
- •1.Транспорттың материалдық өндіріс сферасы ретіндегі сипаттамасын жасаңыз
- •Халықаралық тасымалдар түсінігі, дәстүрлі тасымалдау әдістерін талдаңыз
- •4 Теңіз, теміржол, авто, әуе және құбыр транспорттарының қазіргі даму ерекшеліктерін талдаңыз
- •5. Сыртқы саудадағы транспорт операцияларының түрлері мен рекшеліктерін талдаңыз
- •6.Транспорт операцияларының жіктелуін жасаңыз
- •7. Халықаралық тасымалдың мазмұны мен сипаттамасын түсіндірініз
- •Халықаралық тасымалдар туралы конвенциялар мен келісімдердің маңызын түсіндіріңіз
- •9 Тмд елдерінің транспорт жүйелері, алысшетел мен өзарақатынастарын талдап, экономикалық тұрғыдан баға беріңіз
- •10. Халықаралық транспорт заңнамасының негіздерін көрсетіңіз
- •11.Халықаралық транспорт ұйымдарының құрылуы мен қызметін талдаңыз (юнктад, еэк, юнистрал т.Б.)
- •13. Жүк тасымалдары бойынша Брюссель конвенциясының мағынасын, рөлі мен орнын көрсетіңіз
- •14 Жолаушылар тасымалы туралы Афины конвенциясының мағынасын сипаттаңыз
- •15. Өзен тасымалдары туралы Братислава келісімінің рөлі мен орнын көрсетіңіз
- •16.Теміржол келісімдері туралы Берн конвенциясының мағынасын сипаттаңыз
- •18 Халықаралық әуе қатынастары туралы Варшава, Гвадралхар конвенцияларының мәнін ашып көрсетіңіз
- •19 Инкотермс-2000. Тауаржеткізудіңбазистікшарттарын көрсетіңіз
- •20. Транспорт операцияларын реттейтін келісім қатынастарының жалпы схемасын жасаңыз
- •21.Қр экспорттық жүктерді теміржолмен тасымалдаудың тәртібін сызба түрінде көрсетіңіз
- •22. Коносамент түсінігі, атқаратын қызметтері.
- •23. Коносаментті - бағалы қағаз түрі ретінде талдаңыз
- •24 Теңіз тасымалдары келісімі, теңіз ілеспе құжатының (накладная) жасалуы мен тасымалдарды жүзеге асырудағы рөліне сипаттама беріңіз
- •25. Чартерлік тасымалдар түсінігі, қызмет ерекшеліктерін талдаңыз
- •26.Чартердің негізгі шарттарын көрсетіңіз
- •27. Чартерлік типтік келісімдердің құқықтық және экономикалық мағынасын түсіндіріңіз
- •28. Таза және ашық чартер. Промпт және Спот Промпттың мағыналарын түсіндіріңіз
- •29 Құрлық және әуе тасымалдары туралы келісімдердің құқықтық және экономикалық мағынасын түсіндіріңіз
- •30. Теміржол ілеспе құжаттарының түрлерін көрсетіңіз
- •31.Автожол ілеспе құжаты, оныңмаңыздылығы және функцияларын атап көрсетіңіз
- •32. Бірқатар елдердің кедендік шекарасынан өту негізі бар кітапшалар.
