Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
курсовой Кенқияқ.docx
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
2 Мб
Скачать
☆

Сурет 2. Кенкияк мұнайгазкенорнының құрылымдық картасы

1998 жылы «Ақтөбемұнайгаз» МГӨБ - на Қытайдың мұнай мұнай корпорациясының үлесі тиісті болғандықтан, Кенкияк кен орнын игеру жобасын Синьзянь мұнайгаз ғылыми-зерттеу институтына тапсырылды. Қазіргі кезде жобаны игеру аяқталды да, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан сынақтан өтіп, бекітіледі.

1983 жылдан бастап Кенкияк кен орнын игеруде 498 ұңғымалары бұрғыланған, оның ішінде:

  • өндіру ұңғымалары – 369;

  • айдау ұңғымалары – 113;

  • бақылау ұңғымалары – 11;

Кенкияк кен орнын игеруді бастағаннан бері 34444,570 мың тонна мұнай өндірілді, қабат қысымын ұстау мақсатында қабатқа 45011,285 мың м3 су айдалды.

01.01.2003 жылы мәліметтер бойынша жалпы қордан – 29,38 мұнай өндірілді, ал жалпы қор көлемі 118140,0 мың тонна. Ұңғымаларды өндіру көбінесе фонтанды әдіспен қолданылады. Мұнай ұңғымаларының орташа алымы – 26,5 т/тәу., орташа газ факторы 1 тонна мұнай үшін - 250 м3 газ.

1997 жылдан бастап Кенкияк кен орнындарының өндіру ұңғымаларын пайдалану ШТС пайдалану әдісіне аударып жатыр. Қазіргі кезде Кенкияк кен орындарының 39 ұңғымалары штангалы сорап жүйесімен өндіріледі, көбінесе Америка және Қытай жабдықтары ШТС-қа алмастырылған. Жер асты жабдықтары агрессивті ортада пайдаланылады.

Сондықтан басты талап - жер асты жабдықтарының барлық элементтері күкірт сутегіне берік болуы және жоғары газ факторымен жұмыс сорабын қолдану. Кенкияк кен орнында қабат қысымын қолдау жүйесі жұмыс істейді, оған 113 айдау ұңғымалары кіреді. № 45 КНС, № 3 КНС техникалық суы бар су қойма ұңғымалары ҚҚҰ жүйесінде Кенкияк газ өңдеу зауытынан келетін жер асты суымен қамтамасыздандырылады..

Жоғарыда келтірілген мәліметтерді ескере отырып, яғни ұңғының тереңдігі 3200м, мұнай тығыздығы 900 кг/м³ және мұнай дебиті 18м³/тәул. деп алдық.

Яғни ұңғыны пайдаланудың штангалы ұңғылы сораптық тәсілін қолданамыз.

II. ҰҢҒЫНЫ ПАЙДАЛАНУ ТӘСІЛІ

    1. ШТАНГАЛЫҚ ҰҢҒЫЛЫҚ СОРАП ҚОНДЫРҒЫСЫ

Ұңғымаларды штангалы ұңғымалық сораптармен (ШҰС) пайдалану әлемнің мұнай өндіретін кен орындардың көп бөлігінде кеңінен таралған.

Сурет 3. Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы

1-СКҚ, 2-штангылер тізбегі, 3-саға жабдығы, 4-балансир басы,5-балансир, 6-тіреу, 7-редуктор,8-электроқозғалтқыш, 9-тереңдік сорап, 10-тоғыту клапаны,11-плунжер, 12-пайдалану тізбегі,13-қабылдағыш (сорғыш) клапан.

Ұңғымаларды штангалы ұңғымалық сораптармен (ШҰС) пайдалану әлемнің мұнай өндіретін кен орындардың көп бөлігінде кеңінен таралған.

Ұңғымаларды штангалы сораптармен пайдалану үшін қолданылатын құрал-жабдықтар:

- тереңдік плунжерлік насос;

- ұңғыма ішіндегі сорап ілінетін сораптық құбырлар және штангілер жүйесі;

- тербелмелі-станоктан және қозғалтқыштан тұратын, балансир типті жеке штангалы қондырғының қозғалтқыш бөлігі;

‑ сорап құбырларын ілдіру үшін және сағаны саңылаусыздандыру үшін арналған ұңғыманың сағалық құрал‑жабдықтары;

‑Тербелмелі‑станоктың балансир басына сорап штангілерін ілдіру үшін арналған құрылғылар.

Ұңғымаға сорапты‑компрессорлы құбырлар (СКҚ) 1 бағанасымен сұйық деңгейіне сорап цилидрін түсіреді, оның төменгі бөлігінде, тек жоғары ашылатын қабылдау клапаны 13 орналасқан. Содан кейін, сорап штангілер 2 арқылы СКҚ 9 ішіне плунжер деп аталатын поршеньді 11 түсіреді, оны сорап цилиндрі ішіне орнатады.

Плунжердің жоғары ашылатын бір немесе екі клапаны 10, 13 болады, олар шығарынды және айдау клапандары деп аталады.

Штанганың үстіңгі жағын тербелмелі-станок балансирдің алдыңғы иық басына бекітеді.

Сорапты-комрпессорлы құбырларымен сұйықты мұнай құбырға бағыттау үшін және оның ұңғыма сағасында төгілуін болдырмау үшін тройник 3 және оның жоғарғы жағында сальник орнатады. Осылар арқылы сальникті (жылтылдатылған) штокты өткізеді.

Ұңғымалық сорап тербелмелі-станоктан қозғалысқа келеді, мұндағы қозғалтқыштан 8 алынатын айналмалы қозғалыс, кривошипті-шатунды механизм 7 редукторының және балансир 5 көмегімен қайтымды-үдемелі қозғалысқа түрлендіріледі.

Плунжердің жоғары жүрісі кезінде, қысым құлайды, және сору клапаны құбыр сыртқы кеңістіктегі сұйық бағанасы қысымның әсерінен ашылады да, содан кейін, сұйық ұңғымадан сорап цилиндріне келіп түседі. Бұл уақытта, плунжердің айдау клапаны 10, оның үстінде орналасқан сұйық бағанасы қысымы әсерінен жабық тұрады.

Плунжердің төменгі жүрісі кезінде, қабылдау клапан 13 сорапты құбырда сұйық бағанасы қысымы әсерінен жабылады, ал плунжерде орналасқан клапан 10 ашылады және сұйық сорапты-компрессорлы құбырға келіп түседі.

Плунжердің үздіксіз жұмысы кезінде, сору және айдау кезектеседі, соның нәтижесінде әрбір жүріс кезінде сұйықтың біршама мөлшері сорапты құбырға еліп түседі. СКҚ-ғы сұйық деңгейі көбейеді және ұңғыманың сағасына жетеді де, сұйық сальникті жабдығы бар тройник 3 арқылы лақтырынды желіге құйылады.