Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

32. Бірқатар елдердің кедендік шекарасынан өту негізі бар кітапшалар.

Жүк түріне қарай тасымал жүзеге асырылады: тиелмелі жүк – ашық көліктерде, автофургон, контейнерде; даналық жүк – контейнер мен жабық автофургондарда; азық-түлік жүктері – рефрижератор-фургондарда. Даналық жүктерді (мыс, жиһаз) тасымалдау неғұрлым тиімді болып табылады, себебі олар көліктің жүк көтеру қабілетін толық пайдаланбайды. Тиелмелі жүкті автотранспортпен тасымалдау көбінесе шекаралық елдерде қысқа және орта қашықтыққа қолданылады, себебі алыс жолдарда олар теміржол тасымалымен бәсекелестікке түсе алмайды. Халықаралық автотранспортпен тасымалдау тасымалдаушы үшін тасымалдау шартының жасасқанын білдіретін және тасымалдың шартын белгілейтін, жүкті жөнелтушінің қолымен куәландырылған халықаралық үлгідегі транспорттық жүкқұжатпен жүзеге асырылады. Халықаралық тасымалды ұйымдастыру негізінен кедендік шараларды қоспағанда ішкі тасымалдан ерекшеленбейді. Тасымалдаушы шарт негізінде жүкті жөнелтушіден не контейнерлі терминалдан жүкті алады және тиісті құжаттарды ала отырып шекарада кедендік және шекаралық бақылаудан өтіп жүкті қабылдаушыға барады. Егер бұл транзиттік тасымал болса, онда тасымалдаушы әр шекарада тұрып өзінің тасымал уақытын жоғалтады. Автотранспорттың кедендің шекарада артық тұрмауы үшін 1975 жылғы халықаралық жол тасымалы конвенциясы бойынша ХЖТ кітапшасы (Carnet TIR) қолданылады. ХЖТ кітапшасы Халықаралық автомобильдік транспорт одағы құрамына кіретін ассоциациямен не өкілетті кедендік билікпен беріледі. Транспорттық құралды уақытша шекараға кіргізген кезде «TIR» литері бар ХЖТ кітапшасы болса, онда бұл транспорттық құралды кіргізілген мүлік ретінде декларациялаудың қажеті жоқ. ХЖТ кітапшасы әр транспорттық құрал үшін не контейнер үшін жасалады. Ол бүр таымал үшін ғана жарамды. ХЖТ кітапшасы бір сары және 6, 14 (екіден көп шекарадан өту) не 20 (6 дан көп шекарадан өту) жұп ақ алынбалы беттерден (тақ және жұр нөмірлі) тұрады. Әр алынбалы парақ екі бөлімнен тұрады: жүк манифесті (бірінші бөлім), онда тасымалданып жатқан тауар көрсетіледі, куәлік-сертификат (екінші бөлім), онда тасымалдың шарттары мен бағыты көрсетіліп, пломба мен танушы белгілер қойылады. Бірнеше елдер арасында кеден шекаралары арқылы автожолдардағы жүк тасымалы аралық тиеусіз өткізуі үшін оған халықаралық құжат қолданады – МДП кітап (Carnet TIR).

33 Ілеспе құжат бойынша әуе тасымалы келісімінің мәнін түсіндіріңіз

Әуе тасымалының келісімі -Жүк жіберуші мен тасмалдаушының арасында жүктің, сол тасымалдаушының әуесызықтарымен тасымалданатынын мақұлдайтын құжат болып табылады. Әуежүк құжатты жүк жіберуші 3 нұсқада толтырып тасмалдаушыға тауармен бірге беріледі.Бірінші нұсқада “жүк тасымалдаушыға” деген белгі қойылады және жүк жіберушінің қолтаңбалары қойылынады; Екінші нұсқада “Жүкті алушыға” деген белгі қойылып жүк жіберуші мен тасымалдаушының қолтаңбалары қойылынады; Үшінші нұсқада тасымалдаушының қолтаңбасы қойылынып ,тауар алынғаннан кейін жүк жіберушіге қайтарылынады.Әуежүк құжаттың мазмұны: Әуежайдың кету және келу атаулары, жарияланған құндылық, тасымалдың құны, шарт жасалған күн және т.б Әуежүк құжат 12 нұсқадан тұрады:

Бірінші үш нұсқа- түпнұсқа;

түпнұсқа № 1 (For issuing carrier) – Тасымалдаушыға жасыл түс;

түпнұсқа № 2 (For consignee) – жүкті алушыға қызыл түс,жүкті алушыға жүкпен бірге береді.

