Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

28. Таза және ашық чартер. Промпт және Спот Промпттың мағыналарын түсіндіріңіз

Чартердің бір функциясы бар – теңіз немесе өзен тасымалының келісімшарты болып қызмет етеді. Чартерлер таза және ашық бола алады. Таза чартер – стандартты нысанынына бірде бір өзгеріс енбеген құжат. Ашық чартер – жүктердің түрі де, жеткізілетін жері де көрсетілмеген құжат. Чартерлер жедел ретте (промпт) және кеменің тасымалдауға жедел дайындығы шартымен де (спот промпт) жасалуы мүмкін. Осылайша, теңіз тасымалы келісімшартының болуы және мазмұны тараптардың құқықтары мен міндеттерінен тұратын чартер, консамент немесе басқа да құжаттың болуымен дәлелденуі мүмкін.

Промнт - дереу түрдегі чартер. Келісімнің шарты бойынша,келісім жүргізілгеннен кейін тауар лезде жеткізіледі.

Спот (ағылшынның spot – дереу төленуге тиіс қолма-қол ақша) –

  1. жеткізу және нақты тауар немесе валюта үшін дереу ақысын төлеу жөніндегі мәміле түрі. Мысалы, Спот шартына негізделген валюта мәмілесі үшін бір тәулік немесе екі жұмыс күні ішінде жеткізіледі;[1]

  2. ақысы дереу төленіп сатылатын тауар бағасы; [2]

  3. кеме жалдаушының талаптарына сай келетін тоннаждағы кеме;

  4. радио мен телехабарға қосуға арналған жарнама.

Спот мәмілелері жасалатын нарық споттық нарық, осындай мәмілелердің бағасы “спот бағасы” деп аталады. Қолма-қол активтің түріне қарай Спот мәмілелерінің өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Мысалы, валютаға арналған Спот мәміле оны Спот бағамы бойынша, яғни мәміле жасалған сәттегі валюта бағамы бойынша бір тәулік ішінде жеткізу шартымен жасалады. Дәстүрлі бағалы қағаздарды (акцияларды,облигацияларды) сатып алуға арналған Спот мәміле нақты биржадағы биржалық сауда ережелерінде белгіленген мерзім ішінде жеткізу және есептесу деген мағынаны білдіруі мүмкін

29 Құрлық және әуе тасымалдары туралы келісімдердің құқықтық және экономикалық мағынасын түсіндіріңіз

Әуе транспортымен жүк тасымалдау халықаралық үлгідегі жүктің құжаты өзіндік бір кешенді береді, ол 12 данадан (сонын ішінде 3 түпнұсқадан) тұрады. Бірінші данада «тасымалдаушы үшін» мөр басылады. Ол жүк жіберушімен қол ойылып,тасымалдаушыда қалады. Екінші дана жүк қабылдаушыға арналған және ол жүкпен бірге жіберіледі. Оған жүк жіберуші мен тасымалдаушы қолы қойылады. Үшінші дана тасымалдаушымен қол қойылады және тасымалға жүк жетіп, оны қабылдаған кезде жүк жіберушіге қайтадан жіберіледі. Қалған 9 данасы бұл жүктің жеткізілгенін айқындайтын нұсқалар. Олар тасымалдау үдерісіне қатысатын әр қатысушыға, соның ішінде аэропорт, тауарды сатқан агент және басқа да мүдделі тұлғаларға беріледі. Түзету енгізілген халықаралық үлгідегі жүк құжатын әуе транспорттары қабылдамайды.Әуе жүк құжаты тауар таратушы құжат болып саналмайды. Бірақ соңғы жылдары халықаралық тәжірибеде сырт көз үшін теңіз коносаменті және оның иесіне тауарды басқаруға құқық беретін ұқсас қолданылатын экспедиторлық ФБЛ коносаменті жиі қолданады.

Әуе тасымалы нарығының өсімі

Қазір Қазақстанда жолаушылардың әуе тасымалымен 5 ұйым айналысып отыр. Олардың жалпы нарықтағы үлесі 95 пайызды құрайды. Ал компаниялардың қалған бөлігі жүк тасымалы және ауылшаруашылығы жұмыстарымен айналысып отыр.Дүниежүзінің барлық әуе компаниялары 2016 жылы  3,6 млрд жолаушыны тасымалдайтын болады. Бұл  2011 жылмен салыстырғанда шамамен 831 млн адамға артық. Мұндай болжам әуе қозғалысы халықаралық қауымдастығының баяндамасында келтірілген. Ұйымның құжатында атап айтылғандай болжам авторлары жыл сайын әлемдегі жолаушылар көрсеткіші 5,3 пайызға артып отырады. Оның ішінде ішкі рейстердің үлесі басымырақ болады. Сарапшылардың пікірінше, жолаушылар ағымының көп көрсеткіші Азия Тынық мұхиты аумағына, Латын Америкасы мен Таяу Шығысқа  тиесілі болады. Ал Қытай мемлекеті белді орынға орнығады. Баяндамаға сәйкес, 2016 жылы өте жедел өсіп келе жатқан он халықаралық әуе тасымалы  нарығының бесеуі ТМД елдеріне яғни : Қазақстан Өзбекстан, Азербайжан, Украина, Ресей сондайақ, , Судан, Уругвай, Камбоджа, Чили, Панама, мемлекеттеріне тиесілі болады.

