Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

Қазақ этнопедагогикасындағы дене, ақыл-ой, еңбек және табиғатты қорғау тәрбиелері

Қазақ этнопедагогикасындағы дене тәрбиесі жеке адамды жан-жақты дамытуда маңызы өте зор. Ол әсіресе ұлттық ойындарды ойнау арқылы жүзеге асады. Ұлттық ойындар дегеніміз – тынысы кең, алысқа меңзейтін ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін. Осындай ғажайып нәрсе, ақыл –ой жетекшісі, денсаулық кепілі, өмір тынысы. Ұлттық қимыл қозғалыс ойындарының сауықтыру, тәрбиелеу және білім беру маңызы сан салалы. Ұлттық ойындар өздерінің бастауын халықтың педагогикалық тұңғиығынан алды. Қазақтың ұлттық ойындары ерлікті, өжеттілікті, батылдықты, шапшаңдықты, ептілікті, тапқырлықты, табандылықты т.б. мінез-құлықтық ерекшеліктерімен бірге күш-қуаттын молдығының, білек күшін, дененің сомданым шығуын қажет етеді. Сонымен бірге бұл ойындар әділдік пен адамгершіліктің жоғары принциптеріне негізделген.

Қазіргі қайта өркендеу ұлттық мәдениет пен салт-сананың жаңғыру кезеңінде баспа беттерінде ұлттық ойындар туралы жазылған мақалалар, құнды еңбектер пайда бола бастады. Солардың ішінде Е.Сағындықовтың «Қазақтың ұлттық ойындары» деген кітабын атауға болады. Кітапта ұлт ойындарының шығу жолдары мазмұны және ұйымдастырып жүргізу тәсілдері жақсы баяндалған. Кітапта ұлттық ойындары өзінің мазмұнына байланысты үш топқа бөлген.

1. Ойын-сауық тұрмыс-салт ойындары, оның қырықтан астам түрлері бар. Олар «Ақ боран», «Жар-жар», «Қыз-кәде», «Беташар», «Сиқырлы таяқ», «Белбеу тастау», «Балтам тап», «Алтыбақан», «Айтыс ойыны», «Сақина тастау», т.б. Мұндай ойындар халықтың педагогикасында өте көп және мазмұндары да, бағыттары да бір-біріне қайталамайтындай сан-алуан, әрі қызғылықты. Жоғарыдағы қай ойынды алмайық бәрінде де би элементтері кездеседі. Ән, күй, тақпақ мәнерлі қимыл мен ыммен жасалатын көріністер т.б. бір-бірімен алмасып жатады. Бұл ойын-сауық тұрмыс-салт ойындары адамның эстетикалық талғамдарын, жалпы ой-өрісін дамытып отыруына септігін тигізеді.

2. Дене шынықтыру, спорт ойындары қазақ халқында үлкен орын алды. Олардың саны жүзден астам. Сондықтан осы ойындарды халық жиі қолданып келген бірнеше түрлерін атап кетуге болады:

«Ақ серек, көк серек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Әуе таяқ», «Қап киіп жарысу», «Таспа доп», «Көген тартыс», «Бүркіт», «Қазан доп», «Ақ сүйек», «Жаяу көкпар», «Орда», «Тартыс», «Қазақша күрес», «Арқан тартыс», «Аударыспақ», «Жорға жарыс», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Жігіт қуу», «Ат үстіндегі тартыс», «Кім жылдам», «Жасырынбақ» т.б. Бұл топағы ұлттық спорттық ойындардың дене шынықтыру тәрбие саласында маңызы өте зор.

3. Оймен келетін ойындар жастардың қисындылық және математикалық ойларының дамуына көмектеседі. Олардың ішінде өте күрделі ойындарға тоғыз құмалақ, жұмбақтар, «Үш аманат», «Қай қолымда?» т.б. жатады.

1.2. Ақыл-ой тәрбиесі әр заманда жастарға білім берудің негізгі құралы болып келеді. Халық табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтары бейнеленген ғылым деректерін, түсініктерін және мақсатты шерудің нәтижесі деп білді. Тек ақылды адам ғана терең білімдерді меңгере алатынын түсінді. Білімнің мәні «Ақылдан қымбат байлық жоқ», «Ақылды сатып ала-алмайсың», «Ақыл тозбас киім, білім сарқылмас бұлақ» деген халықтың даналық сөздерінен байқауға болады.

