
- •Этнопедагогика ғылымы, оның пәні мен міндеттері
- •Қазақ этнопедагогикасының принциптері, тәрбие факторлары мен әдістері
- •1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.
- •2 Кесте
- •Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы
- •Қазақ этнопедагогикасындағы дене, ақыл-ой, еңбек және табиғатты қорғау тәрбиелері
- •Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиенің түрлері
- •Халық педагогикадағы адамгершілік – имандылық тәрбиелері.
- •Халық педагогикасындағы ерлік және құқықтық тәрбиелер.
- •Ұлттық салт-дәстүрлер өмір тәрбиесінің мектебі.
Халық педагогикадағы адамгершілік – имандылық тәрбиелері.
Қазақ халқының адамгершілік іс - әрекетіне келетін болсақ көшпенділік өмір салтына, үнемі өз жерін шапқыншылықтан қорғау барысында, көршілес халықтармен қарым – қатынаста қалыптасады.
Біздің халқымыздың момындықты, бой ұсынушылықты бейбітшілікті құрметтейді. Қазақтардың адам рухының мәңгілікке сену саналы тәртібі мен мінез құлқының қалыптасуының адамгершілікті негізі болып табылады. Адамгершілік қасиеттің - өзекті мәселесі – қайырымдылық – достық. Халық ұғымында жақсылық пен жамандық, достық пен қастық адамгершілік қасиеттің екі түрлі белгісі ретінде егіздің сыңарындай салыстыра суреттелген. Елге қайырымды, бойындағы бар қасиетін халыққа жақсылық жасауға арнаған адамды «Ел қамын жеген ер» деп дәріптеген. «Жақсының жаттығы жоқ», «Жақсы ай мен күндей, әлемге бірдей», «Жақсы туса елдің ырысы», «Жақсы келді дегенше, жарық келді десеңші, жақсылықтың уытын алып келді десеңші» - деген мақал – мәтелдер жақсы адамның көпшіл, халық қамын ойлайтын абзал азамат екенін дәлелдейді, «Халық айтса, қалт айтпайды» демей ме қазақем, ендеше халықтың тоқтам – байламдары тегін айтылмасы анық. Адамгершілік тәрбиесінің педагогикалық ережелері болғанымен, эпостық, фольклорлық шығармаларда үлгілері бар. Эпостық жырлардағы тәрбиенің эмоциялық күші бар тілді балдырғаннан бастап, еңкейген қартқа дейін әсерін тигізеді.
Халық ауыз әдебиетінің тәлім – тәрбиелік мәнін әлбетте мойындаған жөн, сонымен қатар бізге бірнеше ондаған жылдар бойы өгейленіп, жат болып, қазір тәрбиелік тағылымын мойындап отырған ислам дінінің де ықпалын ұмытпаған ләзім.
Адамгершілік қасиеттерге баулу тұрғысында мұсылманшылықтың тигізер септігінің молдығын қазақтың алғашқы ағартушыларының бірі Ыбырай Алтынсаринің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» атты еңбегінен анық түсініп түйсінуге болады. онда былай айтылған: «... Пенденің көңілінде болатын пиғыл екі түрлі еді. Бірі көркем, бірі – бұзық сипаттағы. Аят пен хадисте білдірілген жаман мінездер алпыс түрлі. Мұның бәрін бұл кішкене кітапта баян етуге орын болмайды, бірақ сол алпыс түрлі жаман мінездің шығатын түп асылы жеті түрлі мінезден десіпті: Біз осы жеті түрлісі турасында ғана айталық:
Біріншісі: дінге сенбеу, дінсіздік.
Екіншісі: діннен бөлек өз ойынан шығарған уағыз; яки діннен тыс өз білермендік.
Үшіншісі: менмендік, өзімшілдік.
Төртіншісі: мақтану, өзін - өзі көрсету.
Бесіншісі: қызғаншақтық, күншілдік.
Алтыншысы: сараңдық.
Жетіншісі: Дүние шашқыштық, ысырыпшылық.
Бұларды аят пен хадисте жағымсыз, ұнамсыз мінез – құлықтар деп атайды. Осыларға қарсы жақсы құлық жетпіс сегіз түрлі. Олардың шығатын түп асылы тағы да жеті түрлі мінезден болса керек. бұларды ахлақ хамида, яғни мақтаулы, игілікті мінез – құлықтар деп атайды. Олар:
Біріншісі: имандылық;
Екіншісі: жаман мінез – құлыққа қарсылық, яки күш, яғни ең жоғарғы әділдік;
Үшіншісі: Адалдық, ақ көңілдік;
Төртіншісі: Сыпайылық, момындық, шын берілгендік.
