Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

10. Халықаралық транспорт заңнамасының негіздерін көрсетіңіз

Үлкен көлемдегі жүктерді тасымалдау барысында мемлекетаралық келісімдер пайдаланылады. Мұнда көлік байланыстары қатынастарының кең қатысушылары туындайды. Мемлекеттер арасындағы құқықтық қатынастар келесі мәселелер бойынша реттеледі: халықаралық байланыс жолдары мен көлік құралдарын пайдалану; жүктердің орнын ауыстыру барысындағы мемлекетаралық қатынастарды орнату тәртібі; халықаралық көлік ұйымдардың қызметі. Халықаралық келісімдерге әрбір көлік түріне қатысты жасалған конвенциялар мен келісімдер жатады. Бұл келісімдерге қол қойған мемлекеттердің заңды және жеке тұлғалары үшін оларды орындау міндетті.

Көлік саласындағы халықаралық келісімдер келесідей ұйымдастырушылық, техникалық, коммерциялық, құқықтық мәселелерді қарастырады:

• көліктің жекелеген түрлерінің қызметінің жалпы қағидалары;

• халықаралық байланыстарды ұйымдастыру;

• жүктер мен жолаушыларды тасымалдаудың коммерциялық жағдайлары;

• тарифтер, жүктерді тасымалдауға фрахтілік мөлшерлемелер;

• мемлекеттер арасындағы көліктік байланыстарды жақсарту;

• режимдік жүктерді қайта тиеу, сақтау және тасымалдау жағдайлары;

• халықаралық тасымалдар саласындағы жүк иелерінің мүліктік мүдделерін қорғаудың құқықтық мәселелері;

• қоршаған ортаның ластануының алдын алу.

Халықаралық көлік мәселелері әр түрлі халықаралық көлік ұйымдарында шешімін табады. Оларға БҰҰ сауда және даму жөніндегі Конференциясы (ЮНКТАД); Ішкі көлік бойынша комитет құрылған Еуропалық экономикалық комиссия (ЕЭК), БҰҰ Халықаралық сауда құқығы жөніндегі Комиссиясы (ЮНСИТРАЛ).

Әр түрлі көлік түрлері бойынша халықаралық ұйымдар жасалған және белсенді түрде қызмет етеді. Мысалы, теміржол көлігінде Теміржолдардың ынтымақтастық ұйымы (ТЫҰ), Жүк вагондарының жалпы паркі (ЖВЖП), ТЫҰ қарамағында құрылған көлік құқығы жөніндегі тұрақты топ, Халықаралық теміржол байланыстарының орталық бюросы және басқалары. Автомобиль көлігіне үкіметтік емес халықаралық ұйым – Автомобиль көлігінің халықаралық одағы (ИРУ). Әуе көлігі саласында Халықаралық азаматтық авиация туралы конвенцияға сәйкес, Азаматтық авиация халықаралық ұйымы (ИКАО), сонымен қатар мамандандырылған үкіметтік емес ұйым – Әуе көлігінің халықаралық ассоциациясы әрекет етеді. Теңіз көлігінде Үкіметаралық теңіз (кеңес беруші) ұйымы (ИМО), Балтық халықаралық теңіз конвенциясы (БИМКО), Халықаралық теңіз комитеті (ММК), Кеме иелерінің халықаралық ассоциациясы (ИНСА). Жүктердің көліктік экспедициялау бойынша Экспедиторлық ассоциацияларының халықаралық федерациясы (ФИАТА).

Төменде негізгі көлік конвенциялары мен көліктік әр түрлі түрлері бойынша келісімдерге сипаттама беріледі.

Халықаралық теңіз байланыстары. Теңіз тасымалы қатысушыларының өзара қатынастары мен коносаменттің құқықтық мәртебесін анықтайтын негізгі халықаралық келісім болып 1924 жылғы Коносамент туралы кейбір ережелерді унификациялау туралы Брюссель конвенциясы (Гаага ережелері) табылады. 1968 жылғы Брюссель протоколымен осы конвенцияға кейбір ережелер енгізілді. Қазіргі уақытта Брюссель конвенциясына 70-тен астам мемлекет қатысады. Гаага ережелеріндегі басты назар теңіз тасымалдаушысының жүкке жауапкершілігі туралы мәселеге аударылған. 1924 жылғы Брюссель конвенциясының бірқатар ережелеріне әр түрлі елдер, соның ішінде дамушы мемлекеттердің жүк иелері тарабынан айтылған сындарды есепке ала отырып, Халықаралық теңіз тасымалдарының тәжірибесіне маңызды ықпал ететін Гамбург ережелері атауымен белгілі 1978 жылы Жүктердің теңіз тасымалы туралы БҰҰ конвенциясы қабылданды.

Кейінге дейін жолаушылар мен жүктің теңіз тасымалдары 1961 жылғы Жолаушыларды теңізбен тасымалдауға қатысты кейбір ережелерді унификациялау туралы халықаралық конвенциямен реттелді. 1987 жылы Жолаушылардың, олардың жүктерінің, көлік құралдарының және қол жүктерінің теңіз тасымалы туралы жаңа конвенциясы (Афина конвенциясы) күшіне енді.