Халық педагогика оқыту мен білім берудің принциптері қазіргі ғылыми педагогикалық тұжырымдармен ұштасып жатыр. Халық білім мен өмірдің тағыз байланысты болуын талап етті. Халық педагогиканы оқытудың көрнекі болуын ойдан шығарған жоқ. Көзбен көрген, құлақтан естіген ақиқат емес, тек қана мұқият зерттеген ақиқат.

Халық педагогикасы бойынша ақыл-ой тәрбиесі деп шәкірттің ойлау қабілетін, сана-сезімін оқу және еңбек процесінде дамытуды айтады.

Ақыл-ой тәрбиесі тұлғаның жан-жақты дамуының негізі. Ақыл-ой тәрбиесі еңбек өнімділігін арттыруға, еңбек шығармашылығына зор ықпал жасайды.

Қорыта айтқанда, ақыл-ой тәрбиесі – адам зиялылыгының негізі. Ақыл-ой тәрбиесіне 2 ұғым кіреді: зер салып ойлау және ақыл ой күштері.

1.3. Қазақ халқы өзінің өмір тәжірибесінде баланы жастайынан еңбекке араластырудың мүмкіндіктерін ойластырған. Қыз балалар мен ұл балалардың өсіп дамуындағы өзіндік ерекшелігін ескере отыра еңбек түрлерін айқындаған. Қыз баланы құрақ құрап, кесте тігіп, жүн түту, кілем, шекпен, алаша тоқу, кілемге өрнек салу, өзінен кіші іні-сіңлілеріне қамқорлық жасау, ұл баланы мал бағуға, аң аулауға, мылтық атып мергендік құруға, қолөнер шеңберлігіне, домбыра, үйдің кереге – уығын жасау, сандық, табақ-аяқ т.б. тұрмысқа керекті заттарды жасау ер баланың міндеті ретінде, ер бала оны міндетті түрде орындау қажет деп түсінді.

Еңбекті дәріптеу үшін еңбек адамын үлгі-өнеге ретінде әсер ету үшін, түрлі ертегілер айту арқылы қарапайым қара баланың байлығы артып еліне елеулі, халқына қалаулы азамат дәрежесіне дейін көтерілгенін сенімді түрде айта білген. Ондай ертегілер «Керқұла атты Кендебай», «Күн астындағы Күнекей қыз», «Аяз би» т.б.

Қазақ баласын еңбекке баулу барысында әртүрлі әдәс, тәсілді пайдаланған. Бала дүниеге келісімен бір малға ен салады. Оны бәсіре деп атайды. Балаға есін білген соң мына ендегі /таңбадағы/ мал сенікі десе ол өзінің жеке меншігі ретінде қамқорлыққа алып, еңбек майданына қосыла бастайды. Үлкен өмірдің еңбектің басы осы малды баптауда, оған деген ерекше сүйіспеншіліктен, яғни құлынынан баптаған малды бөтен біреуге қимайды. Осы айтқан ойымыздың дәлелі ретінде Құлагерді сұрай келген Шыңғыстың баласы Жақып төреге Ақанның берген жауабы дәлел бола алады. Құлагерге қызыққан Жақып төреге Ақан: Ақындықпен Орынбайдың даңқы шықты, жүйріктігімен Құлагердің аты, даңқы шықты, осы сөзімді үлкен төреге айтып бар. Сонан соң Құлагерді ал, - депті. Кіші төре әкесіне келіп қуанып әкесіне келіп Ақанның сөзін айтады. Сонда Шыңғыс: «Ой, балам – ақылсыз екенсің ғой. Ақан Құлагер мал да болса, аға сұлтан әкесімен пара-пар» деген сөз емес пе? Біреу әкеңді сұраса берер ме едің? – деген екен. Қазақтың кез келген жағдайдағы айтылатын астарлы сөзінде ақылдылық, парасаттылықтың өзі осы еңбекқорлықтың нәтижесі емес пе?

