Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

2 Кесте

Қазақтың салт-дәстүрлер құрылымы

Ұлттық психологиялық құрылым ерекшелігі адамдардың әулеттік қарым-қатынасынан, киім киюінен, спорттық ойын түрлерінен немесе үлттық тұрмыстық салт-дәстүрлерден (келін түсіру, қыз ұзату, қонақ күту, өлік жөнелту рәсімдерінен т. б.), ұлттық тағам түрлерінен байқалады.

Ұлттық психикалық құрылым үш бөліктен түрады: ол ұлттық сезім, салт-дәстүрлер жөне ұлттық мінез. Осы үш бірлестік ұлттық мәдени ерекшеліктің шартты белгілері болып табылады.

Ұлттық сезім дегеніміз — адамдардың туған жерге, өскен елге, ана тіліне, ұлттық салт-дәстүрлерге деген сүйіспеншілікті білдіруі. Ұлттық сезім адамды қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық, мәдени және жаратылыс құбылыстарының сол ұлт өкіліне тартқан ерекше табиғи сыйы. Ұ лттық сезім басқа сезімдер сияқты адамның жеке басының қанағаттану, шаттануымен немесе риза болмай, қанағаттанбауымен байланысты ой-қиял, әсер сезімінің сыртқа шыққан көрінісі.

Әдістер:

әңгімелесу, кеңесу, түсіндіру, сендіру, талап ету, кеңес беру, үйрету, көрсету, үлгі көрсету, өтіну, бұйыру, жаттықтыру, бата беру, мадақтау, алғыс айту, жалбарыну, қарғау, сөгу, кінәлау, айыптау, жазалау т.б.

Түрлері:

Ойындар, тойлар, еңбек мерекелері, ойын-сауықтар.

Құралдары:

Санамақ, жаңылтпаш, өлең-жыр, тақпақ, ертегі-аңыздар, жұмбақтар, айтыстар, мақал-мәтелдер, шешендік сөздер, салттар, ырымдар, жол-жоралар, ұлттық ойындар, әңгіме кештер, айтыстар, сабақтар мен үйірмелер.

Нәтижесі:

«сегіз қырлы, бір сырлы», жаны таза, тәні сау адам.

Тәрбиеге себепші күштер:

Табиғат, еңбек, тұрмыс, салт-дәстүр, өнеркәсіптер, дін, ана тілі, ұлттық ойындар.

: Қазақ этнопедагогикалық ойлардың тууы мен даму тарихы

Көне мұралардың ішіндегі бізге кеңірек мәлім болғандары Орхон-Енисей бойынан табылған, тасқа қашап жазылған VI— VIII ғ. ғ. ескерткіштер: түркі көсемі Білге қаған, Күлтегін батыр мен ақылгөй Тоныкөк құрметіне қойылған құлпытастар. Оларда ұлы Түркі қағанаты халықтарының тұрмысы мен салты, мәдениеті мен жауынгерлік жортуылдары айшықты да мәнерлі тілмен өсиет сөз үлгісінде баяндалады. Бұларда қазіргі қазақтардың сөз саптау үлгісіне жақын шешендік өнердің дәстүрлі формалары айқын байқалады. Ортағасырлық түркі тілді өдебиеттің таңдаулы туындыларынан да үшыраспайтын бүл жазуларда төңірінің "Жарлығымен" болатын бектер мен қара халықтың қағанға адал берілгендігі, қағаңдардың қараларды билеп-төстеуі жайыңда сөз қозғалады. Мәселен, "Егер сен, түркі халқы, өз қағаныңнан, өз бектеріңнен, өз отаныңнан жырақ кетпей, бірге жүрсең, сен өзің де бақытты өмір сүресің, өзіңнің отбасыңда болсаң, ешнәрседен мүқтаждық көрмейсің..." деп, бек пен қара халықты бірлікке шақырады. Түркі халқына қамқорлық жасау мәселесі де тас жазулардың өзекті арқауы ("Ер жүрек халық, күшті халық", "Бізге жеңіс әперген жер-суымыз (Отанымыз)) деп білу керек" т.б.

Ежелгі түркілердің ауызекі поэзия дәстүрі бізге IX гасырда ғумыр кешкен әнші, әрі сазгер небір тамаша күй шығарған Қорқыт атаның есімін жеткізді. Ол адамзат өмірінің соншалықты қысқалығына наразы болып, пенде атаулыны сіжал қүрығынан қүтқармақ болды. Қорқыт өзінің жанын ^ -'Щеи жеген ой-сезімдерін — қазалы жанның үрейін, х-- /аіен қашып қүтылудың амалын қобыздың азалы күйімен, т"™"" көркем тілмен баяндайды. Ол эпос үлгісіндегі поэзиялық мұра ретінде біздің дәуірлерімізге жетті. Онда Сыр бойын мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмысы мен әдет-ғұрпын, діни наным-сенімдерін бейнелейтін мәліметтер көптеп кездеседі. Олар төлімдік жағынан да аса қызықты дерек болып табылады. Мәселен, "Анадан өнеге көрмеген қыз жаман, атадан тағылым алмаған ұл жаман... Менмен, тәкаппар адамды тәңірі сүймейді... Ақылсыз балаға ата дәулетінен қайран жоқ... қонағы жоқ қараша үйден қүлазыған түз артық. Әйелдің төрт түрі болады: оның бірі ниеті қара әйел, екіншісі — нысапсыз әйел, үшіншісі — үйдің құты болған әйел, төртіншісі — кесірлі әйел..." деп келетін Қорқыттың нақыл сөздері өз мәнін күні бүгінге дейін жоймай келеді.

