Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой Кенқияқ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2.04 Mб
Скачать

Сурет 7. Ұңғылық сораптар

Салынбайтын сораптар

Цилиндр ұңғымаға сорап құбырларымен плунжерсіз түсіріледі. Плунжер бөлек сорапты штангалармен түсіріледі. Плунжер цидиндрге плунжерге ілінген сору клапанымен бірге енгізіледі. Плунжерді цилиндр сорабына құбырлар арқылы еш зақымсыз жеткізу үшін, құбырдың ішкі диаметрі плунжердің сыртқы диаметрінен (6 мм шамасында) үлкен болу керек. Салынбайтын сорапты алмастыру немесе жөндеу кезінде шығару үшін, алдымен аяғында плунжер ілінген штангаларды, содан кейін аяғында сорап цилиндрі ілінген сорап құбырларын шығару қажет.

Салынатын сораптар

Цилиндр плунжер және клапанмен бірге, штанга арқылы түсіріледі. Бұл кезде сорапты құбырлардың аяғында алдын-ала арнайы отырғызылатын қондырғы – құлыптық тіреу орнатылады, мұнда сорапты отырғызу және тығыздатылу жүреді. Жөндеу кезінде салынатын сорапты шығару үшін, тек штангаларды шығару жеткілікті, сол арқылы барлық сорап шығарылады.

Салынатын сорапта берілген диаметрлі құбырлар арқылы тек плунжер ғана емес, сонымен қатар қапталмен (кожух) цилиндр жіберіледі, сондықтан салынатын сораптың плунжер диаметрі құбыр диаметрінен бірнеше есе аз болу керек. Сол ұшін берілген диаметрдегі құбырда салынатын сорапты жіберу әрқашан салынбайтын сорапқа қарағанда аз.

Сораптардың жалпы сипаттамасы

9-суретте салынатын (9-сур, а,б) және салынбайтын (5-сур, в) сораптардың негізгі сұлбасы көрсетілген.

Суретте көрсетіліп отырғандай (5-сур, а), НГН-1 сорабында сору клапаны 5 конус седлосында 6 бекітілген және плунжермен 3 арнайы шток 7 арқылы жалғасқан. Бұл штанганы, сонымен бірге, плунжерді көтеру кезінде бірден сору клапанын 5 шығарып алуға мүмкіндік береді. Мұндай операция клапанды тек алмастыру немесе жөндеу кезінде ғана емес, сонымен қатар көтеру алдында сорап құбырларынан сұйықты түсіру кезінде де қажет. Бірақ ұзын штоктың болуы плунжердің төменгі жағында екінші айдау клапанын орнатуға мүмкіндік бермейді, ол зиянды кеңістікті азайту үшін және сорап жұмысының сенімділігін жоғарлату үшін қажетті. Сонымен қатар, плунжердің ішінде штоктың болуы, плунжердің жүрісін шектейді және осы конструкциядағы сораптарда 1 м аспайды.

Сурет 8. Ұңғымалық штангалы сораптардың жалпы сұлбасы:

а – НГН-1 типті штогы бар салынбайтын сорап; б – НГН-2 типті ұстағышы бар салынбайтын сорап; 1 – айдау клапандары; 2 – цилиндрлар; 3 – плунжерлер; 4 – құбырша-ұзартқыштар; 5 – сору клапандары; 6 – конус седлосы; 7 – ұстау штогы; 8 – екінші айдау клапаны; 9 – ұстағыш; 10 – клапанды ұстауға арналған ұштық (наконечник); в – НГВ-1 типті салынатын сорап: 1 – штанга, 2 – СКҚ, 3 – отырғызылатын конус, 4 – құлыптық тіреу, 5 – цилиндр, 6 – плунжер, 7 – бағыттауыш құбырша

НГН-2 типті сорапта (7-сур, б) - екі айдау клапаны бар. Бұл зиянды кеңістік көлемін елеулі азайтады, және газдалған сұйықты айдап шығару кезінде толу коэффицентін көбейтеді. Осы сораптарда сору клапанын 5 жіберіп отырғызу және шығару үшін штокты ұстайтын арнайы ұстағыш 9 болады. Плунжерді штангамен түсіргеннен кейін және штанганы бұру арқылы сору клапанын конусқа отырғызудан кейін, ұстағыш штоктан ажыратылады да, плунжер цилиндр ұзындығының әр түрлі шамалы жүрісті қайтымды-үдемелі қозғалыс жасай алады. Сорапты жөндеу үшін көтерудің алдында ұстағышпен конустың штогын ұстау қажет. Бұл плунжерді шегіне жеткенше дейін отырғызып, штаганы сағат тілімен бұру арқылы іске асады. Егер конусты ұстау операциясы сәтсіз болса, онда сорап құбырын сұйықпен бірге көтеруге тура келеді, бұл ағымдағы жөндеу бригадалық жұмысын қиындатады.

Салынатын НГВ-1 сораптарда плунжердің жоғарғы және төменгі бөлігінде орналасқан бір немесе екі клапаны болады.

