Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
айс.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
66.09 Кб
Скачать

Этнопедагогика ғылымы, оның пәні мен міндеттері

Адам баласы әу бастан өз ұрпағын өмірге, еңбекке икемдеп, тәрбиелеп келгені көпке аян. Бүгінгі қалыптасқан белгілі ғылыми-теориялық заңдары бар педагогика ғылымы өмірге келгенше де адамзат төрбие ісімен айналысып бақты. Оның қағазға жазылып түспеген, бірақ халық жадыңда мәңгі сақталып, үрпақтан-ұрпаққа ғасырлар бойы ауызша нақыл-ақыл, өсиет-өнеге, қағида болып тарап келген білім-білік, тәлім-төрбие беру тағлымдары бар. Ол халықтық педагогика деп аталады. Халықтық педагогика салт-дәстүр, жол-жора, ырымдар, тағам дайындау, қонақ күту рәсімдері мен ауыз әдебиеті үлгілері, ұлттық ою-өрнек, өнер түрлері, спорт ойындары арқылы отбасылық тәрбиеден басталып, ауыл-аймақ, ел-жүрт, ру-тайпа, қала берді бүкіл халықтық қарым-қатынастан берік орын алған тәлім-төрбиенің түрі, адам мінезін, іс-өрекетін қалыптастырудың белгілі нормасы болып табылады. Олай болса, халық педагогикасы қоғам дамуының (алғашқы қауымдық қоғамнан бастап) белгілі сатыларынан өтіп, ғылыми педагогикалық дәрежеге жеткенше ұрпақ тәрбиесінің бастау бұлағы, педагогиканың қүралы болып, тәрбие жүйесінің қызметін атқарып келгенін байқаймыз. Яғни, осыдан келіп ғылыми педагогика мен халықтық педагогиканың төрбие төсілдеріндегі сабақтастығы, принциптік-идеялық үндестігі туындайды. Бүгінгі әлемдік аренаға жеткен ғылыми-педагогика халықтық педагогикадан бастау алып, оны ғылыми теориялар мен қағидалар тұрғысынан жан-жақты зерттеп, қарастырып, өз қажетіне жаратады. Осы қажеттіліктен келіп, халықтың эмпирикалық төжірибесіне негізделген ұрпақ төрбиелеу тағылымдары — халықтық педагогиканы ой елегінен өткзіп зерттеп, төрбие мен оқу ісінің өзекті құралы етудің жолдарын және оның шығу, даму кезендерінің өзіндік ерекшеліктерін, басқа ғылымдармен байланысын зерттейтін педагогиканың ғылыми бір саласы этаопедагогика пайда болды.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдеріңде ХІІ-ХVІІІ ғасырлардан бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының зерттелу жайын, ғылым ретінде қалыптасу тарихын сөз еткенде оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Бірінші — XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дөстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демократ ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы этнограф ғалымдарының (Э. С. Вульфсон, П. С. Паллас, А.Вамбери, А Левшин, В. Радлов, А Янушкевич, Н. Г. Потанин, Н. Л. Зеланд, т. б.) жолжазбалары десек, екінші — XX ғасырдың алғашқы 20—30-жылдарында бүл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә. Диваев, А.Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов, Ш. Құдайбердиев, X. Досмүхамедов, М. Дулатов, Н. Қүлжанова, М. Әуезов т. б. болды. Яғни, бұл кезеңді қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз. Үшінші кезең — 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970—2000 ж. ж.) қазақ этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.

Салт-дәстүр сабақтастығы ұлттар арасындағы қарым-қатынаспен тығыз байланысты. Бір ұлтта бар салт-дәстүрлер, ұлттық ою-өрнек, тағам, спорттық ойын түрлері екінші ұлтта да белгілі ұқсастықпен және өзіндік ерекшелігімен көрініс береді. Мысалы, қазақтың көкпар тарту ойыны кейбір өзгешілігімен көрші өзбек, түрікмен, қырғыз, моңғол, ауған елдерінен де кездеседі. Киіз үй тігу көшпелі халықтардың бәріне ортақ.. Алайда, оның қүрылысында, ою-өрнек әшекейінде әр ұлтқа тән ерекшелік белгілер байқалады. Палау, мәнті, борщ, шашлық, пельмен көпшілік ұлттарға ортақ тағам болғанымен, әр ұлттың өзіндік дайындау технологиясымен ерекшеленеді.

Ұлттық мінез адам мінезінен, іс-әрекетінен көрінетін тұрақты құбылыс. Ұлттық мінез осы ұлтқа тән темпераменттік, психикалық рухани сапасымен ерекшеленіп, көзге түседі. Мысалы, қазақтарға тән бауырмалдық, ақжарқындық, қонақжайлық, өзбектердің сыпайы мінезділігі, діншілдігі, орыс халқына тән қарапайымдылық пен кеңпейілділік, американдықтардың қүнттылығы ағылшындардың салқын қандылығы, немістердің ұқыптылығы, француздардың жинақылығы, испандықтарға тән қызу қандылық ерекшеліктер байқалады. Әрине, бұл қасиеттер басқа халықтарда жоқ, кездеспейді деген үғым тумайды. Ол қасиеттер әр халықта әр түрлі қырынан көрініс табады.

Бұл пәннің міндеті халықтық тәрбие түрлерін оқушы жастардың бойына сіңіріп, білім, білік дағдыларын дамыту, сөйтіп дене еңбегіне де, ой еңбегіне де қабілетті, нарық жағдайында өмір сүруге икемді жан-жақты жетілген азамат етіп шығару. Бұл жан тәрбиесі мен тән тәрбиесін қатар жүргізе отырып, оқушы жастардың қайрат-жігерін, ақыл-ойын халықтың өнер туындылары негізінде оқытып тәрбиелеу арқылы іске асырды.