- •33 Ілеспе құжат бойынша әуе тасымалы келісімінің мәнін түсіндіріңіз
- •35. Халықаралық транспорт операцияларындағы делдалдықтың негізгі формаларын көрсетіңіз
- •36. Фрахт рыногындағы брокерлік қызмет ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •37. Транспорттық құралдардың лизингі: ерекшеліктері мен механизмін талдаңыз
- •38 Жүктерге транспорттық-экспедиторлық қызмет көрсету ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •39 Кемелерді агенттеу үдерісін талдаңыз
- •40. Транзиттік тасымалдарды жүзеге асыру механизмін көрсетіңіз
- •41. Бонд операцияларының түрлерін сипаттаңыз
- •42. Стивидорлық операцияларды сипаттаңыз
- •43. Транспорттық-экспедиторлық операциялардың негізгі түрлерін талдаңыз
- •44 Халықаралық тасымалға қызмет көрсететін экспедитор-фирмалардың ерекшеліктерін сипаттаңыз
- •45. Транспорттық-экспедиторлық тетіктер, олардың негізгі функцияларын талдаңыз
- •46.Экспорттық қызметті басқару бойынша компаниялардың қызметтеріне сипаттама беріңіз
- •48 Халықаралық делдал-фирмалардың қызметтерін талдаңыз
- •49Транспорттық-экспедициялық құжаттар: жіберу тапсырмалары, транспорттық инструкция т.Б. Талдаңыз
- •50. Бонд қоймалары және олардың функцияларын талдаңыз
- •51.Теңізкемелері: фрахты бойынша брокерлік қызметтерін талдаңыз
- •52. Брокерлік фирмалар, олардың функциялары.
- •53 Әлемдік ірі брокерлік фирмалардың (Нью-Йорк, Лондон, т.Б.) қызметтерін талдаңыз
- •54 Кемелерді агенттеу – агенттік қызметтің сипаттамасын талдаңыз
- •55. Әлемдік сауда флотының сипаттамасы және құрамын талдаңыз
- •56.Теміржол тасымалының негізгі түрлерін көрсетіңіз және сипаттаңыз
- •57. Автотранспорт тасымалының ерекшеліктерін талдаңыз
- •58 Әуе тасымалының дамуын талдап, экономикалық шолу жасаңыз
- •59 Жүктерді контейнерлік тасымалдау мақсаты мен міндеттерін атап көрсетіңіз
- •60. Транспорттық қызмет көрсету рыноктарын тарифтік реттеу механизмін сипаттаңыз
- •1 Транспорттың материалдық өндіріс сферасы ретіндегі сипаттамасын жасаңыз
11.Халықаралық транспорт ұйымдарының құрылуы мен қызметін талдаңыз (юнктад, еэк, юнистрал т.Б.)
Үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдау барысында мемлекетаралық келісімдер пайдаланылады. Мұнда көлік байланыстары қатынастарының кең қатысушылары туындайды. Мемлекеттер арасындағы құқықтық қатынастар келесі мәселелер бойынша реттеледі: халықаралық байланыс жолдары мен көлік құралдарын пайдалану; жүктердің орнын ауыстыру барысындағы мемлекетаралық қатынастарды орнату тәртібі; халықаралық көлік ұйымдардың қызметі. Халықаралық келісімдерге әрбір көлік түріне қатысты жасалған конвенциялар мен келісімдер жатады. Бұл келісімдерге қол қойған мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары үшін оларды орындау міндетті.
Көлік саласындағы халықаралық келісімдер келесідей ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық, құқықтық мәселелерді қарастырады:
• көліктің жекелеген түрлерінің қызметінің жалпы қағидалары;
• халықаралық байланыстарды ұйымдастыру;
• жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың коммерциялық жағдайлары;
• тарифтер, жүктерді тасымалдауға фрахтілік мөлшерлемелер;
• мемлекеттер арасындағы көліктік байланыстарды жақсарту;
• режимдік жүктерді қайта тиеу, сақтау және тасымалдау жағдайлары;
• халықаралық тасымалдар саласындағы жүк иелерінің мүліктік мүдделерін қорғаудың құқықтық мәселелері;
• қоршаған ортаның ластануының алдын алу.
Халықаралық көлік мәселелері әр түрлі халықаралық көлік ұйымдарында шешімін табады. Оларға БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясы (ЮНКТАД); Ішкі көлік бойынша комитет құрылған Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).
