Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

Халық педагогикасындағы әсемдік тәрбиенің түрлері

Өте ерте кезден-ақ адам баласы өз ұрпағының бойына сұлулық сезімін егудің ең тиімді жолдарын табуды арман етті. Сондықтанда ерте дүниеде өнер жөніндегі тезистер эстетикалық тәрбиенің басты шарты ретінде ұсынылып отырды. Ғасырлар бойы екшеленіп, өңделіп, дамып келе жатқан тәрбиенің бұл саласы адамзаттың жан дүниесінің керемет жоғары сапалық деңгейге көтерілуіне жол ашады. Осыдан болуы керек, адам бойындағы әсемдік пен әдемілік қасиеттері адамзаттың мәдени тарихында жан-жақты қарастырылып келеді. Эстетика сөзі грекше aisthesis, қазақшаға аударғанда сезу, сезім (ощущение, чувство) деген мағына береді. Ал жалпы эстетикалық тәрбие әсемдік пен сұлулықты сезіну, оны қалыптастыру. Адамдардың эстетикалық сезімдері олардың өмірінде зор роль атқарады. Әсемдікті көре, түсіне, жасай білу адамның рухани ләззаттануға мүмкіндік береді. Біз әр адамның адамгершілікті тұлғалық мәнін жан-жақты дамытуға ұмтыламыз, сондықтан әр баланың сезім нәзіктігін, көркемдікті, әсем нәрсені сүйетіндей етіп дамытуымыз керек.

1.2. Бала бойында эстетикалық тәрбиені қалыптастырудың бір құралы — ән, өлең. Қазақ халқы бұрыннан әнге, өлең-жырға бай. Мұны ұлы Абай атамыздың төмендегі өлең шумақтарынан байқауға болады.

1. Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй.

2. Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар,

Әннің тәтті оралған мәні оятар.

3. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы.

Мұнда Абай өлеңнің ішкі мазмұнының алтындай маңызы болуын талап еткені айтылған.

Ақын, шешен ұстаздар, әдетте, өнер қуған талапкерлерге елдің ежелгі әдет-ғұрпын, тұрмыс-салтын таныстыра жүрген, батыл да, тапқыр жастарды қасына ертіп жүріп, білгенін үйретіп, үнемі көтермелеп, қолдап отырған.

Бабамыз Әл-Фараби өзінің ғылыми педагогикалық шығармаларында адамгершілік-имандылық тәрбиесін қарастыра келіп, халық музыкасы арқылы жастарға әсемдік тәрбие беру мәселесі туралы келелі ой-пікірін айтады. Өз сөзімен айтар болсақ, — Халықтық музыка тәрбие қызметін, тыңдаушылардың эмоциялық қабылдауын күшейтудің таптырмас құралы болып табылады, қажығанда және тарыққанда олардың көңіл күйін көтереді. Халықтық музыка «...жақсы көңіл күйге, адамгершілік тәрбиеге жәрдемдеседі, тепе-теңдікті жоғалтқандардың мінез-құлқын сабасына түсіреді және әрі кемеліне келтіреді... Бұл музыкаға тән сұлулығы үшін де пайдалы, өйткені тән ауырған кезде жан да сөнеді... Сондықтан тән сауықса жан да сауығады, осындай ықпал жасайтын дыбыстардың арқасында оның күш қайраты қалыпқа келіп, оның субстанциясына бейімделеді. Бұдан көретініміз тарыққанда, шаршағанда жақсы музыканың қуат-қайрат берумен бірге, адам бойындағы зіл басқан, ауырлықты жеңілдететін құдіретті күшті байқау қиын емес.

1.3. Балалардың бойында әсемдік пен әдемілік қасиеттерді қалыптастыру үшін халық педагогикасының бірнеше элементтерін қолдануға болады, олар: мақал-мәтелдер, жұмбақтар, фольклор, өлең, айтыс өнері, өн, бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнер және т.б.

Ал, қазақ мақал-мәтелдері сан жағынан көп, мазмұны жағынан кең, мағынасы жағынан терең. Бұл жөнінде атақты ғалым, лингвист, этнограф, археолог және қоғам қайраткері В.В.Родлов былай дейді: «Қазақтың ақыл-ой, қабілетінің зор екеніне барған сайын көзім жете түсуде, қандай әсем сөйлейді. Айтқысы келгеннің бәрін тез түсіндіреді, қарсыласының да сөзіне шебер тойтарыс бере біледі. Тіпті балалардың ақыл-ойы есі де тез жетіледі. Ойын дәл ұгындыра алады».