түпнұсқа № 3 (For shipper) – Жіберушіге көк түс.

Қалған 9 нұсқа көшірме болып табылады:

түпнұсқа № 4 (Delivery receipt) – Жүктің жеткенін дәлелдейтін сары түс, күтіп алушының қолтаңбасы қойылғаннан кейін қол хат ретінде жеткізушіге беріледі;

түпнұсқа № 5 (For airport of destination) –Ақ түс әуежайда жүктің кедендік бақылаудан өтуі;

түпнұсқа № 6 (For third carrier) –Ақ түс,жүктің үшінші тасымалдаушысына арналған;

түпнұсқа № 7 (For third carrier) - Ақ түс,жүктің үшінші тасымалдаушысына немесе бөлшектерге бөлінген жүктерді жіберуге арналған;

түпнұсқа № 8 (For first carrier) – Ақ түс,бірінші тасымалдаушы үшін жіберілген әуежайда қалдырылынады;

түпнұсқа № 9 (For agent) – Ақ түс,сату агенті үшін, агенттің өзінде қалады;

түпнұсқа № 10,11,12 (Extra copy for carrier) – тасымалдаушы үшін қосымша көшірме.

34 Жүктасымалдаудың техникалық және тауар ілеспе құжаттарының мәні мен қажеттілігін түсіндіріңіз Техникалық және жөнелтпелі тауар құжаттамасы(тауарға ілеспелі құжаттама). Жүкті жөнелтуші транспорттық келісімшарт құжаттарымен қатар, жүкпен бірге жүретін техникалық және жөнелтпелі тауар құжаттамасын рәсімдеуі тиіс. Техникалық құжаттамаға мыналар жатады: пайдалану құжаттамасы; фолмуляр, төлқұжат, запастағы бөлшек каталогы; ортақ түрлі, жеке түйіндердің, схемалардың сызбасы және т.б. Жөнелтпелі тауар құжаттамасына жөнелтім құжаты, сертификаттар және буып-түю құжаттары (тоғанақ құжаты) жатады. МВЭС-тың 1988 ж 29 желтоқсандағы қабылданған жарлығы бойынша барлық жөнелтпелі тауар құжаттамасы рәсімдеуі және экспортқа шығарылатын тауардың техникалық және жөнелтпелі тауар құжаттамасының жіберілуі бойынша регламенттелгенТауар ілеспе құжат бұл жүкті тауарлы-материалды қозғалыстарды есепке алу үшін қолданылатын құжат. Негізіндежүкті жіберуші тарапынан жасалады. Бірнеше экземплярлларда жазылады.,

Тауар ілсепе құжат тауарлық құндылықты фиксациялау мақсатында құрылатын кедендік құжат, оның негізінде тасымалдаушы кеден баж салықтар мен басқа да ақпараттық қажеттіліктерді өтейді. Негізінде жүк жіберуші тарапынан жасалынады. Құжат екі негізден тұрады: Тауарлықжәне транспорттық. Тауарлық негіз – жүк жіберуші және жүк қабылдаушы арасындағықарым-қатынасты анықтайтын, таурлық құндылықты растайды.

Транспорттық негізі бұл жүкжіберуші мен транспорттықкомпания арасындағықарым қатынасты анықтайтын, яғни логистикалық жұмыстыңтиімділігін көрсететін 2-і негіз.

Тауар ілеспеқұжатыбірнеше экземпляр ретінде жасалады: 1-сі ол жүкжіберуші қолында қалады және тауар-материалды құндылықты көшіруге арналған, 2-і жүк қабылдаушықолында тауардықабылдау үшін жасалады, 3-сі тасымалдаушының логистикалық жұмысының нәтижесі ретінде жасалады, 4-і жол сапар құжатына сәйкес жүргізушінің жалақысын анықтайды.