
- •1 Сурет.Кенкияк мұнай кенорнының шолу картасы
- •Сурет 2. Кенкияк мұнайгазкенорнының құрылымдық картасы
- •Сурет 3. Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы
- •Жер үсті жабдықтары
- •Сурет 5. Штангалы сорапты қондырғы үшін ұңғы сағасының типтік жабдықталуы
- •Арқанды алқа
- •Сурет 6. Арқанды алқа
- •Сурет 7. Ұңғылық сораптар
- •Сурет 9. Клапандық түйіндер:
- •11 Сурет. Шеген құбыры мен қашаудың диаметрін таңдауға арналған номограмма.
- •12 Сурет. Екітізбекті ұңғының конструкциясы
Сурет 5. Штангалы сорапты қондырғы үшін ұңғы сағасының типтік жабдықталуы
1- бағаналы фланец, 2 – планшайба, 3 – СКҚ, 4 – тіреу муфтасы, 5 – тройник, 6 – сальник корпусы, 7 – жылтылдатылған шток, 8 – сальник басы, 9 – сальникті тығын
Сағалық сальник жылтылдатылған штоктың шығуын саңылаусыздандырады. Сальник қуысына резиналанған мата қайысынан немесе арнайы мұнай шыдамды резинадан кесілген сақиналар толтырылады, бұлар үстіңгі басылу муфтаны орау кезінде тығыздатылады. Сағалық сальниктің саңылаусыздығының жиі бұзылуының себептеріне, сальник центрі және штанганың арқанды алқа центрімен тура келмеуі немесе оның балансир қозғалысы кезінде тік бағыттан ауытқуы себеп болады. Мұндай ауытқулар тербелмелі-станок балансирді орнату кезінде дәлдіктің жеткіліксіздігі (кемшіліктері) немесе олардың ұзақ жұмыс процесінде бұзылуы кезінде орын табады.
Бұл шарлы шарнирлі қосылысы бар, өздігінен құрылатын басы бар, сағалық сальниктің пайда болуына себепші болды. Мұндай, сальникті Азинмаш өндіріп жасаған және ол 4 МПа дейінгі қысымға есептелген. Сальниктің шарлы басы, оның осі вертикаль бағыттан қай жаққа болмасын 30 дейін ауытқуына мүмкіндік береді. Шарлы қосылыстың саңылаусыздығын мұнай шыдамды резинадан жасалған тығыздатқыш сақина қамтамасыз етеді. Шарлы қосылыс сальникті тығынның және жылтылдатылған штоктың қызмет ету мерзімін арттырады. Қажет кезінде, периодты бас қақпағын бұрау арқылы сальникті тығынды тарта түседі.
Арқанды алқа
Сурет 6. Арқанды алқа
Сальникті шток балансир басына арқанды алқа көмегімен жалғасады. Арқанды алқа конструкциясы, диаграмма түсіріп алатын аспап – динамографты орнатуға мүмкіндік береді, динамограф - шток жүрісінен іліну нүктесіндегі әсер ететін күштердің тәуелділігі [P(S)].
Сонымен қатар, арқанды алқа көмегімен плунжердің сору клапанына соғылуын немесе плунжердің цилиндрден шығып кетуін болдырмау үшін, плунжердің цилиндр сорабына отырғызылуын реттейді.
Арқанды алқа (6-сур) төменгі 1 және жоғарғы 4 траверсадан тұрады. Төменгі траверсаға арнайы қысқыш 2 көмегімен арқанның ілмегі 7 бітеледі. Жоғарғы траверсада сальникті штокты ұстап тұратын, сыналы (клиновый) қысқыш бекітілген. Төменгі траверсаның шеттерінде, жоғарғы траверсаны көтеру үшін және арасына динамографты орнату үшін винттер 3 болады. Тербелмелі-станок жиынтығына кіретін арқанды алқа конструкциясының элементтері стандартты болып келеді. Арқанды ілмек балансир басындағы арнайы роликке кигізіледі.
Сальникті штокты сына ұстағышпен ұстау орнын өзгерту - жоғарғы траверсаны шток бойымен керекті жерге орын ауыстыру арқылы және сыналы ұстағышты муфтамен 6 қайта тарту арқылы іске асады.
Штангаайналдырғыш
Штангаайналдырғыш – штанга бағанасы мен балансир басының әр жүрісі кезінде плунжерді баяу бұрап тұратын сальникті штокта бекітілген механикалық тетік.
Штангаайналдырғыштар – штанга, муфта және плунжердің бір жақты үйкелуін болдырмау үшін, штанга бағанасының қайырылып кетуін болдырмау үшін, және де штанга бағанасына бекітілген пластинкалы қырғышты сорап құбырының ішкі қабырғасында парафинді қабаттарды жою үшін қолданылады.
Әдетте, штангаайналдырғыш – штокта көлденең бекітілген тісті дөңгелек дискіден, шарнирлі тіс және қозғалмайтын нүкетмен трос арқылы жалғасатын рычагы бар, храпты механизмнен тұрады. Балансирдің әр тербелісі кезінде, трос тартылады да, рычаг орын ауыстырады, соның көмегімен шарнирлі тіс (собачка) дискті бір қадамға бұрайды.
Осылайша, штангалар дискі периметрі бойынша қанша тіс болса, сонша тербеліс санына бір айналым жасайды.
Штангаайналдырғыштар ШҰСҚ пайдаланудың күрделі жағдайында жұмысын елеулі жақсартады.
Жер асты жабдықтары
Сорапты тәсілмен пайдаланатын ұңғыманы, құбырмен түсірілетін, штангалы ұңғымалық сораппен жабдықтайды, оның плунжері штанга бағанасы арқылы қозғалысқа келеді.
Әр түрлі категориялы (қалыпты, күрделі жағдайдағы) ұңғымаларды пайдалану кезінде, салынатын және салынбайтын ұңғымалық сораптар қатары бөлінеді.