
- •Этнопедагогика ғылымы, оның пәні мен міндеттері
- •Қазақ этнопедагогикасының принциптері, тәрбие факторлары мен әдістері
- •1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
- •2 Кесте
- •Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы
- •Қазақ этнопедагогикасындағы дене, ақыл-ой, еңбек және табиғатты қорғау тәрбиелері
- •Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиенің түрлері
- •Халық педагогикадағы адамгершілік – имандылық тәрбиелері.
- •Халық педагогикасындағы ерлік және құқықтық тәрбиелер.
- •Ұлттық салт-дәстүрлер өмір тәрбиесінің мектебі.
Ұлттық салт-дәстүрлер өмір тәрбиесінің мектебі.
Адамның дүниеге келуінен бастап өлгенге дейінгі өмірінің салт-дәстүр құлағында өтеді, яғни әрбір жаңалыққа, жақсылыққа және жақын туыстарының қайтыс болуына байланысты қазақ халқы жиылыстар өткізіп отырған. Ол салт - дәстүрлер келесідей ретпен жүреді: құрсақ той, шілдехана той, бесік той, айттыру, құда тұсу, күйеу жігіттің қызға ұрын келуі, қыз ұзату, ұзатуда қыздың сыңсу айтуы, келін түсіру және оның елмен таныстырып бетін ашуы, үйлену тойы. Осы той кезінде өткізілетін ойын-сауықтық ойындар: алтыбақан, ақсүйек, айтыс, бәйге, көкпар, т.б.
Жақсы жаңалықтар болғанда туған туыстар бірі-бірінен сүйінші сұраған.
Қазақ халқында өлікті жөнелтуге байланыстыда салт-дәстүрлер қалыптасқан: жоқтау айту, өлікті ауыл-аймақ болып жөнелту, көңіл айту, кісі өлген үйге тамақ әкеп ішкізу, жетісін, қырқын және жылын өткізу. Осы қаралы үйге туған-туыстары, жолдастары азаға қосқаным деп ат, інген, сияқты малдарды, жамбы, тайтұяқ сияқты асыл заттарды тарту еткен.
1.2. «Бата» ұғымының терең төркініне барлау жасар болсақ. Құранның бірінші сүресінің аты «Фатихадан» туындаған тәрізді. Мұнда жаратушы мен оның «елшісі» Мұхаммедке мадақ сөз айтылады екен. Бұл баталардың қандай түрін алсақта жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы, зерделі, арлы болып өсуге баулиды, малды-басты, дәулетті, бақытты, кекшіл емес кешірімді болуын тілейді. Жерін, елін қорғауға талапты ержүрек болып өсуге талпынтады.
Халқымыздың белгілі бір жүйемен құрылған бата тілек сөздерінде этикалық, эстетикалық және дидактикалық тұтастық бар. Бұл бата әрбір жастың бойында белгілі бір тұтастық-бірлігін, салт-дәстүрін, адамгершілік қасиеттерін сақтауға бірден-бір әдістемелік құрал болып табылады. Себебі болашақтың тұтқасы, иесі ұрпағына амандық, парасаттылық, ізеттілік, өжеттік, мейірім, өнер-білім, құт-береке, ұзақ өмір, үлкен табыс тілеу ежелден адамзаттың асыл мұрасы болған. Мысалы:
Айдай жарқыра,
Жұлдыздай жылтыра.
Маңдайың ашық болсын,
Дұшпаның қашық болсын – дейді.
Халқымыздың ежелгі қонақжайлылық салты бойынша, егер құрметті мейман келсе қой, не тай сойылатын, сояр алдында қонақтан бата сұрайтын. Ондағы мақсаттың бір жағы сойылатын малдың қандай екендігін, дені сау ма, малдың күйін байқайды. Сонан соң бата жасайды. Алғыс яки бата сөзде үй иесінің сау саламат болып, бәле жаладан амандығын тілейді.
Қорыта келгенде бата нәресте дүниеге келгенде, ұлды үйлендіргенде, келін түсіргенде, қыз ұзатқанда, жолға, аңға шыққанда, бие байлағанда, көшкенде, мүшел жаста, қоныс тойларда, үлкендерге құрмет көрсеткенде, кейде қаралы шақтарда да ақ бата береді.
1.3. Қоғамның дамуы, халықтар мен ұлттардың интернационалдық байланысы ұлттық психикаға игі әсерін тигізіп, бірнеше ұлтқа ортақ интернационалдық мазмұнды салт-дәстүрлердің пайда болуын туғызды. Мысалы кешегі кеңестік дәуірде ұлттық қарым-қатынастың күшеюне байланысты қазақтың ат бәйгесі немесе қазақша күрес, теңге алу, қыз қуу ойындарына интернационалдық сипат берілді де, бұл ойындар бүкіл Орта Азия елдерінде ортақ интернационалдық ойын түрлері болып кетті. Сондай-ақ, кешегі кеңістік дәуірде халықтардың идеялық сана-сезім бірлестігі ортақ әнұран, ортақ дәстүрлі әскери шеру салтанаттарын өткізу, жастарды әскер қатарына шығарып салу, еңбек кітапшасын табыс ету, неке куәлігін тапсыру сияқты салт-дәстүр түрлерін туғызады.
Заман талабына сай жаңа мазмұнды салт-дәстүрлердің туындауы да заңды құбылыс. Мысалы, қазіргі жастардың үйлену тойы рәсімдері бұрынғы қазақ ауылындағы осындай тойларға мүлде ұқсамайды.
1.4. Жаңа заман туғызған жаңа салт-дәстүрлер бүгінгі күндерде ерлі-зайыпты қариялардың алтын, күміс тойларын өткізуі; туған күнін тойлауы; 16 жасқа толған қыздар мен бозбалаларға төл құжат тапсыру қазір салтанатты түрде өткізіліп жүр; мектепті бітіруші оқушылар міндетті түрде ата-аналар мен мұғалімдермен бірлесе отырып, «банкет» өткізуі, таңды қарсыалуы; зейнеткерлерді құрметті демалысқа шығарып салуы; қоныс тойы жатады.