
- •1 Сурет.Кенкияк мұнай кенорнының шолу картасы
- •Сурет 2. Кенкияк мұнайгазкенорнының құрылымдық картасы
- •Сурет 3. Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы
- •Жер үсті жабдықтары
- •Сурет 5. Штангалы сорапты қондырғы үшін ұңғы сағасының типтік жабдықталуы
- •Арқанды алқа
- •Сурет 6. Арқанды алқа
- •Сурет 7. Ұңғылық сораптар
- •Сурет 9. Клапандық түйіндер:
- •11 Сурет. Шеген құбыры мен қашаудың диаметрін таңдауға арналған номограмма.
- •12 Сурет. Екітізбекті ұңғының конструкциясы
МАЗМҰНЫ:
|
Кіріспе |
2 |
І. |
Кен орнына сипаттама |
4 |
ІІ. |
Ұңғыны пайдалану тәсілі |
8 |
2.1. |
Штангалық ұңғылық сорап қондырғысы |
8 |
2.2. |
Қондырғыны есептеу |
22 |
ІІІ. |
Ұңғының конструкциясын жобалау |
31 |
|
Қорытынды |
36 |
|
Пайдаланылған әдебиеттер |
37 |
КІРІСПЕ
Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібінің потенциалы мұнай мен газдың барланған қорлармен, сол сияқты олардың келелі (перспктивалық) және болжамдық ресурстарымен анықталады. Бұлардың алдыңғылары бұрынырақ табылған, сөйтіп қазір игері- ліп немесе барланып жатқан, әйтпесе уақытша сақталып қойылған кенорындармен байланысты. Келелі және болжамдық ресурстар әзір табыла қоймаған, бірақ анықталған әр түрлі типтегі жергілікті тұтқыштар тұрғысынан (келелі және шоғырландырылған болжамдық ресурстар), немесе алаптың ірі-ірі құрылымдық элементтері мен литологиялық-стратиграфиялық кешендері тұрғысынан жеткілікті дәрежеде ғылыми тұрғыдан негізделген ресурстар болып табылады.
Қазақстанда табылған кенорындардың қорларын бағалау жұмыстары, сол сияқты келелі және болжамдық ресурстарды ке-шенді турде бағалау шаралары түрақты түрде жүргізіліп тұрады, мұның өзі республиканың мұнай-газ саласының қазіргі жағдайы мен болашақ даму перспективаларын саралауға жеткілікті дәрежедегі негіз болып табылады.
2005 жылдың 1-ші қаңтарына есептегенде, Қазақстанда мұнай мен газдың 230 кенорны белгілі, олардың 131-і Каспий маңы ойысында, 18-і Солтүстік Үстірт-Бозащы алабында, 57-і Оңтүстік Маңғыстауда, 15-i Оңтүстік Торғайда және 9-ы Шу-Сарысу шөгінді алабында. 210-ға жуық кенорын мемлекеттік баланс тұрғысынан есепке алынған, қалғандары мұнай мен газдың жекелеген ағымдарымен ғана сипатталатын барланып жатқан алаңшалар дәрежесінде. Шу-Сарысу алабы ғана таза газды алап болып табылады, қалғандары негізінен мұнайлы алаптар санаты- на жатады, алайда бұл алаптарда да газ және газ-конденсат кенорындары мен жекелеген жатындары ұшырасады, және де олардағы мұнай мен дербес газдың бір-біріне деген қатынасы әр түрлі болып келеді.
Мұнайдың дәлелденген қорларының мөлшері жағынан, яғни республикада қабылданған қорлар жіктемесінің А+ В+С1 категориялары бойынша, Қазақстан дүние жүзіндегі мұнайдың дәледенген қорларының 90 %-ын иелен- ген 16 елдің қатарына кіре отырып, осы тізбекте 14-нші орынды иеленеді. Ал шындыққа сәйкесу деңгейі өте жоғары бағаланатын Қашаған және Теңіз кенорындары бойынша есептеліп шығарылған шамамен бағаланған қорларды (С2 категориясы) есепке алар болсақ, Қазақстан дүние жүзі елдерінің алғашқы ондығына кіре отырып, осы тізбектегі, Ресей Федарациясынан кейінгі, 8-нші орынды иеленеді. Сүйық кемірсутектердің, яғни мұнай мен газды конденсаттың жиынтық мелшері тұрғысынан да Қазақстан осы тізбектің 8-нші орнында. Сұйық кемірсутектердің дәлелденген және шамамен бағаланған қорлары жағынан республиканың жиынтық потенциалы әлемдік дәлелденген қорлардың 3,5 %-н қүрайды.
