Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

Қазақ этнопедагогикасының принциптері, тәрбие факторлары мен әдістері

Тәрбиенің негізгі қағидаларының (принциптері) болуы заңды құбылыс. Халық педагогакасының негізгі қағидаларын арнайы сөз етсек, олар мыналар демекпіз:

1. Келер ұрпақтың ақылды, намысқор, арлы, өміршең азамат болуын тілеу.

Жас нәрестенің дүниеге келуі ата-ана, ағайын-туыс, қауым-көпшілікке зор қуаныш әкелумен бірге, борыш та жүктей келеді. Дәлірек айтсақ ұрпақты тәрбиелейтін халық мектебінің есігі сәбидің алғаш дүниеге келген күнінен бастап айқара ашылады. Ол белгілі мақсат-тілекпен байланысты туындайды.

Отбасы үлкеңдерінің бәрі жаңа туған жас баланы отанның, елдің асыл азаматы болуын аңсап армандайды. Өнегелі үлкендерге ұқсасын деп, дарынды, өнерлі, ақылды ақсақалдарға баланың аузына түкіртіп, азан шақыртып, атын қойғызады. "Ақылын, жасын берсін" деп, жаңа туған нәрестені қарияның шапанының етегіне орайды. Ұрпағы өскен қадірлі анаға кіндігін кестіреді, бесікке салдырады, қырқынан шығарту ырымдарын жасатады, тұсауын кескізеді. Үлкендерден бата алғызады. Халықтың балаға арналған ырым, бата-тілектеріңде келешектен күткен үлкен үміт, аңсау арман бар. Төрбиенің алғашқы қағидасы ата-ананың аңсау арманымен, баладан күтер үмітімен үңдесіп жатыр.

2. Баланы жастайынан еңбексүйгіш, елгезек азамат етіп тәрбиелеу. Ол бесік жырлары мен тұсау кесер жырларынан, бата, тілек, терме өлеңдерден өзекті орын алған. Еңбек қағидаларын жастардың бойына сіңіру отбасындағы еңбектің қарапайым түрлерінен басталып, қоғамдық маңызды істермен ұштасқан. Ұл баланы қозы, лақ қайтаруға, отын-су әзірлеуге, мал өнімдерінен тұрмысқа қажетті құрал-жабдық (қамшы, шідер, жүген өру, тері илеу, қару-жарақ т. б.) жасауға әзірлеу, қора салу, киіз үйдің ағашын істеу, ұсталық, зергерлік өнерге үйрету т. б. көзделсе, ал қыз балаларды ыдыс-аяқ жуу, үй сыпыру, шай қою, төсек жинау, кесте, өрмек тоқу, ас пісіру, бала күту, қонақ күту т. б. үйреткен.

3. Халық педагогикасында "бірінші байлық — денсаулық" деген үғым өзекті орын алған. "Дені саудың жаны сау", "Ас адамның арқауы", "Ауру астан" деп рухани, материалдық байлықтың негізін жеке бастың, яғни тәннің саулығына байланысты қарастырған. Баланы туған күннен бастап тұзды сумен шомылдыру, маймен сылау, дене күтіміне ерекше мән беріп шынықтыру, мерзімінде жақсы ас беріп тамақтандыру мен ұйықтатудың бәрі төн саулығы үшін жасалған әрекеттер.

4. Халық педагогикасында адамгершілік қасиеттерді баланың бойына дарыту, ізгілікке, имандылыққа, адалдыққа тәрбиелеу, ар-ожданды қастерлеу басты қагида болып есептелген. "Жаным — арымның садағасы" деп, арды адамгершілік қасиетінің үлгісі санаған.

Гуманизм мен патриотизм — халықтық тәрбиенің басты қағидаларының бірі. "Отан от басынан басталады" деп ұққан ата-бабамыз от басының, ананың, рудың, отанның намысын қорғауды, қарттарға, ауру, кемтарларға көмектесуді, басқа ұлт өкілдерін сыйлауды отбасы тәрбиесінің өзекті принципі деп бағалаған. "Атаның баласы болма, адамның баласы бол",| "Жақсы — көпке ортақ", "Ел үшін еңбек ет, халқын сүйген қор болмайды" деген өсиет тәрбиеден езекті орын алған.

