Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilet_2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.75 Кб
Скачать

12Билет

Әкімшілік құқықтың дерек көздері –

Мем-к билік ресми мойындаған, басқару қатынастары субъектілерінің мінез-құлықтары ережесінің көріну мен бекітілуі.

Дерек көздері: ҚР Конституциясы; халықаралық, мемлекетаралық шарттар; ҚР-ң конституция-қ заңдары; ҚР заңдары; ҚР-ң Президенті-ң, Парламентінің; Үкіметінің, жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқару органдары-ң актілері; әкімшілік соттық прецеденттер; әкімшілік шарт; ғылыми құқықтық доктрина.

. Неке д/з-ерлі – зайыптылар арасындағы мүдіктік ж/е мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын,отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті ж/е толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ.Некеге тұру үшін заң некеге тұрудың жағымды ж/е жағымсыз жақтарын белгілейді. Жағымды жақтарына:некеге ттұрушы еркек пен әйелдің өзара ерікті келісімі ж/е олардың неке жасына жетуі жатады.

Жағымсыз жақтарына:некеге тұруға жол бермейтін жәйттер кіреді.Некеге тұруға:1)біреуі болса да басқа тіркелген некеде тұрған адамдардың;2)тікелей ата-тегі бойынша ж/е өзінен тарайтын жақын туыстардың ; 3)асырап алушылар мен асырап алғандардың; 4)біреуін болса да психикалық ауруының н/е ақыл-есі кемдігінің салдарынан неке қиюға жол берілмейді.

Некеге тұратын адамдардың тікелей қатысуымен неке мем-к азаматтық хал актілерін жазу органдарында қиылады.Некені қию некеге тұруға тілек білдірушілер азаматтық хал актілерін жазу органына арыз берген күннен бастап 1 ай мерзім өткен соң жүргізіледі.

Қылмыстық құқық -қылмыстық заңнаманың міндеттері мен қағидаттарын,қылмыс ұғымын,қылмыстық жауапкершіліктің негізін қылмыстың түрлері мен белгілерін,жазаны,қылмыстық жауапкершілікпен жазадан босатудың негіздерін анықтайтын

заңды нормалар жиынтығы.

Қылмыстық құқықтың міндеттері:

1)Қорғау -қылмыстық құықтық шараларды қолдана отырып қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау міндеті.

2)Алдын алу –(профилактика) міндеті қылмыстың алдын алу,оны болдырмаудың жолдарын қарастыру немесе қылмыс жасаған тұлғаның қайта қылмыс жасмауының алдын алу.

3)Тәрбиелік міндетті қылмысты құқықтың барлық институттары мен нормалары атқарады.(жаза,қажетті қорғаныс,мәжбүрлік,қажеттілік)

Қылмыстық құқық жүйесі

Жалпы –ерекше бөлімнің баптарын дұрыс түсініп,құлданудың жалпы ережелері мен институттары,қылмыстық жауапкершілік туралы мәселелері,негіздері,қылмыстық заңның әрекеттік шегі,ұғымы,жауапкершіліктен босату тәртібі жайындағы мәселелер көрсетіледі.Ерекше-қылмыс және оның белгілері деп саналатын әрекеттерді көрсететін нормалар жиынтығы шоғырланған.

13Билет

.Атқарушы биліктің ұйымдастырылу жүйесі.

Атқарушы билік — “биліктің тармақталуы” заңдарына сәйкес құқық қолданушы билік. Оған парламенттің яғни заң шығарушы биліктің қабылдаған заңдарын атқару міндеті жүктеледі. Атқарушы билік жетекші, бірінші билік ретінде саналатын заң шығарушы билікке тәуелсіз. Атқарушы билік не президентке — мемл. басшысына және үкіметке (президенттік респ-ларда), не мемлекет басшысына (парламенттік елдерде) тиесілі болады.

Салық түсінігі мен түрлері. ҚР-сы салық органдарының құрылымы.

Салық – мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз ж-е өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер.

