Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
транспорт шпор.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.05.2025
Размер:
188.64 Кб
Скачать

1.Транспорттың материалдық өндіріс сферасы ретіндегі сипаттамасын жасаңыз

Транспорт (лат. «ауыстырамын») – бұл адамдар мен жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын материалды өндіріс саласы. Халықаралық шаруашылық кешені жүйесінде транспорт халықаралық шаруашылықтың инфрақұрылымын қалыптастырудың және өндірістің динамикалық және тиімді дамуына тікелей әсерін көрсететін негізгі саласының бірі болып, ерекше орын алады. Заттар мен еңбек құралдарының үздіксіз орын ауыстыруын қамтамасыз ете отырып, транспорт қоғамдық өндірістің үздіксіз жұмыс істеуі үшін шарттарды жасайды.

Заттай өнімнің өндіріс аясынан тұтыну аясына ауыстыру ауысып айналу барысында өндіріс барысының жалғасы бар. Өнімді өндіріс пунктінен оның тұтыну пунктіне ауыстыру бойынша шығын айналым шығынына, оның транспорттық жасаушысына жатады және тұтынудың соңғы бағасына қосылады. Сондықтан тауардың бағалық бәсекесінде транспорттық фактор ерекше роль ойнайды.

Сөйтіп, транспорт материалдық өндіріс аясына жатады: транспорт қозғалысының өзі, оның ауысуы және ол қалыптастыратын өндіріс процесі. Бұл реттетранспорттық өнім (жүктасымалдау) жинаққа берілмейді, ал соңғы нәтижесі (тасымалданған тауарлар қоры) әрқашан бір дәрежеде шектеулігімен ерекшеленеді.

Басқа материалды өндіріс саласынан айырмашылығы көлемді көрсеткіштер басым болады, «тасымалданған жүктер саны» түсінігі транспорт жұмысының көлемін толық көрсетпейді, ол тасымал арақашықтығына да бағынышты.

Транспорттың өнім көлемі (жүк тасымалдау) оның тасымалдау қашықтығына тасымалданатын жүк көлемінің көбейтіндісіне тең жүк айналымында анығырақ көрінеді және тонна-километрмен (т-км) немесе тонна-милямен (т-миля) өлшенеді. Бұл өлшем бірлік транспорттық тасымалдаулардың сұраныс көлемінің сипаттамасын өлшеу үшін де қолданылады. Себебі бүкіл сұраныс артық тоннаждың үнемі бар болуының арқасында түгелімен қанағаттандырылады.

Ғылыми-техникалық прогрестің үдеуі және қоғамдық өндіргіш күштерінің дамуы халықаралық еңбек бөлінісінің алдағы тереңдеуіне алып келеді, ал бұл, өз кезегінде мемлекетаралық саудалық және басқа экономикалық байланыстарды күшейтуге алып келеді. Нәтижесінде сыртқыэкономикалық транспорттық қызметтерге сұраныс артады. Сондықтан әлемдік шаруашылықтың интернационалдандырудағы халықаралық транспорттық операциялардың өскелең рөлі әбден айқын.

Кез келген сыртқыэкономикалық мәміледе транспорттың бір түрімен ол екі не одан көп елдер арасында тасымалданатын сатылған тауар халықаралық айналым аясына тап болады. Бұл үдерісте жүк жөнелтуші мен қабылдап алушы, сонымен қатар жеткізуші, халықаралық сипаттамаға ие құқықтық қатынастар қатысады. Бұл ретте тасымалдау келісімі бойынша өзіне орындауға және жүкті тасымалдауды қамтамасыз етуге міндет алатын кез келген жеке тұлға немесе ұйым жеткізуші болып табылады.

