидент ретінде алу құқығын бекітеді, сондай-ақ оған бұл қоғамның басқару ісіне қатысу құқығы беріледі, ал акционерлік қоғам таратылған кезде оның пайдасының бір бөлігін меншіктену құқығына ие болады. Банктың жинақ және депозитивтик сертфикаты банкке ақша салушының белгілі бір мерзім өткен соң оны пайызбен алуына құқық береді.
Құнды қағаздар мынандай үш түрге бөлінеді: атаулы, ордерлік және ұсынбалы. Оның атаулысы белгілі бір адамға беріледі әрі ондағы құқықты тек өзі ғана жүзеге асырады. Оған мәселен жинақ және депозитивті сертификаттар жатады. Ордерлік түрі де белгілі бір тұлғаға беріледі, бірақ ол бұл қағазды басқа біреуге бергенде бергені туралы оған жазады (индосамент). Ал ол өз кезгінде бұл қағазды үшінші біреуге бере алады, т.с.с. Ұсынбалы түрі оны көрсетушіге беріледі, яғни оны көрсеткен адам ондағы құқыққа ие болады. Оған облигация және акция жатқызылады.
Құнды қағаздар шығару (эмиссия) тәртібі мен оны ұйымдастырып шығарушылардың (эмитент) жауапкершілігі заңмен реттеледі.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері
Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген азаматтық құқықтарды, соның iшiнде өздерiн қорғау құқығын өз қалауынша пайдаланады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырудан бас тартуы, заң құжаттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл құқықтардың тоқтатылуына әкелiп соқтырмайды. Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру басқа құқық субъектiлерiнiң құқықтарын және заңдармен қорғалатын мүдделерiн бұзбауға, айналадағы ортаға зиян келтiрмеуге тиiс. Азаматтар мен заңды тұлғалар өздерiне берiлген құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әдiл әрекет жасап, заңдардағы талаптарды, қоғамның адамгершiлiк қағидаттарын, ал кәсiпкерлер - бұған қоса iскерлiк әдептiлiк ережелерiн сақтауға тиiс. Бұл мiндеттi шарт арқылы алып тастауға немесе шектеуге болмайды. Азаматтық құқық қатынастарына қатысушылардың адал, парасатты және әдiл әрекет жасауы көзделедi. Азаматтар мен заңды тұлғалардың басқа жаққа зиян келтiруге, құқықты басқа түрлерде қиянат жасап пайдалануға, сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетiндей етiп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттерiне жол берiлмейдi
Азаматтық құқықтағы өкілдік
Басқа адамның (өкiлдiк берушiнiң) атынан бiр адамның (өкiлдiң) сенiмхатқа, заңдарға, сот шешiмiне не әкiмшiлiк құжатқа негiзделген өкiлеттiгi күшiмен жасаған мәмiлесi өкiлдiк берушiнiң азаматтық құқықтары мен мiндеттерiн тiкелей туғызады, өзгертедi және тоқтатады.
Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру шектері
Азаматтық құқықтағықұқықты теріс пайдалану мәселесі
Азаматтық құқықтағы мерзімдердің ұғымы мен түрлері
Заңдармен, мәмiлемен белгiленген не сот тағайындайтын мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе сөзсiз болуға тиiстi оқиға көрсетiлiп белгiленедi.
Мерзiм жылдармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
Талап қою мерзімдерінің ұғымы, түрлері және салдары
Талаптың ескiруi - адам құқығының немесе заңмен қорғалатын мүдденiң бұзылуынан туындайтын талаптың қанағаттандырылуы мүмкiн болатын уақыт кезеңi.
Талап қою мерзiмдерi және оларды есептеу тәртiбi заңмен көзделедi және оларды тараптардың келiсуiмен өзгертуге болмайды.
Талап қоюдың жалпы мерзiмi үш жыл болып белгiленедi.
Талаптардың жекелеген түрлерi үшiн заң құжаттарымен талап қоюдың жалпы мерзiммен салыстырғанда қысқартылған немесе неғұрлым ұзақ арнаулы мерзiмдерi белгiленуi мүмкiн.
