Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

4 Теңіз, теміржол, авто, әуе және құбыр транспорттарының қазіргі даму ерекшеліктерін талдаңыз

Соңғы кездері дамыған әлемдік көлік жүйесі сыртқы (бүкіләлемдік дағдарыс салдарынан) және бірқатар ішкі факторлар әсерінен құлдырай бастады.1997-1998 ж пайда болған дағдарыс салдарынан жүк тасымалы мен жолаушы тасымалына кері әсерін тигізеді.Сонымен қатар ең алдымен олар аймақтар мен «сезімтал» транспорт түрлеріне кері салдарын тигізді.Жағрафиялық қатынаста Азия-Тынық мұхиты мен СССР дің біраз бөлігінің әуе көлік тасымалы, жүк тасымалы және теңіз транспортының дамуын тежеді.Сонымен қатар әлемдік экономиканың қажеттіліктеріндегі транспорттық үрдістердің қалыптасуы мен ары қарай дамуы жоғарғы интеграрлық жүк тасымалы мен озық технологиялардың дамуы транспорт жүйесінің дамуына септігін тигізіп келеді.Сәйкесінше ұзақ мерзімдітранспорттың дамуы өзгеріссіз қалды.Транспорт жүйесіндегі біршама өзгерістер АҚШ та байқала бастады.Соңғы 25ж АҚШ транспорты 2 есеге өсіп,500 млрд т км құрады.сонымен қатар теңіз және теміржол транстарымен салыстырғанда әуе көлік транспорты өзгеріске ұшырады.Ұқсас нәтежелер Батыс Еуропада байқалды.Батыс Еуропада жүктасымалы, теміржол, және теңіз транспорты арқасында 2 есеге өсті.1997-1998жж болған әлемдік дағдарысқа қарамастан әлемдік транспорттың даму жүйесі сақталып келеді. Теңіз транспорты. Теңіз тасымалының негізгі артықшылығы – құм, тас көмір, астық, мұнай, металл сияқты үлкен және тез бүлінбейтін, бағасы арзан тауарларды су транспортымен тасымалдау құнының аз болуында. Бірақ басқа жағынан қарасақ, су транспорты - ең жай жүретін және жиі ауа райына тәуелді болатын транспорт түрі. Бірақ та әлемдік теңіз саудасы 1996 жылдан бастап өсу қарқыны бойынша (2,3%) 1987 жылдан бері (алдыңғы дағдарыстың аяқталуы) ұзақ уақыттық мерзімде төмен көрсеткіш көрсетті. Жүк айналымының мәліметтері (т-милль) тенденцияның өзгерістері туралы одан да нақты куәлік берді. 1996 жылғы өсім тек 1%-ды құрады, бұл есептеудің дәлсіздігінің шегі болды. Басқа сөзбен айтқанда, әлемдік теңіз транспортының жұмыс көлемі көбейсе де, өте жай көбейді. Теміржол транспорты. Әлемнің 47 негізгі елінің темір жолдарының ұзындығы 930 мың км-ден асады, бұл жолдармен 5 млрд т-дан астам жүк тасымалданады, соның ішінде (экспортты-импортты, транзиттік) шетел қатынастарында – шамамен 1,5 млрд т. Теміржол транспорты дамуының ұзақ уақыттық тенденциясы өзінің мағынасын сақтап тұр. Алайда әлемнің неғұрлым дамыған елдерінде теміржол жұмыстарының сандық көрсеткіштері тасымалдың тұрақты өсуін көрсетті. Әлемнің теміржол бойынша державаларының (АҚШ, ҚХР, Ресей) бірі АҚШ-та транспорттың осы түріндегі жүк айналымы соңғы 25 жылда орта есеппен 2%-ға өсіп отырды. Бұл автомобильді транспорттың өсу қарқынынан төмен болып келеді. 