Отандық және шетелдік мамандардың болжамдық бағалау деректеріне сәйкес, барланған қорлардың еселей артуы тек қана Каспий теңізі айдынының табанынан ғаламат ірі кенорындардың ашылу мүмкіндігімен байланыстырылған бо- латын. Осы болжам республика мұнайының қорын 35 %-ға есіруге мүмкіндік берген Қашаған кенорнының ашылуымен расталып отыр. Мұндай ғаламат ірі кенорындардың болашақта да табылу мүмкіндігі күмәнді, десек те біршама ірі ашы- мупар жоққа шығарылмайды, олар бірінші кезекте Каспий теңізінің бозащылық белігіндегі мезозойлық түзілімдермен, атап айтқанда Құрманғазы алаңшасымен, Каспий айдынының солтүстігіндегі палеозойлық карбонатты массивтермен, сол сияқты Оңтүстік Маңғыстау алабындағы Песчаномыс-Ракуш және Беке-Басқұдық беліктерімен байланысты болуы тиіс. Шөгінді алаптардың құрлықтағы бөліктері ауқымынан ірі-ірі кенорындар ашылу мүмкіндігі тамамдалғанға ұқсайды, сондықтан барланған қорлардың бүгінгі қол жеткен деңгейі тұрақты деңгейге жақындап келеді. Бозащы секторының мезозой түзілімдерінен және Каспийдің солтүстік бөлігіндегі тұзүсті түзілімдерінен қоры жағынан ұсақ және орташа кенорындар санатына жататын, негізінен мұнай кенорындарының ашылу мүмкіндіктері әлі де болса өте жоғары бола тұрса да, бұл ашылулар қорлар балансын күрт жоғарлатып жібере алмайды, себебі, біріншіден, бұл ашылулар ұзақ уақыттарға созылатын болады, екіншіден, жаңадан анықталатын қорлар қазір игеріліп жатқан кенорындардан алына- тын сұйық көмірсутектердің мөлшерін белгілі дәрежеде жауып отыруға ғана жететін болады.
Жоғарыда келтірілген өте маңызды қорытынды Қазақстанның мұнай-газ өнеркәсібі дамуының стратегиялық бағытын анықтайды, бүл бағыттың негізгі міндеті көмірсутектердің қазіргі бар қорларын ұтымды пайдалана отырып, қазіргі таңдағы белгілі кенорындарды игеру шараларын түрақтандыру болып табылады.
І. КЕНҚИЯҚ КЕН ОРНЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ
Кенкияк кен орны шамамен Предурал аймағында орналасқан. Мұғалжар тауларымен Ембі арасында, ол нақты айтқанда Қазақстан Республикасының Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына жатады. Сол аймақта басқа да мұнай, мұнайгазды кен орындары бар. Олар: Лақтыбай, Әлібек-Мола, Қожасай, Қаратөбе, Ақжар, Кеңкияқ.
Мұнайлы аймақтың ең ірі мұнайгазконденсатты Кенкияк кен орны 1978 жылы ашылып, 1983 жылы пайдалануға берілді.
Сол жылы № 163 фонтанды ұңғымадан тұңғыш рет мұнай атқылады. МГӨБ Октябрь мұнай мекемесі «СНПС Ақтқбемұнайгаз» Акционерлік қоғамның басты мекемесі болып табылады.
1958 жылы құрылымдық-іздеу бұрғылауын жүргізгенде гравиметрлік минимумында тұзүсті структурасы айқындалған. Кен орын 1959 жылы құрылымдық-іздеу бұрғылау үрдісінде ашылды. Алғашқы К-34 ұңғысы ашылған.
1 Сурет.Кенкияк мұнай кенорнының шолу картасы
Мұнай иірімдерін сыйыстырушы құрылым түзкүмбезді болып табылады. Түз үстіндегі қимада белгілі болған 9 мұнайлы қабаттардың біреуі баррем, біреуі готерив, үшеуі ортаңғы юра, біреуі төменгі юра, екеуі төменгі триас, біреуі жоғарғы пермь жыныстарында орналасқан.