1.4. Халық өзінің асыраушысы ұлы анасы, рухани тәрбиешісі -табиғатты ерекше бағалаған. Әсіресе, қазақ халқы табиғатпен етене араласып, оның төл баласымын деп есептеген. Шыр етіп жерге түскенде алтын бесігі болған өз даласының қырына карап еңбектеп, тауына қарап тәй - тәй басқан. Қойнауына қозы өргізіп, шыңына шығып мал баққан. Есейгенде сырласы, қайғысын- қуанышын бөлісер адал досы да, тәлім алар ұстазы да - осы кең дала болған. Халқымыздың дала пейілді кең де жомарт, дала мінезді ақ пейіл де сыршыл болып келетіндігінің өзі туып өскен табиғатына ұқсауынан.

Табиғаттың осындай қадірі мен қасиетін ерте сезініп, бойына сіңірген қазақ халқы табиғаттың мол мүмкіншілігін пайдаланумен бірге оның байлығын мәпелеп, сақтап, қорғай да білген. Қазақ халқының тұрмысына, шаруашылығына, табиғатпен карым-қатынасына байланысты жер, су, өсімдік, жануарлар мен құстар т.б. табиғат ресурстарын қорғау дәстүрлері ертеден-ақ қалыптасқан. Табиғат қорын үнемдеп пайдалану және қорғауға байланысты ұлағатты сөз, өсиетнама, мақал- мәтелдер қалдырған.

Табиғат қамқоршысы бола білген халкымыздың дәстүрін танып білу, айтып кеткен дәстүрінен ғибрат алу, олардың ісін ары жалғастыру, бүгінгі ұрпаққа үлгі- өнеге ету - ұстаздың басты борышы.

Халық өз жерін қорғай отырып, оны өз шаруашылығына тиімді пайдалана да білді. Малдың жаз жайлауын, қыс қыстауын белгілеп, белгілі тәртіппен пайдаланған. Ал жайылымды және оның шөбін ұқыпты пайдалана білмегендері: "Жайлауды жайлай білмегендер, малды айдай білмейді!", "Жаман қойшы жайлауын бір күн жейді, жақсы койшы жайлауын мың күн жейді", деп сынаса, "Қыс қыстауыңды, жаз жайлауыңды күт" - деп ақыл айтып, жайлауды күтіп ұстауға баулыған. Осыны көріп ескен ұрпақ оны ары қарай сақтай білген.

Жер бетінің табиғи байлығының бірі - өсімдіктер дүниесі. Халық төрт түлік малдың күн көріс көзі, өсімдік болғандықтан орынсыз ысырап етуден және өртеуге жол бермеген. Халық " От орнына шөп шықпас" деп жай ескерте отыра " Атың шықпаса, жер өрте" деген астарлы мағыналы мақаламен, жер өртеудің ауыр кылмыс, кешірілмес күнә екенін білдірді. Мұндай даналық сөздер адамды табиғат ресурстарының бірі - өсімдіктерді малдың орынсыз таптап, қиратуына, адамның өртеп кұртып жібермеуіне жол бермей, тиімді пайдаланып, қорғай білуге баулиды. "Сусыз жерде өмір жоқ" - дейді халық. Адам тіршілігі үшін судың маңызы өлшеусіз. Сондыктан бұлақ көзін тазалау, оның суын босқа жібермеу үшін қолдан су қоймасын жасау - ерте уақыттан-ақ дәстүрге айналған.

Егер ауылда дүниеге жас нәресте келсе, бүкіл ауыл болып ақсақалдар жиылып бұлақ басына баратын болған. Оның көзін тазалап, айналасына сол баланың құрметіне арнап ағаш отырғызған. Тазалаған бұлақты баланың атымен атаған, бала ес білгенше қарттар бұлақты қамкорлыққа, бала ес білген кезде баланы алып қарттар тағы да жиналатын болған. Қарттың бірі балаға:

-Балам, мына бұлақ сенің бұлағың. Бұлақтың ендігі күтімін де тағдырын да енді саған тапсырамыз. Осы бұлақты таза ұстау -өзіңнің және бүкіл аулыңның , тіпті еліңнің арын таза ұстағаның. Осы бұлақтай таза жанды, мөлдір сезімді болып өс,-деп батасын береді.

Бұлақ күтімі сол күннен бастап бала қарамағына көшеді. Міне, Жамбыл облысында осындай адам атымен аталатын бұлақтар өте жиі кездеседі. Бұл халқымның бала тәрбиесіндегі қолданған тиімді әдістік тәсілі болып табылады.