Төменде эстетикалық талғам мен тәрбие жөнінде айтқан қазақ мақал-мәтелдері берілген.

1. Жаны сұлудың тәні сұлу

2. Күлкі — ашылған гүл,

Көңіл-шашылған нұр.

3. Бақ қонатын адамның,

Ұлы өнерлі, қызы көрікті болады.

4. Астың дәмін тұз келтірер,

Ауылдың сәнін қыз келтірер.

5. Бастың көркі — жүз,

Жүздің көркі — көз,

Ауыз көркі — тіл,

Тілдің көркі — сөз.

Оқушылар мен жастардың эстетикалық тәрбиесін қалыптастыруда ауыз әдебиетінің елеулі туындыларының бірі – жұмбақтар. Ойға алған нәрсенің өзі айтпай сырт көрністерін, сыртқы белгілерін қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты жұмбақ дейміз.

Мысалы:

Сұлу-сұлу құнаным,

Сылдырлаған жүгенім,

Аяз күнде мінбеген,

Аяғы жерге тимеген.

(Сәукеле).

Артында құйырығы бар,

Төрден бұйрығы бар.

(жаулық, кимешек).

Қазақ ауыз әдебиетіндегі көрнекті туындылардың бірі — жаңылтпаштар, ол бала тілін ширатудың қолайлы құралы және ол белгілі бір мағынада құралады, дүниетанымдық, тәрбиелік мәні бар. Жаңылтпаш балаға ана тілінің бай қорын игеруге, таза, майда, анық сөйлеуге көмектеседі, тапқырлыққа сөз мағынасын тез ұғып, оны жылдам сол қалпында айнытпай есте сақтап, қайталап айтуға үйретеді.

1. Кеспе өссін тал,

Өссе өсімтал,

Өссе өссін тал,

Кеспе, өссін тал.

2. Былдыр-былдыр бүлдіршін,

Бұл бір білгір бүлдіршін, —

Былдыр бұл бүлдіршін

Білгірлігін білдірсін.

Эстетикалық тәрбие құралының бірі — музыка. Халық музыкасының асқан шеберлері — әнші, күйші, жыршы, жырау, ақындар көшпелі күн көрістегі қазақ арасында зор әлеуметтік кызмет те атқарды. Мұндай тума талант әрі жалпақ жұртшылық арасында өз елінде ағартушы, тәрбиеші де болатын. Олардың көзі ашық, көңілі сергек, ой-өрісі өзгелерден озық болды.

Оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің келесі бір құралы ол халықтың сәндік қолданбалы қолөнері болып табылады. Халқымыз өнерді қолдағы материалға сүйеніп жасады. Ал материал халықтың шаруашылығына, кәсібіне байланысты өндіріледі. Қазақ халқы көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан ел болғандықтан киім-кешек, үй-бұйымдарын, ер-тұрман, ат әбзелдерін жасау үшін тері, былғары өндіретін болған. Ағаш, асыл тастар табиғаттан алып өндірілді. Осы айтылған материалдар негізінде үй жиһаздарын, ыдыс-аяқтарын, құрал-саймандарын, ер-тұрмандарын, киім-кешектерін, сән бұйымдарын өрнектеп, нақыштап, түрлі түске енгізіп, безендіріп әшекейледі.

1.4. Қазіргі кезде эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу — тәрбие барысының зейін салуды, күн санап өсіруді талап ететін мәселесі. Оқушылардың эстетикалық көзқарасын тәрбиелеу-дамыған әсемдік сана мен талғамды, оны қабылдау және бағалау қабілетін қалыптастырудың мақсатқа бағыттала ұйымдастырылған процесі. Эстетикалық көзқарасты тәрбиелеу оқушыны жан-жақты үйлесімді дамытудың жалпы жүйесінде ең алдымен өзіне тән қызмет атқарады. Ол іс-әрекеттің барлық түрлеріндегі әсемдік нышанын анықтап, оны оқушының әсемдікке көзқарасының дамуы, білім алуы, қалыптасуы құралына айналдырады.