Салықтың ауыртпалығын көтеретін субъектіге б-ты салықтар тікелей ж-е жанама боп бөлінеді.

Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады.

Тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады. Тікелей салық нақты (мүлікке, затқа салынатын, мыс, көлік н/е мүлік салығы ) ж/е жеке (салық төлеуші-ң тікелей табысына, пайдасына салынатын с. Мыс, жеке табыс салығы) боп екіге бөлінеді.Түрпішіндеріне б-ты салықтар заттай ж-е ақшалай боп бөлінеді. Салық-ң субъектілеріне б-ты салықтар заңды тұлғалардан ж-е жеке тұлғалардан алынатын салық ьоп бөлінеді. Аумақтық деңгейлерге б-ты салықтар республикалық ж/ежергілікті болып бөл.Бюджеттік реттеу-ң әдісі ретінде қолданылуына б/ты салықтар бекітілген ж/е реттеуші б.бөл Пайдаланылу сипатына б/ты салықтар жалпы бағыттағы ж/е белгілі мақсаттағы б.бөл.Салықты есептеп шығару тәсіліне б/ты еңбекақыға салынатын ж/е еңбекақыдан тыс салынатын (салық төлеуші-ң өзі есептеп шығарып, өзі төлейді) салық б.бөл.ҚР салық түрлері:1. Корпорациялық табыс салығы;2. Жеке табыс салығы;3. Қосылған құн салығы – тауарларды өндіру ж/е олар-ң айналысы процесіне қосылған, оларды өткізу б/ша салық салынатын айналым құны-ң бір бөлігін бюджетке аударуды, сондай-ақ ҚР аумағындағы тауарлары импорты кезіндегі аударымды білдіреді;4.Акциздер;4-1. Экспортталатын шикі мұнайға , газ конденсатына рента салығы – жеке ж/е заңды т-р төлеушілер болып табылады; 5. Жер қойнауын пайдаланушылар-ң салықтары мен арнаулы төлемдері; 6.Әлеуметтік салық; 7. Жер салығы – ауыл шар. мақсатындағы жерлер,елді мекендер жерлері,өнеркәсәп жерлері,ерекше қорғалатын аймақтық жерлері,су қоры жерлері ; 8. Көлік құралдары салығы-егер заңнамада басқадай көрсетілмесе меншік құқығында салық салу,объектілері бар жеке тұлғалар және мал шаруашылық жүргізу немесе оралымды басқару құқығы салық салу объектісі бар заңды тұлғалар олардың құрылымдық бөлімшелері көлік құр. сал. төлеуші болып табылады. ; 9. Мүлік салығын төлеушілер –заңды тұлғалар,жеке тұлғалар ҚР аумағында меншік,шару жүргізу немесе оралымды басқару құқығында салық салу объектісі бар заңды жеке тұлғалар.

Іс жүргізу әрекеттерін жасауға арналған мерзімдер сағаттармен, тәуліктермен, айлармен, жылдармен есептеледі. Мерзімдерді есептеу кезінде мерзімнің өтуі басталатын сағат пен тәулік есепке алынбайды. Адамды қылмыс жасады деген күдік бойынша ұстаған кезде мерзім осы шара іс жүзінде қолданылған сәттен (сағаттан) бастап есептеледі.Мысалы Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 184-бабында көрсетілгендей егер құқық қорғау органдарына қылмыс туралы арыз немесе хабар түссе, шешім ол түскен күннен бастап үш тәуліктен кешіктірілмей қабылдануға тиіс. Қажет болған жағдайда қосымша мәліметтер алу, құжаттарды немссе өзге материаддарды талап ету, оқиға өткен жерді қарау, сараптама жүргізу үшін бұл мерзімді анықтау органының бастығы, тергеу бөлімінің бастығы он тәулікке дейін, ал ерекше жағдайларда - бір айға дейін ұзарта алады, бүл туралы жиырма төрт сағаттың ішінде прокурорға хабарлануға тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]