
- •Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәні бойынша емтихан сұрақтары
- •Жеке құқық ұғымы
- •Серіктестік заңды тұлға ретінде
- •Еншілес және тәуелді қоғамдар заңды тұлға ретінде
- •Заңды тұлғалардың қайта құрылуы және таратылуы
- •Бағалы қағаздар азаматтық құқықтардың объектілері ретінде
- •Азаматтық құқықтарды жүзеге асыру ұғымы және әдістері
- •Себепті байланыс азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің негізі ретінде
- •Азаматтық құқықтағы аралас және қалыптаспаған (нетипичные) шарттар
Азаматтық құқық (жалпы бөлімі) пәні бойынша емтихан сұрақтары
Жеке құқық ұғымы
Жеке құқыққа мемлекеттік емес қызметті реттейтін құқықтық нормалар жатады. Олармен реттелетін қатынастар азаматтар араларындағы муліктік, отбасылық, авторлық құқықтық қатынастар, қоғамдық ұйымдар, кооперативтік ұйымдар, өзге бірлестіктермен қтынастар, яғни оларда жеке мүдде көрініс табатын қатынастар. Жеке құқық – бұл оған мемлекет араласпайтын барлық нәрсе. Жеке қатынастар бұл – өзара бағыну емес келісімді қатынастар. Жеке құқықтық қатынастар сипатталады: – құқықтық қатынас тараптарының теңдігімен; – құқықтық қатынас тараптарының салыстырмалы бостандылығымен және дербестілігімен; – өзара субъективтік құқықтармен және міндеттермен. Жеке құқықтық қатынастардың заң және сот алдында тең және бір-бірі алдында ешқандай артықшылыққа ие емес. Жеке құқықта «тиым салынбағанның барлығы рұқсат етілген» деген қағидат іске асады.
Азаматтық құқықтың нысанасы, әдісі және функциялары
Дипозитивтік әдіс Диспозитивный метод (автономный), устанавливая права и обязанности субъектов, одновременно предоставляет им возможность выбрать вариант поведения или дополнительно своим соглашением урегулировать свои взаимоотношения. Этот метод присущ гражданскому, семейному, трудовому праву. ДИСПОЗИТИВНЫЙ МЕТОД основан на учете инициативы, самостоятельности в выборе того или иного поведения участниками регулируемых отношений. Он допускает сторонам отношения урегулировать собственные действия по своему усмотрению. Законом лишь определяются пределы такого усмотрения либо устанавливаются определенные процедуры. В основе диспозитивного метода лежит свободное (неподчиненное) положение участников правоотношения и договор как источник его возникновения. Если императивный метод как бы вынуждает участников отношения вступать в юридическую связь, то диспозитивный — связан с тем, что фактические действия граждан, их организаций, складывающиеся на этой основе отношения, имеют приоритет перед юридическим установлением. Диспозитивтік норма дегеніміз- тараптар араларында туындайтын қатынастарды өздерінің қалауынша, егер заңда өзгеше көзделмесе, реттеу мүмкін. Осы тұрғыдан алғанда, Азаматтық кодекстің көптеген нормалары көрсетілген ережелерге бағынады. Мәселен, Азаматтық кодекстің 238-бабы,
яғни шарт бойынша мүлік алушыда меншік құқығы пайда болатын кезеңі.
Азаматтық құқықтың мынадай принциптері бар: 1.Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі; 2.Меншікке және басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық; 3.Шарт еркіндігі; 4.Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы; 5.Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру; 6.Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету; 7.Азаматтық құқықты сот арқылы қорғау.
Нысыны қоғамдық қатынастарды азаматтық-құқықтық реттеу процесінде олардың мүшелері субъективті құқықтар мен міндеттемелермен бөлінеді, ол болашақта құқықтық қатынас шегіндегі мүшелер тәртібін анықтайды.
Азаматтық құқық реттейтін мүліктік қатынастардың ұғымы және түрлері
Мүліктік қатынас дегеніміз эеономикалық құндылығы бар қатынас. атериалдық игіліктермен, мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. -ақша қатынастары және қатысушылардың теңдiгiне негiзделген өзге де мүлiктiк қатынастар
Жеке мүліктік емес қатынастар азаматтық-құқықтық реттеудің нысанасы ретінде
Мүліктік емес жеке қатынастар екі топқа бөлінеді —мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастармен байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар. Бірінші топтағы мүліктік қатынастармен тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастардың тікелей мүліктік сипаты мен ақшалай құны болмайды. Бұл топтың негізін интеллектуалдықменшікпен байланысы бар қатынастар құрайды.
