Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

58 Әуе тасымалының дамуын талдап, экономикалық шолу жасаңыз

Транспорттың бұл түрі маңызды болып келеді. Бірақ әуетасымалдау тарифтері автокөлік пен теміржол тарифтеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Транспорттың бұл түрі жылдамдылық пен алыс нарықтарға жету үшін өте қолайлы. Ауа арқылы жиі жеткізілетін жүктерге- тез бұзылатын азық-түліктер (жас балық, гүлдер)және қымбат бағалы бұйымдар (құралдар, зергерлік бұйымдар). Фирмалар әуе транспортын пайдалануда орамаға жұмсалатын шығындарды үнемдеуге, қыртыс сандарын азайтуға болады деп сендіреді.Он жылға созылған осы транспорт түріне байланысты шу аяқталды. 1998 жылы пайда болған кризистік құбылыстар қаншалықты ауқымды және қаншалықты ұзаққа созылатынын болашақ көрсетер. Әуе транспорты 1995жылы басталған құлдырауға дейін 295 млн болатын жүк айналымын тасымалдайтын, оның ішінде- 190 млн т-км халықаралық қатынас. Жолаушылардың саны 2,2 млрд жетті, оның 1,2 млрд халықаралық желі. Бұл үлкен жетістік болды.Ресейдегі жағдай басқаша. Жолаушылардың төлемқабілетінің төмендеуіне және т.б. себептерге байланысты жолаушыларды тасымалдау ауқымы соңғы жылдары төмендеді. Егер 1990 ж. әлемдік жолаушыларды тасымалдауда 10% Ресейге тиесілі болса, 1997жылы –тек 2% болды. 1998 жылы жолаушыларды әуе тасымалдау қайтадан кеміді. Сонымен қатар 24% «құлау» деп сипатталған жүк тасымалдау да күрт қысқарды. Жолаушыларды тасымалдау алдыңғы жылдары сияқты төмендей берді және 1991 жылы 1/3деңгейді құрады.Дегенмен Ресейде әуе компанияларының іріленуі жалғасуда. Олардың саны 1991жылдан бастап 500 ден 215 дейн азайды (1997ж.) және жақын уақытта 100-110 дейін жетеді. Олардың ішінде 5-8 федералды мәртебеге, 25- аймақтық және 60-70- жергілікті мәртебеге ие болады. Бүгінгі күні компанияның әуе паркінде 7900 әуе кемесі, сондай-ақ 1800 магистралды, яғни ұзақ қашықтыққа ұша алатындар бар.Статистика деректеріне сүйенсек, әуе тасымалдаушылардың қазіргі ахуалы жаман емес.  Әуе көлігінің халықаралық қауымдастығы (IATA) әуе тасымалдаушылардың кіріс көлеміне қатысты болжамдарын 20% немесе $12,7 млрд. долларға арттырды. Оның үстіне 2013 жылдың соңына қарай рекордтық көрсеткішке қол жеткізу мүмкіндігі бар. Коммерциялық рейстердегі жолаушылар саны алғаш рет  3 млрд адамға жетті. Алайда бұл индикатор жалпы саланың дамуы үрдісін байқатады деп айту қиын. Кіріс көлемі компания жедел қабылдап отырған қысқарту үнемдеу шараларының арқасында қол жеткізілуде. Ал адам санын арттыру бойынша әуетасымалдаушылары жолаушылар сыйымдылығын кемітіп, артық орындарды санын көбеудіден әзірге бас тартып отыр

59 Жүктерді контейнерлік тасымалдау мақсаты мен міндеттерін атап көрсетіңіз

Жүктерді контейнерлік тасымалдау – жүктерді құрлық, су, әуе көлігімен тиеп-түсіруге қолайлы көлік бейімдемелерінде – контейнерлерге тиеп тасымалдау; Контейнерлер стандартты көлем мен кезкелген көлік түрімен тасымалданатын әмбебап қойма. Контейнерлік тасымал 3 түрлі болады: құрлық, әуе, теңіз.Контейнерлік тасымал - бүгінгі таңда теміржол транзиттік бағыттарының көпшілігіндегі ең сұранысқа ие қызмет түрі. «Кедентранссервис» АҚ – Қазақстан Республикасы контейнер паркінің негізгі операторы. Оның қарамағында 17 стансадағы терминал бар. Ал «Трансконтейнер» ААҚ Ресейдің барлық жүк қатынасы орталықтарындағы 47 терминалды иеленіп отыр. 2011 жылдың наурыз айында бірлескен кәсіпорын құра отырып, екі тарап мақсатты түрде Еуропа мен Азияны байланыстыратын теміржол магистралінде тура қызметті ұйымдастыру арқылы транзиттік жүк тасымалын көбейтеді. Осылайша 2011 жылы Чунцинь-Дуйсбург бағыты бойынша «Жаңа Жібек жолы» контейнерлік пойызы қатынасының жобасы сәтті іске асты. ҚТЖ Президенті Асқар Маминнің айтуынша, бұл пойыз арқылы тасымалданған жекелеген жүк тиеудің өсімінің әлеуеті 25 есе. Операторлардың алдында тұрған басты міндет – Еуропадан Қытайға бара жатқан контейнерлерге жүкті қайта тиеуді ұйымдастыру. Сонымен қатар контейнерлік пойыздардың барлық бағыттарында тура тарифтік мөлшерлемесін, ортақ санитарлық-техникалық талаптарды жасау; шекаралық түйіспе стансаларында өткізгіштік және өңдеуші қабілетін дамыту өте маңызды. Көптеген физикалық және физикалық емес кедергілер Кеден Одағының құрылуының арқасында жойылды. Қазақстанның халықаралық көліктік-логистикалық хаб ретінде қалыптасу жолында «Трансконтейнер» АҚ-мен ынтымақтасу ерекше маңызға ие. «Бүгінде Трансконтейнер Кедентрассервиске Қазақстанның контейнерлік нарығында жетекші оператор болуына мүмкіндік берген өз технологиясы мен IT өнімдерін берді», - деп атап өтті сөз алған петр Баскаков, ресей компаниясының Бас директоры. Кездесу қатысушылары 2011 жылдағы жұмыстың қорытындысын шығарып, үстіміздегі жылға жоспарланған жұмыс көлемін талқыға салды, сондай-ақ контейнерлік жүк тасымалын көбейтуге арналған бірқатар шаралар жөнінде кеңесті. Кеңес қорытындысы бойынша хаттамаға қол қойылды