- •Кибернетика. Кибернетиканың негізгі бөлімдері.
- •Кибернетиканың қалаушылары. Басқару категориясы.
- •Информацияның анықтамасы. Шеннон анықтамасы. Информацияның өлшем бірліктері.
- •Информацияның түрлері. Дискреттеу процесі, дискреттеу жиілігі. Найквист теоремасы.
- •Дискреттік информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •6. Үздіксіз информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •7.Информациялық энтропия. Информация және информациялық энтропияның қасиеттері.
- •10. Информацияны жіберу жүйесінің моделі. Модулятор және демодулятор.
- •11. Модуляция түрлері. Амплитудалық, Жиіліктік, Фазалық модуляциялар.
- •12. Байланыс каналы. Байланыс каналының негізгі түсініктері.
- •14. Бөгеуге тұрақты таңбалаудың түрлері. Қарапайым кодтар. Хэммингтiң түзеткiш (коррекциялау) таңбалауы
- •Түзеткiш (коррекциялық) таңбалаудың этаптары
- •15. Информацияны қорғау теориясының негізі. Криптография. Шифрлеуші кестелер
- •18. Шеннон- Фано әдісінің этаптары
- •19. Хаффман әдісі.
- •21. Криптоанализ. Криптоанализдің қажеттілігі.
- •22. Lz77 алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •23. Lzss алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •25. Lzw Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері
- •27. Видео бейнелерді қысу әдістері. Mpeg-7 стандарты.
- •Видео бейнелерді қысу әдістері.
- •28.Хэммингтiң таңбалау және түзейткіш этаптары
- •29. Интернет протоколдары.
- •Қасиеттері
- •Қосымша мәлімет
Видео бейнелерді қысу әдістері.
Статикалық немесе видео бейнелерді қысу екі әдіспен жүргізілуі мүмкін: шығынмен және шығынсыз.
Бейнелердің шығынсыз қысу кезінде бейне қысылған соң бастапқы бейнемен салыстырғанда еш өзгеріссіз болады. Ондай қысудың мысалы ретінде статикалық бейне үшін GIF форматы ал видео бейне үшін GIF89а бола алады.Бұндай қысу кезінде қысу коэффициенті аз болғандықтан оларды қолдану қиындайды себебі жіберілетін информация мөлшері көбейеді.
Бейнелерді шығынмен қысу- сапалық шығын қысу кезінде информацияның қандайда бір бөлігінің жоғалуымен сипатталады.Дегенмен бейнелерді шығынмен қысу деп адмның қабылдауы бойынша, бейнені көргенде қысылған бейне мен бастапқы екеуі арасындағы айырмашылықтар көрінетін қысуды айтамыз. Осылайша екі бейненің бастапқы және қысылған бір-бірімен сәйкес келмеседе екеуі арасындағы айырмашылық байқаусыз болады. Мұндай қысудың мысалы ретінде статикалық бейне үшін JPEG алгоритмі ал видео бейне үшін MotionJPEG алгоритмі бола алады.
MotionJPEG бейнелерді JPEG бейнелердің реті ретінде көрсетеді. MotionJPEG видео жүйелерде қолданылатын негізгі стандартты алгоритм. Видеокамера сандық фотоаппарт тәрізді бейнені бөлек-бөлек JPEG форматына қысу арқылы өңдейді.
Видеокамера бірнеше кадрды бір секундта өңдей алады. Осыдан соң оларды үздіксіз ағын түрінде көрсетеді. Жылдамдығы 16 кдр/сек және одан да көп болған кезде адам көзі бейнелер ағынын үздіксіз видео ретінде қабылдайды. MotionJPEG алгоритмі JPEG бейнелердің бөлек-бөлек жиынтығы ретінде көрсеткендіктен кинопленкамен салыстыруға болады. Әрбір кадр анық бейнені көрсетеді.
H.263 – тұрақты жылдамдықпен жиберуге арналған қысу форматы. Оның негізгі кемшілігі объект қосғалысы кезінде видео сапасы төмендейді.. H.263 байланыс-конференция үшін жасалынған, ол бақылауға арналмаған.
MPEG
MPEG жасалу негізін Motion Picture Experts Group ғалымдары өткен ғасырдың 80-ші жылдары қалаған. MPEG негізгі қысу принціпі ол екі реттелген бейнелерді салыстыру және желі бойынша тек азғантай кадр мөлшерін жіберу болып табылады. Ал қалған кадрлар тек бір кадрдың келесісінен артықшылықтарын сақтайды. Барлық MPEG форматтарында қозғалыс компенсациясы әдісі қолданылады. Қысу кезіндегі көптеген қиыншылықтарға қарамастан MPEG қысу форматы MotionJPEG-пен салыстырғанда информация көлемін төмендетуге жол ашады.
MPEG-7 стандарты ISO/IEC стандарты болып табылады.Ол MPEG (Moving Picture Experts Group) комитетімен құрылған және осы комитет MPEG-1, MPEG-2 и MPEG-4 стандарттарымен өндірілген. MpeG-1 и MPEG-2 стандарттары CD-ROMда, цифрлік телекөрсетілімдерде интерактивті видеоларға мүмкіндік берді. MPEG-4 стандарты стандартталған технологиялық элементтерді ұсынады.Ол парадигмалардың интеграциясына рұқсат етілген өндіріс.Оның саласына цифрлік телекөрсетілімдер,интерактивті графика және интерактивті мультимедия жатады.
MPEG-7 негізінен “Мультимедиа-интерфейс үшін құрамды сипаттау” деп аталады(Multimedia Content Description Interface).Ол мультимедиялық материалдардың сипаттамасын белгілі мақсатпен стандартизациялайды.
MPEG-7 материалдың сипаттамасын көрсетуге мүмкіндік береді:
Құрылатын процесстерді және материал өндірісін сипаттайтын информация(директор,тақырып,қысқа уақытты ойын фильмдері)
Материалды қолданануға жататын информация (авторлық құқық нұсқаулары,қолдану тарихы, хабар тарату тізімі)
Материалдарды жазу характеристикалары туралы информация (жазу форматы, кодтау)
Кеңістіктік,уақыттық немесе кеңістіктік-уақыттық компоненттер (қойылымдарды кесу,аймақ сегментациясы, аймақтардың орын ауыстыруын қадағалау)
Төмен сатылы матерал характеристикалары туралы информация (түс, текстуралар, дыбыс тембыры, ән сипаттамалары)
Материалдың нақты құрамы туралы концептуалды информация (объектер мен оқиғалар, объекттердің әрекеті)
Объект жиналысы туралы информация.
Материалды пайдаланушының әрекеті туралы информация(пайдаланушының қалауы,қолдану тарихы)
MPEG-7 өңделген жүйесі 1-суретте көрсетілген.
