
- •Кибернетика. Кибернетиканың негізгі бөлімдері.
- •Кибернетиканың қалаушылары. Басқару категориясы.
- •Информацияның анықтамасы. Шеннон анықтамасы. Информацияның өлшем бірліктері.
- •Информацияның түрлері. Дискреттеу процесі, дискреттеу жиілігі. Найквист теоремасы.
- •Дискреттік информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •6. Үздіксіз информацияны өлшеуідің ықтималдылық тәсілі.
- •7.Информациялық энтропия. Информация және информациялық энтропияның қасиеттері.
- •10. Информацияны жіберу жүйесінің моделі. Модулятор және демодулятор.
- •11. Модуляция түрлері. Амплитудалық, Жиіліктік, Фазалық модуляциялар.
- •12. Байланыс каналы. Байланыс каналының негізгі түсініктері.
- •14. Бөгеуге тұрақты таңбалаудың түрлері. Қарапайым кодтар. Хэммингтiң түзеткiш (коррекциялау) таңбалауы
- •Түзеткiш (коррекциялық) таңбалаудың этаптары
- •15. Информацияны қорғау теориясының негізі. Криптография. Шифрлеуші кестелер
- •18. Шеннон- Фано әдісінің этаптары
- •19. Хаффман әдісі.
- •21. Криптоанализ. Криптоанализдің қажеттілігі.
- •22. Lz77 алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •23. Lzss алгоритмі. Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері.
- •25. Lzw Алгоритмнің ұтымды жақтары және кемшіліктері
- •27. Видео бейнелерді қысу әдістері. Mpeg-7 стандарты.
- •Видео бейнелерді қысу әдістері.
- •28.Хэммингтiң таңбалау және түзейткіш этаптары
- •29. Интернет протоколдары.
- •Қасиеттері
- •Қосымша мәлімет
Кибернетика. Кибернетиканың негізгі бөлімдері.
. Кибернетика – бұл информацияны алу, сақтау, жіберу жəне өңдеудің жалпы заңдары туралы ғылым. Оның негізгі зерттеу заты – материялық табиғатына байланыссыз абстракт қаралатын кибернетикалық деп аталатын жүйелер. Кибернетикалық жүйенің мысалы: техникада автоматты реттеуші, ЭЕМ, адам немесе жануардың миы, биологиялық популяция, социум.
Кибернетика басқару жүйесін құру жалпы принциптері мен ми жұмысын автоматтандыру жүйелерін құратын болғандықтан, көбінесе оны жасанды интеллект əдістерімен байланыстырады.
Қазіргі кездегі кибернетиканың негізгі бөлімдері болып (олар негізі абсолютті өз бетімен жəне тəуелсіз) келесі саналады:
Информация теориясы
Алгоритмдер теориясы
Автоматтар теориясы
Операцияларды зерттеу
Тиімді басқару теориясы
Образдарды тану теориясы
Кибернетиканың қалаушылары. Басқару категориясы.
Кибернетиканың қалаушылары болып (1948 жыл, бірінші жариялымның шығуы) Америка ғалыдары Норберт Винер жəне Клод Шеннон (Shennon – информация теориясының қалаушысы) саналады. Олар негізгі басқару категориясын енгізді, оның басқа категориялардан айырмашылығы бар екенін көрсетті, машиналардың ерекше роліне назар аударды, Винерге басқару категориясын жасауға көмектесті. ТМД-а кибернетиканың дамуына елеулі үлес қосқан академиктер А.И.Берг, В.М. Глушков. 50-шы жылдары елімізде кибернетика жалған ғылым деп жарияланған жəне тиым салынған, бірақ оған қарамастан “кибернетика” сөзімен байланыссыз оның маңызды тараулары дамыған.
Винер кибернетиканың негізгі басқару категориясын еңгізді, оның басқа категориялардан, мысалы, энергиядан, айырмашылығы бар екенін көрсетті жəне есептеуіш машиналардың ерекше рөліне назар аударды. Басқару категориясын бөлу Винерге информация түсінігін қолдануға мүмкіндік берді, кибернетиканың негізіне информацияның жіберу жəне түрлендіру заңдарын қойды.
Басқару принциптің мəні келесі: көп массаның қозғалысы мен əсерін немесе көп мөлшерлі энергияны жіберу жəне түрлендіру информациясы бар аз мөлшерлі энергиямен бағытталады жəне бақыланады
Информацияның анықтамасы. Шеннон анықтамасы. Информацияның өлшем бірліктері.
«Информация» термині латынның түсіндіру, баяндау, хабарлау, білу деген ұғымдарды білдіретін «informatio» сөзінен шыққан.
Информация – белгілі бір нəрсе (адам, жануар, зат, құрылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мəліметтер тобы. Информация схемалар, сызбалар, мəтін, сурет, дыбыс жəне жарық сигналдары, энергетикалық жəне жүйкелік импульстер түрінде беріледі.
Информацияның осындай сияқты бірнеше анықтамалары бар, бірақ негізгі болып информацияның Шеннон анықтамасы саналады:
Информация деген алынған мəліметтің, хабардың нəтижесінде анықталмағандықтың азаю мөлшері.
Бұл информацияның классикалық анықтамасы К. Шеннонның 1948 ж. "Математическая теория связи" жұмысында жарық көрген.
Ықтималдықтар теориясында информация аддитивті мөлшерлік өлшем ретінде кездейсоқ оқиғаларды бір-біріне қатысты ықтималдылығымен салыстыру арқылы енгізіледі. Барлық информация теориясы негізінде информацияны мөлшерлі бағалау жатыр. Қарапайым комбинаторикалық формада бұл тұжырымды Р. Хартли ұсынды, ал толық аяқталған түрін К. Шеннон тұжырымдады.
Информацияның өлшем бірліктері.
Кодтау (coding; кодирование) – информацияны берудің бір түрінен келесі түріне өту процесі. Негізінде кодтау термині иформацияны сақтауға, өңдеуге, тасымалдауға тиімді басқа түрде бейімдеу ретінде түсіндіріледі. Алфавит – кодтауға қолданылатын символдардың толық жиыны.
Екілік кодтау дегеніміз – информацияны кодтауда 1 жəне 0 символдарының қолдануы. Осы кодтау арқылы берілетін информацияның ең кіші өлшем бірлігі бит (1 немесе 0) болып табылады.
ЭВМ құрылғысы жеке битпен жұмыс істемейді, бірден бір топ битпен жұмыс істейді. Сегіз биттен құрылған тізбек, бір байтты құрайды. Байт – информация мөлшерінің бірлігі немесе 8 битке тең компьютерлік жад. Әрбір байт мəліметтердің бір таңбасына - əріпке, цифрға немесе символға сəйкескеледі. Әрбір байт компьютерде біртұтас бүтін ретінде өңделеді.
Сонымен қатар информацияның мөлшерін өлшеуде едəуір үлкен бірліктер де қолданылады:
1 Килобайт = 1024 байт
1 Мегабайт = 1024 Кбайт
1 Гигабайт = 1024 Мбайт
1 Терабайт = 1024 Гбайт
1 Петабайт = 1024 Тбайт
1 Экзабайт = 1024 Пбайт