Азаматтық құқықтағы тыйым салу мерзімдері
Қорғануға құқық субъективтік азаматтық құқық ретінде
Азаматтық құқықтарды қорғауды сот, төрелiк сот немесе аралық сот: құқықтарды мойындату; құқық бұзылғанға дейiнгi болған жағдайды қалпына келтiру; құқықты бұзатын немесе оның бұзылу қаупiн туғызатын әрекеттерге тыйым салу; мiндеттi заттай орындатуға ұйғарым шығару; залалдарды, төленетiн айыпты өндiртiп алу; мәмiленi жарамсыз деп тану; моральдық зиянның өтемiн төлету; құқық қатынастарын тоқтату немесе өзгерту; мемлекеттiк басқару органының немесе жергiлiктi өкiлдi не атқарушы органның заңдарға сәйкес келмейтiн құжатын жарамсыз немесе орындауға жатпайды деп тану; азаматтың немесе заңды тұлғаның құқыққа ие болуына немесе оны жүзеге асыруына кедергi жасағаны үшiн мемлекеттiк органнан немесе лауазымды адамнан айыппұл өндiртiп алу арқылы, сондай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де әдiстермен жүзеге асырады.
Азаматтық құқықтарды өзіндік қорғау
Азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің ұғымы және түрлері
азаматтық құқықтық жауапкершілік мүліктік сипаттағы санкция қолдануымен байланысқан, бұзылған құқықтарды реттейтін және азаматтық айналымға қатысушылардың тең құқығын экономикалық тұрғыда әсер ететін мемлекеттік мәжбүрлеу түрлерінің бірі.
Ал зиян келтіргені үшін жауаптылықтың жалпы негіздері Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 917-бабында көрсетілген, яғни:
Азаматтар мен заңда тұлғалардың мүліктік немесе мүліктік емес тгіліктері мен құқықтарына заңсыз іс-әрекеттер мен (әрекетсіздік пен) келтірілген (мүліктік және (немесе)мүліктік емес) зиянды, оны келтірген тұлға толық көлемінде өтеуге тиіс.
Заң актілерінде зиянды өтеу міндеті зиян келтіруші болып табылмайтын тұлғаға жүктелуі, сондай-ақ өтеудің неғұрлым жоғары мөлшері белгіленуі мүмкін.
зиян келтурші, осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, егер зиян өзінің кінәсімен келтірмегендігін дәлелдесе, оны өтеуден босатылады.
Заңды іс-әрекеттерінң келтірілген зиян осы Кодексте және өзгеде заң актілерінде көзделген жағдыайларды өтелуге тиіс
Кінә азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
Азаматтық құқықтық жауапкершілік шаралары тек қана талапкердің мүліктік қанағаттандыруына бағытталып қоймай, сонымен бірге азаматтық құқық бұзушылықтың алдын алуға арналған. Азаматтық-құқықтық жауапкершілік белгілі бір превентивтік қызметін атқарады. Сондықтан азаматтық айналымның қатысушылары жауапкершілікке тартылмас үшін өзінің іс-әрекетімен басқа тараптың заңмен қорғалатын құқығын бұзбауға тырысады. Алайда жауапкершілікке тартудың артылуы қатардағы азаматтық айналымға қатысушыладың инициативасын төмендетеді. Осындай жағдайлардан арылу үшін азаматтық айналымға қатысушыларға өздерінің іс-әрекетінің нәтижесін алдын ала көре алмауына байланысты жауапкершілікке тартылмайды. Осындай сенімділік егер азматтық құқықтық жауапкершілік кінәлі құқық бұзушылық үшін қолданған кезде пайда болады. Азаматтық кодекстің 359-бабының 1-ші бөлігі осыны көрсетеді: “борышқор кінәлі болған кезде егер заңдарда немесе шарттарда өзгеше көзделмесе, міндеттемені орындамаған және тиісті дәрежеде орындамағаны үшін жауап береді. Егер борышқор мігдеттемені тиісті дәрежеде орындпу үшін өзіне байланысьы шаралардың барлығын қолданғанын дәлелдесе, ол кінәсіз деп танылады.”