Халықаралық транспорттық операцияларды іске асыра отырып жеткізушілертранспорттық қызмет көрсетеді, өздері халықаралық сауданың өзгеше тауары болып табылады және халықаралық транспорттық нарықта сату-сатып алу пәніне қызмет көрсетеді. Осы оқулық студенттердің алдымен халықаралық транспорттық операциялардың мәні мен түрлері жөнінде, делдалдық қызметтер мен халықаралық тасымалды реттеудегі құқықтық сұрақтарды қосқанда, содан кейін су, құрлық және ауа транспортындағы сыртқыэкономикалық тасымал ұйымдарының нақты сұрақтарын оқу дәйегіне сүйене құрастырылған.

2. Әлемдік біртұтас транспорт жүйесі және транспорттық қызмет көрсетулер рыногын сипаттаңыз Транспорт жүйесі – транспорт инфрақұрылымы, транспорт мекемелері, транспорт құралдары және олардың жиынтығын басқару. транспорттың бірегей жүйесі мейлінше аз шығындармен, транспорт қажеттілігін мейлінше мол қамтамасыз ету мақсатында барлық транспорт түрлерін қызметке қосу және оларды келісімді түрде дамытуды қамтамасыз етеді. транспорт құралдарына әдетте, автокөлік, велосипед, автобустар, отарбалар, ұшақтар жатады. Оны басқарудың негізінде жүйені бақылау жатыр, мысалы, бағдаршам белгілері, темір жолдардағы бағыттаушылар, ұшуды басқару және т.б. Сонымен қатар (өзгелерінің ішінде жүйені қаржыландыру ережесі: ақылы жолдар, жанармай салығы және т.б.). Транспорт жүйесін басқару дегеніміз – берілген саланың немесе құрылымды жүйелеу, басқару, өзара және сыртқы орта элементтерін реттеу арқылы тиімді түрде қызмет атқаруына бағытталған шаралардың жиынтығы. Кең мағынада ұғындыратын болсақ - азаматтық инженерия мен қалалық жоспарлау бөлімдерінің міндетіне транспорт құралдарының жүйесін жасау жатады, ал механикалық инженерия және қолданбалы ғылымның арнайы бөлімдерінің міндетіне транспортқұралдарын жасап шығару жатса, оны басқару – әдетте кез келген жүйенің мамандандырылған шеңберіне немесе жүйелік инженерия басқармасының зерттеулеріне қатысты болады.

Транспорт құралдарының сандық көрсеткішіне:

 Қатынас жолдарының ұзақтылығы  Жұмыс істейтіндердің саны  Жүк және жолаушы тасымалының айналысы жатады.

Әлемдік транспорт жүйесі бірнеше аймақтық желілерден тұрады және біркелкі емес құрылымға ие болып келеді. Көптеген дамыған елдердегі транспорт жүйесінің тығыздығы 100 шаршы метрге 50-60 км.құраса, ал дамып келе жатқан мемлекеттерде бұл көрсеткіш 5-10 км.құрайды. Әлемдік айналысқа да көптеген транспорт түрлерінің қатысуы бірдей емес: жүк айналысында теңіз транспорттары басымдылыққа ие болса, адам тасымалдау айналысында – жол транспорттары басымдылық көрсетеді. Әлемдік транспорт жүйесі ХХ ғасырда қалыптасты. Әлемдік транспорт жүйесінің дамуында контейнерлер үлкен маңызға ие болды. Ол жаңа транспорт түрлерінің пайда болуына септігін тигізді. Оларға контейнер тасымалдаушылар және тиеу терминалдарының құрылысы жатады. Бүгінгі таңда контейнерлерде әлемдегі бөлшектік жүк тасымалы көлемінің 90 %-ы атқарылады. Заманауи кезеңде әлемдік транспорт жүйесі ақпараттық технологияларға тәуелді болып, төмендегі бағытта дамып келеді:

транспорт жолдарының өткізу қабілеттілігін арттыру

Қозғалыс қауіпсіздігін арттыру

Жаңа мақсатты көліктердің пайда болуы

транспорт құралдарының жүк көтергіштігі мен сыйымдылығын улғайту Қозғалыс жылдамдығын арттыру