90 жылдардың екінші жартысында АҚШ-та тіпті теміржолдардың ұзындығы 322-ден 290 мың км-ге кеміген. Алайда егер үлкен территориялары бар ірі державаларда теміржол транспортының даму қарқынының біртіндеп шектелуі әлі бірден көрінбесе де, салыстырмалы түрде шағын территориясы бар елдерде ол айқын көрінуде. Батыс Еуропада 1970 жылдан бастап теміржол транспортындағы жүк айналымы әрдайым қысқарып отырған, тіпті Франция мен Германия сияқты алдыңғы қатарлы елдерде де бұл құбылыс байқалған. Жапон теміржолының жүк айналымы тез түскен (2 есе). Соңғы жылдары теміржол транспорты тасымалдың интермодалды сызбасында білгілі бір көрінісін тапқандығымен түсіндірілетін тұрақтылық байқалуда. Сонымен қатар теміржол транспорты Евразияның ауқымды және әлі толық игерілмеген кеңістіктерінде қолданылып, әлі жүк айналымы өсуі мүмкін. Оған Еуропа мен Тынық мұхиты аймақтарын («Ұлы жібек жолының» қайта жандануы) және тағы басқа аймақтарды байланыстыратын трансконтинентальды жолдардың жобалары жатады. Әлемдік теміржол транспорты жаңа маңызды магистральдар арқасында өзінің позициясын нығайтады. Автокөлік транспорты. Әлемдік автокөлік тұрағында 142 млн жүк көлігі, 462 млн жеңіл көлік пен автобустар бар. Транспорттың бұл түрі экономика жағдайына, халықтың әлеуметтік жағдайына және т.б. тәуелді сұраныстың барлық өзгерістеріне жауап береді. Жалпы соңғы жылдары автотасымалдау қажеттілігі өсуде. Сәйкесінше, тек көлік тұрағы ғана үлкейіп қоймай, тасымалданатын жүктер көлемі үлкейіп, көлік жолдары да ұзарды.Әуе транспорты. Транспорттың бұл түрі маңызды болып келеді. Бірақ әуетасымалдау тарифтері автокөлік пен теміржол тарифтеріне қарағанда әлдеқайда жоғары. Транспорттың бұл түрі жылдамдылық пен алыс нарықтарға жету үшін өте қолайлы. Ауа арқылы жиі жеткізілетін жүктерге- тез бұзылатын азық-түліктер (жас балық, гүлдер)және қымбат бағалы бұйымдар (құралдар, зергерлік бұйымдар). Фирмалар әуе транспортын пайдалануда орамаға жұмсалатын шығындарды үнемдеуге, қыртыс сандарын азайтуға болады деп сендіреді. Құбыр желісі көлігі. Құбыр желісі- мұнай, тас көмір және химиялық өнімді өндірілу орнынан нарыққа дейін тасымалдайтын ерекше транспорт құралы. Мұнай құбырлары арқылы мұнай өнімдерін тасымалдау теміржол көлігіне қарағанда әлдеқайда арзан, бірақ сумен тасымалдаудан қымбат. Көптеген құбыр желілері иеленушінің өзінің өнімдерін тасымалдау үшін қолданылады. Жалпы, әлемде мұнай құбырлары торабының ұзақтығы 29 елде бар. Осы бойынша БҰҰ статистикалық мәліметтері бар, онда 440 мың км асады. Қазіргі кезде осы желі арқылы жыл сайын 2 млрд т мұнай және мұнай өнімдерін тартады. Ең алып мұнай құбыры бар елдерге АҚШ пен Ресей жатады. АҚШ-қа жыл сайын көлемі 1млрд т отынмен қамсыздандыратын мұнай құбырларының 320 мың км тиесілі. Тартып алынатын сұйықтықтың негізгі бөлігі мұнайөнімдері АҚШ тың ішкі қолданысына кетеді. Сондай ақ американдық және басқа да батыстың ірі мұнай компаниялары болашағы бар мұнай өндіретін жерлерге жаңа құбырларды салуға үнемі белсенді қызығушылық тудырады. Мұнда Каспии, Орта Азия және басқа да жобалар жайында айтылады