Әр түрлі көлік түрлері бойынша халықаралық ұйымдар жасалған және белсенді түрде қызмет етеді. Мысалы, теміржол көлігінде Теміржолдардың ынтымақтастық ұйымы (ТЫҰ), Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВЖП), ТЫҰ қарамағында құрылған көлік құқығы жөніндегі тұрақты топ, Халықаралық теміржол байланыстарының орталық бюросы және басқалары. Автомобиль көлігіне үкіметтік емес халықаралық ұйым – Автомобиль көлігінің халықаралық одағы (ИРУ). Әуе көлігі саласында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), сонымен қатар мамандандырылған үкіметтік емес ұйым – Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы әрекет етеді. Теңіз көлігінде Үкіметаралық теңіз (кеңес беруші) ұйымы (ИМО), Балтық халықаралық теңіз конвенциясы (БИМКО), Халықаралық теңіз комитеті (ММК), Кеме иелерінің халықаралық ассоциациясы (ИНСА). Жүктердің көліктік экспедициялау бойынша Экспедиторлық ассоциацияларының халықаралық федерациясы (ФИАТА).
Төменде негізгі көлік конвенциялары мен көліктік әр түрлі түрлері бойынша келісімдерге сипаттама беріледі.
Халықаралық теңіз байланыстары. Теңіз тасымалы қатысушыларының өзара қатынастары мен коносаменттің құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі халықаралық келісім болып 1924 жылғы Коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы (Гаага ережелері) табылады. 1968 жылғы Брюссель протоколымен осы конвенцияға кейбір ережелер енгізілді. Қазіргі уақытта Брюссель конвенциясына 70-тен астам мемлекет қатысады. Гаага ережелеріндегі басты назар теңіз тасымалдаушысының жүкке жауапкершілігі туралы мәселеге аударылған. 1924 жылғы Брюссель конвенциясының бірқатар ережелеріне әр түрлі елдер, соның ішінде дамушы мемлекеттердің жүк иелері тарабынан айтылған сындарды есепке ала отырып, Халықаралық теңіз тасымалдарының тәжірибесіне маңызды ықпал ететін Гамбург ережелері атауымен белгілі 1978 жылы Жүктердің теңіз тасымалы туралы БҰҰ конвенциясы қабылданды.
12. Транспорт конвенциялары, мақсаты мен міндеттерін сипаттаныз Халықаралық қатынастардағы мемлекеттің өзінің ұлттық транспорттық өнеркәсіп қызметтерін кеңейтудегі қызығушылығы, әрдайым біріңғай жүктерді және жолаушыларды тасымалдау, сонымен қатар тасымалдауға байланысты заңдық норма мәмілелері және тағы басқадай сұрақтарды жасау мақсатымен халықаралық ынтымақтастыққа бірігуге ынталанды.
Осындай күш жұмсаудың нәтижесінде көптеген халықаралық транспорттың жеке түрлеріне байланысты келісімдер бекітілді.Ол қазіргі кезде “Транспорттық конвенция” деп аталады. Халықаралық транспорттық конвенцияларда халықаралық қатынастарға сәйкес келетін жүк және жолаушы тасымалы келісімдері көптеп кездеседі. Келісімдерге сәйкес транспорттық ұйымдардың бір жағы белгіленген пункке жүкті немесе жолаушыны жеткізіп салу міндетін алса, екінші жақ жүк иесі тасымалдаушыға белгіленген пункке жеткізіп салғаны үшін ақы төлеуді міндетке алады. Қалған тасымал келісімдері көрсетілген міндеттерді айқындап, түсіндіріп, толықтырады. Транспорттық конвенциялар халықаралық тасымалда қабылданатын негізгі реквизиттерді, транспорттық құжат формаларын анықтайды.Транспорттық құжаттың кең таралған екі типі бар. Олар: қосымша (накладная) (теміржол, әуе және автомобиль қатынастарына арналған) және коносамент (теңіз және өзен қатынастарына арналған) құжаттар. Халықаралық тасымалдарды жүзеге асырудың құқықтық негіздеріне келесілер жатады:
Халықаралық тасымал туралы конвенция мен келісімдер Халықаралық тасымал заңнамалық негіздері
Ұлттық транспорттық кәсіпорындарын халықаралық тасымалдауды қолдануды кеңейте түсу үшін мемлекеттер халықаралық ынтымақтастықтың ортақ шарттарын жасауға ұмтылады.