1971 жылы төменгі пермдік кенішіндегі кейінге қалдырылған П-88 ұңғысы ашылған. 5 өнімді горизонты ерекшеленген. Қабаттық кеніші тектоникалық және литологиялық экрандалған элементтерімен жиынтықталған. 1979 жылы карбонатты қалыңдықтағы Г-108 орта карбонды ұңғымасында массивті залежі орнатылған.
Кен орынның жиынтық өнімді қабаты 160-тан 4300 метрге дейінгі интервалды қамтиды. Кескін құмның әртүрлі дәрежеде цементациялануы, алевролиттердің, гравелиттердің , саздың және аргелиттердің кабаттасуымен көрсетілген. Орташа карбонның кейінге қалдырылуы әк тастармен құралған. Тұзүсті және тұзасты кешенінің құрылымының тұрғызылуы жақсы. Жоғаргы пермді-төменгі борды өнімділігінің қалыңдығы қанағаттандырарлықтай сипатталған, жоғары сыйымдылықты -фильтрациялық құрылымы: кеуектілігі 14-30%, өткізгіштігі 0,075-0,987 % мкм². Мұнайға қанығу коэффициенті 07-08. Қабаттың бастапқы қысымы 2-3 МПа құраған, температурасы 15-23 С.
Мұнай тығыздығы 876-909 кг/м³, 0,43-0,81 күкіртті , 0,37-2,97% прафинді, 6,2-11,4% смоланы құрайды.Өте ауыр мұнайлар юра және төменгі борға ұштасқан. Мұнай дебиты 39 м³/тәул. аспаған.
Кунгурге дейінгі полезойдағы жыныстардың сыйымдылық жане фильтрациялы құрылымы төменгі және қанағаттандырарлық мәнімен сипатталады. Кеуектілік шамалары орта есеппен 7-ден 9,8%-ға дейін өзгереді, өткізгіштігі 0,003 мкм³-тан аспайды. Мұнай көбінесе жеңіл, оның тығыздығы 821-850 кг/м³, күкірті 0,24-1,24 %, парафині 1,53-6,76%, смоласы 1,2-8,5%-ды құрайды. Кунгурге дейінгі өнімді қабатқа аномалиялыға тән қабат қысымы жоғары, ол 67,6 МПа-ды төменде және 79,6 МПа карбонатта құрайды. Қабат қысымы 98º С максималды мәніне ие болады , ал мұнай дебиті 18,4-150м³/тәул..
Мұнайгазконденсатты Кенкияк кен орны Каспий ойпатының шығыс жағында орналасқан. Кен орны екі карбанатты қабатқа бөлінеді: КТ-1 және КТ- П . Бұл қабаттар өз кезегінде сегіз геологиялық өндіру обьектілеріне бөлінеді: А,Б,В оңтүстік, В солтүстік, Дн, Д-ш, Ғш.. 1938 жылы Кенкияк кен орнының жоғары қабатын, яғни
КТ-1-ді тәжірибе өнеркәсіптік өндірісі бұрғылауды бастады. Бұның технологиялық схемасын 1982 жылы Гипрвосток нефть Самара, Ресей институты құрастырды. Қазіргі кезде 1986 жылы құрастырылған «Технологиялық өндіру схема» бойынша өнеркәсіптік өндірісі өндірулер жүргізіп жатыр, мұнда бұрғылаудың басты көлемі корбанатты қабаттың екінші объектілеріне КТ-П тасымалданған. Сол институттың құрастырған геологиялық өндіру жобасында Кенкияк кен орындарын өндіру ұңғымаларын 1991 жылдан бастап мұнай өндірудің механизацияланған түрі- компрессорлы газлифтті әдіспен өндіруге көзделген. Бірақ Совет Одағының ыдырауы экономикалық тұрақсыздығы қаржының жеткіліксіз болуы бұл жобаны орындауға мүмкіндік бермеді. Сонда Гипровостокмұнай институты 1992 жылы Кенкияк кен орны игерудің тұйықталған жобасын құрастырды. Осы жобаға сәйкес Кенкияк кен орны 2000 жылға дейін игерілді.
Коллекторлардың құрылымдық карталары: А- (К.Т-1)қабаты ; Б- (КТ-11) қабаты; В-1-1 сызығы бойынша геологиялық қима; Г-шөгіндінің өнімді қабатының геологиялық қимасы. Зоны: I-ангидриттердің түзілу аймақтар, 2-коллекторлар жоқ аймақ; контурлар: 3-мұнайлылық, 4-газдылық.