Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kukyk_bilet_2.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.75 Кб
Скачать

21Билет

Қаржылық құқық түсінігі және пәні

Қаржы құқығы мемлекеттің дамуының әрбір нақты кезеңінде оның міндеттері мен қызметтерінің үздіксіз атқарылуын қамтамасыз ету үшін мемлекеттің қаржылық қызметінің барысында пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.Мемлекеттің қаржылық қызметі түрлі әдістердің көмегімен іске асырылады.

Ақшалай қаржыны бөлу мен пайдаланудағы негізгі әдістердің бірі қаржыландыру мен несие беру әд-рі. Қаржыландыру ол жоспарлы, мақсатты, қайтарымсыз, ақысыз мемлекеттік бюджеттен берілетін ақшалай қаражат, яғни бюджет қаражатын алушыларға осы қаражатты бөлу. Ал керісінше несие беру банкілік қарыз түріндегіжоспарлы, мақсатты, ақылы және белгіленген мерзімде қайтарылатын, пайызбен берілетін ақшалай қаржы. Несие берудің өзі мемлекеттік, банктік және коммерциялы түрлері бар.Мемлекеттің қаржылық іс-әрекетінің барысында материалды және ұйымдастырушылық сияқты екі түрлі қаржылық қатынастар қалыптасады.Материалды қаржылық қатынастар мемлекеттікақша қорларын қалыптастыру және бөлу үрдісін, ақшалай қаржылардың қозғалысын қосымша реттейді.

Ұйымдастырушылық қаржылық қатынастар мемлекеттен ақша. Қаржы жүйелерінің, қаржыны мемлекеттік басқару жүйесінің, қаржылық жоспарлауды ұйымдастыруды мемлекеттік қаржылық бақылауды ұйымдастыру барысында қалыптасады.

.Әкімшілік-құқықтық қатынастар түрлері мен ерекшеліктері

Әкімшілік құқық – қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.

Қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал жасаушы тәсілдәк сипатта болатын әкімшілік құқықтың әдістері өзіндік бірнеше ерекшеліктермен өзгешеленеді. Біріншіден әкімшілік құқық әдістерінің, яғни төменгі органдар мен лауазымды адамдар, жоғ. органдардың бұйрығын, тапсырмасын орындайтын сатылылығы. Келесі бір ерекшеліктері құқықтық нормативтік актілерде көрсетілген нормалардың, қалыптардың, талаптардың бұлжытпай орындалуы. Мұндай міндеттеу адамдардың барлығына бірдей не белгілі бір әлеуметтік топтарға ғана бағытталуы мүмкін.

.ҚР-сы Экология Кодексі бойынша заңды тұлғалардың , қоғамдық ұйымдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының құқықтары мен міндеттері

13-бап. Жеке тұлғалардың қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Жеке тұлғалардың:

1) өздерінің өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруға;

3) қоршаған ортаны қорғау қоғамдық бірлестіктері мен қорларын құруға;

5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоршаған ортаны қорғау саласындағы жиналыстарға, митингілерге, пикеттерге, шерулер мен демонстрацияларға, референдумдарға қатысуға;

Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласындағы құқықтары мен міндеттерi

1. Қоғамдық бірлестіктердің қоршаған ортаны қорғау саласында өз қызметін жүзеге асыру кезінде:

1) экологиялық бағдарламаларды әзірлеуге және насихаттауға, азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, оларды қоршаған ортаны қорғау саласындағы белсенді қызметке ерікті негізде тартуға;

2) қоршаған ортаны қорғау мен сауықтыру, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен молықтыру жөніндегі жұмыстарды орындауға, экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін қорғауға, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың қызметіне қатысуға;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша шешімдер қабылдау процесіне қатысуға;

5) қоғамдық экологиялық сараптамаға және қоғамдық тыңдаулар өткізуге бастамашылық жасауға және оларды ұйымдастыруға;

4) жергілікті атқарушы органдарға, тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органға экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғи және басқа да объектілерді тарих немесе мәдениет ескерткіштері деп жариялау туралы ұсыныстар енгізу жатады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]