Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

57. Автотранспорт тасымалының ерекшеліктерін талдаңыз

Соңғы жылдары ортақ құрлық шекаралары бар елдер арасында экспорт-импорттық тауар алмасуды қамтамасыз етуде автомобильді транспорттың рөлі артуда. Автотуризм есебінен жолаушы тасымалы да артуда. Автотранспорттық тасымалдаудың бір ерекшелігі – олар жүкті «есіктен есікке» ешқандай кедергісіз жеткізуді қамтамасыз ететін жалғыз тасымал түрі болып табылады, осылайша олар клиенттердің жүкті өз уақытында және еш шығынсыз жеткізудегі талабын орындайды. Транспорттың басқа түрлеріне (Солтүстік Америкадағы маршрутты теміржол тасымалын қоспағанда) «есіктен есікке» тасымалын ұйымдастыру үшін соңғы этапта автотранспортты қолдануға тура келеді. Барлық халықаралық автотасымалдар мыналарға байланысты бөлінеді:

Жүктің түрі мен тауардың транспорттық сипатына қарай – тиелмелі, даналы, азық-түліктік; Тасымалдың аяқталу орны – көрші (шекаралас елдерге), транзиттік (бірнеше мемлекеттік шекараны өту) Тасымалдың жиілігі – тұрақты және бір реттік Транзитті шекарадан өту тәсілі – кедендік бақылаумен не бақылаусыз

Халықаралық автотасымалдау автотартқыш, тіркеме және жартылай тіркемеден тұратын автопоездтармен жүзеге асырылады. Автопоездтің экипажы екі жүргізушіден тұрады, бұл үлкен қашықтықты тоқтаусыз жүріп өтуге мүмкіндік береді. Шетелде жасалған тартқыштарда бос жүргізушіге арналған арнайы демалатын орын бар. Тұрақты хабарлама нәтижесінде олар автолекке бірігеді. Жүк түріне қарай тасымал жүзеге асырылады: тиелмелі жүк – ашық көліктерде, автофургон, контейнерде; даналық жүк – контейнер мен жабық автофургондарда; азық-түлік жүктері – рефрижератор-фургондарда. Даналық жүктерді (мыс, жиһаз) тасымалдау неғұрлым тиімді болып табылады, себебі олар көліктің жүк көтеру қабілетін толық пайдаланбайды. Тиелмелі жүкті автотранспортпен тасымалдау көбінесе шекаралық елдерде қысқа және орта қашықтыққа қолданылады, себебі алыс жолдарда олар теміржол тасымалымен бәсекелестікке түсе алмайды. Халықаралық автотранспортпен тасымалдау тасымалдаушы үшін тасымалдау шартының жасасқанын білдіретін және тасымалдың шартын белгілейтін, жүкті жөнелтушінің қолымен куәландырылған халықаралық үлгідегі транспорттық жүкқұжатпен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалды ұйымдастыру негізінен кедендік шараларды қоспағанда ішкі тасымалдан ерекшеленбейді. Тасымалдаушы шарт негізінде жүкті жөнелтушіден не контейнерлі терминалдан жүкті алады және тиісті құжаттарды ала отырып шекарада кедендік және шекаралық бақылаудан өтіп жүкті қабылдаушыға барады. Егер бұл транзиттік тасымал болса, онда тасымалдаушы әр шекарада тұрып өзінің тасымал уақытын жоғалтады. Автотранспорттың кедендің шекарада артық тұрмауы үшін 1975 жылғы халықаралық жол тасымалы конвенциясы бойынша ХЖТ кітапшасы (Carnet TIR) қолданылады. ХЖТ кітапшасы Халықаралық автомобильдік транспорт одағы құрамына кіретін ассоциациямен не өкілетті кедендік билікпен беріледі. Транспорттық құралды уақытша шекараға кіргізген кезде «TIR» литері бар ХЖТ кітапшасы болса, онда бұл транспорттық құралды кіргізілген мүлік ретінде декларациялаудың қажеті жоқ. ХЖТ кітапшасы әр транспорттық құрал үшін не контейнер үшін жасалады. Ол бүр таымал үшін ғана жарамды. ХЖТ кітапшасы бір сары және 6, 14 (екіден көп шекарадан өту) не 20 (6 дан көп шекарадан өту) жұп ақ алынбалы беттерден (тақ және жұр нөмірлі) тұрады. Әр алынбалы парақ екі бөлімнен тұрады: жүк манифесті (бірінші бөлім), онда тасымалданып жатқан тауар көрсетіледі, куәлік-сертификат (екінші бөлім), онда тасымалдың шарттары мен бағыты көрсетіліп, пломба мен танушы белгілер қойылады.