Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

21.Қр экспорттық жүктерді теміржолмен тасымалдаудың тәртібін сызба түрінде көрсетіңіз

Кез-келген сыртқысауда мәміледе сатылған тауар халықаралық қатынас саласына кіреді. Транспорт құралы көмегімен тауар өндірілген жерінен қолданылатын бекетке дейін тасымалданады. Бұл таңда транспорт тауардың өндіріс процесін айналыс аясында жалғастырады, яғни өзінің бастапқы бағасына тасымалдау нәтижесінде өндірілген бағасын қосады.

Дүниежүілік сауда үлкен тауар ағынын елдер, аймақтар, континенттер арасында жүргізеді. Бір-бірінен теңіздермен, мұхиттармен бөліген мемлекеттер арасында саудалық қызмет көрсетуде теңіздік транспорт әмбебап және тиімді жерлік транспорт ретінде болып табылады. Транспорттың бұл түрі халықаралық сауда көлемін тасымалдауда 80%-н қамтамасыз етіп отыр. Халықаралық теңіздік қатынастарда тасымалдауға теңіздік жүк (фрахт) ретінде төленетін құн дүниежүзілік экспорттың шамамен 7%-на тең. Халықаралық теңіздік жүк ағынының басты бөлігін құйылмалы және ақтарылма жүк құрайды: шикі мұнай, мұнай өнімдері, темір кені, тас көмір, бидай. Теңіз саудасының басқа бөлігін бас немесе жәшіктік-дана жүк, яғни дайын өнеркәсіптік өнім, жартылай фабрикаттар, азық-түлікті бөлуге болады. Бұл дүниежүзілік сауда айналымының ең аз және ең құнды бөлігі болып табылады.

Соңғы уақыттары континентаралық тасымалдауда әуе транспорты теңіз транспортының басты бәсекелесі болды. Теміржол, өзендік және автомобильді транспорттар ішкіконтинентальды сыртқы саудада және де экспортты және импортты жүкті сатқан және сатып алған елдер территориясында тасымалдауда кеңінен таралады. Халықаралық саудада мұнай мен газ тасымалдауда құбыр жүргізу жүйесі үлкен рөль атқарады.

Халықаралық жолаушылық қатынастары. Соңғы онжылдықтарда сыртқы саудалық, туристтік, ғылыми және мәдени байланыстарын тереңдетілген интернационализацияландыру процестері дүниежүзінің барлық елдерінде халықаралық ептілігін бірден өсірді. Қазіргі кезде жылына бірнеше миллиард жолаушы халықаралық сапар жасауда. Бұл таңда әуе транспорты басқа транспорт түрлеріне қарағанда даусыз артықшылықтарға ие бола тұра, халықаралық жолаушылар қатынастарында кеңфюзеляжды реактивті жоғары деңгейлі жайлылығы бар ұшақтарды қолданысқа беру нәтижесінде ие болды. Әуе транспортымен қатар ішкі континентальды халықаралық жолаушы тасымалдауда автомобильді және теміржол транспорттары кеңінен қолданылады. Теңіздік және өзендік транспорт жолаушы қатынастарында халықаралық туристтік круиз ретінде өте танымал.

Халықаралық тасымалдар үшін транспорт. Әлемде ерекше, ұлттық транспорттық жүйеден жекеленген тек қана жүк пен жолаушы тасымалы үшін ғана арналған халықаралық транспорт жоқ. Халықаралық тасымалдар жеке елдің транспорт жүйесіне кіретін, өзінің жылжымалы составын ( теңіз және өзен көліктері, ұшақтар, вагондар, автомобильдер) және де транспорттық желілерді, транспорттық тораптарды (теңіз және өзен порттар, әуежайлар, теміржолдар және автостанциялар, жүк және жолаушы терминалдары) қолданатын әр түрлі елдердің ұлттық тасымалдаушыларымен жүзеге асырылады.

Әдетте, халықаралық саудада тауар жеткізу процесінде ең алдымен оның ішкі өндірілген А пунктінен сатушы елдің шекара Б пунктіне (портына) жеткізу орын алады; одан әрі халықаралық транзиттік немесе теңіздік Б пунктінен сатып алушы елдің шекара В пунктіне (портына)тасымалдау (егер серіктес елдердің ортақ құрлық шекарасы болмаса) және В пунктінен ішкі қолданыс Г пунктіне дейін тасымалдау.

Шекара Шекара

АБ В Г

сатушы ел халықаралық транзиттік сатып алушы

территориясы немесе теңіз учаскесі ел торриториясы

1-сурет. Халықаралық саудада тауар жеткізу процесінің сұлбасы.

Транспорттық операциялардың тікелей мағынасында А – Б, Б – В, В – Г бөліктерінде жүк тасымалын қамтамасыз етуді түсінуге болады. Бұл операциялар жүк йесі мен транспорттың лайықты түрінің тасымалдаушысы арасындағы келісімшарт арқылы жүзеге асырылады. Транспорттық операциялар халықаралық болып саналады, егер олар сыртқысаудалық жүктің Б – В бөлігінде тасымалданумен байланысты болса. Осындай транспорттық операциялар нәтижесінде жіберуші мен алушының және тасымалдаушының арасында құралатын құқықтық қатынас халықаралық сипатқа ие.