Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

52. Брокерлік фирмалар, олардың функциялары.

Брокерлік фирмалардың негізгі қызметі кеме иелері мен жүк иелеріне клиент іздеу және теңіз тасымалы келісімшартын рәсімдеумен қоса, теңіз кемелерін фрахтілеуге келісімдер жасау түріндегі делдалдық қызмет көрсетуден тұрады. Делдал ретінде бола отырып, брокер, көптеген жағдайда, тараптарға бір реттік қызмет көрсетеді. Алайда ол өзінің атынан да келісімге отыра алады, бірақ сенім беруші есебінен, мұнда ол комиссионер ретінде қатысады. Кейде фрахтілік келісімді жасау барысында делдалдар ретінде екі брокер қатысады: біреуі кеме иесінің тапсырмасы бойынша, басқасы кемені жалға алушының тапсырмасы бойынша. Әдетте брокерлердің сыйақысы демередж мен зая кірепұлды қоса алғанда, фрахтінің 1,5-5% көлемінде орнатылады. Көптеген елдерде брокерлік қызмет ұлттық немесе аралас компаниялардың жеке кәсіпкерлігі болып табылады. Брокерлік фирма, негізінен, бірнеше бөлімнен тұрады, олардың әрқайсысын жоғары біліктілік пен үлкен тәжірибеге ие маман басқарады. Мысалы, Ұлыбританияда теңіз кемесі қатынасында делдалдық қызметпен тек фрахтілік брокерлер институтының мүшелері ғана айналаса алады, олардың біліктілігі патшалық дипломмен расталады. АҚШ-та (Нью-Йорк) білікті орган – Кеме брокерлері мен агенттерінің ассоциациясы қызмет көрсетеді, ол брокерлік қызмет бойынша сәйкес ережелер мен ұсыныстарды, кәсіби этика кодексін, мүшелердің тізімін, брокерлер қызметінің төлем тарифтерін және т.б. дайындайды және жариялайды. Осыған ұқсас ұйымдар (ассоциациялар, одақтар) Дания, ГФР, Италия, Швеция, Жапония және т.б. мемлекеттерде бар. Жоғарыда аталған ұйымдардан басқа, батыс елдерінде құрылу мақсаты брокерлерге халықаралық деңгейде өкілдік ету болып табылатын әр түрлі ұлттық ассоциациялар федерациялары қызмет етеді. Осындай ұйымның мысалы ретінде Лондонда негізі құрылған Брокерлер мен кемелік агенттердің ұлттық ассоциацияларының федерациясын келтіруге болады. федерация халықаралық коммерциялық емес ұйым болып табылады, олардың құрылтайшы мүшелері болып 10 елдің ұлттық ассоциациялары табылады (Бельгия, Дания, Финляндия, Нидерланды, Италия, Норвегия, Швеция, Ұлыбритания және ГФР). Брокерлік қызметтегі маңызды рольді атқаратын ең ірі халықаралық ұйым болып Балтық Халықаралық теңіз кеңесі (БХТК) табылады, оның атауы 1985 жылға дейін Балтық және Халықаралық теңіз конференциясы болды. Қазіргі уақытта БХТК құрамында 2700-ден астам мүше бар (103 әлем елінен), олардың арасында кеме иелері, брокерлер, өзара сақтандыру клубтары, фрахтілік ассоциациялар және т.б. бар. БХТК мүшелерінің жалпы флот тоннажы теңіз сауда флотының барлық тоннажының шамамен 50% құрайды. Ресейде теңіз көлігінің нарықтық қызметі мамандандырылған сыртқы сауда қауымдастықтары – «Совфрахт» Акционерлік Коммерциялық Кәсіпорны (АКК), «Совкомфлот» АКК, «Совбункер» Сыртқыэкономикалық Акционерлік Қоғамы (САҚ) арқылы жүзеге асырылады. Бұл қауымдастықтардың негізгі құрылымдық бөлімдері – заңды тұлға болып табылмайтын және келісімдерді тек қауымдастықтың тапсырмасы бойынша және оның атынан ғана жасай алатын мамандандырылған фирмалар