Бесіншісі: адал ниетпен кеңес, өсиет беру;
Алтыншысы: жомарттық, кең пейілділік, қайырымдылық;
Жетіншісі: шариғат бойынша дұрыс заңды; мұнда малын орынды, үнемді жұмсау.
Алғашқы жағымсыз, ұнамсыз қасиетті бойына сіңірген пенде тозақ отына шыжғырылады, ал ұнамды, игілікті мінездерді бойынша дарытқан жандар жұмақтан, бейіштен рахат көреді, сондықтан ұнамды, ізгі мінезді алланың пендесі болу - әрбір мұсылманның абзал борышы», - делінген.
Әр адамнан, атап айтқанда – бес жасар баладан да, еркек пен әйелден де, қалжыраған қариялардан да талап етілетін имандылықтың қос босағасы Ар мен Ұят. Күллі адам бойындағы қабілет пен қасиеттердің бәрі де осы екеуінен нәр алып, осы екеуінен пәктігінің арқасында да жарқырай көрініп, биіктей түседі. Адам мінезіндегі бұл екі қасиеттің құдіретін, қуатын халқымыз жақсы түсінген. Сондықтан «... Малым – жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» - деп ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп қалдырған.
Жүсіп Баласағұн атамыз: Ұлық ісі – ұлы іс, уәзір тындырар, Намыс – арын бағып, жауын сындырар. Ақыл керек, керек – білім, зеректік, Ізгілік пен қулық – бірі керектің. Есті себер – ізгіліктің ұрығын, Қайда өнсін, садақтар шындық жұлыннын.
Адамгершілік – ізгі тілек туралы бабалардың нақыл сөзі. Халқымыз «Тәлім сөз – тәрбие құралы» деп бекер айтпаған. Әл – Фараби: «Жақсы мінез – құлық пен ақыл күші болып, екеуі ғана – адал бақытқа жетіп, адамшылық қасиеттерге ие болмақ».
Абай Құнанбаев: - Адамның адамшылығы – Ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы әке, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады.
1.2. Қазақ батырлығын аңыз етіп «Қанжығалы Бөгенбай атандырған Бөгенбай батырдың ата өсиетіне қанып өскен немересі Саққұлақ: «... адамның басшысы – ақыл, жетекшісі – талап, шолушысы – ой, жолдасы – кәсіп, қорғаны – сабыр, қорғаушысы – мінез, сынаушысы – халық» - деген екен.
Аузы дуалы ақылды адамның бір – ақ ауыз сөзі адам баласының өмірлік бағдар – бағытын анықтайтыны бар:
Әйтеке би баласына: «Балам! Сөздің қадірін білмейді екенсің. Жігіт адамға ең басты 3 кесір: біріншісі – еріншектік, екіншісі – ұйқышылдық, үшіншісі – тілазарлық. Бұл әдеттер бір адамның бойында болса, ол өмір бақи оңбайды», - деп кесіп айтқан екен. Міне, біздің ешбір кітап, оқулықты қажет етпейтін халықтық қасиетті қағидамыз осылай қалыптасқан.
Халық ауыз әдебиетінің бар нәрімен сусындаған әрбір баланың адамгершілігі мол, ақылы толыққанды азамат боларына шүбә жоқ. Бала бойында асыл, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыруда халықтық өнегенің, халықтың өнердің қаншалықты маңызы бар екендігі түсінікті болар.
Бүгінгі өркениетті педагогика да тамырын өткен тереңнен оқыту, оны сәби санаға сіндіру, тәлім мен тәрбиенің іргетасын балдырған шақтан қалау ісі жолға қойылуда.
Осы мақсатта:
а) Сөздік әдістерді қолдану: халық ауыз әдебиетінің жыр, өлең, терме, айтыс, шешендік сөздер, ертегі, мақал – мәтелдер, жаңылтпаштарды оқытып, үйрету.
б) «Үлгі - өнеге», оны ұлы адамдардың өмірімен байланыстыра оқыту;
в) «Әдеп пен психология»; оның мақсаты – адамгершілікке тәрбиелеу.
Жастарды адамгершілкке тәрбиелеуде ұлттық педагогика қашанда халық тәрбиесін үлгі етеді. Ал адамгершілікке тәрбиелеудің бірден – бір жолы – олардың осы іске көзін жеткізу, сенімін арттыру.
