Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

Халық педагогикасындағы ерлік және құқықтық тәрбиелер.

Ерлік – кісінің қайрат-жігерінің, ақыл-ойының, ар-намысының, ынта-әрекетінің еңбектегі және ел қорғаудағы жеңісті де, жемісті көрінісі. Жеке адам ерлік әрекетке дейін батылдыққа, батырлыққа баулынады, тәрбие көріп, тәлім алады.

Халық тәрбиесінің негізгі мақсат-мүдделері: баланы еңбек етуге, ел қорғауға, саналылық пен салауаттылыққа, бірлік пен достыққа, мейірімділік пен қайырымдылыққа, көпшілдік пен кішіпейілділікке баулу.

Баланы ерлікке тәрбиелеуде халық ел игілігі болатын еңбекті, ел қорғайтын батырлықты мадақтап, жоғары бағалады. Халық елді қорғау адамгершіліктің асқар шыңы деп тұжырымдады. Халық педагогикасында елді қорғаушы ерлердің ерліктерімен қатар, сол ел үшін жан аямай еңбек еткен саналы жандардың еңбектері де ер атандыратын тәрбиелік үлгі-өнеге ретінде сипатталады.

Ерліктің жалыны ұлттық сезім мен ұлттық мақтаныштан, адамгершілік, ар-намыстан ұшқындайды. «Ер ел үшін туады, ел үшін өледі», «отызыңда орда қорғай алмасаң, қырқыңда қырдан аса алмайсың» дейді халық. Сөйтіп ерлік қасиеттерді, әсіресе батырлық жырларды қастердей насихаттайды. Батырлық жырлар эмоциялық әсермен тыңдаушының ынтасын арттырып, көріктілігінен көкейге қонады; ол шаттандырады, ондағы трагедиялық және қуанышты жайларды тыңдаушы өміріне, тебірене сезініп, ыстық жаспен, ынталы ықыласпен қабылдайды.

1.2. Ата-баба дәстүрі арқылы қанымызға сіңген – күрес, сайыс, найзаласу, садақ ату, бетпе-бет келген қарсыласының жанды жеріне соға білу көшпелі өмірде дене тірбиесінің күрделі болғанын білдіреді. Тартыс – қарусыз айқас өнері. Қарусыз айқас шығыс халқына тән және танымал өнер. Қазақ қарусыз айқаса білді. Қарусыз айқасу элементтері ат үстінде отырудан, асауды бұғалық лақтырып ұстаудан, қойды қуалап ұстаудан, малды пышақсыз союдан, бұқаны мүйізінен ұстап ұрып құлатуда, шалғы тартудан, қол диірмен тартудан, малдас құрып отырудан құралды, солар арқылы ширатылды.

Ұлттық ойын жарыстарында денсаулықты сақтау жолы да, өзін-өзі қорғау амалдары да айқын. Денсаулықты сақтаудың шарты – денені шынықтыратын қозғалыс пен жаттығуда, ағза мен жүйке тамырлардың тынысын реттеуде, рухты жоғары ұстай білуде. Денешынықтыру – денсаулық көзі, денсаулықты сақтау үшін әрекет; адамның күш мүмкіншілігін дамыту, жеңіске деген жігерін шыңдау, қиыншылыққа төзу қимыл-әрекетін шоғырландыра білу, соларға үйрену.

Дене еңбегімен үнемі шұғылданып жаттыққан адамның бұлшық ет талшықтары тез өседі, бойының күш-қуаты қалыптасады; сыртқы ортаның түрлі қолайсыз жағдайларына төзімдірек келеді; қозғалысы жинақы, ширақ, тез, әдемі жарасқан, қарым-қатынастық ережеге бейімделуі жоғары.

1.3. Жоқтау өлеңде өлген адамның ел-жұрты, ағайын-туысқа тигізген пайдасы, қамқорлығы, ерлігі, мырзалығы, бауырмалдығы т.б. кісілік қасиеттерін айтады. Тәттіқара деген кісінің жұбайы ерін жоқтап:

Көлдегі аққу дауысты,

Ақсұңқар құстай дыбысты.

Ерегескен дұшпанға,

Айдаһардай жабысты...

Елдің қамын ойлаған – деп оның халық үшін еткен еңбегін шаш етеді. Ауыз әдебиетінде Орақ, Мамай батырлардың шешесінің жоқтауы, Қазыбек бидің қызының әкесінің жоқтауы, Әбдрахманның (Абайдың сүйікті ұлы –С.Қ.) – жарты Мағыштың жоқтауы т.б. өлең-жырлар көп.

1.4. «Жеті жарғы» - ХVII ғасырдың аяқ кезі мен ХVIIІ ғасырдың басында Тәуке ханның (1680-1718) тұсында жасалған қазақтың әдет-құқығының жинағы. «Жеті жарғы» сол кездегі қазақтың тұрмыс, әдет-ғұрпына, өміріне тән қоғамдық қатынастардың негізгі салалары енген оның жазба толық нұсқасы әлі табылған жоқ, бізге ұрпақтан – ұрпаққа ауызша ауысқан түрі ғана жеткен. Оқушы назарына ұсынылып отырған «Жеті жарғы» - қазақ халқының көне ел, тарихы бар жұрт екендігін, заңды қастерлеген қауымдығын танытар ескерткіш.

Қанға қан алу, яғни біреудің кісісі өлтірілсе, оған ердің құнын төлеу (ер адамға – 1000 қой, әйелге – 500 қой);

  • ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық жасаған адам өлім жазасына кесілді, жазаны ердің құнын төлеу арқылы жеңілдетуге болады;

  • денеге зақым келтірілсе, соған сәйкес құн төленеді (бас бармақ – 100 қой, шынашақ – 20 қой);

  • төре мен қожаның құны қарашадан 7 есе артық төленеді;

  • егер әйелі ерін өлтірсе, өлім жазасына кесіледі (егер ағайындары кешірім жасаса, құн төлеумен ғана құтылады, мұндай қылмысты екі қабат әйел жасаса, жазадан босатылады);

  • егер ері әйелін өлтірсе, ол әйелінің құнын төлейді;

  • ата-анасы өз баласының өлімі үшін жауапқа тартылмайды, ал анасы баласын қасақана өлтірсе, өлім жазасына келіседі;

  • өзін-өзі қол салғандар бөлек жерленеді;

  • егер екі қабат әйелді атты кісі қағып кетіп, одан өлі бала туса; бес айлық бала үшін – бес ат, 5 айдан 9 айға дейінгі балаға әр айына 1 түйеден (анықтама үшін: 100 түйе – 300 атқа немесе 1000 қойға тең);

  • әйел зорлау кісі өлтіруімен бірдей қылмыс болып есептеледі.