
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Жеке құқық ұғымы
- •Серіктестік заңды тұлға ретінде
- •Еншілес және тәуелді қоғамдар заңды тұлға ретінде
- •Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы
- •Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері
- •Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
- •Азаматтық құқықтағы аралас және қалыптаспаған (нетипичные) шарттар
Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы
Заңды тұлғаны қайта құру (қосу, бiрiктiру, бөлу, бөлiп шығару, өзгерту) оның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның, құрылтайшылардың (қатысушылардың) шешiмi бойынша, сондай-ақ заңды тұлғаның құрылтай құжаттарында уәкiлдiк берiлген органның шешiмi бойынша, не заң құжаттарында көзделген реттерде сот органдарының шешiмi бойынша жүргiзiледi. Заңды тұлғаның мүлкiн меншiктенушiнiң немесе меншiк иесi уәкiлдiк берген органның шешiмi бойынша, сондай-ақ құрылтай құжаттарында шешiм қабылдауға уәкiлдiк берiлген заңды тұлға органының шешiмi бойынша заңды тұлға кез келген негiз бойынша таратылуы мүмкiн.
2. Соттың шешiмi бойынша заңды тұлға:
1) банкрот болған;
2) заңды тұлғаны құру кезiнде заңдардың түзетуге келмейтiн сипатта бұзылуына жол берiлуiне байланысты оны тiркеу жарамсыз деп танылған;
3) заңды тұлғаның жарғылық мақсаттарына қайшы келетiн қызмет үнемi жүзеге асырылған;
4) тиiстi рұқсат алынбаған (лицензиясыз) қызметтi, не заң құжаттарында тыйым салынған қызметтi жүзеге асырған, не қызметiн заңдарды бiрнеше рет немесе өрескел бұза отырып жүргiзген жағдайларда, соның iшiнде заңда белгiленген табыс ету мерзiмiнен кейiн бiр жыл өткен соң корпорациялық табыс салығы туралы (жиынтық жылдық табыс пен жасалған шегерiмдер туралы) декларация немесе оңайлатылған декларация табыс етпеген, заңды тұлға орналасқан жерi бойынша немесе нақты мекен-жайы бойынша болмаған, сондай ақ заңды тұлға бiр жыл ішінде оларсыз жұмыс істей алмайтын құрылтайшылар (қатысушылар) және лауазымды адамдар болмаған;
5) заң құжаттарында көзделген басқа да жағдайларда таратылуы мүмкiн.
Коммерциялық ұйымның банкрот болуы оның қызметін тоқтату негізі ретінде
Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi.
Борышкердiң - жеке кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның ақшалай мiндеттемелер бойынша несие берушiлердiң талаптарын толық көлемде қанағаттандыра алмауы, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырыса алмауы, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз ете алмайтын қабiлетсiздiгi сот белгілеген оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi.
1. Банкроттық ерiктi түрде немесе мәжбүр ету тәртiбiмен танылуы мүмкiн.
2. Банкроттықты ерiктi түрде тану борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Мәжбүр ету тәртiбiмен банкрот деп тану несие берушiнiң, ал заң актiлерiнде көзделген жағдайларда өзге де адамдардың сотқа өтiнiш беруi негiзiнде жүзеге асырылады.
Мемлекет азаматтық құқықтың субъектісі ретінде
Қазақстан Республикасы азаматтық заңдармен реттелетiн қатынастарға осы қатынастардың өзге қатысушыларымен тең негiздерде кiредi. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк өкiмет билiгi мен басқару органдары өздерiнiң осы органдардың мәртебесiн айқындайтын заң құжаттарында, ережелерде және өзге де құжаттарда белгiленетiн құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының атынан өз әрекеттерi арқылы мүлiктiк және жеке мүлiктiк емес құқықтар мен мiндеттердi алып, оларды жүзеге асырады, сотта өкiлдiк ете алады.
Азаматтық құқықтағы заңи фактілердің ұғымы және түрлері
Заңдылық фактісінің түсінігі. Азаматтық құқық нормалары өздігінен азаматттық құқық қатынастарын тудырмайды. Қандай да болсын нақтылы азаматтық құқық қатынастары белгілі бір жағдай болғанда ғана пайда болады. Мұның мазмұнының өзгеруі немесе оның қысқартылуы да белгілі бір жағдайға байланысты. Осындай құқық қатынастарының пайда болуына, өзгеруіне немесе оның қысқартылуына себепкер болатын жағдайларды заңдылық фактілер деп атайды. Мысалы, баланың тууы, мәміленің бүлінуі т.б. заңдылық фактілер болып табылады.