1.3. Қазақтың әдемі ұлттық мінез – құлқының әдемі бір көрінісі ол амандасуында жатыр. Кез – келген кісі бір – біріне сәлем бермей тұра алмайды. Қазақтың ұғымында үлкенге кішінің сәлем бермеуі, ол барып тұрған әдепсіздік. Сәлемдесуді білмейтін көргенсіздің баласы деп ата – анасын кінәлайды. Сондықтан ата – анасы баласының әлі тілі шықпаса да сәлем беруге баулуды өзінің ата – аналық парызы деп түсінеді.
Халқымыз ақсақалды атаны, ақ шашты әжені, ақ жаулықты ананы жалпы жасы үлкенді сыйлап алдынан кесіп өтпей құрметтеуді мұрат еткен. Бұл біздің ата дәстүріміз. Кішінің үлкенге сәлем беруі сол дәстүріміздің алғашқы қағидасы тектіліктің негізі.
Тілімізде алыстан алты жасар бала келсе алпыстағы қария сәлем береді, деген тамаша аталы сөз бар. Жасынының үлкендігін міндет етпей алыстан келген қонаққа, жолаушыға ауыл азаматтары өздері сәлем берген. Халқымыздың сізге пәленше сәлем айтты – десе, Ә, Айтсын, сенде менен сәлем айт, - деп жатады. Әрине сізге мұндай сәлемді сеніп тапсырса сізге оны жеткізу, айту ол парыз.
Кісі күту, қонақжайлылық – қазақ халқының ұлттық салтқа айналған дәстүрі. Бұл – халықтың әлеуметтік, кең мекендік, тұрмыстық жағдайына байланысты қалыптасқан қастерлі дәстүр. «Қонақ десе қоң етін кесіп беретін қазақпыз» деп, халық бекер айтпаған. Қонақты қарсы алу: қонақты күту, қонақты шығарып салу рәсімдерін халық ұрпағына ұлағатпен үйретіп, үлгі - өнеге ретінде оны тәрбиенің ең негізгі бір саласы деп қараған.
Қонақ қабылдауда халық ешкімді жасына, жынысына, ұлтына, нәсіліне қарай алаламайды. Қонақты қарсы алуға (аттан түсіріп алу, атын байлау, киімін ілу, жүгін қабылдау, т.б.) отбасы әулетінің бәрі дайын тұрып, ең кішісі қонақтың атын байлауға, ең үлкені қонақты қолпаштап, төрге шығаруға тиіс. Қонақты күту кезінде оның қолына су құйып, сүлгі ұсынып, астың дәмдісін алдына қою, сыбағасын лайықтап ұсыну, т.б. игі іс-әрекеттерді орындау көбінесе балаларға (жастарға) жүктеледі.
Қонақасы беру үшін әрбір отбасы әрқашан да дайын отыру керек, ол үшін үй иелері ас-дәм қорын, қонақ келсе, соятын малын дайындап отырады. Егер келген қонақты инабаттықпен, ашық-жарқын қарсы алып, қол қусырып, қой сойып, күте білмесе, қонақ ондай «сараңды», «песті» жамандап, ұлттық дәстүрді бұзған кінәлі, күнәһар ретінде масқаралап, құнтсыз құлқын жұртқа әшкерелейді.
Қонақ кәде жасау, яғни қонақтың көңілін көтеру үшін, «ауылдың алты ауызын» айту, одан соң қонақтың өнерін байқау дәстүрі халықтың өнерпаздығын дәлелдейді.
Қонақты шығарып салу кезінде оған сый-сыяпат көрсетіп, жол-жоралғы жасау (ат мінгізу, шапан кигізу, жолсыбағасын беру, т.б.) отбасының міндеті болған.
Арнайы шақырып, кісі күтуді мейман күту дейміз. Отбасындағы үйана алыста тұратын немесе бөлек тұратын сыйлы адамдарының (ата, әке, шеше, құда, жекжат, т.б.) сыбағаларын сақтап, оларды реті келгенде, меймандыққа шақырады. Мейманды қарсы алу, күту, шығарып салу рәсімдері қонақ күтумен бірдей, бірақ әрбір мейманның сыйласымдық дәрежесіне қарай оларға үйана сыйлық, жоралғы дайындап, оны құрметпен ұсынады.
1.4. Ислам дінінің бастауы – ол құран. Осы Құранда: «ар – ұятқа, ожданға байланысты айтқан хадистерінің мән мағынасы ерекше. Оның ақыл – кеңестері адасқанға бағыт сілтеп, зиялыны білім биігіне жателейді». Бұл тұжырымдарда, жақсы адамды тәрбиелеудің бірден – бір жолы – имандылық екенін тым ерте түсінген. Содықтан да иман мәселесіне көп назар аударған. Олай болатын себебі, ар – ұят, ождан – иманның кілті.