Азаматтық құқықтың құқық жүйесіндегі орны
Азаматтық құқық – бұл Қазақстан Республикасындағы құқық салаларының ішіндегі азаматтар мен заңды тұлғалар, мемлекет және оның әкімшілік бөлінісінің күнделікті өміріндегі қызметімен тікелей байланысты құқық саласының бірі болып табылады. ҚР-ның қолданыстағы құқықтық жүйесінде азаматтық құқық – құқық салалары деп аталатын негізгі және жетекші буындардың бірі. Басқа да салалар секілді, азаматтық құқық Қазақстан Республикасының Конституциясына сүйенеді, өтйкені оның 1-ші бабы адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары біздің мемлекетіміздің ең жоғарғы құндылықтары ретінде жарияланған. Республикадағы құқықтың барлық салалары жүйесінде азаматтық құқықтың маңызы, бірншіден, оның реттеу нысанасы болып табылатын қатынастардың шешуші рөліне, екіншіден, оның қолданылу аясының кеңдігіне, үшіншіден, оның жеке адамның мүліктік және мүліктік емес құқықтары мен мүдделерін қорғаумен ажырамастай байланыстылығы.
Азаматтық заңнаманың ұғымы мен жүйесі
Кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттілігі
1. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар мәмiлелердi олардың заңды өкілдерінің келісімiмен жасайды. Мұндай келісімнiң нысаны заңдарда кәмелетке толмағандар жасайтын мәмiле үшiн белгiленген нысанға сай келуге тиiс.
2. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар өздерiнiң табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өздерi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк етуге, сондай-ақ тұрмыстық ұсақ мәмiлелер жасасуға құқылы.
3. Жеткiлiктi негiздер болған жағдайда қорғаншылық және қамқоршылық органы кәмелетке толмаған адамның өз табысына, стипендиясына, өзге де кiрiстерiне және өзi жасаған интеллектуалдық меншiк құқығы объектiлерiне өз бетiнше билiк ету құқығын шектеуi немесе ол құқықтан айыруы мүмкiн.
4. Он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандар осы баптың ережелерiне сәйкес өздерi жасаған мәмiлелер бойынша дербес жауапты болады және өздерiнiң әрекеттерiнен келтiрiлген зиян үшiн осы Кодекстiң ережелерi бойынша жауап бередi.
Жеке кәсіпкерлердің құқықтық жағдайы
Заңдарда тыйым салынбаған қызметтi жүзеге асырушы кәсiпкерлердiң құқықтары:
1) лицензия берiлетiн қызмет түрлерiнен басқа кәсiпкерлiк қызметтi кiмнiң болса да рұқсатын алмай-ақ жүзеге асыру мүмкiндiгi арқылы;
2) экономиканың барлық салаларындағы кәсiпкерлiктiң барлық түрiн бiр ғана тiркеушi органда тiркеудiң барынша қарапайым өз бетiмен жүргiзетiн тәртiбiмен;
3) кәсiпкерлiк қызметке мемлекеттiк органдар жүргiзетiн тексерулердi заң құжаттарымен шектеу арқылы;
4) кәсiпкерлiк қызметтi заң құжаттарында көзделген негiз бойынша шығарылған сот шешiмi бойынша ғана ерiксiз тоқтату арқылы;
5) жеке кәсiпкерлiк үшiн тыйым салынған, экспорт немесе импорт үшiн тыйым салынған немесе шек қойылған жұмыс, тауарлардың түрлерi мен қызмет тiзбесiн заң құжаттарында белгiлеу арқылы;
6) мемлекеттiк органдарды, лауазымды адамдарды, сондай-ақ өзге де жақтар мен ұйымдарды кәсiпкерлердiң қызметiне заңсыз кедергi жасағаны үшiн олардың алдындағы заңдарда белгiленген мүлiктiк жауапкершiлiкке тарту арқылы;
6-1) атқарушы бақылау және қадағалау органдарына кәсiпкерлiк субъектiлерiмен осы органдардың функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiнде шарттық қатынастарға кiруге тыйым салу арқылы;
7) заңдарда көзделген өзге де амалдармен қорғалады.
Шетел азаматтарының құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі
Құқыққабілеттілігі және әрекет қабілеттілігі барлық азаматтарға бірдей
Заңды тұлғаның ұғымы мен мәні
Азаматтық кодекстің 33-бабында оған мынадай тұжырым берілген:"Меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиіс. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрі болады".
Заңды тұлғалардың түрлері
Өз қызметiнiң негiзгi мақсаты ретiнде табысын келтiрудi көздейтiн (коммерциялық ұйым) не мұндай мақсат ретiнде пайда келтiре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестiрмейтiн (коммерциялық емес ұйым) ұйым заңды тұлға бола алады. 2. Коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға мемлекеттік кәсiпорын, шаруашылық серiктестiк, акционерлік қоғам, өндiрiстiк кооператив нысандарында ғана құрылуы мүмкiн. 3. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, акционерлік қоғам, тұтыну кооперативі, қор, діни бірлестік нысанында және заңнамалық актілерде көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін.Коммерциялық емес ұйым кәсiпкерлiк қызметпен өзiнiң жарғылық мақсаттарына сай келуiне қарай ғана айналыса алады. 3-1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын және мемлекеттік бюджеттiң есебiнен ғана ұсталатын заңды тұлға тек қана мемлекеттік мекеме нысанында құрылуы мүмкiн. 4. Заңды тұлғалар бiрлестiк құра алады 5. Заңды тұлға осы Кодекстiң, заңды тұлғалар нысандарының әрқайсысы туралы Заңның, өзге де заң құжаттары мен құрылтай құжаттарының негiзiнде жұмыс iстейдi.