ХІ—XII ғасырларда қазақ жерінде түркі тіліңде жазылған этикалық-педагогикалық трактаттар көп тарады. Мәселен, Жүсіп Баласағүнидің "Құдатғу білік" ("Құтты білік") атты кітабы сол кездегі түркі тілдес халықтардың дүнияуи тақырыпта алғаш жазылған ескерткіші еді. Мұнда адамға білімнің қажеттігі, оның тірліктегі мәні, бақыт туралы адамның іс-өрекетінің оң мен терісі, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші әкімдерге қажетгі асыл қасиеттер, әртекті жұртшылық өкілдерінің тілін таба білу т. б. хақындағы ой-толғамдар, соңдай-ақ отбасы мен неке, үл мен қыздың өнегелі тәрбиесі, бала мен ата-ананың қарым-қатынасына байланысты мәселелер жан-жақты сөз болған.

Ілкі орта ғасырдан бізге жеткен тағы бір жазба ескерткіш-түркі тілдерінің сөздігі, халықтың сөз қолданыс үлгілерінің топтамасы іспетті Махмуд Қашғаридың "Диуани лұға-ат-түрік" атты еңбегі болды. Бұл сөздікте этнопедагогикалық және моральдық-психологиялық мазмұндағы қызықты топшылаулар аз емес.

Осы өңірден шыққан екінші бір ойшыл — Ахмет Жүйнекидің (XII ғ.) "Хибатул хикайқ" ("Ақиқат сыйы") атты шығармасында ілім-білімді игеру ісінің халық үшін пайдасы, оның көзқарасының бұқарашылық сипаты, гуманисіік ой-пікірлері айқын сипатталады. Ол сол замандағы адамдардың бойындағы ұнамды, ұнамсыз моральдық-этикалық қасиеттерін атап қана қоймай, сонымен бірге бірсыпыра пайдалы кеңестерін де ұсынды. Мысалы, "Егер билікке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа", "Бастық болсаң, жайсаң бол", "Кәріге де, жасқа да құрмет көрсет", "Айтар лебізінді алдымен ойланып ал" т. б. ұлағатты өсиетнамаларын айтады.

Қазақтың төрбие мектебі — ақын-жазушылар мен бидердің өсиеттері, ғибраттары және халық мақал-мөтелдері, тыйым сөздері мен ұлттық салт-дәстүрлері, әдет-ғұрып десек артық болмайды. Халықтық осы қағидалар шын мәнісінде жас ұрпақ, түгілі, ересек адамдарға да үлкен әсерін тигізді, ұлттың сана-сезімін оятты, тәлімдік-тәрбиелік, танымдық мектебіне айналды. Жалпы ХҮ-ХІХ ғ.ғ. ақын жыраулар поэзиясын сөз еткенде олардың халық үшін еткен еңбегіне, ой қиял өрістеу өресіне, қимыл, әрекет-ісіне қарай үш топқа бөліп: жауынгер жыраулар:(Доспанбет, Жиенбет, Ақтанберді, Махамбеттер); мәмілегер (Асан қайғы, Сыпыра жырау, Үмбетей, Бұқар); тәлімгер (Шал, Базар, Майлықожа) жыраулар деп шартгы түрде жіктеуге болады. Ақын-жыраулар өлең-жырларымен де, өнегелі ісімен де халыққа белсене қызмет етіп, ел ұйытқысы, тәлім-тәрбие мектебінің ұстазы бола білді.

Тәуке ханның "Жеті Жарғысы"— бүгінгі Қазақстан Республикасы қабылдаған Ата Заңымыздың (Конституциямыздың) негізгі іргетасы болып саналады. Сондай-ақ сол кезендерде дүниеге келген Мүхаммед-Хайдар Дулатидың "Тарихи-и-рашиди", "Жаханнама", Қадырғали Қосынұлы Жалайыридың "Жамиғат тауарих" (Жылнамалар жинағы), халық туындылары: "Наурыз бәйіті", "Нысабнами казах" ("қазақтар шежіресі") т. б. ұрпақ танымы үшін аса зор төлімдік мәнді шығармалары бар.

Бұл дөуірде мал шаруашылығы, егін шаруашылығы, ою-өрнек пен зергерлік бұйымдар жасау, кілем, алаша тоқу, ер-тұрман, құмған, ыдыс-аяқ (керамика) жасау, музыкалық аспаптар жасау сияқты көсіптер жедел дамып, еңбек және эстетикалық тәрбие берудің негізгі құралына айналды.