Штанагалармен бірге барлық сорап жинағы шығарылып, түсірілетіндіктен, сол үшін сору клапанын көтеруге арналған штоктың немесе ұстағыштың қажеттілігі туындамайды.

Сораптар цилиндрының келесідей номиналды диаметрлері болады:

НГН-1 – 28; 32; 43; 55; 68;

НГН-2 – 28; 32; 38; 43; 55; 68; 82; 93;

НГВ-1 – 28; 32; 38; 43; 55; 68.

Фактылық диаметрлер номиналды диаметрден 1 - 2 мм артық болу мүмкін (93 мм үшін сораптың фактылық диаметрі 96 мм диаметрге дейін жетеді). Бұл плунжер, цилиндр және сораптың басқа да тетіктерін зауыт немесе ұстаханаларда қалпына келтіргеннен кейін қайта қолдану жағдайымен түсіндіріледі.

Сорап цилиндрлары

Цилиндр қысқа (0,3 м) болат немесе шойыннан жасалатын төлкеден жиналады, төлке арнайы оправкіде қапталға (кожух) салынып, және бүйірінен муфта қапталымен қысылады. НГН-1 сораптарда төлке саны 2-ден 7 –ге дейін болса, бұл плунжер жүрісін 0,9 м дейін қамтамасыз етеді. Төлке саны НГН-2 сораптарда 6-дан 24 дейін және НГВ-1 сораптарда 9-дан 27 дейін болса, плунжердің 6 м дейін жүрісін қамтамасыз етеді. Кейбір кездері қысқа жүрісті сораптардың цилиндрлары ішкі беті тегіс өңделген, тұтас болаттан жасалатын құбырдан жасалады. Тұтас ұзын цилиндрды жасап шығару техникалық жағынан қиын, себебі бұл кезде қажетті дәлдікті ұстау іске аспайды. Конструкция жағынан салынатын сораптар салынбайтынға қарағанда біршама күрделі.

Барлық сораптар плунжер мен цилиндр арасындағы саңылау (зазор) бойынша үш отырғызу тобына бөлінеді:

Отырғызу тобы I II III

Саңылау 20 – 70 70 – 120 120 – 170

III отырғызу топ сораптары негізінен, терең емес ұңғымаларда тұтқырлы мұнай мен эмульсияны айдап шығару және сұйықтың үлкен көлемін шығару үшін қолданылады. II отырғызу топ сораптары орташа тереңдіктегі және майлы мұнайды шығару кезінде қолданылады. I топ сораптары құм болмайтын, терең жатқан жалғыз майлы мұнайды айдап шығару үшін қолданылады.

Сорап плунжерлері

Плунжерлер – стандартты ұзындығы 1,2 м болат құбырдан жасалады. Сыртқы беті – жылтылдатылған хромды. Плунжер түрлері тегіс (8-сур, а), сақиналы оры бар(8-сур, б), винтті оры бар (6-сур, в) және «пескобрей» типті (8-сур, г).

Одан басқа, үш немесе төрт резиналы сақинадан тұратын НГН-2Р сораптарында қолданылатын плунжерлер бар. НГН-2Р аударсақ: плунжері бар салынбайтын типті тереңдік сорап –2, резина сақиналары (Р) бар.

Егер сорап цилиндры төлкесіз , ал плунжер резиналы сақинамен болса, онда шифрге Б әрпі қосылады, мысалы, НГН-1РБ (Б әрпі төлкесіз деген мағынаны береді). Гуммирленген (резинасы жоқ) плунжері бар сораптар Грозныйда жасап шығарылған, және терең емес ұңғымалар үшін қолданылады.

Сорап клапандары

Сораптың тез тозатын түйіні – клапан болып табылады (сур-7). Ұзақ мерзім ішінде сұйық бағанасының әсерінен шариктің седлоға үздіксіз соғылуынан түйісу беті сынады да, клапанның саңылаусыздығы бұзылады. Әсіресе, абразивті қоспалары (құм) бар сұйықты шығару кезінде және коррозиялы орта кезінде клапан жұмысына ауыр жағдай болады.

Әр салынатын және салынбайтын сораптың жоғарғы аудармасында таңба соғылады, мұнда 1 – шығаратын зауыттың тауарлық белгісі, 2 – сораптың зауыттық номірі, 3 – сорап шифрі, шартты диаметрі, плунжердің мүмкін жүріс ұзындығы және максималды түсіру тереңдігі, 4 – сорапты жасап шығарған жылы.

Одан басқа, әр сораптың қапталында (кожух) жоғарғы жақ ұшында сорап шифры (трафарет бойынша эмаль сырмен) жазылады, мысалы, НГН-2-43-4200-П-П-120. Оның аудармасы: салынбайтын сорап 2- типті, диаметрі 43 мм, плунжердің максималды жүрісі 4200 мм дейін, II топ орнығу плунжермен “пескобрей” типті (П), пресстелу қысымы 120 атмосфер (12 МПа). Осыдан басқа, барлық сораптар толық техникалық берілгендері көрсетілген куәлікпен қамтамасыз етіледі.