Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

26.Чартердің негізгі шарттарын көрсетіңіз

Желілік кеме қатынасына қарағанда, трампылық кеме қатынасындағы кемелер тұрақсыз негізде пайдаланылады. Олар бір бағытқа бекітілмейді, тоннажға сұраныс пен жүктердің ұсынысына байланысты фрахтілік нарықтың бір секциясынан екіншісіне еркін орын ауыстырады. Сондықтан да ол өз негізін ағылшындық “tramp” (қаңғыбас) сөзінен алды. Трампылық кеме қатынасындағы теңіз тасымалы келісімшарты (кемені фрахтілеу келісімшарты) теңіз тасымалдаушысы мен жүкті жөнелтуші немесе жүкті алушымен жасалады және чартер деп аталады. Көптеген жағдайларда бұл келісімшарт делдал арқылы немесе фрахтілік брокердің көмегімен жасалады.

Кез келген чартерде кеме, жүк, фрахт, стивидорлық жұмыстарға төлем тәртібі, диспач, демереджге қатысты бірқатар міндетті шарттар болады. Чартерлік келісімшарттың негізгі талаптары болып келесі табылады: чартердің жасалған уақыты және орны; тараптардың толық заңи атаулары; кеменің атауы және сипаттамасы; бастапқы кемені басқасына айырбастау құқығы; жүк түрі; жүкті тиеу және түсіру орны; жүкті тиеу және түсіру шарттары; фрахтіні төлеу тәртібі; кемені беру мерзімі; басқа да шарттар.

Сауда кеме қатынасы тәжірибесінде типтік келісімшарттық тасымалдар - чартерлер проформасы жасалған. Чартерлік келісімшарттың рәсімделу үрдісі өте күрделі және ұзақ уақытты алады. Осы үрдісті жеделдету үшін теңіз тасымалы келісімшартының шарттары жазылған және талқыланған типографиялық дайын қағаздар түріндегі чартерлердің арнайы стандартты проформалары пайдаланылады. Бұл қағаздарға келісімшарттың келісілген сипаттамалары кіреді. Чартерлер проформалары әдетте ірі жүк экспортерларымен және импортерларымен, кеме иесі фирмалары мен брокерлік фирмалармен жасалады. Нарықта мойындалуы үшін чартерлер проформалары БИМКО құжаттама бойынша Кеңесінде және Ұлыбритания кеме қатынасы Палатасында талқылау және келісу кезеңінен өтеді. Осындай апробациядан кейін чартер проформасы белгілі бір бағаға ие болады: жоғары баға – «келісілді», ал егер де БИМКО мүшелерінің арасында жекелеген баптар бойынша ортақ көзқарас болмаса, ол «ұсынылды» немесе «қолданды» бағаларына ие болады. Гриф чартердің тақырыпшасына ерекше шрифтпен жазылады. Осындай проформалармен қатар, өз қажеттіліктеріне орай ірі кеме немесе жүк иелерімен жасалатын бағасы бар грифтері жоқ «жеке проформалар» да қолданылады.

Чартерлер бланктерін толтыруды қарапайымдандыру үшін чартерлердің жақсартылған құрылымдық нысандары енгізіліп, пайдаланылуда. Дәстүрлі құрылымнан кету проформалардың екі бөлікке бөлінуінен көрініс тапты: А бөлімі (І бөлік, бастапқы бет, миничартер) және Б бөлімі (ІІ бөлік, теріс жағы). Мысалы, «Ньювой» кодталған атауы бар чартер.

Жекелеген кеме иелері миничартерді қатал түрде тек қағаз беттерінде рәсімдейтін, ал әрбір талап үшін арнайы тор – «бокс» бөлінетін болды. Чартерлердің осындай құрылымдары бокстік нысан атауына ие болды. Алғаш рет бокстік нысанды «Соворкон», «Мурмапатит» және т.б. чартерлерде пайдаланды.

Белгілі бір фрахтілік келісімдерді рәсімдеу үшін мазмұны және мүмкіндігі бойынша чартерлердің рейстік проформалары екі топқа бөлінеді: басты немесе үлкен жүктерді тасымалдауда қолданылатын әмбебап және жүк ерекшелігін, кемелер жұмысының немесе аймақтың ерекшелігін көрсететін мамандандырылған проформалар.

Кез келген чартердің бланктік мәтіні ұсыныстық сипатқа ие екендігін атап өткен жөн, және келісім тараптарының қарастыруы бойынша онда негізгі баптардың нөмірленуі орын алуы және негізгі бөлімге өзгерістер мен қосымшалар енгізілуі мүмкін.

Чартердің бір функциясы бар – теңіз немесе өзен тасымалының келісімшарты болып қызмет етеді. Чартерлер таза және ашық бола алады. Таза чартер – стандартты нысанынына бірде бір өзгеріс енбеген құжат. Ашық чартер – жүктердің түрі де, жеткізілетін жері де көрсетілмеген құжат. Чартерлер жедел ретте (промпт) және кеменің тасымалдауға жедел дайындығы шартымен де (спот промпт) жасалуы мүмкін. Осылайша, теңіз тасымалы келісімшартының болуы және мазмұны тараптардың құқықтары мен міндеттерінен тұратын чартер, консамент немесе басқа да құжаттың болуымен дәлелденуі мүмкін.