Азаматтық кодексте сатып алу- сату, жалдау, мұра қалдыру және тағысын тағылардың кезінде пайда болатын құқық қатынастарын тәртітейтін баптардың болуы сол жеке тұлғалардың арасында нақтылы құқық қатынастарын өздігінен тудыра алмайды. Белгілі бір азамат пен дүкен араларында сатып алу- сату туралы АК- баптарында көрсетілген қатынастар пайда болу үшін сол азамат дүкенге барып бір нәрсе сатып алуы керек, яғни дүкенмен сатып алу –сату мәмілелеріне кірісуі керек.
Мәмілелердің жарамдылығының шарттықтары (жағдаяттары)
Ерік; ерік білдіру; білдірілген ерікке мәміле деген құқықтық нәтиже берілу керек
Мәмілелердің түрлері.
Мәмiлелер бiржақты және екi немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкiн. Заңдарға немесе тараптардың келiсiмiне сәйкес жасалуы үшiн бiр тараптың ерiк бiлдiруi қажет және жеткiлiктi болатын мәмiле бiржақты мәмiле деп есептеледi. Шарт жасасу үшiн екi тараптың (екiжақты мәмiле) не үш немесе одан да көп тараптың (көпжақты мәмiле) келiсiлген ерiк бiлдiруi қажет.
Мәмілелердің басқа да түрлері бар:
біржақты және өзара;
каузалды және абстрактілік;
мерзімді және мерзімсіз;
фидуциарлы, және т.б.
Мәмiлелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады
Мәміледегі ерік және ерік білдіру. Ерік ойда туатын ықтияр, қалаулар. Ерік білдіру қалауымызды сыртқа білдіру
Даулы және мардымсыз мәмілелер
Мәмiленiң нысанына, мазмұнына және қатысушыларына, сондай-ақ олардың ерiк бiлдiру бостандығына қойылатын талаптар бұзылған жағдайда мүдделi адамдардың, тиiстi мемлекеттiк органның не прокурордың талабы бойынша мәмiле жарамсыз деп танылуы мүмкiн
Азаматтық құқықтық қатынастардың ұғымы және түрлері
Азаматтық құқытық қатынас дегеніміз азаматтық құқық нормаларымен реттелген қоғамдық катынас.
Азаматтық құқықтық қатынастың келесі элементтері бар:
азаматтық құқықтық қатынастың объектісі (мүліктік және мүліктік емес игіліктер және құқықтар;
азаматтық құқықтық қатынастың субъектілері (жеке және заңды тұлғалар, мемлекет және әкімшілік-аумақтық бөліністер;
азаматтық құқықтық қатынастың мазмұны (қатысушылардың субъективті құқықтары мен міндеттері.
Азаматтық құқық ғылымында азаматтық құқықтық қатынастардың келесі негізгі түрлері ажыратылады:
мүліктік және мүліктік емес (объектісіне қарай);
абсолюттық және қатынасты (міндетті тұлғалар шеңберінің анықталуына байланысты;
заттық және міндеттемелік (субъективті құқықтардың сипатына қарай)
Заттар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
Заттар – азаматтық құқық қатынастарынаң обьектілері. Азаматтық құқық қатынастарының обьектілері деп заттарды (мүлік және мүліктік құқық), жұмыс пен қызметті, ақпаратты, материалдық деп есептелмейтін игіліктер (мәселен атау) мен интелектуалды меншікті, яғни әдеби шығарма, өнертабыс және тағы басқаларын айтамыз. Дәл осы обьектілерде құқық қатынастарына қатысушылардың мүдделері тоғысады және де бұл обьектілердің құқық қатынастарындағы тағдыры шешіледі
Қозғалмайтын мүліктің азаматтық-құқықтық режимі
Заттар қозғалмалы және қозғалмайтын болып екіге бөлінеді. Оның қозғалмайтынына жермен тығыз байланысы бар жер учаскелері, учаске қойнауы, көпжылдық өсімдіктер, ғимарат және құралыстар жатады, олар тұтастығы мен пайдаға асуына орай жерге елеулі залал келтірмей бөліне алмайды. Сондай-ақ азаматтық кодекс қозғалмайтын заттар қатарына әуе және теңіз кемелері мен ғарыш обьектілерін де жатқызады. Себебі, олар халықаралық дәстүр мен халықаралық төрелік жасау арқылы қолданылады. Осындай аса қымбат саналатын обьектілерді пайдалану белгілі бір мемлекет құзырынан шығып та кетеді. Әрине, мұндай обьектілердің қозғалмайтын мүлік жөніндегі жалпы ережемен сыласпайтындығын да мойындауға тура келеді.
Қозғалмайтын мүлікке берілетін құқық мемлекеттік тіркеуден міндетті түрде өтуі тиіс. Дәл сол сияқты мемлекеттік тіркеуге қозғалмайтын мүлікке жасалған келісім де жатады. Алайда біз бұл арады ереже талаптарынан шығып кететін жәйттерді де кездестіреміз. Мәселен, автокәсіпорын қазғалатын мүлік болып есептелгенмен тіркеуге жатқызылады.