Жүкқұжат бойынша теміржол тасымалы келісімшарты. Халықаралық теміржол тасымалдары екіжақты және көпжақты келісімдер негізінде жүзеге асырылады, олар мемлекеттердің сәйкес органдарымен – қатысушылармен, бірыңғай көліктік құжат бойынша – тасымалдау келісімшарты болып табылатын халықаралық жүкқұжат бойынша жасалады. Батысеуропалық мемлекеттер теміржол қызметін КОТИФ келісімшарттық актісінің негізінде реттейді. Теміржол жүкқұжаты, немесе халықаралық байланыс жүкқұжаты, және оның дубликаты халықаралық жүк тасымалдарындағы көліктік құжаттар болып табылады. Оның мәтіні стандартты бланктерде екі тілде басылады. Тасымалдаушы штемпелімен бекітіліп, ол жүкпен қоса жіберіледі, ал оның дубликаты жүк жөнелтушіде қалады. Жүкқұжатқа қоса тауармен қоса жүретн құжаттама жіберіледі: сапа сертификаты, қаптама қағазы және т.б.

1992 ж енгізілген жүк тасымал келісімшарты, СМГС жүкқұжаты 5 беттен тұрады. Олар: жүкқұжат (түпнұсқа), жол тізімдемесі, жүкқұжаттың көшірмесі, жүктің келуі туралы хабарлама, жүкті тапсыру қағазы. Жүк жіберуші жүкқұжаттың беткі жағында қою сызықпен белгіленгенбеген әр бағанын және қажеттілік болса 4-ші беттің сырт жағындағы 99-шы бағанды (жіберуші белгісі, темір жолы үшін міндетті емес) толтырады. Жүкқұжаттың қалған барлық беттерінің беткі және сырт жақтарындағы бағанды темір жол қызметкерлері толтырады. Әр вагондық тасымалға жеке жүкқұжаты жазылады.

Тауарлы – транспорттық жүкқұжаттың көлік тасымалы туралы келісімшарты. Негізгі халықаралық көліктік жүк тасымалдарының шарттары 1956 жылғы халықаралық жол тасымалы келісімшарт конвенциясымен реттеледі. Ресей бұрынғы КСРО-ның мирасқоры ретінде бұл Конвенцияның қатысушысы болып табылады.

Тасымалдың бағытына байланысты, тауарлы-транспорттық келісімшарт жүкқұжаты 3 нұсқада жасалады, бірақ кейде одан да көп нұсқасы болады. Жүкқұжаттың стандартты формасы Халықаралық көлік транспорттарының одағымен жасалған.

Автожол жүкқұжатында мыналар көрсетіледі: жөнелтілген күн, тасымалданатын жүк аты, тасымалдаушы аты және мекен-жайы, қабылдаушы аты-жөні, жеткізу мерзімі, тапсырыстың кідірген жағдайдағы айыппұл мөлшері, тасымалдаудың бағасы. Жүкқұжатқа тасымалдаушы мен жүк жіберушінің қол қояды. Жүкқұжаттың бірінші түпнұсқасы жүкті жөнелтушіге беріледі, екіншісі тауарға тіркеледі, ал үшіншісі тасымалдаушыда қалады.

Жүкқұжат айналым және тауар үйлестіруші құжат болып табылмайды. Ол тек келісімшарт жасау, оның шарттары және тасымалдаушы арқылы жүкті алғандығының дәлелі. Егер жүкқұжатта тасымалдаушыға берілген тауар күйі туралы шарт бөлімі болмаса, тауар мен оның орамасы жақсы жағдайда және оны қабылдаған кезде таңбалауы мен нөмірі жүқұжатқа сай дерек болады деп жорамалданады.

Кедендік және басқа да формальдылық қызметтерді орындау барысында жөнелтуші жүкқұжатқа қажетті арнайы құжаттарды қосып беру немесе тасымалдаушы талап ететін ақпаратты айтып жүкқұжатты оған тапсыруы тиіс. Жүкті алушы жүқұжатты қолына алғаннан бастап тауарға иелік ете алады,егер ол туралы құжатта көрсетілген болса.

Тасымалдаушы ,егер, тауарды жоғалса не болмаса оны қабылдау мен жеткізу барысындағы тауарға түскен зардабқа және жеткізілудің кідірісіне толығымен немесе ішінара жауапкершілікке тартылады.