Елді, жерді қорғайтын, еңбек ететін азамат болу үшін денені шынықтыру қажет. Халық педагогикасында "Шынықсаң шымыр боласың" деп ой қорытқан ата- бабамыз ұлттық ойынға жаттықтырып үйрету (аударыс, күрес, теңге алу, қыз қуу т.б.) арқылы дене төрбиесіне баса көңіл белген.

Тіршіліктің тұтқасы, өмірдің шамшырағы өнер мен ғылым деп түсінген халқымыз жастарға "Өнерлі өлмейді", "Білегі жуан бірді жығады, білімі жуан мыңды жығады",

Білім таусылмас кен, өнер өлмес мүра" дегенді насихаттап, ертегі, өлең-жыр, мақал-мәтел, аңыз әңгімелер ұсынған.

8. Адам өмірі мөңгі табиғат құшағында ететін болғаңдықтан, ата-бабамыз өз үрпағын ағаш бесіктен жер бесікке жеткенше табиғи ортаны аялауға тәрбиелеп келген. Ол туралы жақты жетілген "толық адам" тәрбиелеуді кездеуден туған . "Сегіз қырлы, бір сырлы" азамат төрбиелеудің ұстанымдары барлық халықта бар, ортақ талап. Мысалы, орыстар ондай адамды "кішкене болса да өнегелі, ақылды", "Ақылды да сүйкімді", "Қайырымды жігіт" деп санаса, таулықтар "Нағыз жігіт" деп атайды. Ал чукчылар "Адал өмір сүретін азамат" дейді. Ол теңізде жүзгіш, соғыста батыр, ғылымда терең ойлы, билікте-өділ, еңбекте-шебер, өмірде бірлікшіл, сөзде - шешен, атыста-мерген, шет жерде отаншыл, бауырмал деген қасиеттер бойында бар азаматтар.

Өзбектер қайырымды, ізгі жүректі адамды "иманжүзді, құдайы бар азамат" дейді.

Ал қазақта сегіз қырлы азамат дегендер: еңбек сүйгіш, бауырмал, батыр, өнерлі, өнегелі, шыншыл, әділ, адал болу дегенді білдіреді.

Нағыз шынайы азамат тәрбиелеудегі бар халықтың талап, тілегінің ұштасып келуі ұрпақ тәрбиелеудегі мақсат бірлігінен туындап отыр.

Енді халықтық тәрбиенің осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейік.

1. Халық педагогикасында тәрбие ісін баланың жасерекшелігін ескере отырып жүргізуді талап еткен. Мәселен, "Ұлыңа бес жасқа дейін патшадай қара, он бес жасқа дейін қосшындай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала" деген мәтел баланы еркін тәрбиелеудің, көмекшім деп үмітпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттігін мегзейді. Ал бүл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципімен қабысып жатыр.

Халық педагогикасында тәрбие ісін әр баланың жеке бас ерекшеліктерін (психологаясын) ескере отырып жүргізуді де ескертеді. "Баланы туады екенсің, мінезді тумайды екенсің", "Бір биеден ала датуады, құла да туады", "Балаңа үміт арту - әкенің парызы, ақтау - баланың қарызы" деп ой түйіндеген.

Халық педагогикасы баланың тәрбиесі туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерінің, ұстазының Үлгісіне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегі әсері жөнінде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Сухомлинский, А Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сндды ұлағатты ұстаздардың ой-пікірлері де халық педагогикасының қағидаларымен үндесіп жатыр.

Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына сіңген адамдар тобының материалдық тұрмыс жағдайларының, территориясы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологияда,ы сол ұлтқа тән кейбір этникалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады.

Ұлттық психикалық құрылым мен ұлт мәдениеті арасында тығыз байланыс бар. Ұлттық психикалық ерекшелік ұлт мәдениетінің түрлерінен көрініс береді. Мысалы, біз ән-күйлерді, билерді тыңдай отырып, немесе ою-өрнекті, зергерлік әшекей заттарды көріп, оның қай ұлтқа тән екенін бірден айырамыз.