Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

30. Теміржол ілеспе құжаттарының түрлерін көрсетіңіз

Теміржол ілеспе құжаты – бұл негізгі құжат, жүктердің теміржол арқылы транспорталуы кезінде қолданылады. Ол тауардың көлемі жөнінде келісімшарт қызметін атқара алады, және ол

тауарлы жарлық құжат болып, тауарды жеткізу кезінде оны қабылдаған адамға жеткендігін растайтын құжат бола алады. Өнім соңғы қабылдаушыға теміржол ілеспе құжаты көрсетілгенде ғана жіберіп немесе тасымалдана алады. Құжатта мынадай мәліметтер:

жүк атауы, тасымалдаушының жүкті қабылдаған уақыты, жеткізу мерзімі, жеткізу және жіберілу орны, қабының түрі, төлем түрі және тағы басқалар болады.

Әлемде теміржол хабарының бірнеше жүйесі қолданылады. Олар жол ені, вагондар, локомотивтер, тауар тасымалының тасымалдануларына байланысты жіктеледі. Сондықтан теміржолда түрлі конвенциялармен реттелетін ілеспе құжаттардың бірнеше түрлері қолданылады.

Жоғарыда айтылғандай бұл құжаттардың бірнеше түрлері болады. Мысалы, посткеңестік аймақтарда Халықаралық Теміржол Хабарларының Келісімнің теміржол ілеспе құжаты қолданылады. Бұл құжаттың толық жинағы 5 қағаздан тұрады. Олар: түснұсқа, тауарды тіркейді, оның көшірмесі, ол жіберушіде қалады, жол тізімдемесі, және жүктің жіберілуі туралы қағаз және жүктің қабылдануының хабарлаушы қағаз.

Халықаралық хабарламаның теміржол ілеспе құжаты біркелкіленген бланкта екі тілде басылады, және тауардың қасында болады. Құжаттардың толық жиынтығы – тауар қабылдаушының атында бекітілген түрде құрастырылған және тауар жіберушінің жіберілген орында қол қойылған құжат.

Әрбір жаңа қозғалтқышқа ұйымдастырушы-дайындаушы мынадай ілеспе құжаттарды жинақтайды:

1) Зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігіне техникалық паспорт;

2) жинақтама және реттегіштің барлық өзгерісіне арналған жазулар үшін қозғалтқыш параметрлерін тіркеу журналы;

3) зиянды (ластаушы) заттарды шығаруға және шығарушы газдың түтіндігінің осы бөлімде көрсетілген шекті рұқсат етілген мәнге сәйкестігін растайтын сертификат;

4) Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттар (техникалық паспортқа) біріктірілуі немесе қозғалтқыштың формулярына қосылуы мүмкін.

31.Автожол ілеспе құжаты, оныңмаңыздылығы және функцияларын атап көрсетіңіз

Автожол ілеспе құжаттары – бұл жүк жіберуші мен жүк қабылдаушы арасында автокіөлікпен жүк тасымалдау бойынша жасалған келісімнің бар екендігін растайтын құжат, онда екі тараптың да қолдары қойылуы шарт. Мұндай жүкқұжат өзгеге берілмейді (яғни, құжаттың екінші жағына жүк қабылдаушы мөр басып, қол қою арқылы үшінші тұлғаға беруіне болмайды ), және тауар басқаруға арналған құжат емес, тауар тек құжатта көрсетілген қабылдаушыға тапсырылады.

РФ аймағында тауар-транспорттық жүкқұжаты рәсімделеді, ол Ресейде кеңес өкіметі кезінде қабылданған заңнамалық актілермен реттеледі.

Біздің еліміздің аумақтарында автокөлікпен тауар тасымалдау N 1-T формасы бойынша рәсімделген төлқұжат бойынша жүзеге асырылады. Тауарлық-транспорттық жүкқұжат – бұл жүк жіберушінің материалдық құндылықтарды тізімнен шығаруына, қабылдаушының тізімге енгізуіне негіз болатын жалғыз құжат болып саналады.

Ол 4 данамен дайындалады: біреуі өнімді жідерушіде қалады, қалған үшеуі тасымалдаушыға беріледі, оның біреуін көлік жүргізуші жүк қабылдаушыға береді, екіншісі есеп айырысуға және тасымалдауға тапсырыс берушіге жіберіледі, үшінші данасы, жүргізушінің жолдама қағазына қосымша тіркеледі де, жүргізушіге жалақы төлеу үшін және тасымалдау жұмысын тіркеуге алу үшін қолданылады.

Егер тауарға жатпайтын басқа өнімдерді тасымалдау шараларын жүзеге асыру қажет болса, онда өнімнің көлемі мен салмағын өлшеу актісі жасалауы қажет.

Халықаралық деңгейде жүкті автокіөлкпен тасымалдау үшін басқа құжат рәсімделеді – халықаралық автокөлік жүкқұжаты (CMR), ол халықаралық жүк тасымалдау бойынша келісім жөніндегі 1956 ж. Конвенцияға сай толтырылады. Мұндай жүкқұжатына РФ аумағынан тыс жерге өнім шығарылғандығын растайтын кедендік органның белгісі қоылуы қажет.

Егер жүк ТМД елдерінің біріне жіберілетін болса, тасымалдау рәсімі тасымалдаушының қалауы бойынша  CMR жүкқұжаты немесе е N 1-Т формасы бойынша жүзеге асырылады.

Бордеро – автокөлікпен жүк тасымалдау кезінде қолданылатын құжат түрі, онда жүк тасымалдаушылар әкеле жатқан жүк атаулары көрсетіледі және автокөлік тасымалынің жүкқұжатының көшірмесіне сілтеме жасалады.

Әмбебап (көпмақсатты) транспорттық құжат – бұл бірнеше көлік түрлерімен бір немесе бірнеше  елдердің аумағында жүк тасымалдау туралы келісімшарттың бар екендігін анықтайтын құжат. Ол қолданыстағы кез-келген халықаралық Конвенцияға немесе ұлттық заңнамаға және тасымалдау шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ол бойынша кез-келген тасымалдаушы немесе көлік операторы аталған құжатта көрсетілген жүк тасымалын тасымалдауды жүзеге асырады немесе қамтамасыз етеді. Аралас жүк тасымалдау құжаты – бұл аралас жүк тасымалы туралы келісімшарттың бар екендігін көрсететін құжат, онда оператордың аралас жүк тасымалын өз құзырына алғандығы, сондай-ақ оның келісімшартта көрсетілген талаптарға сай жүкті жеткізуге міндеттенетіні көрсетіледі. Ол халықаралық аралас жүк тасымалы туралы Конвенция талаптарына сай жасалуы тиіс. Жүкті қабылдау туралы қолхат – бұл тасымалдаушы немесе оның агенті беретін құжат болып табылады,   аталған құжатта немесе сілтеме жасалаған, құжаттарда көрсетілген талаптарға сай көрсетілген жүкті қабылдағандығы расталады.