
- •2, Әкімшілік жаза түрлері.
- •3, Отбасы құқығы
- •1, Құқықтық мем-т ж/е азаматтық қоғам
- •2, Келісім-шарт ж/е оның түрлері.
- •2, Салық заңнамасын бұзғаны үшін заңды жау-к
- •2, Қаржы құқ-да құқ-қ реттеу әдістері
- •3, Сыбайлас жемқорлықпен байланысты құқ.Бұзушылық субъектілері
- •1, Мемлекет ж/е құқықтың пайда болуы турал теориялар
- •2, Заңды тұлға түсінігі белгілер ж/е түрлері
- •1, Құқық пайда болу ж/е ұғымы
- •3, Қылмыстық іс-жүргізу принципі.
- •2, Міндеттердің атқару түрлері
- •1, Құқық бұзуш-ң заңдық құрамы.
- •2, Еңбек заңнамасының бұзған үшін жауаптылық.
- •11Билет
- •12Билет
- •13Билет
- •14Билет
- •15Билет
- •16Билет
- •17Билет
- •18Билет
- •19Билет
- •20Билет
- •21Билет
- •22Билет
- •2, Еңбек құқығы пәні, әдістері мен жүйесі. Оның субъектілері.
- •23Билет
- •24Билет
- •1, Салық құқығы түсінігі, пәні ж/е жүйесі.
- •2, Азаматтық құқық объектілері.
- •3, Сыбайлас жемқорлықпен күрес-ң негізгі қағидалары
- •25Билет
- •3, Саяси жүйе және мемлекет
1билет
1, Мем-т пайда болуы.
Мемлекет бұл арнайы басқару мен мәжбүрлеу аппараты бар,қоғамның өкілі бола тұра,оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін егеменді ұйым.Мемлекеттің қалыптасуының үш жолы бар:батыстық,шығыстық,аралас.
Алғашқы мемлекеттер біздің заманымыздың бұрынғы 4-5 мың жылдықтарда Ежелгі Египетте,Вавилонда, Үндістанда, Қытайда дүниеге келді.Қоғамдық еңбек бөлінісінің,жеке меншіктің, бай мен кедей сияқты таптардың қалыптасуы,көшпеліліктен отырықшылыққа ауысу, аумақтың анықталуы сияқты құбылыстар мемлекеттің пайда болу қажеттілігін туғызды.
2, Әкімшілік жаза түрлері.
1.ескерту
2.әкімшілік айыппұл салу
3.әкімшілік құқық бұзушылық жасасу құралы не нысаны болған заттың өтемін төлеп алып қою.
4.мүлікті тәркілеу.
5.Арнаулы құқықтан айыру
6.Лицензиядан арнаулы рұхсаттан, біліктілік аттестатынан айыру немесе қызмет белгілі бір түріне не белгілі бір іс әрекеттер жасауға оның қолданылуын тоқтата тұру.
7.Жеке кәсіпкерлік қызметін тоқтата тұру немесе оған тыйым салу.
8.Заңсыз салынып жатқан немесе салынған құрылысты мәжбүрлеп бұзып тастау.
9.Әкімшілік қамауға алу.
10.шетелдік немесе азаматтығы жоқ адамды Қазақстан Республикасының шегінен әкімшілік жолмен кетіру.
3, ҚР-ң Конституцилық құқығы
Конституциялық құқық ҚР конституциялық құрылысының,адам мен азаматтың мәртебесінің, мемлекет құрылымының,мемлекеттік билік органдары жүйесінің,жергілікті мемлекеттік және өзін өзі басқарудың негіздерін реттейтін,құқық нормалары жиынтығынан тұратын құқықтың бір саласы.
Конс. құқық тұлғаның құқық мәртебесі мен ҚР мемлекеттік құрылысын реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы құқық саласы.Конс құқық ғылымы қоғамдық ғылымдар жүйесіне жататын заң ғылымдарының құрамдас бөлігі.
Конс құқық салалық заң ғылымдарына кірФфеді.Конс құқық ғылымы конс құрылыстың институттарында бекітілген мемлекеттік құқықтық және мемлекеттік биліктің іске асырылуы байланысты болатын ерікті қоғамдық қатынастардың дамуы заңдылықтары жайындағы ғылыми білімдер жүйесі. Құқық қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған , мемлекет бекітіп, қамтамасыз ететін,жалпыға міндетті,формальды анықталған заңдық нормалар жүйесі.
Құқықтық актілер ішінде заңдық күші жағынан ең жоғары тұрған ҚР-сы Конституциясы.
2билет
1, Мем-т ұғымы ж/е белгілері
Мемлекет бұл арнайы басқару мен мәжбүрлеу аппараты бар,қоғамның өкілі бола тұра,оны басқаратын және оның дамуын қамтамасыз ететін егеменді ұйым,Ғылымға мемлекет терминін алғаш рет италияндық ойшыл Николло Маиавелли енгізген.Оған дейін мемлекет деген ұғымның орнына Республика,корольдық, қалақық қауым, патшалық,ел,басқару,өктемдік деген сияқты әр түрлі қолданылып келген.
Мемлекет белгілері:
1.Бұқаралық биліктің болуы
2.Аумақтық бөлініс
3.Салықтар жүйесі
4.Егемендігі
5.Құқықтың,заңдардың болуы
2, ҚР-ң Конституциясы-мем-ң негізгі заңы
Конституция латыншадан constitutio –аударғанда бекіту,орнату деген мағына береді.Ежелгі Римде Конст. деп императорлардың шығарған актілерін атаған.Ең алғашқы конст. 1787 жылы қабылданған АҚШ конституциясы.2-ші конст. 1791 жылы Францияда қабылданған.Конституция деп мемлекет пен адамның, азаматтардың өзара қарым қатынасын, мемлекеттік органдар жүйесінің ұйымдастырылуы мен іс әрекетін, қоғамдық құрылыс пен мемлекеттік құрылымды бекітетін ,жоғарғы заңды күші бар нормативтік акт, Негізгі заңды айтамыз.Конст –ның негізгі міндеттері:заңдық қызметі,саяси қызметі, идеологиялық қызметі, экономикалық қызметі.
3, Отбасы құқығы
Отбасы құқығы некелесу,туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады.Отбасы құқығының пәнін құрайтын қоғамдық қатынастар озіндік (мүліктік емес) ,немесе мүліктік болуы мүмкін.Отбасы құқығының пәніне кіретін мүліктік қатынастар жеке адамның құқықтары мен міндеттеріне байланысты болады.
3билет