- •Кибернетика. Кибернетиканың негізгі бөлімдері.
- •Кибернетиканың қалаушылары. Басқару категориясы.
- •Информацияның анықтамасы. Шеннон анықтамасы. Информацияның өлшем бірліктері.
- •Информацияның түрлері. Дискреттеу процесі, дискреттеу жиілігі. Найквист теоремасы.
- •Дискреттік информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •6. Үздіксіз информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •7.Информациялық энтропия. Информация және информациялық энтропияның қасиеттері.
- •10. Информацияны жіберу жүйесінің моделі. Модулятор және демодулятор.
- •11. Модуляция түрлері. Амплитудалық, Жиіліктік, Фазалық модуляциялар.
- •12. Байланыс каналы. Байланыс каналының негізгі түсініктері.
- •14. Бөгеуге тұрақты таңбалаудың түрлері. Қарапайым кодтар. Хэммингтiң түзеткiш (коррекциялау) таңбалауы
- •Түзеткiш (коррекциялық) таңбалаудың этаптары
- •15. Информацияны қорғау теориясының негізі. Криптография. Шифрлеуші кестелер
- •18. Шеннон- Фано әдісінің этаптары
- •19. Хаффман әдісі.
- •21. Криптоанализ. Криптоанализдің қажеттілігі.
- •22. Lz77 алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •23. Lzss алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •25. Lzw Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері
- •27. Видео бейнелерді қысу әдістері. Mpeg-7 стандарты.
- •Видео бейнелерді қысу әдістері.
- •28.Хэммингтiң таңбалау және түзейткіш этаптары
- •29. Интернет протоколдары.
- •Қасиеттері
- •Қосымша мәлімет
29. Интернет протоколдары.
Интернет (ағылш. Internet — International Network) — компьютерлік серверлердің бүкіләлемдік желісі.
Интернетке қосылу мүмкіндігі болған жағдайда, білім беру мекемелері, мемлекеттік ұйымдар, коммерциялық кәсіпорындар және жеке адамдар сияқты миллиондаған қайнар көзінен ақпарат алуға болады. Қазіргі кезде Интернет сөзін пайдаланғанда, физикалық желінің өзін емес, Дүниежүзілік желі және ондағы ақпаратты айтамыз. Егер бұл терминді енгізген ағылшын тіліндегі RFC құжатына сүйенсек, онда бұл термин екі түрде жазылып, сәйкесінше екі мағынаға ие болады. Егер Интернет сөзі кішкентай әріптен басталса, онда бұл термин мәліметтер пакетін маршрутизациялау арқылы желілерді байланыстыру ұғымын білдіреді. Бұл кезде ауқымды ақпараттық кеңістік туралы айтылмайды. Көбінесе, бұл екі түсінікті бір-бірінен ажыратып жатпайды.
Бұл жағдайдағы протокол түсінігі - желімен жұмыс жасаған кездегі компьютерлер арасындағы мәліметтер алмасу «тілін» білдіреді. Әртүрлі компьютерлер бір-бірімен байланысу үшін, олар бір протоколмен байланысуы керек. Интернет протоколдар жүйесін TCP/IP протоколдар жиыны деп атайды.
Төменде кең тараған интернет-протоколдардың аттары келтірілген:
Қолданбалы деңгейде: DNS, FTP, HTTP, HTTPS, IMAP, LDAP, POP3, SMTP, SSH, Telnet, XMPP (Jabber), SNMP
Бас жол мәтіні
Сеанстық деңгейде/көрсету деңгейінде: SSL, TLS
Транспорттық деңгейде: TCP, UDP
Желілікдеңгейде: BGP, ICMP, IGMP, IP, OSPF, RIP, EIGRP,IS-IS
Арналықдеңгейде: Ethernet, Frame relay, HDLC, PPP, SLIP
Белгілі бір стандартқа келтірілмесе де, Интернетте кең тараған протоколдар бар. Бұл протоколдар көп жағдайда файлдармен және мәтіндік мәліметтермен алмасу үшін қажет, кейбіреулерінің негізінде бүтін файл алмасу желілері құрылған. Бұл протоколдар:OSCAR, CDDB, eDonkey2000 (желінің аты; протокол MFTP деп аталады), BitTorrent, Gnutella, Skype.
30.IP-телефония (немесе VoIp, ағылшынша Voice over ip; IP-телефония)- интернет желісі немесе басқа да IP желісі бойынша дыбыстық сигналды жіберетін байланыс жүйесі. Сигнал байланыс каналы бойымен сандық түрде жіберіледі, және де жіберілер алдында шығынды жою үшін сығылады.
Функционалдығы
VoIp технологиясы PSTN технологиясы бойынша қиынға және қымбатқа түсетін есептер мен шешімдерді жүзеге асырады. Мысалы: Жоғары жылдамдықты телефон байланысы арқылы бірден көп телефон қонырауларын жіберу. Сондықтан VoIp технологиясы үйде немесе офистегі телефон желісін қосудың қарапайым әдісі ретінде қолданылады.
Қасиеттері
Конференция
Қоңырау шалуды қайта адрестеу
Автоматты түрде нөмірді қайта теру
Қоңырау шалушының нөмірін анықтау
Дәстүрлі телекоммуникациялық компанияларға қарағанда ақысыз беріледі.
Стандартталған протоколмен қорғалған қоңырау шалулар (мысалы SRTP) . Қорғалған телефон шалулар мәселесінде туындаған қиындықтар, мысалға сигналды цифрлендіру VoIp – де шешілген. Қолданылатын протоколда тек сигналды шифрлеуді және оны идентификациялауды орындау керек.
Орналасу жеріне тәуелсіздігі. Voip провайдеріне қосылу үшін тек Интернет байланысы керек. Мысалға, қоңырау шалу орталығының операторлары VopIp көмегімен тұрақты интернет желісі арқылы кез келген офистен жұмыс істей алады.
Басқа адамдармен интернет арқылы интеграция сонымен қоса видео-қоңырау шалу, сөйлесу кезінде мәліметтер және хабарламалармен алмасу, аудио конференциялар, адрестік кітапшаны басқару және де басқа абоненттерге қоңырау шалу туралы мәліметтер алу мүмкіндігі бар.
Қосымша телефон қасиеттері, соның ішінде қоңырау шалуды маршрутизациялау , ағып шығатын терезелер, алтернативті CSM роуминг және IVR – оңай және арзан кіріктіру мен инеграциялау. Телефон қоңырауы дербес компьютермен бір жерде орналасу фактісі көптеген мүмкіндіктерге жол ашады.
